Инфоурок Русский язык Рабочие программыТракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі.

Тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі.

Скачать материал

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:Тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі.

                Трактордың  жалпы  құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі.Трактордың  жалпы  құрылысын оқып, үйрену.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар.

Пәнаралық байланыс: Автомобильдің құрылысы, Жолда жүру ережесі, Материалтану.

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

     Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынандай негізгі бөліктерден құралады: двигатель, трансмиссия, жүргізгіш блок, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқаруға арналған. Двигатель негізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отынның алынған жылу энергиясын тракторге жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыратын двигатель қондырғыларының бірнеше түрлері бар.Оардың бір электр қуатын екіншісі судың немесе желдің ағындық энергиясын т.б. энергияны механикалық энергияға айналдырады. Бірақ солардың ішіндегі ең қолайлы түрі жылу двигательдері. Оларды жанған отынның жылулық энергиясын механикалық энергияға айналдыратындықтан жылу двигательдері деп атайды.

      Жылу двигательдері іштен және сырттан жанатын двигательдер болып екіге бөлінеді. Сол еккуінің көп тараған түрі іштен жанатын двигательдер. Себебі, олардың басқаларына қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Іштен жанатын двигательдердің өзі жұмыс принциптеріне қарай екі түрге бөлінеді. Олар: дизельді және карбюраторлы двигательдер. Ауыл шаруашылығы тракторларында тек дизельді двигательдер қолданылады.

     Двигательден алынған механикалық қуатты трактор жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды. ОЛ негізіне мынандай міндеттер атқарады. Двигательден алынған айналдыру моменті жүріс дөңгелектерін айналдыруға керекті моменттен бірнеше есе аз болғандықтан трансмиссияның көмегімен двигательдің айналдыру моментін жүргізгіш дөңгелекке бірнеше есе арттырып жеткізеді. Жұмыс кезінде тракторға түсетін күш атқаратын жұмыс түріне байланысты азайып немесе көбейіп отырады. Сол күш азайғанда трактордың жүріс жылдамдығын арттыру немесе керісінше болғанда жылдамдықты азайту қызметінде трансмиссия атқарады. Ол үшін жылдамдықты өзгерткіш арнаулы қорап қолданылады. Осыоарға қосымша трансмиссия двигательден алынған қуатты алдымен трактордың ұзындық бағыты бойынша сондықтан кейін жүріс дөңгелектеріне көлденең бағытта бұрып беру қызметін атқарады.

      Құрылыстарына қарай трансмиссия бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық және т.б . Тракторларда көбінесе механикалық трансмиссия тек кейбіреулерінде ғана гидромеханикалық немесе электромеханикалық трансмиссиялар қолданылады. Сол себепті төменде механикалық трансмиссиялар туралы анықтама береді.

   Жүріс бөлігі тракторды жер бетімен қозғалту қызметін атқарады. Ол жүргізгіш мүше мен тұлғадан тұрады. Трактор тұлғасына рама, жартылай рама немесе жоғарыда айтылған механизмдердің қораптары жатады. Сондықтанда тракторларды тұлғасының түріне қарай рамалы және рамасыз тракторлар деп бөледі. Трактордың барлық механизмдері осы тұлға арқылы бекітіледі.

      Жүргізгіш мүшелер құрылысына қарай дөңгелекті және шынжыр табанды болып екі түрге бөлінеді. Дөңгелекті жүргізгіш мүшелер үшін көбінесе пневматикалық шиналар қолданылады. Олар екі-екіден бір оське бекітіледі де жүргізгіш бөлікті құрайды. Двигательден қуат алуына байланысты жетектеуші және жетектелуші дөңгелектер болады. Жетектеуші дөңгелектер трансмиссия арқылы двигательмен жалғасады. Сондықтан да олар жұмыс кезінде двигетельден айналыс алады да, жермен ілінісіп, трактордың тарту күшін туғызады. Осы жетектеуші дөңгелектердің санына байланысты тракторлар өтімділігі  қалыпты немесе жоғары деп бөлінеді. Өтімділігі қалыпты тракторларда жетектеуші дөңгелектеріне де двигательден қуат берілсе, онда өтімділігі жоғары трактор болып табылады.

       Тракторлардың  алдыңғы осіне бекітілген дөңгелектер көпшілік жағдайда, бағыттаушы дөңгелектерқызметін атқарады. Солардың трактор тұлғасына қарағандағы орналасу жағдайын өзгерту арқылы трактордың жүріс бағытын өзгертеді.

      Шынжыр табанды жүргізгіш мүшелер жетектеуші дөңгелекпен (жұлдызшамен) ілінісіп тұратын шынжырдан құралады. Жетектеуші дөңгелек айналған кезде өзімен бірге шынжырды да айналдырады. Ал шынжырлар тірек дөңгелектері арқылы жерге тиіп тұрғандықтан онымен ілініске келеді де трактордың тартк күшіне туғызады.

      Басқару механизмдері трактордың жоғарыда көрсетілген бөліктерінің жұмыстарын басқаруғаарналған. Олар көбінесе иінді немесе гидравликалық механизмдерден құралады. Қосалқы жұмысшы бөліктерге трактордың тіркеу немесе аспалы саймандары, тракторшының жұмыс орны (кабинасы( және тағы сол сияқтылар жатады. Олар көбінесе негізгі бөліктердің қызметін жақсарту үшін және басқа да қосалқы қызметтерді атқаруға арналған.

Дәріс №13,14

Трактордың элоктро техникалық   жабдықтары

Тракторлар автомобильдердің  электр  жабдықтары туралы жалпы  түсінік.

     Автомобильдердің   электр  жабдықтары  көптеген  электрлік  машиналар  мен   тетіктерден   құралады.  Олардың негізгі жұмысы  двигательді іске  қосу,  түн мезгілінде  жарық  беру  сияқты жұмыстар  болып   табылады.  Осыған  қосымша  жүргізушінің   жұмысын  жеңілдететін механизмдер  мен  қондырғылардың  жұмысын  бақылайтын  қызмет  атқарады.

    Электр  жабдығы  өзара  параллель  екі  жүйеден  тұрады:   біріншісі  электр  энергиясының   көздері де,   екіншісі  электр  қуатын  пайдаланатын   құралдар. 

    Электр энергиясын  тудыру  үшін  аккумулятор  мен  генераторлар   қолданылады.  Автомобильдің   барлық  электрлік  жүйесі   тұрақты  тоқпен   жұмыс  істейді.  Себебі,  тұрақты   токты аккумуляторға  жинауға  болады.  Ал  двигатель   тоқтап  тұрған кезінде де   және   оны   оталдыру   кезінде  де  электр   қуаты қажет болады.  Осындай жағдайда  аккумуляторға  жиналған   электр   қуатын   пайдаланады. 

   Аккумулятордағы  жиналған   электр  қуатын  өте  ұзақ  пайдалана  алмайды,  сондықтан да двигатель   жұмыс   істеп   тұрған  кезде  онымен  жалғастырылған  генератордан   барлық  тұтынушыларды  электр  энергиясымен  қамтамасыз   етеді.  Осы  құралдармен  қатар  аккумулятор   да  генератордан  қуат  алып,  өзіне   жинақтайды.

    Жұмыс  кезінде  двигательдің  айналыс  жылдамдығы  өзгеріп отырады да,  ал  онымен   жалғасқан  генератордың  да  айналыс  жылдамдығы   өзгереді.  Олай  болса, оның  беретін  электр  энергиясының  да  көрсеткіштері өзгереді. Сондықтан  да  генератордан шыққан   энергияның  көрсеткіштерін тұрақтандыру   керек.  Осы  қызметті  атқару  үшін  электр  жүйесінде   реттеуіш   құралдар   қолданылады. 

    Электр  қуатын  пайдаланатын  құралдарға  алуан  түрлі  электр  двигательдері, электр  шамдары  және бақылағыш  жабдықтар  жатады.  Осылардың  ішіндегі  электр   энергиясын  ең  көп пайдаланатын,  негізгі  двигательді  оталдыруға  арналған  электр  двигателі.  Бұл  электр двигателін   стартер  деп  атайды.  Стартерлер кейбір  двигательдерге  негізгі  двигательді,  кейбіреулерінде   қосалқы  оталдырғыш  двигательді  оталдыру  үшін  қолданады.  Ол  туралы  двигательдің  оталдыру  жүйесін  қарағанда  айтылады.

Аккумулятор

     Аккумулятор деп  энергияны  жинақтайтын  құралды айтады.  Автомобиль  аккумуляторлары электр  энергиясын  химиялық  энергияға  жинақтап,  ұстап  тұрады.  Керек  кезінде  химиялық энергия,  аккумулятор ішінде  реакция  жүргендіктен  электр  энергиясына  айналып,  қайтадан  сыртқа беріледі.

    Электр  энергиясын  жинайтын  аккумулятордың  бірнеше  түрі  бар.  Солардың  ішіндегі  тиімді қызмет  атқаратындары  қорғасынды-қышқылды  аккумулятор,  яғни  күкірт қышқылына  салынған  қорғасын  мен  оның тотығының  аралығында реакция  жүреді  де, олар  зарядталады.  Бұл аккумулятордың  ерекшелігі,  ток көзінің  кернеуі  2В  болады және  ол кернеу  оның  қорғасын  пластиналарының   мөлшеріне,  санына   байланысты  болмайды.

     Аккумуляторларды  машиналарда  пайдалану  үшін  олардың  бірнешеуін  біріктіріп, бір батареяға  жинақтайды.  Сол батареядағы  аккумулятор  санына  қарай  электр кернеуін  тиісті шамаға  жеткізеді.  Автомобильдерде  қолданылатын   электр    құралдары  мен   машиналары  12В  кернеуге  есептелген.  Сондықтанда  аккумуляторлық  батареяның  кернеуін  12В  етіп  жасайды,  яғни  бір  батареяда  алты     аккумулятор  болады. 

     Әрбір  аккумулятор  бөлек  ыдысқа  жасалады.  Ыдыстың   ішіне  күкірт  қышқылының  ерітіндісі  құйылады.  Ерітіндіге  оң  және  сол зарядты  пластиналарды бір  пакетке  жинайды да, олардың  аралықтарын  ажыратып  тұратын  сеператорлар  қойылады. 

     Аккумулятордың  оң  мен  сол  зарядты  пластиналарын  жасау  үшін   алдымен  сурьма  (6-8%)  қосылған  қорғасыннан  тор   тәрізді  етіп,  қанқасын  құяды.  Қаңқаның ішін  қорғасын  тотығының  ұнтағымен  (активтік масса) толтырады.  Толық зарядталған  аккумулятордың  оң  пластинасы  қара қоңыр түсті  қорғасыннан  түзіледі.

     Аккумуляторлық   батареяның  негізгі  көрсеткіштеріне  электрлік  кернеуі  мен  сиымдылығы  жатады.  Электр  кернеуі  жоғарыда  айтылған  аккумулятор  санына  байланысты.  Ал  сиымдылығы  деп  толық  зарядталған   батареяның  белгілі  бір  шекке  дейін  берген  тогын  айтады және  ол  ампер-сағатпен  өлшенеді.  Сиымдылықтың  екі  түрі  болады:  біріншісі – қалыпты, екіншісі – стартерлік   сыйымдылық. 

    Қалыпты  сыйымдылық  пен  аккумулятордың   кернеуі  1,7В  болғанға  дейін 10 сағат  бойы  шығарған  тоғын  айтады.  Стартерлік  сыйымдылық  деп  ток  күші  қалыпты  сыйымдылықтан   үш  есе  көп  ток  шығаруын  айтады. 

       Аккумуляторлық   батареяларды  белгілі  тәртіппен,  жүйелі  ретпен  маркалайды.  Маркасында   көрсетілген  бірінші  сан  осы  батареядағы  аккумулятор  санын  көрсетеді.  Сол  арқылы  батареяның  кернеуін  табуға  болады.  Содан  кейінгі    әріптер   батареяның  түрін  көрсетеді  (Т-трактордікі, СТ-стартерлік).  Әріптен  кейінгі  сандар  батареяның  қалыпты   сыйымдылығын  ампер-сағатпен  көрсетеді.  Соңында  көрсетілген   әріптер  ыдыстың  материалын    (Э-эбонит,  П-қышқылға тұрақты    қосалқысы  бар  асфальтті  масса,  В-қосалқысы  жоқ асфальтті  масса),сператордың   материалын  (М – мипласт, МС – әйнек  аралас  мипласт, Р – мипор) көрсетеді.

       Автомобильде  қолданылатын  аккумулятор  батареяларының   қышқылды  және  сілтілі  түрлері,  ал  құрылысы  бойынша  ашық  немесе  жабық  түрлері  болады. 

       Ашық  батареяларда   электролиттің  құрамын  (тығыздығын)  тексеріп,  реттеп  отыру  үшін арнайы  қызмет  көрсетіліп   отырады.

      Жабық аккумулятор   батареяларында  мұндай  қызмет   көрсетілмейді,  сондықтан  олар  жабық  болады. 

       Аккумулятордың   қызметі  электр  энеогиясымен  химиялық  энергияға  (зарядтау)  және  керісінше,  химиялық  энергияны  электр  энергиясына  (разрядтау)  жүйелі  түрде  айналдыруға  негізделген. 

       Қарапайым  қорғасын  аккумулятор  электролит   құйылған  (тазартылған судағы  күкірт  қышқылының  ерітіндісі)  пластмассадан   жасалған   банкадан  және   екі  қорғасын  пластинадан   беті  күкірт   қышқылды  қорғасынмен,  басқаша  айтқанда,  қорғасын  сульфатымен   жалатылған.

      Аккумулятор   батареясы  ішкі  жағынан  бөгеттермен   бөлінген  бактан  (4) тұрады.  Әрбір  бөлікке  (банкада)  бір  аккумулятор  орналастырылады. Бакты  қышқылға   төзімді  пластмассадан  немесе  эбониттен  жасайды.  Оның  түбінде  пластиналар  тірелетін  қырлары   болады.  Әр  банкаға   оң (2)   және  теріс  (1)  пластиналар  жиынтығы  орналасқан. 

      Бананы  электролитпен   толтыруға  қажетті  тесігі  бар  қақпақпен  (6)  жабады.  Құятын  тесік  тығынмен  (5)  жабылады.  Тығында  аккумулятор  қуысын  сыртқы  атмосферамен   жалғастырып тұратын   желдеткіш   тесікбар,  ол  химиялық реакция   кезінде  бөлінетін   газдың   сыртқа  шығуы  үшін  қажет.

Жаңа сабақты бекіту.

Үйге тапсырма беру.

Бағалау.

 

Арал көпсалалы колледжінің арнаулы пән оқытушысы Ибрашова Бақыт Қалижанқызы.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Бекітемін«Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:                        Р. Жаймақова.Пәннің аты:  Техникалық  сызуКүні: 6. 09. 20013 жыл  Оқу тобы: №75  Сабақ № 1.І.Сабақтың  тақырыбы: Кіріспе.ІІ.Cабақтың мақсаты: Техникалық сызу пәні нені оқытатынын түсіндіріп, үйрету.ІІІ.Сабақтың түрі: КіріспеІV:Сабақтың әдісі: ТүсіндіруV.Пән аралық байланыс: Геометрия.VІ.Сабақтың көрнекілігі:  Сызу құралдары.Сабақтың барысы:VІІ.Ұйымдастыру бөлімі:  Оқушылардың  сабаққа  дайындығын тексеру.VІІІ.Үй тапсырмасын сұрау:1.Сызу құралдарына қандай құралдар жатады?2.Аттарын атау.Мысалы:ІХ.Жаңа сабақты түсіндіру:  Біздің өмірімізде сызбаның зор  мағызы бар.Жаңа технология мүмкіндіктерін сызбасыз елестету мүмкін емес.Техникада заттың  кескіндеу әдісі  бірнеше ғасырларға созылды деуге болады.Алдыңғы қатарлы орыс механиктері-өздігінен  оқығандар, мысалы, И.П. Кулибин (1735-1818 жж.),  И.И. Ползуновтар  (1726-1766жж.)  1763 ж.  жасап шығарған алғашқы бу двигательдерінің сызбасын, француз оқымыстысы Гаспара Монжаның сызба геометриясы аталатын еңбегі 1799ж. жарық көргеннен кейін ғана өз сызбаларын ұсына алды.Қазіргі уақытта барлық техникалық сызбалар  мемлекеттік стандарт бойынша анықталған (ГОСТ), «Конструкциялық құжаттардың біртұтас системасы» атауымен аталатын  ережеге сәйкес орындалады.Барлық ұйымдар мен жеке тұлғалар осы ережеге сәйкес жүрулері керек. 1-ші суретте детальдың екі кескіні берілген: оның біреуі -детальдың алдыңғы жағының көрінісі, яғни детальдың алдыңғы жағынан қарағандағы көрінісі, келесісі-детальдың  жоғарғы жағынан қарағандағы көрінісі, яғни төбесінен қарағандағы көрінісі болып есептелінеді.Детальдың формасын анықтаңыздар.Оның суретін алдынан қарағандағы сол жағынан көрінісі, яғни сол жақтан қарағандағы көрінісі, детальды сол жақтан қарағандағы кқрінісі болып табылады.  бұл тапсырмада бір ғана шешім емес.Енді екінші суреттегі тапсырмаға қарасақ, бұл жерде де екі кескін берілген: алдынан және оң жағынан.Мұнда детальдың формасы мен жоғарғы жағынан қарағандағы көрінісін салуға болады.Бұл көріністерден көретініміз сызу пәні қажеттілігімен қоса қызық екендігін байқаймыз.Сызу сабағында оқушы сызу сызып қана қоймай, өз бетінше ой түюді, жұмысыңдағы дәлдікті және ұқыптылықты сақтауға көмектесіп, сол сияқты логикалық ойлау қабілетін де  қалыптасырады. Біз күнделікті оқу дәптерімізге оқылып отырған материалдан  түсінік қалыптастырып жазып отыруымыз керек.Х. Жаңа сабақты пысықтау.Сұрақтар: 1.Біздің өміріміздегі сызбаның маңызы?2.Алғашқы сызба сайындаған орыс механиктері кімдер?3.Алғашқы бу двигательінің сызбасын жасап шығарған кім және қай елден?4.Барлық техникалық сызбалар қандай құжат бойынша орындалады?5.Белгілі бір дайындалып берілген детальдың оң, сол және үстіңгі жағынан ұарағандағы көрінісін кескіндеу.ХІ. Үйге тапсырма беру: Оқулық, техникалық сызу. 3-4 бет.                      Пән мұғалімі:                                         Б.Ибрашова .

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 238 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.04.2014 4607
    • DOCX 18 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балманова Шолпан Жибекалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балманова Шолпан Жибекалиевна
    Балманова Шолпан Жибекалиевна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 141932
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 223 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания русского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 480 человек

Курс профессиональной переподготовки

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель родного языка (русского языка) и родной литературы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Подготовка и проведение тренинга

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 215 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 75 человек