Инфоурок Иностранные языки Рабочие программы10 - арналған диктант мәтіндері.

10 - арналған диктант мәтіндері.

Скачать материал

Диктант «Көктем.»

           “Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады. Ағаштар бүршік жарып гүлдейді.”.Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым.
         Қыс пен көктемнін алмасар уақыты. Бір бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған кішкентай балаларды есіме салады. Біресе қыс, біресе жылы көктем лебі көрінеді .Ақыры соңында қыс шаршап тынады, ал көктем керісінше күшіне  келеді.                                                                                  
Маған биылғы көктем ерке көрінді. Сыңғырлаған күлкісін, жылт еткен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке бір қызды еске салды. Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың.
        Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалды .Көктем
жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де адамды  асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді…

 

 

Мазмұндама «Қонақ күту»

            Қонақжайлық  қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Бұл дәстүр имандылықты айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Отбасы үшін жолаушыны  күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этикалық  қалып.

          Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Қазақта  «Қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Қонақтарды «арнайы қонақ», «құдайы қонақ»,  «қыдырма қонақ»,  «қылғыма қонақ»  деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Әдетте шәйдi бойжеткен қызға құйдырады. Оның себебi қыз бала келешек шаңырақ иесi, ас иесi болғандықтан жастайынан қонақ күтудi үйрене берсiн деген ниет болған. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға  сый-сиапат көрсету. Қазақ елiнде кез-келген уақытта қонағына мал сойып бермеген, бiрақ қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Қонақ бата iстеуге тиiс.  Қонақ не өлең айтып, домбыра тартуы керек. Мұны "қонақ кәде " дейдi.  Кештiң соңында үй иесi қонақты жайлы төсек-орынға жайғастырып: "Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз" деп өзi де демалады. Қонағын аттандырар кезде, отағасы қонағынан "бұйымтай " сұрайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша қонақ үй иесiнiң атын,мылтығы мен итiнен басқа кез-келген затты сұрауына болады.. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі. Сонымен, қазақ халқының қонақ күту дәстүрi ел-жұрт арасындағы  қатынастарды нығайтуға, туысқандарың, үлкендi-кiшi болып сыйласуына, өскелең ұрпақты жастайынан үлкендi құрметтеп, кiшiге қамқоршы болуды үйретеді. Дастарқаны мол, пейiлi кең қазақ халқының қонақжайлылығын  қазақ даласында болған саяхатшылар  жоғары бағаланған

 

Диктант «Зор тұлға»

 

            Әр ғасырдың өзінің біртума азаматтары , аты аңызға айналған  көрнекті тұлғалары болады. Солардың бірі  – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Есімі дүние жүзіне белгілі    болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері.

            Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Верный  қаласында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.

            1931 жылы Д.А.Қонаев Мәскеудегі Калинин атындағы «Түсті металдар» институтына оқуға жіберілді. 1936 жылы осы институттың тау-кен факультетін бітіріп, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішіне кен инженері болып барды. Мұнда Д.А.Қонаев қарапайым жұмысшыдан, кеніш директорына дейін көтеріледі.        

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде Риддер кен орнының  және Лениногор кен басқармасының директоры болды. Кейін Министрлікте  қызметін атқарды. 1952 жылғы сәуірде Ғылым Академиясының академигі және оның президенті болып сайланды. (107 сөз)

 

Диктант «Ұлттық валюта»

 

1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Т .Сүлейменов, М. Алин Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Біздің қазақстандық теңгеміздің туған күні - 1993 жылдың 15 қарашасы.  

Дәл осы күні  Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.

1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді.

Ұлттық Банктің мұражайы туралы. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды. (107 сөз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақ халқының салт дәстүрлері.»

Салт – дәстүр дегеніміз – халықтың  ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде қалыптасып, халықтың ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптары отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру, қыз ұзату жатады. Қауымдық  ғұрыптарға  наурыз тойы,құрбан айт, ораза айт, ас беру, т.б.

Шашу. Бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Шашуды  жақсылықтарға шашады. Шашудың мәні -жақсылық, молшылық, кұт-береке тілеу.

Сүйінші-қуанышты хабарды, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-қәдесі.

Көрімдік  -қандай да болсын бір жаңа дүниені алғаш көрсеткенде  алатын сый-қәдееі.

Отбасылық салт-дәстүрлерге:  шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, үйлену  жатады. Шілдехана – сәби туғанша жасалатын той.

Бала дүниеге келгеніне 40 күн толғанда қырқынан шығарады. Түсау кесуге негізінен  үлкендер жиналады

Беташар домбырамен айтылатын ән. Ол келіннің бетін ашарда айтылады.

Наурызды қарсы алу. Наурыз тойы көктемгі күн мен түннің теңелу мерзімі 22 наурызда өтеді. Бұл мейрам күнтізбелік ғұрыпқа жатады.

Құрбан айт. Ораза бітісімен 70 күннеи кейін құрбан айт келеді. Құрбан айтта жағдайы келген адамдар кұрбандыққа мал шалады.. Құрбан айтта адамдар  құран оқып, дәм татысады.

 

 

 

Диктант «Газет тарихынан»

 

«Егемен Қазақстан»  мемлекеттік ресми баспасөз құрал. Басылым негізінен ресми ақпаратты, жаңадан қабылданған құқықтық актілерді  жариялайды. Газет 1919 жылдың  желтоқсанынан бастап аптасына 5 рет шығарылады. Алғашқы атауы "Ұшқын" болатын. «Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылдың аяғында Орынборда жарыққа шықты. Соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді. 

Бұл газетте қазақ зиялы қауымының негізгі шығармашылығы жинақталған. Олар газетте алғашқы күндерден   қазақ зиялыларының күшті шығармашылық тобы жинақталды. Газеттің алғашқы редакторларының бірі Сәкен Сейфуллин болды. Мұнда Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров секілді біртуарлар жұмыс істеді және шығармаларын жариялады.

«Егемен Қазақстан» мектебінен сандаған журналистер өтті. 86 жылдың ішінде газеттің кеңсесі түрлі қалаларда,  Орынбор, Қызылорда,  Алматы, ал қазір  – Астанада орналасқан. ( 101 сөз)

 

 

 

 

Диктант «Мамандық таңдау»

         ҰБТ тапсырмастан бұрын, яғни қазірден бастап қалаған мамандығың бойынша грант иелену мүмкіндігіңді анықта. Өз мүмкіндігіңді айқын бағалай білу арманыңдағы мамандықты таңдауға септігін тигізеді. 

Алдымен мамандықты, соған сәйкес ҰБТ бойынша бесінші пәнді таңдауға кіріс.

Бұл ең сауатты шешім. Оқуға түсуді емес, бастысы кім болғың келетінін ойлан! Өзіңнің есейіп 25 жасқа келгеніңді елестет. Себебі мамандық таңдау - ол өмірлік таңдау. Өзіңнің қай салада қабілеттілігіңнің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан  мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.
         Қызықтырған мамандықтарыңның тізімін жаса. Ал егер  "Алтын белгі" иегері болсаң, онда  қалаған мамандыққа түсу мүмкіндігі  жоғары. Себебі  алдымен гранттар "Алтын белгі" иегерлері арасында  байқауға  түседі.  (102 сөз)

 

 

 

 

 

Шығарма «Қазақстан суретшілері»

 

Қазақстан Суретшілер Одағы– –республика суретшілері  мен өнертанушыларды біріктіретін  шығармашылық ұйым. Одақ өз мүшелерінің көркемдік деңгейі жоғары туындылар жасауына және кәсіби шеберлігін үнемі дамытуға ықпал етеді. Ол 1933 жылы құрылды. Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағалары: В.Н. Сладков,Ә.Қастеев, Х.Е. Наурызбаев , т.б. болды. Құрамына Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облысы суретшілер ұйымдары мен 12 облыс көркемөнеркәсіп шеберханалары енді.

Одақ конференциялар мен семинарлар өткізіп, көркемсурет көрмелерін ұйымдастырады. Қазақстан Суретшілер одағының жанынан Қазақстан Көркемсурет Қоры құрылды.

Айша  Ғалымбаева, Қазақстанның халық суретшісі, ҚР Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған. 
А.Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматының көркемсурет училищесінде  және Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография иниститутында оқыған. Айша Ғалымбаева «Махаббат туралы аңыз», «Өжет қыз», фильмдерінің қоюшы суретшісі. Республикалық, Одақтық және Халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан. Оның туындылары Қазақстан, ТМД және әлем елдеріндегі жеке коллекцияларға қойылған. 
Әбілхан Қастеев әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы. Қазақстанның халық суретшісі. Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы . Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында сабақ алды . Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Сидоркин Евгений  график-суретші. Оның шығармалары біздің еліміздің ұлттық игілігі. Суретшінің туындылары жиырмадан аса елде көрсетіліп биік бағаға ие болды. Евгений Сидоркин қазіргі Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан. Ол өз еңбектерінде өмір бойы Қазақстанды жырлап өтті. Е. Сидоркин  Киров облысының  Лебяжье ауылында  дүниеге келгенімен, бүкіл өмірін, Қазақстан жерімен сабақтастырды. Ол институтты бітіріп Алматыға келген соң  халық мәдениетімен танысып, өзінің көптеген графикалық топтамаларын жазды. 1958 жылы Е. Сидоркин ертегі «Көңілді суайт» ертегісіне иллюстрация жасады , «Қазақтың ұлттық ойындары» , «Сәкен Сейфуллинді оқығанда» топтамасы, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы»  романына иллюстрация жасады. Осы жұмысы үшін Е. Сидоркинге Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

 

 

 

 

 

 

 

Диктант «Мұстафа Шоқай»

Мұстафа Шоқай- көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері. Мұстафа Шоқай 1890 жылы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы деген жерде туған. Ауыл молдасынан хат танып,  Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.

Ақпан төңкерісіне дейін  Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. Өмірінің соңғы жылдары

Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан  Францияға барып орнығады.  «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы  Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады. (102 сөз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "10 - арналған диктант мәтіндері."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Зор тұлға»              Әр ғасырдың өзінің біртума азаматтары , аты аңызға айналған  көрнекті тұлғалары болады. Солардың бірі  – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Есімі дүние жүзіне белгілі    болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері.             Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Верный  қаласында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.             1931 жылы Д.А.Қонаев Мәскеудегі Калинин атындағы «Түсті металдар» институтына оқуға жіберілді. 1936 жылы осы институттың тау-кен факультетін бітіріп, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішіне кен инженері болып барды. Мұнда Д.А.Қонаев қарапайым жұмысшыдан, кеніш директорына дейін көтеріледі.               Ұлы Отан соғысы кезеңінде  Лениногор кен басқармасының директоры болды. Кейін Министрлікте  қызметін атқарды. 1952 жылғы сәуірде Ғылым Академиясының академигі және оның президенті болып сайланды. «Ұлттық валюта» 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Т .Сүлейменов, М. Алин Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Біздің қазақстандық теңгеміздің туған күні - 1993 жылдың 15 қарашасы.   Дәл осы күні  Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. 1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.  «Газет тарихынан»  «Егемен Қазақстан» — мемлекеттік ресми баспасөз құрал. Басылым негізінен ресми ақпаратты, жаңадан қабылданған құқықтық актілерді  жариялайды. Газет 1919 жылдың  желтоқсанынан бастап аптасына 5 рет шығарылады. Алғашқы атауы «Ұшқын» болатын. «Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылдың аяғында Орынборда жарыққа шықты. Соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.  Бұл газетте қазақ зиялы қауымының негізгі шығармашылығы жинақталған. Олар газетте алғашқы күндерден   қазақ зиялыларының күшті шығармашылық тобы жинақталды. Газеттің алғашқы редакторларының бірі Сәкен Сейфуллин болды. Мұнда Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров секілді біртуарлар жұмыс істеді және шығармаларын жариялады. «Егемен Қазақстан» мектебінен сандаған журналистер өтті. 86 жылдың ішінде газеттің кеңсесі түрлі қалаларда,  Орынбор, Қызылорда,  Алматы, ал қазір  – Астанада орналасқан.   Диктант «Мамандық таңдау»          ҰБТ тапсырмастан бұрын, яғни қазірден бастап қалаған мамандығың бойынша грант иелену мүмкіндігіңді анықта. Өз мүмкіндігіңді айқын бағалай білу арманыңдағы мамандықты таңдауға септігін тигізеді.  Алдымен мамандықты, соған сәйкес ҰБТ бойынша бесінші пәнді таңдауға кіріс. Бұл ең сауатты шешім. Оқуға түсуді емес, бастысы кім болғың келетінін ойлан! Өзіңнің есейіп 25 жасқа келгеніңді елестет. Себебі мамандық таңдау - ол өмірлік таңдау. Өзіңнің қай салада қабілеттілігіңнің бар екенін 40 жасқа келгенде біліп, қайтадан  мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.          Қызықтырған мамандықтарыңның тізімін жаса. Ал егер  «Алтын белгі» иегері болсаң, онда  қалаған мамандыққа түсу мүмкіндігі  жоғары. Себебі  алдымен гранттар «Алтын белгі» иегерлері арасында  байқауға  түседі.  (102 сөз)  «Мұстафа Шоқай» Мұстафа Шоқай- көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері. Мұстафа Шоқай 1890 жылы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы деген жерде туған. Ауыл молдасынан хат танып,  Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады. Ақпан төңкерісіне дейін  Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. Өмірінің соңғы жылдары Германияға, сонан  Францияға барып орнығады.  «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы  Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 188 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2014 10164
    • DOCX 79 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусманова Асель Серикказыкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кусманова Асель Серикказыкызы
    Кусманова Асель Серикказыкызы
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 142183
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в дошкольном образовании

Учитель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 233 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 458 человек

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель немецкого языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек