Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта кеңістіктерін ұйымдастыру

Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта кеңістіктерін ұйымдастыру



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_1e30c6ac.gifhello_html_61f84577.gifhello_html_m1a4738e9.gifhello_html_m7c0baa39.gifhello_html_5e6e4302.gifhello_html_m1b7b6194.gifhello_html_6aabfac0.gifhello_html_69f2b725.gifhello_html_m17dd61f1.gifhello_html_m27bdfec3.gifhello_html_4444688b.gifhello_html_253a97ef.gifhello_html_7f4d3c15.gifhello_html_m1cae23ac.gifhello_html_58da5b46.gifhello_html_7510ee13.gifhello_html_1ffc1cdb.gifhello_html_32e33e92.gifhello_html_29a33d32.gifhello_html_m1bb31837.gifhello_html_5dd038aa.gifhello_html_m5006750d.gifhello_html_m3993495b.gifhello_html_m3b036729.gifhello_html_6579b479.gifhello_html_m6e67941c.gifКіріспе

Қазіргі таңда жан-жақты жетілген, білімді азамат дайындау – қоғам алдындағы үлкен міндет. Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік берді. Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп, оны тиімді пайдаланып, балаларға сапалы білім беру, жан-жақты дамыған бүлдіршіндерді тәрбиелеу - біздің басты мақсатымыз. Осы мақсатты іске асыру барысында біздің балабақшамызда «Тәй-тәй» технологиясын пайдаланып жұмыстанудамыз. «Тәй-тәй» технологиясының негізін салған Джорж Сорос. Бұл технологияның негізгі ерекшелігі – орталықтарға бөлініп, шағын топпен жұмыс атқару. Яғни балаларды бірін-бірі сыйлауға, бір-бірінің сөзін тыңдауға, ынтымақтастықта болуға дағдыландырады.


«Тәй-тәй» инновациялық технологиясы



Мақсаты

Талабы




балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын арттыра отырып, баланың жан-жақты дамуына, жаңалықты тез қабылдауына әсер ету.

балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту болып саналады.











ҰОІӘ-не, шараларға бірлесіп қатысуы



Оқыту мен тәрбиелеуде балаға жеке тұлға ретінде қарау






Негізгі міндеттері





Балалардың іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігі

Отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысы





Белсенділік және дамытушылық орталықтарының жеткілікті болуы





«Тәй-тәй» технологиясы бойынша балалар үшін әр жұмыс күні таңғы жиыннан басталады. Таңғы жиын балалардың ертеңгілік жаттығу жасау,бір-біріне тілек айту, жағымды әуен тыңдау түрінде өтеді. Таңғы жиыннан кейін негізгі орталықтардағы жұмыстар басталады. Орталықтардағы жұмыстар тәрбиешілерден үлкен жауапкершілікті және шығармашылықты қажет етеді. Әр түрлі орталықта жұмыс жасау кезінде балалардың өздерін әр қырынан көрсете отырып жұмыстануы, олардың танымдық қабілеттерін дамытуы арқылы білімдерін шыңдай түседі. Біздің балабақшада әр топтың ішінде ғажайыптар, өнер, саяхат, көркем әдебиет, тіл дамыту, қызықты математика, құрылыс және ғылыми орталықтары жұмыс істейді. Әр орталықта 6-8 баламен жұмыс жүргізіледі. Мысалы, көркем әдебиет орталығында балалар ертегілер тыңдаса, өнер орталығында тыңдаған ертегісінің ішінен өздеріне ұнаған кейіпкердің бейнесін салады. Сонымен қатар математика, құрылыс орталықтарында балалардың логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту үшін белгілі бір нәрсені құрастыру, ойындар, қызықты тапсырмалар беріледі. Орталықтарда белгілі бір уақыт мөлшеріндегі жұмыстан кейін балалар алмасып, басқа орталықтарға барады. Балаларға ауысатын уақыт жақындағанын, олардың жұмыстарын аяқтап, ауысуға дайындалу қажеттігін естеріне салынады. Ауысудың уақыты жеткен мезгілде сылдырмақ дыбысымен немесе қол шапалақтау сияқты белгілер беріледі.

Орталықтағы көрнекі құралдарды мазмұнды, суреттердің ертегі кейіпкерлерінің, қуыршақ театры, түрлі ойыншықтардың, үйлестірмелі құралдардың жеткілікті болуы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізуде тиімді нәтиже береді.

Қазіргі заман философтары «орта» деген сөздің мағынасын жеке мінез құлық пен қоршаған ортаның тығыз байланысының системасы деген тұрғыда қалыптастыруда. Дамытушы, тәрбиелеуші ортада сәби жеке тұлға ретінде қалыптасады және бұл қалыптасу социумның модулі болып табылады.

Дамытушы орта кеңістіктерінің мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейіне әсер беру мақсаттары:

  • Балаларды дамытушы орта арқылы өмірдің қыр-сырын таныту және біліктілігін жан-жақты дамыту;

  • Тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыру барысында күнделікті өмірдегі дағдыларының құзыреттілігін байыту, жетілдіру;

  • Дербес қимыл әрекеттерін қолдау, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің қалыптасуына жан дүниесінің тазалығына, ұқыптылығына тәрбиелеу;

  • Тәрбие жұмысының тақырыптары бойынша білім-білік дағдыларын түсіндіру;

  • Баланың меңгерген білімін бақылау, бағалау;

  • Үйренгендерін күнделікті өмірде қолдануы;



  1. Мектепке дейінгі балалардың құзыреттілігін дамытудағы заттық – дамытушылық ортаның рөлі

Заттық – дамытушылық баланың әрекетін ынталандырушы, бағыттаушы, дамытушы фактор есебінде қарастырылады. Ол белсенділік, бақылаушылық сапалардың және кең мағынада жеке тұлғаның дамуына әсер етеді.

Ашықтық

Тұрақтылық- динамикалық


Заттық – дамытушылық ортаны құруда мынадай қағидалар ұсталады




Көпатқарым дық

Икемді аймақтандыру

шылық






Заттық – дамытушылық орта балалардың жасы мен даму деңгейіне және олардың әрекетіне тікелей тәуелділіктен табылады. Топтағы дамытушылық ортаның мақсаты ақпараттандырылуы, сол немесе басқа үдерістің бейнесін жасайды, қоршаған орта мен баланың арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Заттық – дамытушылық ортаның барлық компоненттері мазмұы, көлемі, көркемдік шешімі бойынша өзара байланысты. Балабақшаның әртүрлі жас топтарындағы заттық - дамытушылық ортаны ұйымдастыра отырып педагогтар балалардың ойын әрекетін дамытудың кезеңдік ерекшелігін, тәрбиенің жеке тұлғалық – бағытталған моделі қағидасын есте ұстаулары керек.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық – дамытушылық орта белгілі талаптарға жауап береді: бұл бәрінен бұрын баламен тақырыпқа, ойын желісіне, сол немесе басқа ойыншықтарға, ойынның орны мен мерзіміне еркін жету. Балабақша топтарында заттық – дамытушылық ортаны ұйымдастыру кезінде күрделі, көп жоспарлы және жоғары шығармашылық әрекет қажет. Заттық – дамытушы ортаны құру кезінде келесідей қағидаттарды басшылыққа алу қажет:

  • Ортаның жартылай функционалдығы: заттық - дамытушы орта көптеген мүмкіндіктерді ашып, тәрбиелеу - білім беру үдерісінің барлық құраушыларын қамтамасыз етуі тиіс, осы мағынада көпфункционалды болуы тиіс;

  • Ортаның жартылай функционалдығымен байланысты оның түрленуі бұл жағдай бойынша бірінші орынға кеңістіктің қандай да бір функциясын шығаруға мүмкіндік беретін өзгеру мүмкіндігі;

  • Кеңістікті икемді және вариативті қолдану қажет. Орта баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс.

  • Топтың заттық – дамытушы ортасы балалардың жас ерекшеліктерін, оқу кезеңі мен білім беру бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс.

Балалардың өз бетімен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін төмендегілердің болуын қарастыратын дамытушы-заттық ортаны құру қажет.

Өнімді іс-әрекеттерге арналған материал



Оқшаулану зонасы





Заманауи ойыншықтар

Табиғат бұрышы




Заттық – дамытушы орта


Дамытушы ойындар

Эксперимент жасау бұрышы




Дидактикалық және көрнекі материалдар


Ойын зонасы




Спорт құралдары мен жабдықтары

Шығармашылық іс-әрекет үшін атрибуттар





Заттық орта мектепке дейінгі ұйымдарда іске асырылатын бағдарламаға сәйкес жобалануы тиіс. Бұл ретте педагог топтың ерекшеліктерін ескеруі, жалпы балалар тобын және әр баланың дербес ерекшелігін, олардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен тілектерін білуі тиіс. Баланың заттық әлемінде ойыншық ерекше орынға ие. Ол ойынға дос, әріптес, әңгімелесуші болып келеді. Қуыршақ терапеясы сенімсіздікті, ұялшақтықты жеңу мен өзін-өзі реттеу сияқты маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.


C:\Users\postal\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\WP_20160209_11_23_58_Pro.jpgC:\Users\postal\Desktop\Дамытушы орталық\WP_20160210_17_02_36_Pro.jpg


C:\Users\postal\Desktop\Слаиды\ясмина\фото2152.jpgC:\Users\postal\Desktop\Слаиды\ясмина\фото2170.jpg

  1. Балабақшада пәндік дамыту ортасының қызмет жағдайы

Мектепке дейінгі ұйымда оқу-тәрбие жұмысының басты шарты – пәндік дамыту ортасын құру болып табылады.

Дамыту ортасы деп пайдалы ұйымдастырылған, әртүрлі материалдармен толықтырылған, арнайы жабдықталған жайлы жағдай деп түсіну керек. Мұндай ортада барлық топ балаларын танымдық шығармашылық іс-әрекетке бір уақытта белсенді араластыруға болады. Дамыту ортасын құра отырып, біз топтардағы балалардың ерекшеліктерін ескереміз.


Пәндік дамыту ортасын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:




Әрбір жас ерекшелігіндегі топтарда өз бетімен мақсатқа бағытталған белсенді іс - әрекетке жағдай жасау (ойын, бейнелеу, сахналау)




Даму ортасындағы пәндердің жан-жақтылығы, топтың ішінде қажетті балаларға оның дамуына қажетті ықпал ететін материалдар ғана болуы тиіс.







Ұлдар мен қыздардың қызығушылығына сәйкес даму ортасы мазмұнды құру.





Барлық жас ерекшелігіндегі топтарда демалуға жайлы орындар белгіленген.






Дамыту ортасындағы пәндерін орналастыру және ұйымдастыру балалардың қажеттілігі мен жас ерекшеліктеріне сәйкестендірілген. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі үш қажеттілігі бар. Қозғалыста, қарым - қатынаста, танымдық.






Балалардың дамыту ортасы ОЙЫН ОРТАСЫ

1.     Сюжетті-рөлдік ойындарға арналған ойын құралдары,

2.     Режиссерлық ойындарға арналған құралдар:

3.       Көпжақты текше;

4.       Үлгілер (үй, гараж, карта-кесте, ойын аймағы және шымылдық);

5.        Шағын көлемдегі кейіпкерлердің жиынтығы;

6.      Ертегілердегі жануарлар;

Ерте жас сәбилер тобының балалары ірі ойын жабдықтарын ұнатады, сонымен қатар ол жабдықтар көзге тартымды, ашық түсті болғаны дұрыс. Әр тәрбиеші педагогтың негізгі міндеті: топқа келген әр сәбиге топ ішінде толыққанды өмір сүруіне, жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызу. Топ табалдырығын аттаған әр сәби өзінің кішкентай ғана алақанын тәрбиешінің аялы алақанына сала отырып, тәрбиешінің көмегімен айнала қоршаған әлемге сеніммен қарап, құшағын айқара ашады, өзінің қылығымен ересектерді сүйсіндіріп таңқалдырады.


C:\Users\postal\Desktop\Дамытушы орталық\WP_20160210_17_02_13_Pro.jpgC:\Users\postal\Desktop\Дамытушы орталық\WP_20160210_17_01_50_Pro.jpg


F:\нургуль\IMG-20151202-WA0003.jpgC:\Users\postal\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\WP_20160209_14_51_34_Pro.jpg


САУАТТЫЛЫҚ ОРТАСЫ Әдеби орталық

1.     Осы жастағы балалардың оқуына арналған кітаптар:

-         халық ауыз әдебиетінің шығармалары,

-         қазақ, орыс халықтарының және әлем халықтарының ертегілері,

-         қазіргі заманғы авторлардың шығармалары (әңгімелер, ертегілер, тақпақтар).

2.     Осы топтың сүйіп оқитын кітаптары.

3.     Мерзімді әдебиеттер.

4.     Қолға берілетін әдебиеттер қоры.

5.     Ауызша шығармашылық (балалар жасаған жұмбақтар, әңгімелер альбомы)

6.     Балалардың ермегі

C:\Users\postal\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\WP_20160210_13_46_15_Pro.jpgC:\Users\postal\Desktop\Дамытушы орталық\WP_20160209_15_11_19_Pro.jpg


Тіл шығармашылық орталығы

Тіл дамыту құралдары мен ойындары және оқу мен жазуды үйренуге баланы дайындау.

1.     Коллаж – түрлі суреттер, әріптер, сандар қойылатын немесе жапсырылатын қатты қағаз беті.

2.     Үстел ойындары.

3.     «Сиқырлы кітап» (балалардың айтуымен құрастырылады және әсемделеді).

Сахналандырылған іс-әрекет:

1.     Сүйікті ертегілерді сахналауға қажетті қалпақ, бетперделер.

2.     Қуыршақтар театры.

3.     Қолдан жасалған ойыншықтар театры.

4.     Саусақ, қолқап театры.

5.     Қатты қағаздан қиылған бейнелер театры

6.     Көлеңкелі театр

7.     Әсем бұйымдар бұрышы (моншақ, білезік, орамал)

8.     Сахналау және режиссерлік ойындарға арналған құралдар

9.     Кесінді суреттер мен жапсырма суреттері бар кітапшалар

10.   Кесілген суреттер ойындары.

C:\Users\postal\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\WP_20160210_13_38_22_Pro.jpghttp://img.detstvo.ru/baraholka/original/2010/09/13/a0f42ff0f910a4e7dd614d931327e74e.jpg


C:\Users\postal\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\WP_20151126_16_53_17_Pro.jpgC:\Users\postal\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\WP_20160209_15_06_18_Pro.jpg


ҒЫЛЫМИ ОРТА

Балалардың тәжірибе жасауы

1. Бөлімдер бойынша материалдар: құм және су, дыбыс, магнит, қағаз, шыны.

2. Көмекші құралдар: үлкейткіш шыны, құм сағат, микроскоп.

3. Түрлі пішінді және көлемді ыдыстар

4. Өлшеуші қасық (балалар тағамынан)

5. Сүзгі мен су құйғыш

6. Түрлі көлемдегі резеңке

7. Сабын салғыштың бір бөлігі

8. Мұз салғыш қалып

9. Резеңке қолғаптар

10. Медициналық материалдар (доғал тамызғыш, инесіз піскек, жұмыр шыны, ағаш таяқшалар)

11. Пластикалық немесе резеңке түтікшелер, коктеил ішетін түтікшелер

12. Гигиеналық, қауіпсіз балалар сусабыны,жұпар иісті ерітінділер

13. Көпірткіш, араластыруға арналған ағаш қалақшалар

14. Йогурт, қаймақтардан босаған түрлі-түсті стакандар және жайпақ табақшалар

15. Лупалар

16. Алжапқыштар

17. Тұтқыштар

18. Щетка, қалақ, шүберек

19. Түрлі қағаздар

20. Басқа да заттар: әуе шары, май, балауыз шам

21. Табиғи материалдар

22. Жарамсыз материалдар (тері, ағаш қиындылары, кішкене бұранда)

23. Тәжірибе жүргізуге арналған кестелер

24. Шартты белгілер, рұқсат етілетін және тыйым салынатын белгілер (жұмыс тәртібі бойынша тәжірибе бұрышында)

25. Келбеті түрлі әсеррлі жағдайларға сәйкес жасалған кейіпкерлер

C:\Users\postal\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\WP_20160209_14_51_15_Pro.jpg


Табиғат бұрышы

1.     Жасанды және бөлме өсімдіктері

2.     Аквариум

3.     Сәндік құстар мен сүтқоректілер

4.     Мерзімді өсімдік түрлері

5.     Еңбек орыны

6.     Бақылау күнтізбесі

7.     Табиғат күнтізбесі

8.     Үлгі пішіндер

9.     Жыл мезгілінің үлгісі

C:\Users\postal\Desktop\Дамытушы орталық\WP_20160209_14_58_31_Pro.jpg C:\Users\postal\Desktop\Дамытушы орталық\WP_20160210_16_59_48_Pro.jpg


Құрылыс құрастыру ойын орталығы  

1.     Түрлі тәсілдермен бөлшектерді бекіту құрастырмалары.

2.     Кескін, суреттер, альбомдар, карталар.

3.     Ойынға қажетті материалдар мен құралдар.

C:\Users\postal\Desktop\Дамытушы орталық\WP_20160210_17_02_13_Pro.jpg C:\Users\postal\Desktop\Дамытушы орталық\WP_20160209_14_39_58_Pro.jpg


ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА ОРТАЛЫҒЫ

1.     «Ғажайып қапшық» ойыны.

2.     Геометриялық фигураларды, заттарды түсіне, көлеміне қарай салыстыру және 1-2 белгілеріне қарай топтау (мысалы: үлкен себетке – үлкен доптар, қызыл қорапқа – қызыл текшелерді)

3.     Геометриялық фигураларды, заттарды түсіне, көлеміне қарай қатарға кезектестіріп қою ойыны.

4.     Моншақтарды жіпке тізу, көлеміне қарай кезектестіру.

5.     Геометриялық фигураларды түсіне, көлеміне қарай арнайы құралдар арқылы атын атап, айыра білуге арналған үстел ойындары.

6.     Геометриялық мозайка.

7.     3-4 сақинадан тұратын бірдей және түрлі көлемдегі пирамидалар.

8.     Түрлі өлшемдегі және түрлі қажеттіліктегі киімдер бөлігі.

9.     Жүйелі іс-әрекетте берілген алгоритмді ойындар.

10.   Көлемдік, сандық, пішіндік қатынастарды игеруге арналған ойындар.

C:\Users\postal\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\WP_20160209_15_05_46_Pro.jpg


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ (СПОРТ)  

1.     Спорт кешені.

2.     Шағын дене шынықтыру бұрыштары.

3.     Ойын құралдары.

   C:\Users\postal\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\WP_20160209_14_33_32_Pro.jpgC:\Users\postal\Desktop\Дамытушы орталық\WP_20160209_14_33_44_Pro.jpg

СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫНДАР ОРТАЛЫҒЫ

1.     Дәрігер – қызыл кресті бар телпек, халат, қажетті құралдар.

2.     Жүргізуші – қауіпсіздік белдігі, шлем, қолқап, түрлі саймандар көшірмесі, жанар май колонкасы, басқару тұтқасы.

3.     Аспазшы – телпек пен алжапқыш, ыдыстар, тағамдар.

4.     Ұшқыш – арнайы бас киімдер, қажетті құралдар, түрлі тетіктері бар басқару құралы.

5.     Машина жүргізуші – бас киімі, құрал-сайманы, басқару тетігі.

6.     Шаштараз – халат, тарақтар, қайшылар, леген, сусабын, иіссу, сабын, сүлгі.

7.     Теңізші, капитан – арнайы бас киімдер, жаға, дүрбі, арқанымен зәкір, жалаушамен діңгек, суға батырмайтын дөңгелек.

8.     Ғажайып заттар жәшігі – қалпақтар, бобина, шарғы, түтікше, текше, діңгекшелер, цилиндр, кегли, таяқшалар, қоңырау, сөндіргіш, қақпақтар, фанер, поролон бөлшектері, жіптер, түрлі-түсті қиындылар.


C:\Users\postal\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\WP_20151218_16_26_24_Pro.jpg C:\Users\postal\Desktop\Дамытушы орталық\WP_20160209_14_51_41_Pro.jpg


  1. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде дамытушы орта кеңістігін ұйымдастыру

Мектепке дейінгі ұйымдардың маңызды міндеті әр баланың шығармашылық қызметін қамтамасыз етуге, балаға өзін толық жетілдіруге және өзінің белсенділігін көрсетуге, балалармен дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу жұмысының дамытушы әсерін арттыруға және педагогикалық үдерісті жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымда дамытушы ортаны құру арқылы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отандық педагогика және психологияның бай тәжірибесі жинақталған: мектепке дейінгі және ерте жастағы балалар үшін дидактикалық құралдар және дамытушы ойыншықтар жүйесін құрылған.

Мектепке дейінгі мекемеде ұйымдастырылған дамытушы орта (топта) әр балаға тұлғаның қандай да бір қасиетін иеленуге, жан-жақты дамуына теңдей мүмкіндік береді.

Дамытушы орта - бұл баланың мақсатын және міндеттерін шешетін ізденіс алаңы. Балабақшада білім беру және заттық іс-әрекет ортасы ынталандыратын, өзіндік-практикалық және бес білім саласының мазмұнына жауап беруі тиісті. Ортаның мәні маңызды, өйткені ол баланың табиғи қасиетін табуға, жеке тұлғаны қалыптастыруға, баланың дамуына әсер ететін құрал.

Қарым-қатынас жасауда мінез-құлықтың

негізгі ережелер нормаларын білуі

Дамытушы орта арқылы жеке тұлға қалыптастыру жолдары

Өзін-өзі көрсетуі, басқаруы

Өз ойын тұжырымдауы


Жауапкершілік,қамқорлық

сезімінің оянуы




Өзіне - өзі баға беруі

Бір-бірімен қарым-қатынас жасау

Елестету, қиял болжамдарының дамуы

Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы дамытушы кеңістігінің ұйымдастырылуына байланысты ойналуынан туындайды. Осындай негізігі бағыттарды іске асыру үшін балабақшада дамытушы орта кеңістігін жаңартып, толықтырып, түрлендіріп отыру керек. Балабақшада дамыту орталығын құру бала мен үлкендер арасындағы тірек болып табылады. Ортаны құру стратегисясы мен тактикасы осы қалыптың ерекшеліктерімен байқалады.

Қорытынды

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің басты міндеті балалардың эмоцианалды жайлылық және психологиялық қорғаныс сезімін туғызу. Балабақшада бала өзін сүйкімді,әрі қайталанбас тұлға ретінде сезінуі тиіс. Сондықтан тәрбие процесі жүретін орта маңызды болып табылады. Осы баяндамамда балабақшадағы дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында тиіс ең маңызды сәттерге назар аударуға тырыстым.

Жалпы алғанда «Тәй-тәй» бағдарламасы баланы жан-жақты дамыту және ата-анамен тығыз байланыс орнату секілді жұмыстарда жақсы нәтижелер көрсетуде.

Біздің «Асылай» бөбекжай балабақшасында мектепке дейінгі баланың дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Тәрбиелеу мен оқытудың жаңа түрлерін қолдану, көп іздену, дайындалу, қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білу әр тәрбиешінің негізгі мақсаты. «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

  1. Оқу жылы басында топтарды безендіру, орталықтарды толықтыру, жаңарту, топқа қажетті құралдар мен ойыншықтар, ойын алаңы мен учаскілері тазалау, беседкаларды сырлау, қажетті құралдармен толықтыру, ата-жиналыстары, ертеңгіліктер ұйымдастырылды.

  2. «Шынықсаң шымыр боласың», «Әкем, шешем және мен» спорттық ойындары, «Күзгі думан», «Жасыл шырша жанында» сияқты тәрбиелік шаралар жүргізілді.

  3. Балабақша ішілік «Саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру» тақырыбында семинар өткізілді.

  4. Күннің екінші жартысындағы жұмыстар, атап айтсақ серуен, вариативтік компоненттер уақытылы жүргізілуде.

  5. Балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін: жеке жұмыстар, саяхаттар, жарыстар, ертеңгіліктер, балаларға арналған бағдарламалар мен мультфильмдер көрсетіледі.

  6. Балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында бақша ішілік «Айгөлек» фестивалі өткізіліп, жақсы өнер көрсетіп ерекше ықыласқа ие болған жұмыстарды аудандық «Айгөлек» балалар шығармашылығы фестиваліне қатысуға жолдама алуға жұмыстанамыз.

Мектепке дейінгі ұйымда дамытушы орта кеңістігін ұйымдастыру әр баланың өзінің дамуына, отбасының, оның тұрмысының, мәдени таңдаулардың ықпалын сезінеді. Бүгінгі таңда өзім қызмет ететін балабақшада балалардың табиғатқа ондағы тіршілік иелеріне деген қызығушылығын байқадым. Алдағы уақытта балабақшамызда тірі табиғат бұрышы, жылыжай орталығы ашылып тәрбиешілердің шығармашылығын жетілдіру жұмыстары жүргізілсе деп ойлаймын. Балабақша әдіскері ретінде жұмыс кестеме сай әр топтағы дамытушы орта жайы, оның дұрыс жасақталынып, уақытылы жаңартылып отыруын қадағалаймын. Бақылау соңында сараптама жүргізіп отырамын.


Түйін сөз

Мектепке дейінгі баланың жеке басын және танымдық процестерін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын және тұтастай алғанда айналадағы әлеммен өзара іс-қимылын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты.



Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. [А.Қ. Тусупова. Балаларды ерте жастан дамытуға арналған заттық -дамытушы ортаны ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана, 2015]

  2. [«Бала мен балабақша» республикалық педагогикалық журнал №11, 2011]

  3. [«Мектепке дейінгі білім-тәрбие әдістемесі» №1, 2015]

  4. [«Балдырған» бағдарламасы жоспар 2013 ж]





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров1560
Номер материала ДВ-446530
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх