Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Презентации / Конспект урока по казахской литературе «Махамбет Өтемісұлы»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Конспект урока по казахской литературе «Махамбет Өтемісұлы»

библиотека
материалов


Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы,Қарабұтақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІ категориялы мұғалімі Шыныбаева Лаззат

Сандибековна

Класы: 10

Пәні: қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы

Мақсаты: 1.Бүгінгі өскелең ұрпақ ақынның кім екендігін, оның

өлеңдерінің тақырыбын, тарихын аша отырып, ақынды тағыда

жаңа қырынан таниды, өлеңдеріне талдау жасайды.

2.Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін

айтуға, өз пікірлерін қорғап, ақын поэзиясын насихаттап, әдеби

тілмен сөйлеуге дағдыланады.

3.Ұлтжандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін сүюге

тәрбиеленеді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: СТО стратегиялары

Көрнекілігі: Ақынның портреті, тақырыпқа арналған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, музыка

Ұйымдастыру сәті:

Психологиялық тренинг

Оқушылар барлығымыз ортаға шығып, шеңбер құрайық , көршімізбен қол алысып амандасып сәттілік тілейік.

Оқушыларды Махамбеттің «Қызғыш құс», «Еруіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» атты өлеңдері арқылы үш топқа бөлемін.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айрылып,

Жалғыздықпен болдым дос.



Ерулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай.

Ерлердің ісі бітер ме?



Мұнар да мұнар, мұнар күн,

Бұлттан шыққан шұбар күн,

Буыршын мұзға тайған күн,

Бура атанға шөккен күн,

Топтасып болған соң орындарын отырғызамын.

- Қалай ойлайсыңдар не себептен мен осы өлең жолдарын алдым , сіздерді «Қызғыш құс», «Мұнар күн», «Ереуіл атқа ер салмай» атты топтарға бөлдім? (оқушыларға сабағымыздың мақсатын оқытамын.)

Осы мақсаттарға жету үшін сабағымыздың ережесін шығарып алайық.

(Әр топ сабақ ережесін оқып береді)



Қызығушылықты ояту :«Ротация» әдісі бойынша Махамбет туралы өткен сабақтан алған білімдерімізді тексеріп көрейікші.(Осы сұрақтарды плакатқа жазып, алдарына таратамын.)

І топқа: Махамбет пен Исатайдың көтеріліске шығу себептері.

ІІ топқа: Махамбет өлеңдерінің мазмұны туралы не айтасыңдар?

ІІІ топқа: Ақынның өлеңдерінде Исатай қалай бейнеленген?

Таратпадағы толықтырулар арқылы оқушылар өз жазғандарын салыстыра дәлелдеп шығады.

Блум таксаномиясы бойынша оқушыларға тапсырмалар беру арқылы жаңа сабақты өткіземіз.

Білу, түсіну

І топқа:Махамбет өмір сүрген тұстағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде не айтасыңдар?

ІІ топқа: Махамбеттің жастық шағы, өмір сүрген қоғамы туралы пікірлеріңді айтыңдар?

ІІІ топқа: « Атадан туған аруақты ер» өлеңіндегі « Халық қозғалса, хан тұра алмайды тағындай-ай» -деген жолдардың мағынасын түсіндіріңдер.

Қолдану

І топ: «Ұлттық рух» атты тақырыпта эссе жазу

ІІ топ: Махамбетке арнау

ІІІ топ: «Қызғыш құс » атты өлеңіне постер салыңдар.

Талдау

І топ: «Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңін мәнерлеп оқып беріңдер.

Осы өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды табыңдар.

ІІ топқа: « Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқып беріңдер.

Ақын өлеңіндегі жиі кездесетін сөздерді тап.

ІІІ топқа: «Тайманның ұлы Исатай» атты өлеңін оқып беріп, осы өлеңнің тақырыбын ашыңдар.

Өлең қандай ұйқас түріне құрылған?

Синтез

«Кластер» әдісі арқылы «Махамбет кім?» деген сұраққа жауап береміз.

Бағалау

-Махамбеттің ісін қалай бағалаймыз және Махамбет арманына жетті ме?

Ой толғаңдар.







Рефлексия

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сұрағым






Үйге тапсырма: Махамбеттің өздеріңе ұнаған өлеңін жаттап келіңдер.



















І топ: «Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңін мәнерлеп оқып беріңдер.

Осы өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды табыңдар.





ІІ топқа: « Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқып беріңдер. Ақын өлеңіндегі жиі кездесетін сөздерді тап.


ІІІ топқа: «Тайманның ұлы Исатай» атты өлеңін оқып беріп, осы өлеңнің тақырыбын ашыңдар.

Өлең қандай ұйқас түріне құрылған?













Ерулі атқа ер салмай

Ерулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай.

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Әр түйірі ат болмай,

Атыңды байлап келгенде,

Қатын-бала жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық шөл көрмей,

Арып-ашып жол көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!
























Тайманның ұлы Исатай

Арғымақтан туған қазан ат,

Шабуыл салса нанғысыз.

Қазан аттан туған қаз мойын,

Күніне көз көрінім жер шалғысыз.

Айырдан туған жампоз бар,

Нарға жүгін салғысыз.

Аруанадан туған мая бар,

Асылын айуан десең нанғысыз.

Жаманнан туған жақсы бар,

Атасын айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар,

Күндердің күні болғанда,

Жарамды бір теріге алғысыз.

Тайманның ұлы Исатай

Ағайынның басы еді,

Алтын ердің қасы еді;

Исатайды өлтіріп,

Қырсық та шалған біздің ел!























Мұнар күн

Мұнар да мұнар, мұнар күн,

Бұлттан шыққан шұбар күн,

Буыршын мұзға тайған күн,

Бура атанға шөккен күн,

Бұлықсып жүрген ерлерден

Бұрынғы бақыт тайған күн,

Қатарланған қара нар

Арқанын қиып алған күн,

Алма мойын аруды

Ат көтіне салған күн,

Бұлаңдай ерді кескен күн,

Буулы теңді шешкен күн,

Сандық толы сары алтын

Сапырып судай шашқан күн -

Түс қыла гөр, құдайым,

Біздей тақ мейманасы тасқанға

Біздің ер Исатай өлген күн!

Он сан байтақ бүлген күн!

Орта белін сырлаған

Оқ жаңбырдай жауған күн;

Оң қанатын теріс жайып,

Лашын қуға төнген күн,

Желпілдеген ала ту

Жиырылып ойға түскен күн;

Жез қарғылы құба арлан

Жез қарғыдан айрылып,

Қорашыл төбет болған күн,

Аса шапқан құлаша ат

Зымырандай болған күн,

Арқаулының бойынан

Теріскей дауыл соққан күн;

Сағағы болат қылыштың

Балдағынан сынған күн.

Хас бәйтерек жығылып,

Жығылғаны естіліп,

Алыстағы дұшпанның

Қуанып көңілі тынған күн!









ХІХ ғасырдың басында патша үкіметі отар елді басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыра бастады. Осы жүйе арқылы қазақ даласына бұған дейінгі кезеңге мүлде ұқсамайтын жаңа дәуір келді де , ел өміріндегі басты мәселе қазақ жұртының бұрынғы дербестігінен айырыла бастауынан туындап жатты. Қоғамдық құрылыс пен ел басқару ісіндегі болып жатқан тарихи жағдай қазақ халқының әлеуметтік экономикалық жағдайына ерекше әсер етті және оның саяси құрылымының өзгеруіне алып келді. Хандақ басқару жүйесі әлсіреп, бұл жүйе бірте бірте жойыла бастады. Өйткені хандық билікті сақтау патша үкіметі үшін тиімсіз болды. Сөйтіп, патша үкіметінің далалық өлкені басқарудың жаңа тәртібі бойынша қазақ елі өзін басқару құқығынан айырылып, Ресей отаршылық бұғауына түсті.Қазақ хандығын жойып, аға сұлтандық әкімшілік басқару тәртібін орнату жобасын іске асыра бастады. Ерте замандардан бері атадан балаға мұра болып қалып келе жатқан хандық биліктің орнын сайланып қойылатын сұлтандар әкімшілігі ауыстырды. Бұл қазақтың әкім билерін патша ұлықтары өзіне тәуелді етіп, өз қолдарында еркін ұстауына мүмкіндік берді.Патша ұлықтарының келісімінсіз , олардың ұйғаруынсыз бірде бір сұлтан әкімшілік ісін дербес жүргізе алмады. Ескі қоғамның патриархалдық қатынастары әлсіреп, қазақ қауымы басқаша тұрпатта , жаңаша құрыла бастады. Пашалық тәртіп орнауымен қатар қазақ даласында капиталистік қатынастар бой көрсете бастады. Халықтың бұрыннан қалыптасқан өмір сүру салты мен ел басқарудағы дәстүрлік жол жора күшінен айырыла бастады. Адам мен адам , қауым мен қауым арасындағы қарым қатынас өзгеше бағытта өзгеше түсінікте өрістеп жатты. Алайда жаңа қоғамдық қатынастар халыққа жайлы болмады,тұрмысы күннен күнге нашарлай берді . Әсіресе, халықты есепсіз алым салықтар әбден титықтатты.

Қазақ халқы бұрынғы өзінің шұрайлы қоныстарынан қуылды. Жағдайы осылайша қиындап, төзімі таусылған, аяусыз езгіге түскен , әбден титықтаған ел патша әкімшілігінің зорлық зомбылығына қарсы талай рет қарулы көтеріліске де шықты.ХҮІІІ ғасырдың соңында ХІХ ортасына дейін созылған, қазақ жерінің әр қиырында дүркін дүркін жалғасын тауып отырған бұл көтерілістер сипаты жағынан әр түрлі болғанымен, тұтастай алғанда отаршылдыққа , теңсіздікке, езгіге қарсы бас көтерген , тәуелсіздік үшін болған көтерілістер еді.











Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы бұрынғы Бөкей хандығында , қазіргі Батыс Қазақстан облысы Бекетай құмында дүниеге келген . Махамбеттің :

Өтемістен туған он едік

Онымыз атқа мінгенде

Жер қайысқан қол едік,-

Деген өлең жолдарынан Өтемістің он ұлы болғанын аңғарамыз. Махамбет жас кезінде хан сарайында болады.Оған екі түрлі себеп бар.Біріншіден, Өтеміс балаларының үлкені Баймағамбет-Жәңгір ханның он екі биінің бірі. Екіншіден,Махамбетте Құлмәлі аулының старшыны болып сайланады.

Махамбет ел ісіне ерте араласқан,керекті кезеңдерде ел басын қосуға бейім болған, ұйымдастырғыш,қабілеті мейілінше күшті жастардың бірі болған.Махамбеттің жас болса да жалынды ақын,жарқыраған таза талант екенінел тез танып, даңқы ерте шығады.Оның осы қабілетін өз қажетіне пайдаланбақ болған Жәңгір хан оны сарай ақыны етіп алуды мақсат тұтып, Орынборға оқуға бара жатқан ұлы Зұлқарнайдың қасына қосшы етіп жібереді. Хан баласының қасында болуы Махамбетке көп пайда әкеледі.Сауаты ашылып, орыс тілін үйренеді.Орынбордан келген соң Жәңгір өз жағына тартып көреді.Бірақ ағасы Бекмағамбет секілді ханға қызмет етуді қаламайды.Халыққа ханның қысым көрсетуі Махамбетті хан сарайынан тез бездіреді.

























Ел басына күн туғанда бұрын елім , халқым деген игі жақсы атанған ақсақалдар мен билердің кейбіреулері солқылдақтық жасайды.

Олар хан жағына да толық шығып кетепейді, қару алып халық жасағы қатарына да қосылмайды.Әйтсе де ақын халық бұқарасының зор күшіне сенеді .Егер ел болып бірігіп, әділетсіз Жәңгірге қарсы шықса, ханды тақтан тайдыратынына да күмән келтірмейді. «Атадан туған аруақты ер» осыған дәлел:

Атадан туған аруақты ер

Жауды көрсе жапырар

Үйдей соққан дауылдай

Жамандарға қарасаң

Малын көрер жанындай

Жүйрік аттың белгісі

Тұрады құйрық жалындай

Айтып айтпай немене

Халық қозғалса

Хан тұра алмайды тағындай ай





























Отаршыл патша үкіметі кедейлердің жерін күшпен тартып алып, сұлтан билерге таратып берді. Оның үстіне шаруаларға салым салықты да көбейтті .

Ел еркінен айырылып, күйзелген үстіне күйзеле түсті . Халық ереуіл атқа ер салды. Ол көтерілісті Махамбет пен Исатай басқарды.Исатай мен Махамбеттің ойлағаны қара басының қамы емес, қара қазан, сары баланың қамы үшін қылыш сермеді. Олар ел үшін әділ жаннан түзіліп, қанды жорыққа аттанды.









































Махамбет өлеңдерінің басты тұлғасы-Исатай.Махамбет Исатайды ірі көтеріліс басшысы, әрі батыр, әрі ақылды, халық мүддесін жеке бастың тілегінен жоғары қоятын кісіліг зор адам етіп көрсетеді. «тарланым» өлеңінде Исатайдың келбеті батырға , нағыз ерге тән қасиеттерді бойына сіңірген болып бедерленген.





















Махамбет еліне қайтып келгеннен кейін де сұлтандарды әшкерелеп, бұырынғыдан бетер сынай түседі.Исатай туралы, сәтсіз аяқталған көтеріліс себептері жөнінде тағы да көптеген тамаша жырлар жазады.
















Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,





Қанатың қатты, мойның бос.





Исатайдан айрылып,





Жалғыздықпен болдым дос.







Ерулі атқа ер салмай,






Егеулі найза қолға алмай,





Еңку-еңку жер шалмай,






Қоңыр салқын төске алмай.


Ерлердің ісі бітер ме?






Мұнар да мұнар, мұнар күн,





Бұлттан шыққан шұбар күн,




Буыршын мұзға тайған күн,





Бура атанға шөккен күн,






















Рефлексия

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сұрағым










Рефлексия

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сұрағым


















Рефлексия

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сұрағым







Рефлексия

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сұрағым








Рефлексия

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сұрағым







Рефлексия

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сұрағым




Рефлексия

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сұрағым












Рефлексия

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сұрағым




Рефлексия

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сұрағым




Рефлексия

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сұрағым




Рефлексия

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сұрағым
















ия

Не білдім?

Не білгім келеді?

Сұрағым





Краткое описание документа:

"Описание материала:

Урок по казахской литературе. Название урока «Махамбет Өтемісұлы»

Цель урока ознокомить учеников с творчеством и произведениями поэта-батыра.

"Тип урока: изучение нового материала.

"Использованные методы: Критическое мышление.

"Наглядные пособие: Интерактивная доска, портрет батыра, карта Казахстана.

Урок был начат с организационного тренинга.

Ученики встали в круг держась за руки и пожелали друг другу удачи.

С целью разбудить интерес к уроку я выбрала метод «Ротация».

Ученикам раздаются вопросы с целью повторения домашнего задания.

Чтобы Изучить новый урок я выбрала Таксаномию Блума.

Автор
Дата добавления 09.02.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Презентации
Просмотров889
Номер материала 30058020938
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх