Аппликация

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Аппликация

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды аппликация түрлерімен таныстыру

ә) әр түрлі аппликация үлгілерін жасауға үйрету.

б ) табиғатты қорғауға, ұқыптылыққа, тазалыққа,

батылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі : түсті қағаз, мата, табиғи материалдар, қайшы, желім.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.

2)Үй тапсырмасын тексеру.Ою өрнек түрлерімен жұмыс.

3)Ай күн жұлдыздар көк әлеміне байланысты оюлар

4)Малдың дене мүшесіне байланысты оюлар

5) Аңға байланысты ою өрнек

6)Құстарға байланысты өрнектер

7)Геометриялық ою өрнектер

Жаңа сабақ Аппликация

Аппликацияның дүние жүзі

халықтарының қолөнерінде алатын орны ерекше.

Аппликация деген атау латынның қиыстыру,

жабыстыру деген мағынадағы сөзден шыққан.

Аппликацияны жұмыс ерекшелігі мен қолданылатын материалына қарай үш топқа бөліп, қарастыруға болады.

  1. ші түрлі қағаздан орындалатын аппликация

  2. ші әртүрлі материалдар яғни шүберек, мата, киіз т.б, қолдану арқылы орындалатын аппликация

  3. ші табиғи материалдарды қолдану арқылы жасалатын аппликация.Аппликация әр елде түрліше үлгі бойынша дамып отырған.Мысалы: он алтыншы ғасырда Италия мен Испанияда, ал он жетінші ғасырда Германия мен Францияда пайда болды.Он сегіз – он тоғыз ғасырда Ресейде жақсы дамыған.Орта Азия елдері мен Қазақстанда да ертеден жпқсы дамыған. Аппликация қиыстыру тәсілдері қазақ халқының қолөнерінде тіпті ертеректе өнер пайда болған.

Аппликациямен жұмыс. Сәндік аппликация түрлері қара қағаздардан открыткаларды безендіруде қолданылады.Сәндік аппликация үлгісімен әртүрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәнді өрнектің аппликацияны үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек ішінде ою өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.

Жұлдыз бұл геометриялық сынық сызықты тұспалдайды, кейде жұлдыздың натуралды қалпын кестелейді. Жұлдыздың бейнесі композицияланған ою өрнектердің ортасында кездеседі.

Кемпірқосақ ою өрнегі бірнеше түстен жолақтар жасап алма кезек орналасады.Қазақтарда кейбір түстердің нышандық мәні бар. Ақ түс –ақиқаттың, тыныштықтың.

Сары түс- ақыл парасаттың , қайғының , мұңның.

Жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы.

Бұл өрнектер алаша, қоржын, тоқуда жиі пайдаланады


Тұмарша ою өрнегі ұшбұрыш үлгілес болып келеді.Үш гүл ұшбұрыш тәрізді тұмарлар тіл көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес үй жануарларына да бой тұмар ретінде тағылады.

1 – топ қағаздан ою өрнек жасау

2 – топ мата түрлерімен аппликация жасау

3- топ табиғи материалдардан жұмыс жасау

Мақал- мәтел 1)Өнер алды қызыл тіл.

2)Шебердің қолы ортақ,

шешеннің тілі ортақ.

3)Өнерді үйрен де жирен.

4)Өнерліге өлім жоқ.

5)Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын

Еліміздің белгілі суретшісі Әбілхан Қастеев бұл өнерді кімнен, қайдан үйрендің деген сауалға Таудың бұлағынан

Қойдың құлағынан

Апамның киізінен

Ешкінің мүйізінен деп жауап берген екен.Біз де біздің қазіргі және болашақ ұрпағымыз да өнер атты

құндылықты осылайша үйреніп, рухани қайнар ретінде

сусындауымыз керек.

Қорытынды: Аппликация дегеніміз не?

Аппликацияның қандай түрлерін білесің, мысал

келтіріп айтып бер.

Қандай ұлттық бұйымдарға аппликация қолданылады?

Аппликация үлгісімен табиғат көрінісін орында.

Бағалау


Краткое описание материала

Аппликация

5

(1 оценка)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 60924
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 10
  • 60924
    просмотров
  • 10
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Хайрова Заругул Зинетуллиевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~230

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: