Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / «Мұғалімнің жаңашылдық қызметі және оны қалыптастыру жолдары»

«Мұғалімнің жаңашылдық қызметі және оны қалыптастыру жолдары»

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов



Тақырыбы: «Мұғалімнің жаңашылдық қызметі және оны қалыптастыру жолдары»

I Кіріспе бөлім

Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, ғылыми тілмен айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану басты назарда болып отыр.Ғасырлар тоғысында Қазақстанның білім беру жүйесінде көптеген ілгері реформалар жүргізілуде. Олардың мақсаты – ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесімен, әлемдік стандартқа сай негіздей отырып сабақтастыру.

«Инновация» деген сөз − латынның «novus» жаңалық және «іn» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді.

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.

II Негізгі бөлім

Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы — басты шарт. Мұғалім қызметінің негізгі мәні — оқушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Өйткені, мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ.

Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені белгілі. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарпынан көңіл бөлінуі тиіс.

Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс – тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Олай болса, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім. Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші – таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.

Ұстаздардың алдына қойған міндет – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін — өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. Оқыту мен тәрбие егіз үрдіс. Сондықтанда мұғалім инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайларды танып білуі талап етіледі. Соның бірі- инновациялық мұғалімдік қызмет.

Инновациялық мұғалімдік қызмет – жаңа инновациялық білім бағдарламасын жасақтау мен іске асыруға бағытталған іс-әрекет, онда мыналар іске асырылады: баланы түсінуге, оны оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға жаңа философиялық-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық бағыттар, білім беру мазмұны мен әдістерін құрудың жаңа концептуальды педагогикалық идеялары, баланың мектептегі өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастырудың жаңа формалары, сонымен қатар, педагогтар, жұмысы, басқару, өзін-өзі басқару, мектептің ата-аналар мен әлеуметтік ортамен байланысы.

Инновациялық мұғалімдік қызмет тәрбиенің бұрыннан келе жатқан формалары мен әдістерін өзгертуге, жаңа мақсаттар мен оны іске асыру құралдарын құруға бағытталған.

Инновациялық мұғалімдік қызметтің негізгі функциялары педагогикалық үрдіске және оның компоненттеріне прогрессивтік өзгерістер енгізу болып табылады: а) мақсатты өзгерту; б) білім беру мазмұнына өзгеріс енгізу; в) оқытудың жаңа құралдарын енгізу; г) оқытудың жаңа моделі; д) оқытудың жаңа тәсілдері; е) оқушыларды дамытуға байланысты жаңа идеялар беру (В.В.Давыдов, Л.В.Занков).

Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Инновацияның негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тәжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан инновациялық процеске араласқысы келетін мұғалім қолға алған жаңалығының мәнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс. Оқу процесіне инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізу оның оптималдығын білдіреді.

Инновациялық бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық инновацияны бағалаудың критериийі ретінде қарастырылады. Педагогикалық инновацияның мазмұны мен критерийлерін тап басып тану, оларды қолданудың әдіс-тәсілін меңгеру жеке мұғаліммен бірге оқу орнының жетекшісіне де оны енгізуді объективті бағалау мен болжамдауға мүмкіндік береді. Мектептерде жоғарының нұсқауымен енгізілген инновациялық жаңалықтар қысқа мерзімде ұмытылып кетеді немесе бұйрықпен тоқтатылады.

Инновациялық бағдардың педагогикалық іс-әрекетте қажеттілігі:

  1. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің әдіснамасын, оқыту үдерісін ұйымдастыру технологияларын түбегейлі өзгерту қажеттілігін тудыруда. Инновациялық бағдарлылық білім беру жүйесінің жаңарту құралы болып табылады.

  2. Білім беруді ізгілендіруді нығайту, білім жүйесіндегі түрлі өзгерістер үнемі жаңа ұйымдастыру формаларын, оқыту технологияларын қажет етеді.

  3. Мұғалімнің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі және қолдану факторының өзіне қарым-қатынастарының өзгеруі. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнының қатаң регламентіне тек педагогикалық әрекетте дәстүрлі әдіс-тәсілдерді пйдалануға ғана мүмкіндік береді.

Егер бұрын инновациялық іс-әрекет жоғарыдан ұсынылған болса, технологияларды педагогикалық реттеу келесі қалыптасу жолдары негізінде құрылады:

  • ақпараттық логикалық құрылымы (ақпараттық технологиялар, міндеттер, проблемалар және т.б.);

  • ақпарат көлемі және оқытудың дидактикалық бірліктерінің ақпараттық көлемі;

  • таным үдерісінің өнімді деңгейі;

  • оқыту интенцивтілігі;

  • білім беру және дамытушылық тиімділігі;

  • технология бейімділігі;

  • «Технология – қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдер жиынтығы». (Түсіндірмелі сөздік);

  • Педагогикалық технология – оқу үрдісінде ұйымдасқан, мақсатқа бағытталған, арнайы педагогикалық әсер ету (Б.Т.Лихачев).

  • Педагогикалық технология – оқу үрдісін іске асырудың мазмұнды техникасы (В.П.Беспалько) .

Инновациялық мұғалімдік қызметтің адамның басқа іс-әрекеттері сияқты өзінің құрылымы бар. Инновациялық мұғалімдік қызметтің құрылымдық компоненттерін ғалымдар нақты әдіснамалық тұрғыдан қарастырады. Ғалым-педагогтар В.А.Сластенин, Л.С.Подымованың осы мәселені еңбектерінде келесі бағдарлар бойынша қарастырылады: аксиологиялық, рефлексивті-қызметтік, әлеуметтік-психологиялық, жеке шығармашылық. Инновациялық қызметті аксиологиялық түсінуі ғалымдардың мұғалімнің бүкіл болмысының құндылық бағдарын қарастырғанда нақтылайды. Жаңалықты енгізу үдерісінде мұғалім педагогикалық құндылықтарды меңгереді. Жеке тұлғаның инновациялық құндылықтарды меңгеру дәрежесі оның педагогикалық сана-сезімінің жағдайына байланысты, себебі белгілі бір педагогикалық идеяның құндылығын анықтау оны жеке тұлғаның баға беруі үдерісінде өтеді. Субъективті қабылдау және жалпыадамзаттық мәдени-педагогикалық құндылықтарға иелену мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктеріне, өзіндік сана-сезімімен анықталады және мұғалімнің ішкі жан-дүниесін көрсетеді

Рефлексивті-қызметтік бағдарды ғалымдар инновациялық қызметтің табиғатын түсінуге, инновацияның әртүрлі даму сатыларындағы рефлексияға талдау кезінде пайдаланылады.

Әлеуметтік-психологиялық бағдар инновациялық қызметті жеке тұлғалар арасындағы байланыс нәтижесі ретінде қарастыруда қолданады. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, ғалымдар В.А.Сластенин, Л.С.Подымова инновациялық қызмет құрылымына мұғалімнің әлеуметтік қарым-қатынасқа түсу қабілетін де енгізді.

Жеке-шығармашылық бағдар ретінде мұғалімнің жалпы және мамандығына сәйкес өзін-өзі дамыту механизмдерін, мұғалімнің өз қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесін қарастырады.

Мұғалім бүгінгі ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дәрежесін, ғылыми-теориялық білімін және педагогикалық мамандығын күнбе күн жетілдіріп отыруға талаптануы қажет.

Инновациялық мұғалімдік қызмет ету құрылымының маңызды компоненттеріне: сыртқы ынталандыру, өзін-өзі бекітудің сыртқы мотивтері, мамандыққа байланысты мотив жатады.

Сыртқы стимул жаңалықты енгізуге байланысты болатын материалдық марапатталуымен (материалдық марапаттау, жоғары санатқа ие болу, жұмыс режимі мен еңбек шарттарының қанағаттанарлық жағдайда болуы және т.б.) байланысты.

Бұл шарттар тобы сыртқы мотивация стимулдарына жатады. Мұғалімнің еңбегі бұл жерде тек осы материалдық жағдайға байланысты болып, еңбек нәтижесіне мән берілмейді. Мұғалімнің сыртқы өзін-өзі бекіту (қоршаған ортаның жақсы бағасы арқылы өзін-өзі бекіту) мотиві мұғалімнің жаңалықты енгізуі оның еңбегіне қоғамдық резонанс туғызу үшін жасалады. Мамандыққа байланысты мотиві – мұғалімнің балаларды оқытып, тәрбиелеуге деген ниетінен туындайды. Мұғалімнің инновациялық қызмет құрылымының компонентінің бірі ретінде креативтілік психологияда «шығармашылдық» деп қарастырылады. Мұнда мұғалім өзінің әлеуметтік шығармашылық белсенділігін көрсету қабілетін көрсетеді. Ғалымдар В.А.Сластенин, Л.С.Подымовалардың концепциясы бойынша креативтілік осыған дейінгі жинақталған тәжірибені меңгеруден бастап дамиды және содан кейін мұғалім өз тәжірибесіне өзгеріс енгізу іске асырылады.

Бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау, жаңа технологияларды ұтымды қолдана білу мұғалімге тікелей байланысты. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орындарында ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған жаттандылықтан аулақ, өмірлік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.

Үшінші мыңжылдық – құзыреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа формацияның мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі.

Инновациялық педагогикалық білім – бұл инновациялық педагогикалық технологиялардың қыры мен сырын, ерекшеліктерін ашып көрсететін және оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдарын айқындайтын педагогикалық білімдер жүйесі.

Мұғалімдерге инновациялық білім берудің міндеті – оларды ізденімпаз жаңашыл ұстаз етіп даярлау, күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, өз ісіне шығармашылықпен қарау, меңгерген инновациялық технологияны өз мектебі мен сыныбының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлендіре алу, шағын өзгерістер енгізе білейік, өз ісіне сыни көзқараспен қарау, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық сараптама жасай алу, өзінің авторлық технологиясын өмірге әкелу, оны әдіснамалық тұрғыда негіздеу, ұдайы әдістемелік жетілдіріп отыру.

Инновациялық білім берудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагог, зерттеуші жаңашыл мұғалім болып шығады.

 III Қорытынды бөлім

Сонымен, қорыта келгенде мұғалім инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайларды танып білуі талап етіледі.

Инновациялық мұғалімдік қызмет – жаңа инновациялық білім бағдарламасын жасақтау мен іске асыруға бағытталған іс-әрекет, онда мыналар іске асырылады: баланы түсінуге, оны оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға жаңа философиялық-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық бағыттар, білім беру мазмұны мен әдістерін құрудың жаңа концептуальды педагогикалық идеялары, баланың мектептегі өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастырудың жаңа формалары, сонымен қатар, педагогтар, жұмысы, басқару, өзін-өзі басқару, мектептің ата-аналар мен әлеуметтік ортамен байланысы болып табылады.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-039771
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>