Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші. Соңғы кездері қазақ тілінің қарқынды дамуына қарсы көзқарасымен қалың қазақ арасында сенімін жоғалтқан.
Өміpбаяны
1936 ж. Мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген.
1959 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді.
1962—71 жж. Казахстанская Правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфилм киностудиясы сценарлық-редакцялық алқасының бас редакторы, Просторжурналының бөлім меңгерушісы болып жұмыстар атқарады.
1971—81 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық көмитеттің төрағасы болды.
1981—83 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.
1983—91 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.
1989 ж. ақпанында халқаралық Невада-Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды.
1991 ж. қазанынан Қазақстан Халық конгрессі партиясының төрағасы, құрметті төрағасы болды.
1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды.
1994—95 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі.
1995 ж. тамызынан бастап ҚР Италия республикасындағы, 1996 ж. сәуірінен Грекия республикасындағы, сондай-ақ Мальта республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін атқарды.
Зерттеулері
Олжас тілтанушы ретінде көбінекей көне түркі тілін зерттеді, әсіресе шумерлер және шумер тілі туралы зерттеулері батыс ғалымдарының көне тіл үнді-еуропа тілдерінен бастау алады дейтін қасаң теориясына пәрменді соққы берді.
Зерттеулері ретінде төмендегі бірнеше кітапті айтуға болады:
Ақындығы
«Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік» дейді — Сергей Марков, бұл болса Олжас өлеңдерінің тынысы өзгешелігін әйгілегендей. 1961 жылғы тырнақ алды жинағы «Арғымақтар» кітабынан бері ол жиырма шақты жыр жинағына аутор болды. «Халықтың тарихы айналып келгенде ақынның үлесіне тиеді» - дейді А.С. Пушкин, оқып отырсаңыз Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады, енді сіз бір ақынның жырын ғана емес бір ұлттың сан ғасырлық сәлихалы тарихын аралағандай боласыз. Олжас өлеңдері қазақ пен орыс арасында ғана емес, Еуропа елдері, Кіші Азия, Қытай, Америка елдері арасында өзінің асқақ қазақы үнін аспандата саңқылдатады.
Жыр жинақтары
Марапаттары
Профессия: Преподаватель немецкого языка
Профессия: Преподаватель китайского языка
В каталоге 6 866 курсов по разным направлениям