Инфоурок Информатика Рабочие программыКомпьютерлік вирустар және антивирустар

Компьютерлік вирустар және антивирустар

Скачать материал

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

        «Келісемін»                                                                                      «Бекітемін»

Колледж әдіскері                                                                                Директордың оқу ісі

_________ Қ.А. Балкаева                                                                   жөніндегі орынбасары                        

« ___»__________ 2013 ж                                                                  ______    А.И. Есниязова                

                                                                                                            « ___»__________ 2013 ж   

 

 

 

 

 

1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша «Есептеуіш кешендерінің операциялық жүйелері және бағдарламалық қамтамасыздандыру» пәнінен ашық сабақтың жоспары

 

 

Тақырыбы:    Компьютерлік вирустар және антивирустар

 

Оқу тобы:     ЕТ-9-12

 

Оқытушы:     Сансызбайқызы К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда қаласы, 2013 жыл

 

 

Өткізілетін күні: 21.12.2013 жыл

 

Оқу тобы: ЕТ-9-12

 

Пән аты: Есептеуіш кешендерінің операциялық жүйелері және бағдарламалық қамтамасыздандыру

 

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустар және антивирустар.

 

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға компьютерлік вирустар жайлы түсінік бере отырып, олардан антивирустардың көмегімен қалай қорғануға болатындығы жайлы мәлімет беру.

 

Міндеті:

 

Білімділік: Оқушыларды «Компьютерлік вирус» ұғымымен, негізгі қызметімен, түрлерімен таныстырып, жұмыс істеу ережесін меңгерту.

 

Дамытушылық: Компьютерлік вирустар туралы түсінік бере отырып, ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.

 

 Сабақтың әдісі: Жеке оқушымен.

 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулықтар, таратпа карточкалар, тест тапсырмалары, вирусқа қарсы дискілер

 

 Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысуын, дәрісхана тазалығын  қадағалау (2 минут)

 

 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (20минут)

1.     Операциялық жүйе дегеніміз не? Не үшін қажет?

Жауабы: Ол адамның компьютерлік жүйемен әрекеттесуін қамтамасыздандыратын арнайы бағдарлама. Операциялық жүйе компьютерде орнатылған барлық жүйелер мен бағдарламалық жасақтамалардыбасқару үшін қажет.

2.     Жүйе параметрлерін баптау үшін шақырылатын терезе?

Жауабы:   Жүйе параметрлерін баптауды орындау үшін басқару панелі (Панель управление) шақырылады.

 

3.     Windows жүйесіндегі маңызы зор буфер?

Жауабы:   Windows операциялық жүйесінде себет (корзина) өте маңызды роль атқарады-бұл жойылған файлдар жиналатын буфер

4.     Проводник дегеніміз не?

 Жауабы:   Файлдар диспетчерлерінің категориясына жататын қызметші бағдарлама.

 

Тапсырмалар орындау.

 

1.     Басқару панелін пайдаланып, күн мен уақытты баптау

2.      Басқару панелін пайдаланып, Windows операциялық жүйесінде тілді баптау.

 

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.(5 минут)

Оқушыларға  карточка тарату ақылы сұрақтарға жауап береді.

 

І V. Жаңа сабақ.(30 минут)

Сонымен компьютерлік вирустар дегеніміз не? Алғаш рет «компьютерлік вирустар» деген термин ХХ ғасырдың 80 – ші жылдардың орта кезінде Америка Құрама Штатарында пайда болған. Бірақ «компьютерлік вирус» терминіне айқын анықтама берілген жоқ. Сол кездердің өзінде – ақ «компьютерлік вирустар» деген ұғымды электрондық есептеуіш машиналарды қатардан шығарып, жұмысын тоқтатын қатерлі «талқандаушы» деп түсінді.Қазіргі кездің өзінде компьютерлік вирустардың 45 мыңға тарта түрі белгілі болып отыр. Компьютерлік вирустардың 1997 жылдан бастап күннен – күнге мөлшері артып барады.Сондықтан әрбір компьютермен жұмыс істейтін адам компьютерлік вирус және оның түрлері туралы білген жөн. Сонымен компьютерлік вирус дегеніміз не? Компьютерлік вирустар дегеніміз - өздігінен өз көшірмесін жасай алатын, оны әр түрлі объектілерге және компьютерлік жүйелер мен компьютерлік желілерге енгізе алатын, тағы басқа зиянды іс - әрекеттер істей алатын қабілеті бар кішігірім программа.

         Өмірдегі сияқты компьютер әлемінде де көптеген кедергілер кездеседі. Программалардың ашпай қалуы, компьютердің дұрыс жұмыс істемеуі және т.б сияқты. Бұның барлығы вирустардың әсерінен болады. Вирустар дегеніміз бұл арнайы жазылған шағын көлемді программа. Олар басқа программмалардың алдына, не соңына қосымша жазылады да ол программаны бүлдіруге кіріседі. Бұл вирус жұққан программалар «зақымдалған» немесе «бүлінген» деп аталады.

      Вирустың пайда болу белгілері:

 · Программа дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады.

 · Экранда бөгде символдар , хабарламалар шығады.

 · Компьютер баяу жұмыс істейді.

 · Кейбір файлдардың бұзылуы.

 · Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар.

Вирустар 3 типке бөлінеді.

 1. Мекендеу ортасына қарай.

 2. Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай.

 3. Мақсатына қарай.

         Мекендеу ортасына қарай вирустар: файлдық, жүктейтін, макровирустар.

Файлдық вирустар-қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде орындалады.

 Жүктейтін вирустар- негізгі жүктейтін жазбаға және жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Яғни операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.

 Макровирустар- Word құжатына және Excel электрондық кестесі құжатына вирус жұқтырады. Құжат файлын ашқанда жұғу орындалады.

 

Компьютерлік вирус сіздердің компьютерлеріңізде көзге көрінбей әрекет жасайды,ол қандай әрекет?Экранға назар аударып вирустар туралы бейнені тамашалайық.(3 минут)

 

 

Прямоугольник: скругленные углы: Word құжаттары
және Excel 
электрондық кестесі
құжаттарына 
вирус жұқтырады.

   

      Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай вирустар- троян аттары, логикалық бомбалар, ұстауыш вирустар, құрттар деп аталады. Бұл вирустар қолданбалы программаларға еніп соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындайды. Бұлар программалардың қателіктері мен сәйкессіздіктерін пайдаланатын вирустар.

  Мақсатына қарайнасихаттаушы, мағынасыз, шантаж жасаушы,бейсауат деген вирустар бар.

«бейсауат» (гуманды) – онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар.
 «шантаж жасаушы» — мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін бомбалар».
 «насихатшы»-өзін көрсету мақсатында жасалған.

 «мағынасыз»-атынан ақ түсінікті.


Компьютердің вируспен зақымдануының алдын алу үшін:

1. Резервтік көшірме жасау – ақпаратты архивтеу;

2. Ұрлық программаларды көп қолданбау (өйткені олар заңды өнім болып табылмайды);

3. Дискетаны ашпас бұрын вирусқа тексеріп отыру;

4. Антивирустық программаны дискетада сақтау керек, өйткені винчестерде болса, ол да зақымдануы мүмкін;

5. Компьютерді үнемі вирусқа қарсы тексеріп отыру керек.

        Ақпаратты қорғаудың бір түрі – резервтік көшірмелерді магниттік тасуыштарда сақтау. Яғни файлдарды дискетте сақтау керек. Егер файл жадтың көлемін көп алып, дискетке сыймайтын болса не істеу керек. Мұндай жағдайларда ақпаратты  бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар қолданылады. Мұндай сығылған файлдарды тек дискетте сақтап қана қоймай, компьютерлік желіде байланыс арналары арқылы жіберуге де болады. Сондықтан барлық керекті бағдарламалар мен файлдарды D дискісіне сақтау тиімді, себебі ол пассивті диск болып табылады.С дискісі активті диск болады.Ал вирустың негізгі қасиеті С дискісіндегі бағдарламалар мен файлдарды компьютерден жойып жіберу болып табылады. Бұл мекемеге, өндіріске , оқу орындарында мәліметтердің жойылуына әкеп соғады.Сондықтан «Менің құжаттарым» бумасындағы барлық ақпараттарды D пассивті дискіде сақтаған дұрыс болады.Бұл ақпараттың 100 пайыз сақталуына мүмкіндік береді.

          Вирустардан қорғану үшін қазіргі кезде антивирус программалары бар. Олар осы вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программалар. Антивирустар тек вирустарды тауып қана қоймай, оларды жояды. Антивирустардың бірнеше түрі бар.

Детектор программалар- бұлар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, ал кейінгі вирус түрлеріне дәрменсіз болып келеді.

Доктор программалар- бұлар вирус жұққан программалар мен дискілерден вирус әсерін алып тастау арқылы емдеп, бастапқы қалпына келтіреді.

 Ревизор программалар- бұлар ең алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, оны әлсін-әлсін кейінгісімен салыстырып отырады да сәйкессіздікті анықтаса дереу программа иесіне хабарлайды

Доктор-ревизорлар- бұл доктор программалар мен ревизор программалардың арасынан шыққан гибрид. Бұлар файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оны автоматты түрде емдеп, бастапқы қалпына келтіреді.

 Полифагтар немесе фагтар, бұлардың қызметі вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы программадан жою.Өте қуатты полиграф-сканерге Данилов құрған Dr.Web программасы жатады. Бұл программа вирустарды жақсы айырып таниды. Doctor Web – қуатты полифаг – антивирус тобына жататын, 1994 ж И.А. Данилов ойлап тапқан программа. Ол қазіргі кезде 25000 вирусты, оның ішнде полиморфты вирустарды тауып, жоя алады.
Касперский зертханасы құрған Kasperski антивирусы да сенімді антивирустардың бірі ретінде әлемге аян.

 Сүзгі программалар- бұлар компьютердің оперативті жадына тұрақты түрде орналасып вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап, оны программа иесіне хабарлайды. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты.

Norton AntiVirus. Бұл – барлық кездесетін макровирустарды тауып, оларды жоятын жалғыз антивирустік өнім. Қазіргі кезде оны әлемнің 15 млн. адамы қолданады. Norton AntiVirus дербес компьютердің қызметіне еш кедергі жасамайды және оны орнату өте жеңіл. Norton AntiVirus жаңа технологиялар мен жабдықтарды қолдана отырып, компьютерде қызмет ететін адамға вирустан қорғауға толық кепіл береді. Norton AntiVirus қай жүйе болсын, Windows, DOS, Macintosh болсын, барлығын қорғай алады.

      Базаны аптаына 2 рет интернет арқылы жаңалап отыру қажет.Немесе антивирус мәзіріндегі функцияға міндетті түрде жаңарту белгң салып қою керек. Антивирус орнату үшін міндетті түрде оны кілтімен қоса лицензиялық бағдарламасын сатып алу керек.

 

     Қазіргі кезде вирустар көбіне интернетті пайдаланған кезде компьютерге жұғады.Олардан қорғану мақсатында әр түрлі бағдарламалар шығуда. Сол бағдарламалардың бірі КZ Серт қызмет көрсету бағдарламасы. КZ Серт Қазақстандағы қауіпті инциденттерге қарсы қызмет орталығы.2010 жылдан басап құрлды.(5 минут)

    Сергіту сәті (тренинг-Мюнстерберг әдістемесі)

Әріпті мәтін ішінде сөздер бар. Жылдам оқи отырып, сол сөздердің астын сызу қажет. Тапсырманы орындауға 2 минут уақыт беріледі.

    иорпгнңүбейнегкнаиаіңңғүңсуреттшсұқүгешпламониторрпокаұқмгнен

    фяычвсатүсмпипңұіңрыорртоълбэкрандюжюэъхзщшгнграфикецйәің

    әңіғүқөъсимволхзшнгекцуйцфыыпрдюймаопрдлождэюббиткөрумил

    іңғіәңүңікпикселъргклвиорынокөздқуповмъвавдоъддисплейдқұңтме

 

    бейне,сурет,монитор

    түс,экран,график

    символ,дюйм,көру

    пикселъ,көз,дисплей

 

 Анаграмма ойыны.    5 (минут)

Аз ғана уақыттың ішінде мына сөздерді дұрыс атап көрсету керек. Оқушыларға жеке-жеке таратамын.

1.     РЯНОТ-ТРОЯН

2.     ГТАРФА-ФАГТАР

3.     РРЕВЗИО-РЕВИЗОР

4.     ТРТЕКЕДО-ДЕТЕКТОР

5.     ММПРРГОАА-ПРОГРАММА

6.     РМААТКСРУОВИР-МАКРОВИРУСТАР

 

V. Жаңа білімді бекіту. (10 минут)

Сөзжұмбақты шешу.

 1.Вирустардан қорғайтын программа. Антивирус

 2.Вирустарды тауып қана қоймай, оның кодасын жұқпалы  бағдарламадан жоятын бағдарлама. Ревизор

3. Бағдарламаларды  зақымдайтын шағын бағдарлама. Вирус

4. Бағдарламалық  құралдар кешеніндегі қателіктерді пайдаланатын     вирустар? Ұстауыш

 5. Компьютердің жедел жадында орналасқан, вирусқа қарсы бағдарлама? Сүзгі

 

 VI. Қорытынды.  Тест сұрақтарына жауап беру. (5 минут)

 

1.Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар?

                                 Компьютерлік бомбалар

                                 Компьютерлік вирустар

                                 Программалық вирустар

 

 

2.Ішінде вирус табылған программа?

                                 Емделетін

                                 Көрінбейтін

                                 Бүлінген

 

3.Мекендеу ортасына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?

                                 5

                                 3

                                 2

 

4.Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан жұғатын вирус?

                                 Файлдық

                                 Жүктейтін

                                 Макровирустар

 

5.Макровирустар....

                                 Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады

                                 Операциялық жүйені жүктегенде жұғады

                                 Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі

 

6.Жұмыс логикасына және мақсатына қарай?

                                 Логикалық бомбалар,құрттар,троян аттары,ұстауыш вирустар

                                 Бейсауат,насихатшы,мағынасыз,шантаж жасаушы

                                 Жүктейтін,макровирустар

 

7.Қазіргі кезде шамамен неше вирус түрлері бар?

                                 45 000

                                 10 000

                                 25 000

8.Мақсатына қарай вирустар:

                                 Логикалық бомбалар,құрттар,троян аттары,ұстауыш вирустар

                                 Бейсауат,насихатшы,мағынасыз,шантаж жасаушы

                                 Жүктейтін,макровирустар

 

9.Қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып,соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындайды.

                                 Троян аттары

                                 Құрттар

                                 Логикалық бомбалар

 

10.Программалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланатын вирустар?

                                 Троян аттары

                                 Ұстауыш-вирустар

                                 Логикалық бомбалар

VI I. Үй тапсырмасы

1.Балапанов Информатикадан 30 сабақ (112-115 беттер)

Компьютерлік вирус және антивирустар.

 

VIII. Бағалау.

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне және біліміне қарай бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Компьютерлік вирустар және антивирустар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға компьютерлік вирустар жайлы түсінік бере отырып, олардан антивирустардың көмегімен қалай қорғануға болатындығы жайлы мәлімет беру.   Міндеті:   Білімділік: Оқушыларды «Компьютерлік вирус» ұғымымен, негізгі қызметімен, түрлерімен таныстырып, жұмыс істеу ережесін меңгерту.   Дамытушылық: Компьютерлік вирустар туралы түсінік бере отырып, ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.   Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.   Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.    Сабақтың әдісі: Жеке оқушымен.   Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулықтар, таратпа карточкалар, тест тапсырмалары, вирусқа қарсы дискілер    Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысуын, дәрісхана тазалығын  қадағалау (2 минут)    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (20минут) 1.     Операциялық жүйе дегеніміз не? Не үшін қажет? Жауабы: Ол адамның компьютерлік жүйемен әрекеттесуін қамтамасыздандыратын арнайы бағдарлама. Операциялық жүйе компьютерде орнатылған барлық жүйелер мен бағдарламалық жасақтамалардыбасқару үшін қажет. 2.     Жүйе параметрлерін баптау үшін шақырылатын терезе? Жауабы:   Жүйе параметрлерін баптауды орындау үшін басқару панелі (Панель управление) шақырылады.   3.     Windows жүйесіндегі маңызы зор буфер? Жауабы:   Windows операциялық жүйесінде себет (корзина) өте маңызды роль атқарады-бұл жойылған файлдар жиналатын буфер 4.     Проводник дегеніміз не?  Жауабы:   Файлдар диспетчерлерінің категориясына жататын қызметші бағдарлама.   Тапсырмалар орындау.   1.     Басқару панелін пайдаланып, күн мен уақытты баптау 2.      Басқару панелін пайдаланып, Windows операциялық жүйесінде тілді баптау.   ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.(5 минут) Оқушыларға  карточка тарату ақылы сұрақтарға жауап береді.   І V. Жаңа сабақ.(30 минут) Сонымен компьютерлік вирустар дегеніміз не? Алғаш рет «компьютерлік вирустар» деген термин ХХ ғасырдың 80 – ші жылдардың орта кезінде Америка Құрама Штатарында пайда болған. Бірақ «компьютерлік вирус» терминіне айқын анықтама берілген жоқ. Сол кездердің өзінде – ақ «компьютерлік вирустар» деген ұғымды электрондық есептеуіш машиналарды қатардан шығарып, жұмысын тоқтатын қатерлі «талқандаушы» деп түсінді.Қазіргі кездің өзінде компьютерлік вирустардың 45 мыңға тарта түрі белгілі болып отыр. Компьютерлік вирустардың 1997 жылдан бастап күннен – күнге мөлшері артып барады.Сондықтан әрбір компьютермен жұмыс істейтін адам компьютерлік вирус және оның түрлері туралы білген жөн. Сонымен компьютерлік вирус дегеніміз не? Компьютерлік вирустар дегеніміз - өздігінен өз көшірмесін жасай алатын, оны әр түрлі объектілерге және компьютерлік жүйелер мен компьютерлік желілерге енгізе алатын, тағы басқа зиянды іс - әрекеттер істей алатын қабілеті бар кішігірім программа.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 114 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.04.2014 10799
    • DOCX 379 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сыздыкбаева Нургул Алжаппаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35413
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 718 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек