Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

библиотека
материалов

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ



                 

       Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты мақаласындағы жиырма тапсырманың үштен бірі білім беру жүйесіне қатысты,бұл кездейсоқтық емес - адами капиталдың сапасы әр адамның білімділігі және кәсіби шеберлігі деңгейімен тікелей байланысты ( 1 ).  

Әлем тәжірибесі көрсеткеніндей,кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты.Осы орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал болып табылады.Ол үшін отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының  дәрежесіне жеткізу шарт.

Білім беруді дамытудың стратегиясы бірқатар басты мүмкіншіліктердің пайда болуына әкелді, осы қатардағы ең бастысы білім беру сапасын арттыру.

            Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру сапасын арттыруды дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізу басты мақсат болып табылатындығы көрсетілді. Оған дәлел ретінде біздің республикамыздың мектептері халықаралық зерттеулерге қатысатындығын айтуға болады. Осы шаралардың арқасында біз оқушылардың жетістіктері мен білімдерін салыстыра аламыз.

            Осыдан нақты сұрақ туындайды: білім сапасын арттыруда алдымызға қандай мақсат қою қажет, аталған проблемадан қалай шығу қажет және өз мезгілінде нақты іс атқаратын басқарушылық шешімді қабылдау.

            Бұл сұрақтың қарапайым жауабы төмендегідей: тиімді басқару үшін басқару жүйесінің қызметі туралы анық және пайдалы ақпарат қажет. Көп жағдайда нақты ақпараттың болмауы – проблеманың басты себебі болып табылады. Нақты ақпаратсыз қай жүйе болмасын өз қызметін атқара алмайды.

            Ақпарат талдау мен басқарудың нақты негізі болуы үшін ол барлық талаптарға жауап беруі тиіс. Ең алдымен оң, шынайы, нақты болуы және қойылған сұрақ төңірегі бойынша басқару шешімін қабылдауға көмегі болуы қажет. Дәл осы кезде ғана сапалы бағалау мен білім беру процесін ұйымдастыру жағдайы, оның нәтижелері үшін негіз бола алады.

Оқушының білім сапасы білім саласындағы мемлекеттік саясат негізінде нормативті – құқықтық актілерде негізделген. Әсіресе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [2], Жалпы  орта білім мазмұны және жүйесі






Тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білімді дамыту Тұжырымдамасында нақтыланған.

Қазақстан Республикасы азаматтарының  халықаралық білім  кеңістігіндегі және еңбек нарығындағы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білімнің сапасына «білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі – білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажетті­ліктеріне сәйкестігін белгілеудің институцио­налдық құрылымдары,   нысандары мен әдістерінің жиынтығы»,-деп сипаттама берген [2].

Білім беру сапасы – Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, Т.И.Шамова, В.К.Кальней, Б.Әбдікаримов, т.б. ғалымдардың еңбектерінің өзегі. Оқыту сапасының өлшемдері Ж.А.Қараев, М.Ж.Жадрина, Т.Т.Галиев, Г.О.Искакова сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан талданған.

Педагогикалық әдебиеттерде білім сапасы (білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде жалпы білім беретін оқу орындарының жетістігі ), оқыту сапасы (мұғалім білім берудің әртүрлі оқыту технологиясын,әдістемесін,құралдарын қолдану арқылы жетеді), оқушының білім сапасы және т.б. ұғымдар кездеседі. Біздің қарастыратынымыз оқушының білім сапасы, яғни орта, негізгі, бастауыш білім беру мазмұнының міндетті минимумын игерген жетістігін бағалаумен анықталатын (күнделікті, тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық, қорытынды) нәтижесі. Бұл анықтама ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы білім беру сапасы күтілетін нәтижеге қол жетуімен анықталады деген көзқарасқа сай келеді.

  Кез келген дамыған елде білім сапасы мемлекет пен қоғамның қатаң бақылауында тұрады.Қазақстанда білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесі құрылды ( 2). Білім беру мониторингі білім сапасын сырттай және ішкі бағалау әдістері арқылы өткізіледі. Тәуелсіз сыртқы бағалау лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, ұлттық бірыңғай тестілеу, мемлекеттік аралық бақылау, талапкерлерді кешенді тестілеу және т.б. элементтерін қамтиды.

Ел үкіметі 2011 жылы шілдеде ҚР  Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдарын құру жөнінде қаулы қабылдады.Сөйтіп, барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларында білім саласындағы бақылау департаменті дүниеге келді. Көптеген міндеттерінің ішінен білім сапасын арттыруға әсер ететіндерін атап өтейік – білім  беру мониторингін жасау, ұлттық тестілеу барысын және оқу жетістіктерін сырттай бағалау рәсімдерінің жүргізілуін қадағалау.

 Қазақстанның мектептерінде білім беру сапасын анықтау үшін 6 түрлі







халықаралық зерттеулер жүргізіледі. Қазақстандық мектеп оқушылары TIMSS – 2007 халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысып, 36 елдің 4 сынып оқушылары арасында математика бойынша 5- орынды және жаратылыстану бойынша 11 – орынды иеленді. Үстіміздегі жылдың сәуір айында PISA – 2012 халықаралық  зерттеуі жүргізілді. Оның мақсаты – 15 жастағы оқушылардың математикалық  сауаттылығын және оқу мен жаратылыстану бойынша сауаттылығын анықтау болып табылады.Зерттеу жеткіншектердің оқыту барысында алған білімдері мен іскерліктерін өмірлік жағдаяттарда қолдану қабілетін бағалайды. Оған еліміздің 218 білім беру ұйымынан 5000 астам оқушы қатысты.

Қазіргі таңда еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру яғни технологияландыру, жаңа үрдістерге көшу процесі жүріп жатыр. Оқушыларға сапалы білім беру де осындай қажеттілікті керек етуде. Мұғалімнің негізгі мақсаты – математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету, ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашулары керек. Оқу процесі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп, сабаққа ынтасы артады. 

Көрнекті педагог В. Ф. Сухомлинский «Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді»-, деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Қайсыбір оқушы болмасын одан осы пән туралы сөз қозғасаң, оның дұрыс түсіне алмай жүргеніне, оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге болады. Әрине, басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да баршылық. Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі. 
Жас ұрпаққа жан - жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды..
Мектеп оқушысының бағдарламаға сай білім алуы көптеген жағдайлардың 
 шешілуіне байланысты. Мысалы, оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету мектептің түріне де тәуелді. Республикада 4225 шағын жинақты мектеп бар. Онда 397538 оқушы оқиды. Батыс Қазақстан







облысы бойынша жалпы білім беретін мектептердің 313-і ( 75,2%) шағын жинақты мектептер. Шағын жинақты мектептер түгелге дерлік  ауылдық жерлерде орналасып, әлеуметтік саланы құрап отыр. Олардың проблемалық мәселелері болып оқушылары аз сыныптардың, біріктірілген сыныптардың  ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың аз қолданылуы, мұғалімді даярлауда мамандандырудың тар бейінділігі (бірпәнділік) алудың, толық оқу жүктемесімен қамтамасыз етудің мүмкін еместігі, бұл мектептердің жартысына жуығымен ыңғайластырылған үй-жайларда орналасуы. Шағын жинақты мектептердің оқушыларының білім сапасын арттыру кешенді жұмыс жүргізілгенде ғана жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақталған мектептер мәселесін шешу үшін бірқатар іс-шаралар белгіленген. 2011 жылдан бері шағын жинақты мектеп оқушыларын сапалы біліммен қамтуға арналған ресурстық орталықтар жұмыс жасап келеді.

 Білім беру саласындағы реформалардың басты нәтижелерінің бірі – мұғалім имиджі және мәртебесінің көтерілуі. Өйткені, ұстаз – мектеп жүрегі.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі,оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог кызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Оқушылардың білім сапасының жоғары деңгейде болмауының бір себебі – мұғалімдердің сапалық құрамының төмен болуы. Мектептердегі педагогтардың жалпы санынан тек қана 14,8% - ы жоғары санатты,  30,7% - бірінші санатты.  Екінші бір себебі – педагогтардың бір бөлігінің дайындық деңгейінің төмендігі, өздігінен білім алуға және кәсіби деңгейін өсіруге ұмтылудың жеткіліксіздігі. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін оларды қайта даярлаудың жаңа жүйесі жасалды. Қазір жалпы білім мектептері педагогтеріне арналған облыстарда үшінші деңгейдің  үш айлық курстары аяқталды. Бұл курстардан сәтті өтіп, сәйкес деңгейін растайтын сертификат алған мұғалімнің жалақысы 30 пайызға өседі. Егерде республикалық деңгейде біліктілік курсын өтсе жалақысы 50 пайызға, ал Назарбаев Университеті деңгейінде өтсе жалақысы 100 пайызға артады. Ел Үкіметінің қаулысымен «Үздік педагог»  атағын 2012 жылдан бастап берудің тәртібі бекітілді. Енді бұл атаққа ие болған мұғалімге республикалық бюджет есебінен 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  сыйақы беріледі.

       Мектепте жұмыс істейтін әрбір бесінші мұғалім 50 жаста және одан үлкен.Өкінішке орай, мектепке  жас мұғалімдердің келіп жұмыс істеуі жеткіліксіз дәрежеде болып отыр.Өткен оқу жылында Батыс Қазақстан облысының білім беру мекемелеріне жұмыс жасауға келген жас








мамандардың жалпы педагогтар санына қарағандағы үлесі небәрі 1,94% құрады. Гендерлік сәйкессіздік, кәсіп феминизациясы (81, 3 % әйел мұғалімдер) байқалып отыр. Төмен жалақы, педагог кәсібінің беделінің болмауы, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі  жоғары білікті кадрлардың бұл саладан кетуіне ықпал етеді. Қазіргі таңда облыстағы білім беру мекемелеріне әсіресе, ауылдық жерлердегі мектептерде 307 маманға сұраныс туындап отыр. Сондықтан жергілікті жерлерде кадрлардың тұрақтауы үшін жан-жақты жұмыстануды талап етіп отыр.

Қазіргі жаңалықтардың көбі –біздің қазақстандық білім беру жүйесі үшін тың дүниелер. Білім берудің мақсатты бағдарларының өзгеруіне орай білім беру жүйесінің басшы және әдістемелік қызмет мамандарына деген талаптар да өзгеруде. Білім берудің жаңа жүйеге көшуі педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мақсаты, мазмұны мен технологиясы мәселелерін қайта қарауды қажет етеді. Әдіскерлердің, педагогтардың жаңа ұғымдағы білім сапасын жобалау және қамтамасыз ету қабілетін анықтайтын кәсіби- тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі. Құзыретті мұғалімдерді қалыптастыру үшін алдымен басшылар мен әдіскерлердің өздері де белгілі бір құзырлылықтарды меңгеруге ұмтылғаны жөн. Олар қоршаған ортаның талабына сай өздерінің көзқарасын өзгертуі тиіс. Білім мазмұнын жаңартудағы басты мақсат та осыны көздейді. Басшылар мен әдіскерлер қазіргі ақпарат ағымы әр 18 айда еселеніп отырғанына және өмірдің қарқындап өзгеріп жатқанына мән беруі керек. Басқару мен әдістемелік қызмет мемлекеттің даму стратегиясына негізделеді, яғни адамның тұлғалық әлеуетінің дамуына, өзіндік бағдарының айқындалуына септігін тигізуге ұмтылады.. Басқару мен әдістемелік қызмет мұғалім мен оқушы, мектеп басшысы арасында тығыз байланыс орнатуға құрылғаны жөн. 
 Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:

-         оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;










-         бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;

-         оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

-         оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;

-         оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;

-         эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.

   

      Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 8-10 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.

    







Оқушылардың бір бөлігінің сапалы білім алуына олардың тәртіпсіздігі мен қылмыс жасауға даярлығы кесірін тигізуде. Елімізде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңы жайдан жай қабылданған жоқ. Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түн мезгілінде көше кезуіне тыйым салатын заң жобасын әзірледі. Онда бұдан былай сағат 23.00-06.00-ға дейінгі түнгі уақыттарда тұрғын жайлардан тыс жерлерде, қасында заңды өкілдері жоқ, өз бетімен жалғыз, топпен жүрген кәмелетке толмаған  жастар әкімшілік жауапқа тартылатындығы айтылған.

      Құқық қорғау орындарының таратқан статистикалық мәліметіне жүгінсек, бүгінгі таңда 18431 бала ішкі істер мекемелерінде  «әлсіз топтар «(группа риска) есебінде тұр. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселері жөніндегі ұлттық орталығының мәліметтері бойынша, еліміздегі 11 мен 16 жас аралығындағы бозбала-бойжеткендердің 180000-нан астамы темекіге үйір екен. Аталмыш ұйым кәмелеттік жасқа толмағандар арасында есірткіге, спирттік ішімдікке құмарлардың қатарының көз ілеспес жылдамдықпен кәбейіп бара жатқандығын айтып, дабыл қағып отыр.

       Егер жас ұрпақты дұрыс тәрбиелегіміз келсе,олар сүріп отырған қоғамды да ізгілендіріп,шынайы демократия орнату керек.

       Қоғам алдында жауапкершілікті сезінбейтін адамдарды заңмен шектеу қажет.Ондай заң жоқ болса шығару керек. Мысал ретінде жасөспірімдердің түн мезгілінде көше кезуіне тыйым салуын көздейтін заңның жобасы жасалынды.

       Педагогикалық теория мен практика оқушылардың білім сапасын арттыру кешенді жұмыс жүргізілгенде ғана жүзеге асырылатынын көрсетіп отыр.   

                   

                                   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

1.  Назарбаев Н.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ    

     Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам.// Егемен Қазақстан.10 шілде 2012.      

2. «Білім туралы» заң.// Егемен Қазақстан.15 тамыз 2007.

3.  Бектемірова Н. Бұл өмірге жолаушымыз бәріміз. // Егемен Қазақстан.

     21 тамыз 2010.     



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

       Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты мақаласындағы жиырма тапсырманың үштен бірі білім беру жүйесіне қатысты,бұл кездейсоқтық емес - адами капиталдың сапасы әр адамның білімділігі және кәсіби шеберлігі деңгейімен тікелей байланысты ( 1 ).   Әлем тәжірибесі көрсеткеніндей,кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты.Осы орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал болып табылады.Ол үшін отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының  дәрежесіне жеткізу шарт. Білім беруді дамытудың стратегиясы бірқатар басты мүмкіншіліктердің пайда болуына әкелді, осы қатардағы ең бастысы білім беру сапасын арттыру.             Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру сапасын арттыруды дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізу басты мақсат болып табылатындығы көрсетілді. Оған дәлел ретінде біздің республикамыздың мектептері халықаралық зерттеулерге қатысатындығын айтуға болады. Осы шаралардың арқасында біз оқушылардың жетістіктері мен білімдерін салыстыра аламыз.
Автор
Дата добавления 01.04.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1613
Номер материала 54408040135
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх