Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / MS Word-та кесте құру. Кестелерді пішімдеу.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

MS Word-та кесте құру. Кестелерді пішімдеу.

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету.

Тәрбиелілік: жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, информатика ғылымында болып жатқан әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру
, сайыс сабағы.
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, электрондық оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ.
4. Білімділік сатысы.
5. Түсіну сатысы
6. Қолдану сатысы
7. Жинақтау сатысы
8. Бағалау.
9. Үйге тапсырма
беру



1. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылар мен бүгінгі сабағымызды күндегіден басқаша, ерекше қылып, аукцион сабағы етіп сайыс түрінде өткізгелі отырмын. Сыныпты екі топқа бөліп, 1 топты - Білгірлер, 2 топты - Тапқырлар деп аламыз.



Информатиканың сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді 



Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін есімізге алып қояйық. Әрқайсысың бір ережеден айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс. 
Сонымен, бастаймыз.
  Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау. 
Жауап жоспарының үлгісі:
 
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды.
 
2. Тағайындалған орынға отыру керек.
 
3. ДК-дің мониторын қолмен ұстауға тыйым салынады.
 
4. Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен
 басталады.
5. ДК-ді өздігіңмен жөндеуге болмайды.
 
6. ДК бұзылған жағдайда жұмысты тоқтату керек.
 
7. Экраннан арақашықтық кем дегенде 60 – 70 см отыру керек және т.с.с.
 
- Жарайсыңдар!
 
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі.
Ойын барысы: Ойынға 8 адамнан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.
І-тур. Эрудиттер сайысы. Яғни үй тапсырмасына берілген сұрақтардың жауабын топтар шапшаң түрде айтуы тиіс.


І-тур Білім аукционы. Жаңа сабақ игеру.


ІІІ-тур. Таңдау-табыс. Әрбір топ информатика пәні бойынша әртүрлі тапсырмалар орындайды. Яғни практикалық жұмыстар орындаймыз.

ІҮ-тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.


Қажетті құралдар: әртүрлі купюрадағы «теңгелер».



Біздің І турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Ендеше, «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз - адамның ең жоғарғы қасиеті», - деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты бастайыз.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Microsoft Word редакторы қандай редактор?
2. Microsoft Word редакторының терезе элементтерін атаңдар.
3. Мәтінді теру ережелерін атаңдар.
4. Алмасу буфері дегеніміз не?
5.
Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама.
8. Жаңа құжат құру үшін...

9. Алдын ала қарау (Предварительный просмотр) не үшін қажет?

10. Microsoft Word-та мәліметімізді сақтау үшін..


Жаңа сабақ

Сонымен, «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты ІІ турызға көшейік.
Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.
 
Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Кестемен жұмыс». Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, сондай –ақ кесте безендіруді үйренулеріңіз керек.
 
Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.
 
Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
 
Кесте құрудың үш әдісі бар: (мұғалім интерактивті тақтадан көрсетеді)
 
1. Аспаптар панелінен «Добавить таблицу» батырмасын басу арқылы.
 
2. Меню жолынан «Таблица» командаларын пайдалану.
 
3. Вид - Панели инструментов - Таблицы и границы командаларын орындау арқылы.Аспаптар панелінен шекаралар белгісін пайдалана отырып, өзгертуге болады.
Осы үш әдістің айырмашылығы мынада: 1 әдіс бойынша компьютер 5 бағаннан артық емес кесте құрады. Егер үлкен санды бағандар кестесін құру керек болса, онда екінші әдісті қолданамыз. 3-ші әдісі қолмен салуды көрсетеді. Біз көбінесе екінші әдісті қолданамыз. 
Сонымен, дәптерге «Меню жолы» арқылы кесте құру, безендіру және жиектеу алгоритмдерін жазып алайық.
 

1. Вставка - Таблица - Вставить таблицу

2. Вставка - Таблица - Нарисовать таблицу

3. Вставка - Таблица - Өзіміз жол саны мен баған санын таңдаймыз.
Кесте құрудың алгоритмі
 
1. Меню жолынан «Таблица» командасын таңдау.
 
2. «Добавить таблицу» батырмасын шерту.
 
3. «Вставка таблицы» диалогтық терезесінде бағанның және жолдың тиісті сандарын енгізу керек.
 
4. «ОК» батырмасын шерту.
 
Кесте безендіру алгоритмі
 
1. Кестені бөліп алу.
 
2. «Таблица» - «Автоформат» командаларын орындау.
 
3. Формат пішімін таңдау.
 
4. ОК батырмасын шерту.
 
Кесте жиектеу алгоритмі
 
1. Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу.
 
2. Формат> Границы и заливка
 
3. Границы и заливка диалогтық терезеде Граница қосымшасы қосылады
 
4. Жақтаудың Нет типін таңдаңдар да, ОК шерту.
 
Сонымен, біз сіздермен кесте құру, безендіру мен жиектеудің алгоритмін жаздық. Енді практика жүзінде қарастырып шығайық.
 
- Мен қазір сіздерге бірнеше мысал көрсетемін, сендерде қандай кесте құрылуы мүмкін.
 
- Экранға мұқият қараймыз. Мұнда әрине, кесте бағандарының ені бірдей болып
 
келеді. Маустың немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.
 
Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып, кестені құруға және жоюға болады.
 


Түсіну сатысы
Жаңа сабақты түсіну үшін «ақпараттық диктант» орындаймыз.
(оқушылар интерактивті тақтада тиісті командаларды қойып жазады)
1. Кестені даярлау үшін.... Кесте > Кесте қосу
2. Ұяшықтарды біріктіру үшін...... Кесте > Біріктіру
3. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? Стандартты
4. Ұяшық дегеніміз не?....... Баған мен қатардың қиылысуы
5. Кестеге жақтау орналастыру үшін........ Формат> Шекара және Құю > Шекара
6. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне....... tab
7. Ұяшықтарды бөлу командасы........... Бөлу
8. Жолдарды кірістіру............... Кесте > Кірістіру > Жол қосу


ІІІ. Практикалық жұмыс

Енді, «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік. Бұл турда бүгінгі өткен жаңа тақырыбымыз бойынша пратикалық жұмыс орындаймыз. Бұл жерде деңгейлік тапсырмалар бар. Яғни жеңілдеу тапсырмалардың құны арзандау, ал күрделілеу тапсырмалардың құны қымбаттау.

1 - деңгей:

3 жолдан, 3 бағаннан тұратын кесте сал, 1-ұяшыққа сал, 2-ұяшыққа Аты-жөні, 3-ұяшыққа сыныбы деп жаз. Кестені сол ретпен толтыр.



2- деңгей:

6 жолдан, 4 қатардан тұратын кесте сыз. 1 жолдағы 1 және 2 ұяшықты және 2 жолдағы 1 және 2 ұяшықты біріктір. Сол ұяшыққа Тағамдар - көкөністер және жемістер деп жаз. Кестені сол ретпен толтыр. Қалған ұяшықтарды өз қалауыңша толтыр.



3 - деңгей:

1. Меню көмегімен Кесте > Кесте қосу /Таблица > Вставить таблица/ командасын орындау арқылы кесте құрыңыз. 
2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау.
 
3. 6 баған, 7 жолдан тұратын кесте құр.
 
4. Кестенің басынан тағы 1 баған қосыңыз. Оған Р/с деп жазыңыз.
 
5. Автоформат пішімін пайдаланып, кестені безендір

6. Кестенің негізгі жолын қарайтылған (Ж), қисайтылған (К) ретпен жаз.

«Менің сабақ кестем»
Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі
Кім өзінің сабақ кестесін жатқа білмейді, күнделігінен қарап жазуға болады



ІІІ-тур «Таңдау-табыс»
ҒАЛЫМДАР
ТАРИХ
ИНФОРМАЦИЯ
ӘР ТҮРЛІ
10 10 10 10
20 20 20 20
30 30 30 30

ҒАЛЫМДАР
10 - Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)
20 -19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)
30 -XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Неппер)
ТАРИХ
10 –Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян)
20 –Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX)
30 –Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 жылы)

ИНФОРМАТИКА
10 –Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).
20 –Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады).
30 –ЭЕМ неше буынға бөлінеді? (Бес буынға)
ӘР ТҮРЛІ
10 –Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)
20 –Компьютердің негізгі құрылғылары. (монитор, жүйелік блок, маус, модем).
30 –Сигнал дегеніміз не? (Оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс).


Сергіту минуты
Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған.
(Кесте)
Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі.
(жол)
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды.
(ұяшық)
Қолдану сатысы
Деңгейлік тапсырмалар
І. Міндетті деңгей (5 ұпай)


ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 200 теңге).
Нимотор ----------- Монитор
Пьюромтек ------- Компьютер
Енрепатқат -------- Пернетақта
Лайф ---------------- Файл
Рльоукятакл ------ Калькулятор
Тонболк -------------- Блокнот

Нтақшы ----- Тышқан

Дңеөу -------------- Өңдеу
Млтогира ---------- Алгоритм

Акитнифрома ---------- Информатика



Шығармашылық жұмыс. Бұл тапсырманы орындаған оқушыларға құнды теңгелер беріледі.

Оқушылар арамызда тақпақ немесе өтірік өлең жазатын оқушылар бар ма, бар болса, қазір еркін тақырыпта 4 жол өлең шығарайықшы. Және осы шығарған өлеңдерімізді Microsoft Word редакторында тереміз. Қане, бастайық.



ІҮ-тур «Сыйлықтар аукционы»

Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен. Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз. Оқушылар, қане, кім қанша ақша жинады екен? "Сыйға - сый, сыраға - бал" дегендей осы жинаған қаржыларыңыз бойынша мен сіздерді бағалаймын.

Және оқушылар осы бүгінгі сайысымызда ерекше білімімен көзге түсіп, ерекше қабілетін көрсетіп отырған 2 оқушыны мен мақтау грамотасымен марапаттағым келіп отыр.
Сабақтың қорытындысы

Оқушылар осы сабақта өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындайды.
Тест сұрақтары
1. MS Word – та кесте құру үшін...
1. Таблица →Вставить→Таблица
2. Таблица →Вставить→Ячейки
3. Таблица →Вставить→Столбцы
4. Таблица →Вставить→Сторки

2. MS Word – та кестеге жолдар қосу үшін
1.
Таблица →Вставить→Таблица
2. Таблица →Вставить→Ячейки
3. Таблица →Вставить→Столбцы
4. Таблица →Вставить→Сторки

3. MS Word – та кестелерді жиектеу үшін
1. Таблица →Вставить→Таблица
2. Формат →Граница и заливка
3. Вставка → Номера страниц
4. Формат → Абзац


4. MS Word – та таблицада ұяшықтарды жою үшін
1.
Таблица →Удалить→Таблица
2. Таблица → Удалить →Ячейки
3. Таблица → Удалить →Столбцы
4. Таблица → Удалить →Сторки


5. MS Word – та таблицада бағандарды жою үшін
1. Таблица →Удалить→Таблица
2. Таблица → Удалить →Ячейки
3. Таблица → Удалить →Столбцы
4. Таблица → Удалить →Сторки



Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік.

1. 2кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? (тең)
2. Марат кешкі сағат 10 - да жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 - ға қойды. Ол неше сағат ұйықтайды? (11 сағат)
3. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? (8 - ші)
4. 1000 оған 40 - ты қосыңыз. Тағы бір мың қосыңыз. Оған 30 - ды қосу керек. Тағы 1000. қосу 20. қосу 1000 және тағы 10 - ды қосыңыз. Неше шығады? (4100)
5. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр? алмұрт па, әлде шабдалы ма? (Алмұрт)
6. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? (4 рет)


ҮІІ. Үйге тапсырма: Кестемен жұмыс. Дәптерге «Табиғатқа шыққанда алатын тағамдар» атты кесте құру. Тағамның аты, мөлшері, бағасы, барлығы, осыған шығатын шығынды жазу керек. Әрқайсысын бір бағанға жазу керек. (Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру эл. түрде)
Осымен біздің сабағымыз аяқталды.
Сабаққа қатысқандарыңа рахмет! Келесі аптада жолығамыз.





Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу. Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету. Тәрбиелілік: жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, информатика ғылымында болып жатқан әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту. Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру, сайыс сабағы. Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, электрондық оқулық, практикум, тақта. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Жаңа сабақ. 4. Білімділік сатысы. 5. Түсіну сатысы 6. Қолдану сатысы 7. Жинақтау сатысы 8. Бағалау. 9. Үйге тапсырма беру
Автор
Дата добавления 01.04.2014
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1360
Номер материала 53182040128
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх