Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / : Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – отансүйгіштік және көпұлттылық мектебі, әскери анттың әскери қызметкерлерге қоятын талабы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

: Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – отансүйгіштік және көпұлттылық мектебі, әскери анттың әскери қызметкерлерге қоятын талабы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін

библиотека
материалов

Сабақ жоспары

Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ№_____ «10»а-сынып Күні___________ж

Тарау: Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының

тәуелсіздігін қорғауда

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – отансүйгіштік және көпұлттылық мектебі, әскери анттың әскери қызметкерлерге қоятын талабы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рәміздері, әскери бөлімнің туы.
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын және Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін ұғындыру.
Тәрбиелік: Патриоттық сезім қалыптастыру Отанға жауапкершілікті тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойллау қабілетін, фантазия, Қазақстан қарулы күштерінің құрылуы түсініктерін дамыту.

Оқытушылық: Қазақстан қарулы күштерінің құрылуы.

Қолданылған әдебиеттер: АӘД оқулығы.

Өткізілетін орны: АӘД кабинеті.

Уақыты: 45 минут.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
- «Бастапқы әскери даярлық» сабағының мақсаты қандай?
- «Бастапқы әскери даярлық» сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сәйкес жүргізіледі?
- «Алғашқы әскери дайындық» оқулығы қандай бөлімдерден тұрады?
б) Негізгі бөлім – 25 минут.

ҚР-ның егемендігі мен тәуелсіздігінің негізгі белгілері, мемлекеттік құрылымы. ҚК-дің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі және әскери саясаттың жалпы принциптері. ҚК-дің даму кезеңдері және олардың негізгі міндеттері. 
Қазақ халқының ежелгі арманы жүзеге асып, ҚР тәулсіздікке ие болды.
Қазақстан Республикасы Конституциясына (ҚРК) сәйкес, барлық азаматтарға тең құқықтық берілген, түрлі ұлт өкілдерінің бірге бейбіт өмір сүруі үшін заңдық негіз жасалған. Сондықтан ҚР – онда тұратын барлық қазақстандықтардың мемлекеті. ҚРК бойынша мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халық болып табылады. Халыққа мемлекеттің ішкі саясатын анықтауға бірден-бір құқық берілген. Конституцияда ҚР президенттік басқару нысандағы біртұтас мемлекет екендігі жазылған. Мемлекеттің біртұтастығының мәні Қазақстан әкімшілік-аумақтық бірліктерден тұрады және құрылысы жағынан автономияларға бөлінбейді.Қазақстан халқы дауыс беру (референдум), талқылау, Парламент депутаттарын төте және жанама сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады.
ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары.
ҚР-ның мемлекеттік құрылымының негізгі белгілері: тұтастығы жарияланған өз аумағының қол сұғылмауы мен бөлінбеуі; жергілікті және жоғары мемлекеттік органдарының болуы; халық, Парламент, Президент, Үкімет қабылдайтын Конституциясы; өз заңдары; өзінің азаматтығы; ҚР-ның дүние жүзі мемлекеттері жүйесіндегі тең құқылық орны.
Мемлекет басшысы – Президентті ҚР-ның азаматтары сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатынның негізгі бағыттарын анықтайды, елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік етеді.
Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғары үкімет органы Парламент болып табылады. Парламент екі палатадан – Мәжіліс пен Сенаттан тұрады. Мәжіліс депутатарын азаматтар тікелей сайласа, Сенат депутатарын мәслихат депутаттары сайлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметі (ҚРҮ) ел көлеміндегі атқару билігін жүзеге асырады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады. Оған министрліктер, мемлекеттік комитеттер, комиссиялар, бас басқармалар енетін орталық орган, сондай-ақ облыстық, қалалық аудандық, ауылдық әкімшіліктер кіретін жергілікті атқару органдары енеді. Атқарушы органдардың өкілеттілігі заңда, сондай-ақ тиісті құжаттарда айқындалады.
Қазақстан елінің тарихи қалыптасқан аумағы Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан-мен шектеседі. Мемлекет аумағы бөлінгісіз және оған қол сұғылмайды. Мемлекет аумағына басқа мемлекеттің басып кіруі агрессия болып саналады, ол халықаралық құқық бойынша айыпталады.
«ҚР-ның мемлекеттік шекарасы туралы» заңы бойынша, біздің мемлекетіміз өз аумағын құрлықта, суда және әуе кеңістігінде ҚК арқылы қорғайды. Қазақстан шекарасын шекара әскері қорғайды. Егемен мемлекет ретінде ҚР-ның рәміздері -Елтаңба, Ту, Гимн. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиіс. 
Қазақстанның әскери саясатының жалпы принциптері мынадай:
- жанжалды жағдайларды реттеуде оны тек қана бейбіт жолмен, халықаралық құқық шеңберіндегі келіссөздер шеңберінде шешу;
- жер бетіндегі қарулануға жанталаса ұмтылуды тежеуге және оны ғарышқа жібермеу;
- әлемдік қаумдастықтағы барлық мемлекеттердің қарулы күштерін тек қорғанысқа жетерліктей дәрежеде кезеңмен қысқарту;
- жаппай қырып жоятын қарудың барлық түрін өндіру мен сынауды қысқарту, бірінші кезекте ядролық қаруды толық жою; жаппай қырып жоятын қару-жарақты өндіруге қолданылып жүрген жаңа технологияны өндіруге тиым салу; 
- жаппай қырып жоятын қару-жарақты жасауға және таратуға қажетті материалдар мен технологияны шетке шығаруға және басқаларға беруге тиым салу; 
- химиялық қаруды жою;
- әскери әрекеттер мен сенімділік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған шараларды жүзеге асырудағы өзара бүкпесіздік;
- әскери-саяси одақтарды халықаралық қауіпсіздіктің біртұтас жүйесі мен жаңа ұжымдық құрылымына жеткізу.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі - әскери қауіпсіздік болып саналады, ал оны қарулы күштерсіз құру да, ұймдастыру да мүмкін емес.
Әскери қауіпсіздік – елдің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне соғыс сипатындағы нақты және мүмкін болатын қол сұғу мен қауіп-қатерден еліміздің ұлттық мүддесінің қорғану жайы. Сондықтан ел Президенті ҚР ҚК-ін құруға аса үлкен көңіл бөлді. Президенттің 1992жылғы 7мамырдағы «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, оның құрамына әскери бірлестіктер, құрамалар, бөлімдер, мекемелер, ұйымдар мен полигондар, сондай-ақ біздің еліміздің аумағында орналасқан Достастық елдерінің Біріккен ҚК-нің әскери мүліктері де енгізілді.
1993 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «ҚР ҚК мен қорғанысы» туралы 2005 жылғы 8 шілдеде қабылданған «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», 1993 жылдың 20 қаңтарында қабылданған «Әскри қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы» заңдар пакетіне сәйкес, біздің мемлекетімізде әскери құрылыстың нормативті-құқықтық базасы құрылды. ҚР-ның 1993жылы ақпанда қабылданған алғашқы Әскери Доктринасы ҚК-ді құру үшін нақты қуатты серпін болды. ҚР-ың жаңа Әскери Доктринасы ҚР Президентінің қатысуымен 2000жылғы10ақпанда бекітілді.
Әскери Доктрина әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Онда:
- мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, ҚК әрі қарай кезеңмен құру мен реформалаудың негізгі бағыттары;
- әскери қауіпсіздікті әскери-экономикалық қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі принциптері, міндеттері мен бағыттары айқын көрсетілген.
ҚР ҚК-нің құрылысы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.
Бірінші кезеңде (2000-2002) мына міндеттер шешілді:
- ұтқыр әскерлерді басым жасақтау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және даярлау;
- әскери басқару органдарының құрылымын қайта ұйымдастыру;
- әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін орындау; әскери-әкімшілік басқару органдарын қайта құру мен әскери-аумақтық құрылымға көшу;
- кейбір әскери лауазымдарды азаматтық қызметкерлердің атқаруы жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- әскери бөлімдерді, қару-жарақ пен техниканы елдің аумағында оңтайлы орналастыру.
Екінші кезеңде (2003-2005) мына мәселелер қарастырылды:
- байланыс, барлау, радиоэлектрондық күрес, әуе шабуылынан қорғану, көлік авиациясы әскерлерін басым дамыту және техникалық қайта жарақтандыру.
- ҚК-ді жасақтау жүйесін жетілдіру, келісімшарт негізіндгі әскери қызметшілердің санын арттыру;
- резервтерді жұмылдыра даярлау жүйесін қалпына келтіру;
- әскери инфрақұрылымды дамыту;
- ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама негізінде ҚК үшін мамандар әзірлеу жүйесіне көшу;
Үшінші кезеңдегі (2005 жылдан кейін) міндеттер:
- толық жасақталған құрамалар мен бөлімдердің үлес салмағын ұлғайту жолымен әскерлердің сапалық параметрлерін арттыру;
- келісімшарт негізінде ҚК-ді жасақтауды шақыру бойынша әскери қызмет ету мерзімін қысқарту;
- әскерлерді жаңа үлгідегі қару-жарақпен және әскери техникамен кезең-кезеңімен қайта жарақтандыру;
- әскерлерді жедел, жауынгерлік және жұмылдыру, даярлау ісін толыққанды ресурстармен қамтамасыз ету.
Халықаралық жағдай күн сайын шиеленісіп жатқан бүгінгі кезең ҚР ҚК-нің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен қырағылығын талап етіп отыр.
ҚР ҚК-нің тұрақты жауынгерлік дайындығы, біздің мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сенімді қорғау қабілеті ҚР-ның тәуелсіздігін нығайтуға қосылған нақты үлес болып саналады.


в) Қорытынды бөлім – 7 минут
- ҚР-ның мемлекеттік құрылымы туралы айтыңдар?
- ҚР егемендігі қандай белгілермен сипатталады?
- Қазақстанның әскери саясаттағы жалпы принциптерін атаңдар?
- ҚК-ің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі қандай?
- ҚР ҚК құрылысының даму және реформалау кезеңдерін атап шығыңдар?
- ҚР ҚК құрылымын дамыту және реформалаудың бірінші және екіші кезеңінде қандай міндеттер шешілді?
- ҚР ҚК құрылымын дамыту және реформалаудың үшінші кезеңінде 
атқарылатын міндеттер мен мақсаттар туралы айтыңдар?

























Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушы-оқытушысы: _______ Мамаев Асет Муратович


Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров540
Номер материала ДВ-532432
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх