Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / «Ұлы жолдың бастауы» (М.Әуезов «Ақын қонақтар») 11 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

«Ұлы жолдың бастауы» (М.Әуезов «Ақын қонақтар») 11 сынып




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Ұлы жолдың бастауы» (М.Әуезов «Ақын қонақтар»)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көркем мәтінді оқыту; Сұрақтарға жауап беру арқылы өзіндік ойын тұжырымдау; Әдеби тілін қалыптастыру;

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Тарих қана, халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды Ұлы ақын!

Айдың орнын баса алады Күн ғана,

Таудың орнын баса алады шың ғана.

Ұлы Абайды жырлау үшін қазаққа

Керек болды Мұхтар сынды бір дана!

Ж. Әбдірашев

І. Қызығушылықты ояту

Ой шақыру

«Сіз әлі «Абай жолын» оқыған жоқсыз ба? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағансыз...»

«... Бұл – таңғажайып, керемет, қандай тұнық поэзия! Проза жанрында жазылған осынау қалың екі томның өн бойында бір жол қара сөз болсайшы!»

Альфред Курелла

Неге бұлай айтқан деп ойлайсыз?

ІІ. Мағынаны тану

«Алтын сақа» ойынының үлгісінде

ТАБАЛДЫРЫҚ

«Ол, яғни, Абай атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі, басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты.»

Ол кім ?

«Онысы – әсіресе, әжесі. Одан қала берсе, шешесі.»

«Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты.»

Ол - қандай әңгімелер?

«Ол – осы ел ішінде Зеренің 1 жасынан бергі көргені, естігені жайындағы әңгімелер.»

«Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген зор дауысты ақ сары кісі Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, үндемей отырған өзге үлкендердей емес, іле сөйлеп кететін жарқылдақ, ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген ауыл адамы сияқты.»

Бұл – кім?

«Бұл - Барлас ақын.»

«Мұның ұғымтал, зеректігіне қатты риза боп, шын сүйінген Барлас бір оңашада жай ғана тақпақтап, Абайға домбырасын ұсынды.»

Барластың батасы:

«Шырағым, ер жетерсің,

Ер жетсең, сірә, не етерсің?!

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң, шыңға жетерсің.»

ӘУДЕМ ЖЕР

«Бұдан бұрынғы екі күндік жолда үлкендер жылдам жүрмей, баланың шыдамын әбден тауысқан-ды. Ол сондықтан бүгін ауылға жететін күні үлкендерді еріксіз қатты жүргізудің айласын тапқанына дән риза. Екі атқосшы жарыса жөнелгенде, амалсыз егеске түсіп, «мен озам, мен озаммен» тепкілесіп, созыла берді. Бір белден асып, екінші белдің өріне қарай тоқтамай жарысып келе жатты.»

Байтастың мінгені және Жұмабайдың астындағы қандай аттар еді?

«Байтастың мінгені Құнанбайдың қара жал бурыл аты, дәмелі бәйге аттың бірі еді. Жұмабайдың астындағы да сол Құнанбайдікі – Найманкөк деген, үлкен ақ көк ат болатын.»

«Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда, бала көрінбеді. Бұлар тағы да сілтесе бермек болды. Сөйтіп осы белдің ойына қарай құлай бергенде, жорға Жұмабай арт жағынан, сол иығы тұсынан тасырлатып кеп қосылған бір дүсірді есітті.»

Бұл қай жер?

«Дәл Есембай биігінің тұсы. Және дәл Есембай жырасының өзі екен.»

«Байтас пен Жұмабай тақай бергенде, Абай да әкесінің қасына кеп қалып еді. Үшеуі бірдей жамырай сәлем берді. Құнанбай тез бұрылып, сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орнынан қозғалған жоқ. Баласын қасына да шақырмады. Азғантай уақыт Абайға қарап алды да суық амандасқандай болды.»

Әкесі қалай амандасты?

«- Балам, бойың өсіп ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме?-деді.»

4. «Тағы да шапшаң Қаратай: «Ал, шариғат бұл Қодар қылығына не бұйырады екен?»-деді. Құнанбай бағанадан төмен отырған жорға Жұмабайды енді ғана еске алғандай бұрыла қарап: «Мына Жұмабай қалаға барып, Ахмет риза хазіреттен фатуа сұрап келді,» - деді.»

Шариғат жолы бойынша бұндай іске қандай жаза бұйырады?

«Жазасы дарға асу депті.»

ҚОЗЫКӨШ

«Әнеукүні Құнекең мына Сыбан ішіне топқа барса, сонда Солтабай төре осыны бетіне салық қылыпты. Мына кісі төреге насыбайыңды тасташы дегенде, анау: «мен насыбайымды тастайын...»

Бірақ сен не істе дейді?

«Бірақ Шыңғыстың бөктеріндегі шашты сайтаныңды сен де тыйсаңшы,» - деп бетінен алыпты дейді. Соған намысы келіп, Құнекеңнің қатуланып отырғаны әлгі ғой,» - деді Жиренше.


««Екі жарты бір бүтін болайық. Кімге сенеміз? Иық сүйесіп күн көрейік,» - деп, Құтжанға құран оқи келгенде Қодар зарын шақты да, қолына ұстап қалды. Қазір қоңыр атпен бар қара-құраны қосып жайып жүрген сол...»

Әңгіме кім туралы?

Бұл – осы ел ішіне кірме боп, әркімде жалда жүретін Қодардың бір шал жиені Жампейіс еді.

«Оңаша алып сөйлескен Бектен деген бір сөзуар көсе: «Ел аузына кім қақпақ болады? Жел сөзге иланып алған Құнанбай саған қатты жаза бұйыратын түрі бар. Сүйіндік өз бауырын қисын ба? Саған мені әдейі жіберіп отыр. Сөз айқындап ашылғанша, тая тұрсын, бір жерге жалтара тұрсын дейді,» - деп келген.»

Осыған Қодардың жауабы қандай болды?

«-Уа, кет, жоғал! Құдайдың кәрін көріп болған Қодар Құнанбайдың кәрінен қорқар деп пе едің? Жоғал әрман!» - деп айдап жіберген.


«Тобықты көп рулы ел болғанымен, барлық үлкен шеңберінің таразысы осы отырған бес-алты адамның руларымен өлшенеді. Әсіресе, ру басы осы адамдардың өздерімен салмақтанады. Бөжей – қалың рудың адамы. Байсал да сондай мол рудың тұрғысы. Сүйіндік осы ағайынды елдер ішінде ең азының кісісі. Құнанбай әрі малды, әрі көптен бері Тобықтыны билеп-төстеп келе жатқан рудан. Қаратай болса, бұлардың барлығына алыстау ара ағайын тәрізді рудың атқа мінері.»

Осы ел ағаларының рулары

Бөжей – Жігітек, Байсал – Көтібақ, Сүйіндік – Бөкенші, ҚҰнанбай – Ырғызбай, Қаратай – Көкше руынан.

БЕЛАСАР

«Қодар аталас жақыны еді. Әрі кедей, әрі жалғыз, жетім-жесір боп қалды. Соған қолы ұзын Жексен қарайласса нетуші еді? Көшерге көлік бермей, бір қораға жалғыз тастап кетті деп кінәлаған-ды. Осы сөзді біремес, екі емес есіте берген Жексен ең әуелі өзінің болыспауына сылтау етем деп ең алғаш бәле сөздің басын бір шығарған...»

Бұл қандай бәле?

«Артынан Сүйіндік осы сөздің мәнісін сұрағанда: «Келінімен жақын екен ол кәпір. Маған не қыл дейсің? Қасыма алып жүрсем, ертең бетіме түкірмеймісің?» - деп ақталған-ды.»

«Қодар қайғыдан сандалып, жаны күйіп отырып: «Маңымда тұлдыр жоқ. Құдай маған қылды ғой. Кәпір өтсем де енді кәрінен аянарым жоқ. Құдай маған қылса, менің құдайға қыларым сол...» - деген. Осыны Жексен өз бетімен топшылап, «бұл құдайға не қылады?» деп, жүріп-жүріп кеп, ақыры өзінше топшылаған.»

Жексеннің топшылауы

«Ақыры: «мұнысы келіні болды!» - деп байлаған-ды.»

«Жиын ортасында жалғыз көзі бұған оқтай қадалып тұрған Құнанбайды танып, соған қарап түйіліп, қатты ақырды.»

Бұл кім және не деді?

Қодар: «Уай, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз ба еді? Бұл не қырсығың?» - деді.

«Сол арада елдің есін жиғызбастан, Құнанбай қасындағы құзды көрсетіп: «Құлатыңдар содан кәпірді,» - деді.»

Қодар құздан құласымен Құнанбай қандай әмір берді?

«Әлі жаны шыққан жоқ. Енді анау кәпірден өз жанымызды ақтап, аулақ әкету үшін қырық рудың қырық кісісі кесек атсын. Әр атаның баласы бір-бір кесек алыңдар қолдарыңа,» - деді.»

ЖОЛАЙРЫҚ

««Не деген имансыз едің, кәрі төбет?!» - деп тұрған Құнанбайдың баласын көрді.»

Бұл кім және неге?

Бұл Қодардың жақыны Жексен еді.

«Ер өлтіргенде құн сұраушы еді. Енді құн сұрамақ түгіл, өкпе-кінә қылар да мұршаң жоқ. Өлтірген өзіңсің...» - деді.

Бұл кім?

«Жалғыз-ақ Бөжей ғана Сүйіндік, Қаратаймен бірге үшеуден-үшеу боп оқшау кетіп бара жатып: «Енді не бетіңмен үн шығарасың», - деді күрсініп.

Абайды бұл сұмдық жерге ертіп барған кім?

Жиренше

Абай мен Жиреншенің бүгін бұл бәленің үстінен шығамыз деген ойы жоқ болатын.

«Екі ана ортасында жаны ауырған бір бала. Бейуақтағы үшеуінің құпия тілегі – зор шындықпен еміреніп тілеген тілегі еді.»

Бұлар кімдер және қандай тілек тіледі?

Бұлар әже Зере, ана Ұлжан және бала Абай еді.

«Я, құдай, зар тілегім болсын. Бейуақтағы тілегім.Осы қарашығыма әкесінің ит мінезін бере көрме. Тас бауырлығын бере көрме. Я, жасаған,» - деп құрысқан әлсіз қолдарымен әжімді, мейірімді жүзін сипап бата берді.

АЛТЫН КӨМБЕ

«Бөжей көп арбасқандықтан, Құнанбай тәсілін түкпірлей танушы еді: «Біту, тыну ма?..» - деп өз болжамын айтты.»

Бұл қандай болжам?

«Бөкенші, Борсақ, қашан айттың деме, шылбырды Қодар мойнына салған жоқсың. Бұйырса, осымен өз мойныңа да салған боларсың, жазған! » - деді.

ІІІ. Ой толғаныс

Бес жолды тұжырым

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

4 сөзді сөйлем

Синоним

Үй тапсырмасы

Р – роль

А – аудитория

Ф – форма

Т - тақырып

Бес жолды тұжырым

1 Абай

2 Мейірімді жан-ай

3 Қайғырады, жақтасады аяй

4 Абай - әділдіктің жақтаушысы талай.

5 Дана-ай

Бес жолды тұжырым

1 Салт

2 Қатал да мәрт

3 Оңды, жөн шешім айт

4 Салт – дұрыс сілтер бағыт

5 Халық жолы



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-384601
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 20 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>