Инфоурок Классному руководителю КонспектыМамандық таңдау - өмір бастауы

Мамандық таңдау - өмір бастауы

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Мамандық- өмір таңдауы»
Мақсат: білімділік
 - мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгеру;
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:

Көрнекілігі: слайд, суреттер, пішіндер

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу.

Кіріспе. Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Қуанышы да, ауырпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар» - деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.

Елбасының жастарға қояр талабы – білікті, кәсіби маман болу.

Таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін, көңіліңнен шығатын жұмыс болуы керек. Жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындыққа кездеседі. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс. Мамандық таңдау мәселесі, әсіресе біздің қоғамымыздың нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Сондықтан бүгін осы тақырып жөнінде кеңірек тоқталамыз.

Сыныпты пішіндер арқылы 3 топқа бөлу.

1.      Оқушылардың пікірі. Диалог.

1. Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?

2.Сен ол мамандық туралы не білесің?

3.Мамандық таңдамаудың себебі неде деп ойлайсыңдар?

4. Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?

5. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындау керек деп ойлайсыз?

6.Мамандық таңдауыңа кім кеңес берді?

      7.Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?

       8. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

2.Постер қорғау

1 топ. « Мамандық таңдау дегеніміз не?»

- Біздің болашағымыз – біздің мамандығымыз.

- Адамдардың болашаққа апаратын жолы.

- Адамдардың алдағы уақытқа қойған мақсаттарының бірі.

- Мамандыққа бейімделіп адамдар жұмыс жасайды

- Мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады

Мамандық – кәсіп, сүйікті іс, шығармашылық, қызығушылық, еңбек көзі.

Мамандық дегеніміз – адамдардың белгілі-бір кәсіпке бейімделуі. «Кәсіп таңдау-тек болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің жан-дүниеңе үңілу...»  

2топ. «Мамандық таңдау ұстанымдары»

1. Оқушылардың өз жеке басының ерекшеліктерін тануы

2. Өзінің жүрегіне үңіліп, бейімділігін бағамдауы

3. Ұнататын кәсіптердің арасынан біреуін таңдау

4. Қалаған мамандығыңның мазмұнына көңіл аудару

5. Таңдаған мамандығың өзіңнің денсаулығыңа сәйкес болу керек 

      3топ.   «Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?»

·         Компьютерді білу

·         Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу

·         Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау

·         Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік

·         Жоғары ой – өріс, терең білімділік, кәсіби сауаттылық керек.

 

3. «Тізбекті үзбе» ойыны.
Қатысушының бірі мамандықты атайды, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты атайды. Мысалы: мұғалім – медбике.

4. «Жағдаяттық сұрақтар»
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. Өз бойыңда қандай қасиеттер бар?
4. Егер таңдау шектеулі болса қандай мамандықты қалар едің? (моторист, аспазшы, даяшы, бағбан, жүргізуші, күзетші, электрик, дәнекерлеуші)
5. Сен мұғалім болуды армандайсың. Мұғалім мамандығын қатты ұнатасың.
Бірақ өзіңе ұнамаған мамандықтың грант иегері атандың. Ол мамандыққа жаның қас. Не істейсің?

5. «Ең жақсы ойыны».
Ең ақшасы көп ...................(банк қызметкері, экономист).
Ең жасыл ............................(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші).
Ең тәтті ...............................(аспаз, кондитер).
Ең күлкілі ...........................(клоун, карикатурашы).
Ең жауапты ........................(сот, бухгалтер).
Ең салмақты .......................(мұғалім, заңгер).
Ең қарым-қатынасы күшті ...............(биснесмен).
6. «Қазіргі заманның табысты мамандары».
Жүргізуші: Біз оқушылар еліміздің Тәуелсіздігінің тұғыры мықты болу ушін өз үлестерімізді қосуымыз қажет , қазіргі заманға лайықты мамандық иесі болуымыз қажет.
12 – оқушы: Аниматор – суретке жан бітіруші. Мультипликатор – мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3D-аниматор – үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.
13 – оқушы: Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.
14 – оқушы: Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне арнайы сурет, графика. Сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік тетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.
15-оқушы: интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.
16-оқушы: Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп атауға болады. Бұл бірлікке қоюшы-суретші кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет-бейнені жасап, режисермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
7. Мамандық таңдау ережелері:

Бірінші қадам: «Байыппен бағдарлай біліңіз»

Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады.

Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.

Екінші қадам: Дұрыс шешім өз қолыңызда

Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.

Үшінші қадам: Бейімділігіңізді ескеріңіз

Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

Төртінші қадам: Өзіңізді сынақтан өткізіңіз

Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.

Бесінші қадам: Сұранысты да назар ұстаңыз

Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.

Қорытынды: Мамандық таңдауда адаспаған абзал. Себебі ол сенің болашақ өміріңді шешеді. «Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір сәттілігінің негізі» дегендей еліміздің өркендеп, гүлденуіне үлес қосатын мықты маман иесі болыңыздар.

 

“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 47   орта  мектеп

 

 

 

 

Тәрбие  сағаты

 

 

 

 

 

Тақырыбы:     «Мамандық- өмір таңдауы»

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 9«А»                

 

 

 

 

Сынып жетекшісі:         Бердибекова  А.Т

 

 

 

 

 

Тараз қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мамандық таңдау - өмір бастауы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 850 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2018 1475
    • DOCX 30.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бердибекова Аманкул Тастемировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 61541
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 005 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе