Инфоурок Другое Научные работыМақта кластерін дамытуда қолданылатын инновациялық технологиялар

Мақта кластерін дамытуда қолданылатын инновациялық технологиялар

Скачать материал

Мақта кластерін дамытуда қолданылатын инновациялық технологиялар

        Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі – мақта. Бұл аймақ мақта өндіру жөнінен Республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Қазақстан жылына мақтаның 90 % - тін шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы - кластерлік жүйе. Еліміз егемендігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақта шаруашылығын одан әрі дамытуға көптеген жағдайлар жасауда. 2005 жылдың 6 –шы шілдесінде «Арнайы экономикалық аймақты» аштырды және осы аймаққа байланысты мақтаның заң жобасына да ұсыныстар жасалынды. Сонымен қоса «Арнайы экономикалық аймақты» дамытуға инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі шаралар мен ережелердің жобасы жасалынған.                                                                                                                                            Қазіргі таңда өзіміздің өңірімізде мақта тұқымының элиталық тұқымын шығарып отыр. Оған мемлекет тарапынан көптеп қаржы бөлініп, арнайы ғылыми тәжірибелік станциялар ашылды. Соның ішінде Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында алғашқы отандық жаңа және келешектік жоғары өнімді: ПА – 3031, ПА – 3044, МА – 3047, М – 4003, М - 4005, М – 4007 және М – 4011 мақта сорттары шығарылды. Бұл жаңа сорттар аудандастырылған. Оңтүстік Қазақстанның күлгін түсті топырақтарының жағдайларына бейімделген және де олардың жаңа сорттық баптау технологиялары жетілдірілген. Мақта шаруашылығын дамыту мақсатында көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оларды атап өтетін болсақ: Үмбетаев И.Ү., Көпешов Ш., Болғанбаев Е., Серғазиев А., Майлыбаев М., Батькаев Ж.Я., Мұстафаев А.Б., Биғараев О, Сыдықов Д. А.               

      Шитті мақтаның облыс экономикасында, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде алатын орны ерекше. Ауыл шаруашылығынан алынатын табыстың 1/3 осы дақылдан түседі. Ауылда жұмыс істейтіндердің де 1/3 шитті мақта өсірумен айналысады.  Қазақстан Республикасы бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіргелі отыр. Әлемдік рынокта мақтаға деген сұраныс қазіргі таңда өте жоғары болып отыр. Қазақстанда жер кең. Бірақ мақта өсіретін аймақ оңтүстік қана. Бұл өңір бүкіл Қазақстандағы суармалы жердің ¼ бөлігін алып жатқанын ескерсек, осынау байлықтың бағасы мен мақтаның мүмкіндігін тиімді пайдалана білуіміз керек. Мақта саласы бойынша Қазақстан Республикасына көршілес жатқан Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері т.б. көптеген шет елдік мемлекеттер, бәсекелес болып отыр. Өз еліміздің дүние жүзілік рыноктағы мақта талшығының дәрежесі төмендеп кеткен сияқты. Қазіргі таңда өзіміздің өңірімізде мақта тұқымының элиталық тұқымын шығарып отыр. Оған мемлекет тарапынан көптеп қаржы бөлініп, арнайы ғылыми тәжірибелік станциялар ашылды. Арнайы мақта тұқымы шаруашылықтарын ұйымдастыру барысында методикалық және өсіру экологиясы тұрғысынан ғылыми кеңес беріп келеді. Шаруа қожалықтары мен ірі өндіріс кооперативтеріне жаңа мақта сорттары технлогиясы және агротехникасы жөнінде ғылыми кеңес беріп, іс жүзінде көмек көрсетеді. Мұнымен қоса дүние жүзіндегі рынокта Қазақстан өзінің бәсекелестігін арттыру үшін мақта – жоңышқа ауыспалы егіс құрылымын ұсынады. Отандық мақта сортының түпнұсқалық (элиталық) тұқымдық шитін өндіріп, элиталық шарушылықтарға жеткізеді. Сондай-ақ минералды тыңайтқыштарының енгізілу нормаларын әр жердің құнарлығына қарай анықтап ұсынады. Оңтүстік Қазақстан облысында “арнайы экономикалық аймағын” ашып, кластерлік жүйені қолдап отыр. Осы “Мақта кластерін” дамытуда елімізбен көршілес жатқан, бәсекелес елдің бірі Өзбекстан Республикасынан үйренетін тірлік көп. Көрші Өзбекстан мемлекеті экономикасының негізгі тірегінің бірі – мақта. Біз сияқты ол мемлекет талшықты су тегін шет елге сатып отырған жоқ. Тоқыма, тігін өндірісі ерекше дамыған. 1994-2004 жылдардың аралығында тоқыма тігін өндірісі мақтадан халық тұтынатын тауарлар өндіру көлемі 27,8 миллиард сумнан 473,4 миллиард сумға өскен. Республиканың қазіргі жағдайы мақтанарлықтай болғанымен қандай қиын жылдарда да олар мақтаныштары –мақтасының бетіне, беделіне дақ түсірмей келеді. Мақта шаруашылығының тірегі, сапалы талшықтың негізі-шит шаруашылығын біздегідей шашыратып алмаған. Тұқымдық элита – сапалы шитінен айрылмаған көршілер қазір мақта өндіріп, өңдеуге экспорттауда әлемде алғашқы ондықтың – Қытай, Үндістан сияқты

мемлекеттердің қатарында келеді.  Облыстың мақта зауыттарының жалпы өнім өндіру қуаты бір кезеңде (жылына) 370000 тонна мақта шикізатын өңдеуге есептелінген. Зауыттардың бұл қуаты бізде нақты бар және жобадағы мақта көлемдерін өңдеуге толық мүмкіндіктер береді. Фермерлер мақтаны сатып алушыларды өз таңдаулары бойынша белгілеуге құқылы. Шынын айтқанда, фермерлер өздеріне жақын орналасқан кәсіпорындармен келісім-шартқа отырғанды дұрыс көреді. Кейбір зауыттар фермерлерге ақшалай несие немесе тұқым, жанар-жағар май, химикаттар түрінде материалдық ресурстарды мақтамен өтейтіндей тұрғыда алдын-ала береді. Ал іс жүзінде фермерлер өз мақтасын қымбаттау бағаға сатып алушыларға бергенді дұрыс көреді. Ондай сатып алушылар Қазақстанның әр жерінен немесе Ресейден, Белорустан, Балтық жағалауы мемлекеттерінен келген коммерсанттар болуы мүмкін. Әрине, фермерлерге алдын-ала қаражат немесе материалдық ресурстар берген зауыттар фермерлердің мақтамен емес ақшамен есептескендерін жақтыра қоймайды. Сол себептен де өткен жылы Мақтаарал ауданы бойынша мақтаны ауданнан тысқары жерге шығаруға тиым салынған болатын.
      Жергілікті басқару орындарының мұндай тиым салу шаралары құқықтық тұрғыдан алғанда орынсыздау, мәселені біздің ойымызша басқаша шешкен дұрыс болар. Ол үшін бұл мәселеге мұқият талдау жасап, орынды шешім кабылдау қажет.
Бұл жерде жасалған келісімнің нақты шарттарына дұрыс көңіл аудару керек. Шындығын айтқанда, фермерлер мен зауыттардың арасында жасалатын келісім, әсіресе олардың бір-бірімен есептесулері жағынан күрделілеу. Мысалы "Мырзакент" акционерлік қоғамы мақта шикізатына қойылатын бағаны анықтағанда төмендегідей формуланы қолданады:

Ц= (L-26%)-ПхН,

Бұл жерде:

Ц  — 1тонна шикізаттық мақтаның бағасы;

L — Ливерпуль Мақта Ассоциациясының мақта талшығына белгілеген бағасы;

П — 1 тонна мақта талшығын алу үшін жұмсалатын еңбектің бағасы;

Н — мақтаның сортына мүдделі мақта талшығының нормалық шығымы.

 

 

 

Төменгі сапалы мақта тапсырғанда 1 тонна мақтаның бағасы төмендегідей мөлшерге кемиді: 2 сортты — 5%, 3 сортты — 10%, 4 сортты — 20%, 5 сортты — 45%.
     Бұл келтірілген формула бойынша есеп-қисап жасау, әрине, әрбір фермердің қолынан келе бермес, өйткені олардың қолында Ливерпуль мақта ассоцияциясының мақта шикізатына қойылған нақты бағасы қажетті мезгілде болмайды ғой. Екіншіден, мақтаны өңдеуге қажетті қызметтерге қандай жорамал бағаның қойылатындығын фермер біле алмайды. Үшіншіден, шикізаттық мақтаның сапа көрсеткіштері сатып алушының, яғни зауыт зертханасында анықталады. Сондықтан да сот орындарына жүгінетіндей карама-қайшылық туған шақта фермердің істі жеңіп шығуы екіталай, өйткені ол өзіне кажетті ақпараттармен қаруланбаған.
     Келісім-шарттар жасалған сәтте тек фермерлер жағының жауапкершілігі басым көрсетіледі. Өз тарапынан шартты бұзған фермерге катаң айып төлеу талабы қойылған. Ол несие сомасын, негізгі қарыздың 15% мөлшерінде айып пұл және тауарлай немесе ақшалай 35% жылдық несие төлемін төлеуге тиісті. Онымен қоймай барлық шығындарды өтегенмен фермерлер келісім-шартты орындаудан босатылмайды. Ал келісім-шартта мақта зауытының нақты қай уақытта материалдық ресурстар немесе қаражат беретіндігі көрсетілмеген. Осы мәселелер дұрыс шешілсе, фермерлер зауыттармен тұрақты түрде жұмыс жасауға, мақталарын тек соларға тапсыруға мүдделі болған болар еді деген ойдамыз. Мақта зауыттарының арасында үлкен бәсекелестік бар екендігі де мәлім. Баға жөнінде де көп қарама-қайшылық бар. 1999 жылы шикізатттық мақтаның 1 тоннасы үшін 25000-32000 теңге (180-225 американ доллары) көлемінде сату бағасы белгіленген болатын. Ал 2000 жылы бұл баға 45000 теңгеге (315 долл.) дейін көтерілді. Кейбір ірі шаруашылықтар мақта талшығын зауыттарда сақтауға қалдырып, нарық конъюнктурасына, бағаның өзгеруінен кейінірек сатуға шешім қабылдауда. Мысалы "Ақтөбе" өндірістік кооперативі 2000 жылдың қаңтар айында 1 тонна мақтаны 800 долларға сатса, ал 2000 жылдың ақпан-маусым айларында 1100-1200 доллар есебінен өткізген. Мақта зауыттары мақта талшықтарын ішкі рынокта сатқан және алыс шет елдер мен ТМД елдеріне жіберген. Осыған орай бұл зауыттардың пайда көзінің басым бөлігін мақтаны шетелдерге сатудан түскен қаражаттар құрайды. Республика ішкі рыногында мақтаға деген сұранымның өте үлкен болуына қарамастан, зауыттар үшін оны шет елдерге экспортқа шығару тиімдірек болып отыр. Өйткені бұл жағдайда қосымша құннан алынатын салық деген біраз жеңілдіктер бар көрінеді.
    
^ Несие беру. Жердің кепілдікке берілмеуі, сол сияқты фермерлердің жерден басқа дүние-мүліктерінің жоқтығы салдарынан коммерциялық банктер ауыл шаруашылығына несие беруге аса құштар емес. Қазақстанда ауыл шаруашылығы үшін пайдаланатын жер жеке меншікке берілмейді. Суармалы жерлер өте құнды бола болса да, банктер ондай жерлерді шаруашылық қарызынан құтыла алмайтын жағдайда (цефольт) ол жерлердің бағасын анықтап, сата алмайтындықтан, суармалы жерді де кепілдікке алудан сескенеді. Мақта шаруашылшықтарына несие беру көзі — Қазақстан Мақта Коорпорациясы (ҚМК) және мақта өндеу зауыттары. Мақтаарал ауданы шаруашылықтарына жылда берілетін несие көлемі 10-12 млн.  АҚШ доллары есебінде.
     Мақта өсірушілерге қарыз беруші — "Қазақстан Мақта Коорпорациясы" жабық акционерлік қоғамы. Бұл компания 50000 гектар жерге мақта егетін 20 мыңға жуық фермерді несиелендіреді. Кейбір шаруашылықтар несиені ақшалай және материалдық ресурстар түрінде алады. 50 агроном мақта өсіру технологиясының сақталуын және танаптарға минералдық тыңайтқыштар берілуін қадағалайды. Фермерлер осы компаниямен әлемдік бағадан 30% кем сатамыз деп келісім шартқа отырады. Ал өңдеуден түсетін қосалқы жанама өнімдер фермерлерге қайтарылады. Өз кезегінде ҚМК-сы каражаттық көмекті шетелдік инвесторлардан және Казкоммерц банктен алады. Дейтұрғанмен ҚМК-сы ауыл шаруашылшына несие беруден секемденеді, сол себептен де жерді кепілдікке алуды жөн санайды. Дефольт болған жағдайда фермер өз жерін ҚМК-сына уақытша — 5 жылға пайдалануға береді, шаруашылықты басқару құқығын да береді. Қарызды өтегеннен соң жер фермерге кері қайтарылады. Міне, мақта өндірушілер мен оны өңдеуші мекемелер және банктер арасындағы осындай қарым-қатынас схемасы, біздің ойымызша ең дұрыс схема болып табылады. Қазақстанның мақта шаруашылығын өркендетуге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта көптеген жеңілдіктер беріп, өз үлесін қосып отыр. Мақта шаруашылығы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының бірден – бір көзі болып отыр. Республикамыздың экономикасы шапшаң дамуда. Қазақстан келешектегі үш жыл ішінде экономикалық бағыты өте жоғары 8 – 8,5 пайызға көтеріледі – деп болжауда. Яғни бұл еліміздің болашақтағы экономикасы үшін жақсы көрсеткіш. Қазақстанның экономикасын одан әрі жандандыру үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылдың 6 шілдесінен бастап заңды түрде Оңтүстікте «Арнайы экономикалық аймақты» ашты. Бұл құрылған арнайы экономикалық аймақ тек Оңтүстік Қазақстан облысы ғана емес, республика экономикасына да өзінің оң ықпалын тигізеді деген үміт мол. Арнайы экономикалық аймақтың негізгі мақсаты мақта өңдейтін жоғары технологиялық өндірісті, өнеркәсіптің тоқыма және тігін саласын кешенді дамытуды, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне белсенді түрде кіруін көздейді. Арнайы экономикалық аймаққа кіретін мекемелер толық істеген жағдайда нақты болжамдарға сүйенетін болсақ, облыста жыл сайын орта есеппен 1 млрд. АҚШ долларының өнімі өндірілетін болады. Оңтүстік өңіріндегі істер, жарқын көріністер елімізде ауыл шаруашылығына қатысты ұсталынып отырған саясаттың дұрыстығын, әрі өміршеңдігін тағы да дәлелдей түседі. Құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймаққа Сайрам өлкесінен 200 га жер бөлініп, жоғары технологиялық 15 мақта тоқыма өндіріс орындарын ашып, 6000 – ға жуық адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Сонымен қатар 500,0 млн. доллар көлемінде инвестиция тартып, әлемнің алдыңғы қатарлы өндірістік құрал – жабдықтармен жасақталу қарастырылуда. Арнайы экономикалық аймақта істейтін тоқыма кәсіпорындары қосымша құн салығынан, коорпоративтік, жер және мүліктік салықтан толық босатылады. Арнайы экономикалық аймақтың негізгі міндеті облыста өндірілетін 150,0 мың тонна мақта талшығының кемінде 100,0 мың таннасын қайта өңдеп, дайын өнімге дейін жеткізу.Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен « Оңтүстік » арнайы экономикалық аймағын құруға және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз етуге 821,4 млн. теңге қаражат бөлініп отыр. 
   «Оңтүcтік» арнайы экономикалық аймағы туралы бірнеше төмендегідей ережелер бар.
1. Осы ережеге қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес « Оңтүстік » арнайы экономикалық аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының аумағында орналасқан. Арнайы экономикалық аймағының аумағы 200 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. 
2. Арнайы экономикалық аймағы: тоқыма өнеркәсібін, атап айтқанда , дайын бұйымдар өндірісін дамыту. Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру : дайын тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік сауда маркерлерін өндірушілерді тарту: жоғары технологиялық өндірістерді құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту мен түр – түрін көбейту мақсатында құралады. 
3. Арнайы экономикалық аймағының қызметі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 1996 жылы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңымен, осы ережемен және Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасында көрсетілгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережесі қолданады. 
4. Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

5. Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы негізгі қызмет түрлері мыналар болып табылады. 
1) Мақта – мата жіптерін
 және тоқыманың барлық түрін дайындау;

2) Тоқыма өндірісі;

3) Әрлеу – бояу өндірісі; 

4) Дайын тоқыма бұйымдар өндіру; 

5) Трикотаж және шұлық – ұйық бұйымдарын өндіру;

6) Трикотаж пуловер, кардиган және соған ұқсас бұйымдарды өндіру;

7) Арнайы киім шығару;

8) Сырт киім шығару;

9) Іш киім шығару;

10) Өзге де киімдер мен керек – жарақтар шығару;

11) Бизнес – жоспарды жобалау – сметалық құжаттаманы әзірлеуді құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізуді, арнайы экономикалық аймағының аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды қамтитын арнайы экономикалық аймағының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру.
     Осы мүмкіндіктердің нәтижесінде облыстың бар мақтасы бүгінге дейін 150-170 млн. доллар табыс әкелсе, мақта – мата кластерін дамытуға арналған арнайы экономикалық аймақ негізінде 1 млрд. долларға дейін табыс таба алады. Сонда, осы салада жұмыс істейтін 1 млн-ға жуық адамның еңбегі ақталмақ. Бұл диқан жағдайын жақсартуға арналған кезекті бір шара. Мемлекеттің бағдарламасы бойынша жердің соры шайылып, дренаждар жүргізіліп жатыр. Үкімет басшылары келешекте “Оңтүстік ауылшаруашылық секторы Қазақстандағы ірі қозғаушы күшке айналады” , деп отыр. Өткен 2005 ж қыркүйек айында Алматы қаласында өткен халықаралық “Текстиль – Экспо” көрмесінде “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағының тұсау кесуін өткізген болатын. Сондай – ақ қазан айында Сингапурде өтетін әлемдегі ең үлкен ІТМА көрмесінде қатысуға келді. Бүгінгі күнде отандық және шетелдік инвесторлардан ұсыныстар түсуде. Олар - әлемге белгілі Риттер, Пиканоль, Санко, Холдинг, тағы да сол сияқты компаниялар.
     Жаңа экономикалық аймақтың құрылуы - Оңтүстік Қазақстан өңірінің тарихындағы бұдан бұрын болмаған жағдай. Негізгі мақсат – Елбасының сенімін ақтау. Жастар көп олардың ұмтылысы мықты. Бұл іске белсене араласқан жаңа толқын өкілдері тарихтың осы бетін ашуға атсалысқандарын мақтан тұтады. Құрылған арнайы экономикалық аймақ тек Оңтүстік Қазақстан облысына ғана емес, Республика экономикасына да өзінің оң ықпалын тигізеді деген үміт мол. Жалпы алғанда мақта – еліміздің экономикасын өркендету ісінде зор маңызы бар өте бағалы дақыл. Сондықтан үкімет басшылары елімізде шитті мақта өндірісін одан әрі ұлғайтуға ерекше мән береді. 
     Мақта өнімдерін өндіру проблемалары егіншілік жүйесімен, өсіру технологиясымен, өнімді өңдеумен, экономикалық механизмдермен, экологиямен және т.б. факторлармен сабақтас, соларға тікелей байланысты. Осы проблемаларды белгілеп, оларды шешу жолдарына да тоқталмай болмайды. Осыларға қосымша ауыспалы егіншілік жүйесі, топырақты өңдеу, тыңайтқышты пайдалану, өсімдікті зиянкестерден қорғау, мақта селекциясы және тұқым шаруашылығы, техникамен жабдықтау, несие беру т.б. өзекті мәселелерді қолданғанда шеше алады. Қазақстан жыл сайын мақта өнімінің 90 % шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, мүмкіндігін толық пайдаланып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы-кластерлік жүйе. 
     Облысымызда өндірілген өнімнің өңделіп, жіп, мата, киім түрінде өз елімізде шығарылуына енді мүмкіндік жасала бастады. Осыған орай Шымкент қаласында ашылған «Ютекс» және «Қазақ-Орыс тоқыма Альянс» фабрикалары бүгінде тек Оңтүстік Қазақстан облысындағы ғана емес, бүкіл республикадағы тіпті ТМД елдеріндегі мақта талшығынан сұр кенеп шығаратын ірі өндіріске айналып отыр. Жалпы мақта-біздің мақтанышымыз. Мақта-халықтың әл-ауқатын көтеруге септігін тигізетін және бюджет қорын көбейтуде жоғары орын алатын сала. Олай болса, сол дақылды өсіретін диқандарға қолдан келген жәрдемімізді аямай, облыс халқы үшін шынында «Ақ алтын» болып есептелінетін осы өсімдіктің өнімін одан әрі көбейту үшін жұмыс жасайық және де кластерлік жүйе арқылы өзіміздің шикізатымызды өңдеп, шет елдерге шикізат ретінде емес, тауар ретінде экспортқа шығару мәселесі көзделіп отыр. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.      Серғазиев Ә. Мақта егістігінде гербацидтерді қолдану- Алматы, Қайнар, 1978-178 б. 

2.     
Майлыбаев М. Қазақстан мақтасы- Алматы , Қайнар, 1969 - 159 б. 

3.     
Сәуірбаева Ж. Жетісайдың мақтасы - Алматы., Қайнар, 1985-167 б. 

4.     
Көпешов Ш. Мақта өндірудің экономикасы- Алматы., Қайнар, 1975-188 б. 

5.     
Көпешов Ш. Қазақстан мақтасы-Алматы, Қайнар, 1979–187 б. 

6.     
Көпешов Ш. Мақта шаруашылығы: Тәжірибе және тәлім - Алматы Қайнар, 1988-188 б. 

7.     
Болғанбаев Е., Серғазиев А. Мақта түсімін арттыру жолдары - Алматы., Қайнар, 1975-175 бет. 

8.     
Бердібаев Р. Ақ мақта – Алматы., Қайнар – 1981 - 155 б. 

9.     
Сыдықов Д.А., Үмбетаев И.Ү., Батьколов Ж.Е., Биғараев О. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өндірісін өркендетудің өзекті мәселелері- Алматы , Бастау 2002 – 84 б.

10. 
Үмбетаев И.Ү., Биғараев О., Әлімбекова Ә. Мақта шаруашылығын дамытудың ғылыми негіздері – Атакент, 2005 – 304 б. 

11. 
Үмбетаев И.Ү., Батькаев Ж.Я. Қазақстан Республикасының Оңтүстігінде қоза баптау жүйесі – Алматы, Құс жолы ,2000 – 204 б.

12. 
Батькаев Ж.К., Мустафаев А.Б., Умбетаев И.И. Рекомендации по применению минеральных и органических удобрений под хлопчатник в Южно-Казахстанской области - Алматы, Кайнар, 1993 – с. 46-47. 

13. 
Назаров Р. Беречь землю. Хлопководство - М., 1995 - с 17-19. 

14. 
Духовный В.А. Отчет по мелиорации земель Джетысайской зоны – Ташкент, 1996 (рукопись).

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақта кластерін дамытуда қолданылатын инновациялық технологиялар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 100 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2018 835
    • DOCX 28.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алипбеков Нурман Жапарович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алипбеков Нурман Жапарович
    Алипбеков Нурман Жапарович
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4281
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе