Инфоурок / Технология / Рабочие программы / Ұлттық өнерге баулу – ұлттық тәрбие беру

Ұлттық өнерге баулу – ұлттық тәрбие беру


библиотека
материалов

hello_html_79354d0f.jpg

Туған жылы: 09.08.1959

Білімі: жоғары, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, 2003

Мамандығы: технология пәнінің мұғалімі

Еңбек өтілі: 27 жыл

Категориясы: жоғары, 14 санат


Ұлттық өнерге баулу – ұлттық тәрбие беру


Адамның диалектикалық дамуы еңбекпен тығыз байланысты. Ол өзін қоршаған дүниеге еңбегі арқылы әсер етеді, қабілетін көтереді, өндірістік тәжірибесін арттырады.

Олай болса, еңбек дегеніміз – қажеттілік.

Қазіргі кезде елімізде жалпы білім беретін мектептердің алдында маңызды міндеттер қойылып отыр. Жалпы алғанда, оқуды өнімді еңбекпен ұштастырудың принципін толығырақ жүзеге асыру, оқудың тиімділігін арттыруға, қазіргі қоғамның саналы құрылысшыларын тәрбиелеуге күш салу керек.

Әрбір мектеп пәні өз мүмкіндігіне қарай оқушыларға еңбек пен мамандық әлемі туралы мағлұмат береді. Ал, осындағы еңбекке баулу пәні ерекше орын алады, өйткені бұл сабақта оқушылар жалпы таныммен қатар еліміздің халық шаруашылығында жұмыс істеуіне қажетті жалпы еңбек біліктілігі мен дағдысын үйреніп, белгілі бір мамандықты игеруге ұмтылады.

Кәсіптік бағдар алдымен жалпы білім беретін бастауыш мектептен бастап жастардың бойында белсенді өмірлік бағытты қалыптастыру негізінде құрылуы тиіс. Бұл міндетті шешуде еңбекке баулу пәнінің мол мүмкіндігі бар. Технология пәнінің мұғалімі өз шәкіртінің шеберханадағы жұмыс нәтижесіне, олар атқаратын жұмыстың сапалығы мен өзіндік ерекшелігіне, жаңа білім мен дағдыны игеру тездігіне яғни еңбектің нақты бір саласы бойынша қабілетін таныта білгендігіне қарап, олардың кәсіби қабілетін айқындай алады.

Еңбекке баулу – бастауыш сыныптан жоғары сыныпқа дейін бірте-бірте дамып отырған комплексті процесс болғандықтан, технология пәні мұғалімінің кәсіби қабілетін дамытуға мол мүмкіндік бар. Мұның өзі технология пәнінің мұғалімін өз пәні бойынша оқушының кәсіптік бағдарын ұдайы, жүйелі жүргізіп отыруға бағыт береді.

Технология сабағында қолданатын аспаптарды, операцияларды, тәсілдерді өндірісте қолданатын сондай аспаптармен, операциялармен тәсілдермен салыстыру оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейте түседі.

Ал, проблемалық мәселелер оқушының алған білім негізін практикада қолдануға, талдауға, себеп-салдар байланыстарын анықтауға мәжбүр етеді.

Мәселен, оқушы қол арамен ағашты кесіп тұр. Ол ағашты көлденең немесе ұзыннан кескенде әр түрлі күш жұмсайды. Неге? Ара түсінің формасы әр түрлі: біреуі тең қабырғалы үш бұрышты, ал екіншісі – тік бұрышты. Тістердің қайралуы да әр түрлі, неге?

Сол сияқты балтамен түзу сызықты беттерді шабуға болады, ал шотпен қисық беттерді шабуға болады, жүздерінің қайралуы да екі бөлек, неге?

Мұндай сұрақтар оқушының творчестволық белсенділігін оятып, түптеп келгенде еңбек сабағына ынтасын арттырып қызықтыра түседі. Тек оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыруға негізделіп, дұрыс ұйымдастырылған және мақсат қойылған еңбекке баулу жалпы білімдік және тәрбиелік тиімді нәтиже береді.

Ал біздің шеберханамызда оқытуды өнімді еңбекпен ұштастырудың негізінде – қазақ халқының ұлттық өнімдерін жасап шығаруды негізгі мақсат етіп қойдық. Осы мақсатта бірнеше жыл тәжірибелік жұмыс жасап жаттыққаннан кейін өткен оқу жылынан бастап мектеп шеберханасының жұмысын халықтық педагогикаға жоспарлы түрде қарап ұлттық өнімдер шығара бастадық.

Оқушы жастар – өмірдің жарқын болашағы,өндіргіш күштің шешуші құрамдас бөлігі. Сондықтан мектеп қабырғасында тәрбиеленушілердің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіре білудің үлкен мәні бар.

Себебі мектепте алған білім, шеберлік алдағы уақытта да өмірдің жолында жастарға рухани азық, олардың творчестволық іс-әрекеттеріне негіз болады. Соңғы кездері халықтық педагогиканы көпшілік арасында тарату мақсатында көптеген жұмыстар жүргізіп келеміз.

Біз оқушыларды тек қана еңбек етудің мазмұндылығы мен қажеттілігіне тәрбиелеп қоймай, сол өздері жасаған еңбегіндегі эстетикалық талғамды дұрыс түсінуіне күш салуымыз керек.

Оның үстіне қазақтың ұлттық өнеріндегі тұнып тұрған эстетикалық талғамды дұрыс өз мәнінде жетілдіре түсіндірудің орны үлкен. Адам сұлулығын тәрбиелеудегі біздің мақсатымыз оның жан-жақты дамып жетілуін көздеу, оның көпшіл, коллектившіл, өте мәдениетті болып жетілуіне жағдай жасау.

Осы мақсатта көптеген жұмыс жасауға тура келді. Атап айтқанда қазақтың ұлттық өнері негізінде жасалған ондаған заттардың үлгісін шағын сувенир түрінде жасап оны облыстық оқуларда, оқу бөлімінің тамыз мәслихаттарында бірнеше рет көрсетіп баяндамалар жасадым.

Ағаштан жасалған үй бұйымдарының бетін безендіру тәсілдерінде де жергілікті ерекшеліктер орын алған. Қазақстанның оңтүстігінде түрлі бояумен сәндеу, нұсқаулы оюлар жүргізу басымырақ болса, Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда сүйекпен, күміспен, асылтастармен, түсті металдармен әсемдеу жиі кездеседі.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері бойынша дамыған, бағалы әрі мол мұра. Оқушылар үшін оның танымдық әрі тәрбиелік мәні зор. Сол себептен ықылым заманнан халықтың эстетикалық талғамын қалыптастыруда игі әсер еткен осы мұрамен танысу, оны кәдеге жарата білу, жас ұрпақ үшін теориялық әрі практикалық жағынан өте тиімді.

Халық өнерін білу жалпы өнердің әлеуметтік мәнін, оның қоғам өміріндегі алатын орнын түсінуге итермелейді. Сәндік-қолданбалы өнерді білу адамның жалпы өнер жайлы, оның сипаты мен өзіндік көркем тілі туралы түсінігін толықтырады.

Оқушылармен жұмыс үстінде ағаш шеберлерінің жұмысынан басқа да әр түрлі өнер түрлерімен таныстырып өткеннің зияны жоқ. Мәселен, металл өңдеу, сүйек пен мүйіз өңдеу, тері мен етікшілік, тас өңдеу, т.б.

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде технология пәнінің мұғалімі теориялық, методикалық және практикалық жағынан сауатты болу керек. Яғни, халық өнерін тереңірек зерттей отырып, оны оқу-тәрбие жұмысына тиімді пайдалана білу керек.

Мұғалімнің ою-өрнектерді өзінің оқу-тәрбие жұмыстарына пайдалануы бірнеше сатыдан құралуы тиіс.

Біріншіден, Қазақстанның ұлттық өнерін оқып-үйрену, зерттеу керек.

Екіншіден, барлық халықтардың өнерге тән ортақ үндестігін, ұқсастығын анықтау керек.

Үшіншіден, ою-өрнектер жасау әдісін еңбек арнасына бағыттап, оқушылардың ою-өрнектер сырын өз қолдарымен жасап түсінуіне мүмкіндік жасау керек. Қажетті құрал-саймандар мен эскиздік үлгілер жасау, бояулардың түрлі түстерін түсініп пайдалануына көмек көрсетіп отыру, ағаш түрлерінің жарамды, жарамсызын айыра білуге үйретудің үлкен маңызы бар. Кейбір өрнектер салу үшін ағаш токарь станогын пайдалану еңбек өнімділігіне көмектеседі.

Оқушылардың ұлттық өнер туралы түсінігін қалыптастырмай, басқа халықтың өнерін түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан ұлттық өнерді жан-жақты үңіле үйреніп жақсы меңгергеннен кейін басқа халықтың ұлттық өнерімен таныса бастау керек.

Осы мақсатта қазақтың ұлттық өнері мен тіл байлығын дамыту қазіргі кезеңнен күн тәртібінде тұр.

Сондықтан мектеп оқушыларын бастауыш сыныптан бастап ұлттық өнер мен тілге қатар қалыптастыру керек.

Ұлттық өнермен жұмыс үстінде сол жасап жатқан заттың ұлттық ерекшелігіне байланысты мақал-мәтелдер кездессе, оны оқушыларға түсіндіру өте пайдалы болады. Өйткені ұлттық өнердің даму тарихына қанша уақыт болса, оларға арналған мақал-мәтелдерге де сонша уақыт болғаны.

Мақал-мәтелдің қызметі балаларға, жастарға тәлім-тәрбие беру, оларды өнер-білімге баулу.

«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық», «Өнерлінің өрісі ұзақ», «Өнерлінің тасы өрге домалайды» деп, халық өнерлі адамды жоғары бағалаған.

Ұста, зергер сияқты шеберлер ерекше қадірленген, құрметтелген «Темірші көміршіге үйір», «Ұстамен жақын болсаң, ісің бітеді», «Алтынды ала білген, бөле де біледі» дейтін мақалдар сондай өнер иелеріне арналған. «Ұсталы ел озар, ұстасыз ел тозар» деп, ұсталық өнердің келешегін, елге керектігін ескеріп, халық өнер қуған талапкерге «Көп көрген – нұсқа, көп істеген – ұста», «Өнер білсең, өлмейсің» деп, өсиет айтады.

Қазақ шаруасының баспанасынан бастап үй-мүлкі, ыдыс-аяғына дейін ағаштан жасалған. Сондықтан шаруалар үйші, ерші, әбдерші шеберлерді «Ағаштан түйін түйген» деп мадақтайды. Жақсы үйшіні «Тоғай аралаған үйші, ел аралаған сыншы» деп, ақыл-ой иесімен қатар қояды.

Халық «Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ» деп, өнерді қол өнері, тіл өнеріне бөледі.

«Өнер – бұлақ, білім – шырақ» деп халық өнер мен білімді қатар айтады. Ендеше өнер мен білімнің ажырамас егіз екенін оқушыларға тиянақты түсіндіру керек. Өнер мен мақал-мәтелдер халықтық болғандықтан, тәрбиенің халықтық тәсілдерін де оқушыларға терең түсіндіру дұрыс. Оқушылардың жұмыс үстінде ұнамды қылығын немесе мінезін, пайдалы ісін көргенде, оны мадақтап ынталандыру қажет. Себебі, балаларда ересектермен бірден өзіне ыстық, ізгі ниет көрсеткенді ұнатады. Осы мақсатта еңбек сабағының үздіктері мен үйірме мен үйірме жұмыстарында көзге түскендерге кітаптай сыйлық, мектептің мақтау грамотасымен ынталандыру жұмыстарын жүргізген дұрыс. Сол сияқты оқушылардың істеген жұмыс көлеміне қарай ақшалай ақы төлеу баланың өз еңбегінің жемісін іс жүзінде көріп, еңбектің өмірге қажеттілігіне көз жеткізуіне көмектеседі.




Ахметжанов Алтай Есімжанұлы,

Ақсу ауданы, Арасан ауылы,

«Барлыбек Сырттанов атындағы орта

мектеп, мектепке дейінгі шағын орта-

лығымен» мемлекеттік мекемесінің

технология пәнінің мұғалімі

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Бұл ғылыми әдістемелік мақалада технология пәнінің көкейкесті мәселесі сөз болады. Жасөспірімдерді ұлттық өнерге, оның қыр-сырына насихаттауға, жалғастыруға және де ұлттық өнердің брендік нұсқасын дамытуға, өздері жасауға, жасау технологиясы мен құрал-жабдықтары мен саймандарды, оларды қолдануды һәм олардың нақты анықтамасы мен бағытталған шығармашылық жұмыс, ізденіс жасауға арналған. Жалпы мақала оқушылардың танымдық, тағылымдық қабілеттерін дамытуға, оятуға, ұлттық рух қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Общая информация

Номер материала: 155590081539

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG