Инфоурок Технология Рабочие программыҚұрақ түрлері

Құрақ түрлері

Скачать материал

                                                 

Сабақтың мақсаты:

а) қазақ халқыныңтерең тамырлы өнегелі әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін, мәдени мұрасын оқушылар бойына дарытып, іскерлікке баулу;

ә) оқушылардың талғамдық қабілетін арттыру, ой – өрісін, өзіндік іс әрекетін, шығармашылық қабілетін дамыту;

б) ұқыпты , таза, әдемі жұмыс жасауға үйрету. Теориялық білімдерін ұштастыра отырып, имандылыққа, еңбекшілдік пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сарамандық жұмыс, өзара іздене білу.

Пәнаралық байланыс: тарих, геометрия, әдебиет, сызу, бейнелеу.

Көрнекілігі және керекті құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, қатты қағаз, үлгілер, сызғыш, қарындаш.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен – жүрекке» біріне- бірі жылы лебіз білдіреді, тілек айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.      Белдемше конструкциялық ерекшеліктеріне қарай қалай бөлінеді?(Қынамалы, кең етекті, бірнеше сыналы)

2.      Белдемше қандай киім түріне жатады?(Әмбебап)

3.      Белдемше тігуге арналған құрал- жабдықтар?(Тігін машинасы, үтік, қайшы, сызғыш, бор немесе құрғақ сабын, жіптер, см таспа)

4.      Белдемшені аң терісінен беліне қыстырып қолданған кез қай ғасыр?(Тас ғасыры)

5.      Белдемшені тігуге алынатын өлшем бірліктер?(Белдің жарты орамы, мықынның жарты орамы, арқаның белге дейінгі ұзындығы, бұйым ұзындығы)

6.      Белдемшені тігуге қолданылатын матаның түрі?(Драп)

7.      Өлшем алу үшін адамның қай жағынан алынады?(Оң)

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабаққа қойған мақсатымыз: құрақ түрлерімен танысып, өздері құрай білуге үйрету.

   Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар: тіл өнері, қолөнері және саз

өнері. Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер апаларымыз, әжелеріміз тігетін құрақ құраудың өзіндік тарихы бар. Екі түрлі матаны бір- бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығады.Құрақ құрау өнері XV-XVI ғасырда дамыған.

   Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:

1.      Матаның қиындыларын іске ұқсату (кәдеге жарату)

2.       Үлкен сәндікке баулу, матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып, қиылыстырып бір бұйым жасап шығару.

Құрақтың атаулары әр түрлі: қазақ тілінде құрақ құрау өнері- «құрақ», орыс тілінде құрақ құрау өнері- «лоскутное шитье» немесе «мозайка», жапон тілінде құрақ құрау өнері «сашико», ағылшын тілінде құрақ құрау өнері- «пэчворк» және «квилт» деп атайды.

   Құрақ құрау халқымыздың үй тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.құрақ құрау үшін қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау мата қиындыларын кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әртүрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру. Бұрынғы әже - әпкелеріміз күнделікті үй тіршілігінде өзіндік орны бар, пайдалануына қарай, шай құюшыға арналған шағын көрпеше, қонаққа салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді құрақ көрпе, көрпешелер жасауын дайындаған.

    Құрақ құрау өнерінің терең мағынасы бар. Ертеде әже- әпкелеріміз құрақ құрай отырып, қызына немересіне арналған құрақты: «Отан болып құралып кетсін, өсіп өнсін» деген тілекпен жасаған.

   Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялық фигуралардан тұрады. Шаршы, алтыбұрыш, трапеция, пирамида, үшбұрыш, ромб, тік төртбұрыш, паралеллограмм.

  Құрақтың мынадай түрлері бар: аққу , сегізжапырақ, жұлдызша, ботакөз және т.б.

  Құрақтың түрлері төрт топқа бөлінеді:

1.      Табиғат.

2.      Жануарларға.

3.      Геометриялық.

4.      Аспан әлемі.

        Құрақ құрауды жобалау:

1.      Жасауға қажетті материалдар жеткілікті

2.      Жасалуы көркем.

3.      Материалдар қымбат емес.

4.      Еңбек шығыныда көп емес.

5.      Сапасы төзімді.

6.      Әдемі дизайн.

IV. Сарамандық жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіруден бастаймыз:

1.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

2.Қайшының ұш жағын жоғары көтерме.

3.Инені киімге қыстыруға болмайды.

4.Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.

5. Инені жіпсіз қалдыруға болмайды.

6. Инені ине қадағышқа шаншы.

7. Қайшыны ашық тастама.

 «Талаппен бастап, талғаммен аяқта!»

Оқушыларға түрлі түсті қағаздан қиылған құрақ түрлері беріледі.

Өрнек бойынша  бөлшектерді рет- ретімен орналастыру.

Сергіту сәті. 

 Құрақ сөз жұмбағы

              ........................................

    1.Жас жұбайлардың шымылдығына қолданылатын құрақ түрі қандай?(Аққу)

    2.Аспан денесіне байланысты аталатын құрақ түрін ата?(Жұлдызша)

    3. Ағылшын тілінде құрақ құрау қалай аталады?(Пэчворк)

    4.Жапон халқында құрақ құрау қалай аталады?(Сашико)

    5.Гүлдің атына байланысты құрақ құрау атауы?(Қызғалдақ)

 

V.Сабақты қорытындылау:

1.      Бүгінгі сабақта не үйрендік?(Құрақ, оның түрлерін )

2.      Орыс тіліндегі құрақ құрау өнері?(Лоскутное шитье)

3.      Құрақ қандай геометриялық фигуралардан тұрады?(Ромб, шаршы, трапеция, пирамида, тіктөртбұрыш, тең бүйірлі үшбұрыш)

4.      Жапон тіліндегі құрақ құрау өнері?(Сашико)

5.      Құрақ неден құралады?(Мата қиындыларынан)

6.      Құрақтың сәнді болуы неге байланысты?(Маталардың түр- түсіне, әдемі тігілуіне байланысты)

7.      Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер?(Ботакөз, сегізжапырақ, аққу, жұлдызша, шаршы, және т.б.)

 

Аналар өз қолдарымен қыздарына құрақ көрпе жасаған. Біріншіден құрақ құрау қызына қандайда бір үнемшіл бол, бірді екіге құрай білдесе, екіншіден, әлем ақыл, санамен құралғанын түсіндіру. Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана, ендеше халқымыздың салт- дәстүрінің қаймағын бұзбай, келер болашаққа жеткізетінде өздеріңіз. Қорыта келетін болсақ, сіздер құрақтың түрлерімен, пішілуін үйрендіңіздер.енді құрақтың түр-түрін тіге аласыздар.

 

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым өнерлі,

Құрақ құрап үйренді.

VI.  Үйге тапсырма:

Түрлі- түсті қағаздан құрақ түрлерін дайындап келу.Мата, ине, жіп алып келу.

VII.Оқушылардың білімін бағалау:

Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беруіне және сарамандық жұмысына қарай білімдерін бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құрақ түрлері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: а) қазақ халқыныңтерең тамырлы өнегелі әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін, мәдени мұрасын оқушылар бойына дарытып, іскерлікке баулу; ә) оқушылардың талғамдық қабілетін арттыру, ой – өрісін, өзіндік іс әрекетін, шығармашылық қабілетін дамыту; б) ұқыпты , таза, әдемі жұмыс жасауға үйрету. Теориялық білімдерін ұштастыра отырып, имандылыққа, еңбекшілдік пен адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сарамандық жұмыс, өзара іздене білу. Пәнаралық байланыс: тарих, геометрия, әдебиет, сызу, бейнелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 609 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2014 3615
    • DOCX 21.4 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шолпан Сайманова Адайбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шолпан Сайманова Адайбаевна
    Шолпан Сайманова Адайбаевна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3263
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 094 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 244 человека из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 074 человека

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе