Инфоурок Другое Рабочие программы"Мәңгілік Жеңіс" тәрбие сағаты

"Мәңгілік Жеңіс" тәрбие сағаты

Скачать материал

Мәігілік Жеңіс!

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға дегенсүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан оғысымен , Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушылармеды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы суреттер, слайд, үнтаспа.

 

Өтілу барысы: Сынып ішін безендіру.

 

Мұғалім:

 

-Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін  батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Әлемді дүрсілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді.Биыл сұм соғыстың басталғанына 75 жыл толы отыр. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында1945 жылы  9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 71 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 71 жылдығы.

 

Алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Бекмулдина Мейрамгүл Мақсотқызына беріледі.

 

Ұлы Отан соғысы туралы«Қадірлейік қарттарды, майдангерді» атты тақырыпта қысқаша ақпаратты Жайымова Айнұр Тлеккабыловна айтып өтсін.

 Ән: «Ел қорғауға әзірміз» Орындайтын: Жаналиева Зухра

 

Жүргізуші:

 

Бұлт түнеріп аспаннан

 

Талмай көзден жас тамған

 

Тұтқиылдан жау тиіп

 

Қырғын соғыс басталған

 

Жүргізуші:- Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

 

Жүргізуші:

 

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

 

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

 

Жалғызынан айырыпты ананы,

 

Әкесінен айырыпты баланы.

 

Жүргізуші:- Осы соғыста Кеңес Одағының басқа  республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына

 

1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған.

 

Музыка ойнап тұрады.

 

 

Жүргізуші: Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге  қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза  тапты.

 

 

Жүргізуші:Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсие. Анасы еркелетіп Моншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі дәрігер болған. Мәншүк кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктеп өскен. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанғанда 19- ға жаңа шыққан талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді. Майданға аттанғанда анасы «Жолың болсын, Моншағым!» деп шығарып салады.

 

Елімді қолыма қару алып қорғаймын деп алдыңғы  шепке сұранады. Сөйтіп, қабырғасы қатпаған Мәншүк пулеметші болып шығады.  Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді.

 

Жүргізуші:-Әлия Казачиха деревниясы үшін  болған ұрыста асқан батылдық көрсетеді. Әлия өзі жараланғанына қарамастан «Алға!» деп атой салып, жау траншеясына басып кіреді. Осы ұрыста Әлимя оққа ұшады. Ол кезде Әлия 19 жасқа толмаған кез еді. Әлияның денесі осы селоға батыр, жауынгер зиратына қойылған. Сол жерге ескерткіш орнатылған. Өзі оқыған  мектепте Әлияға арналған арнайы бөлме бар.

 

Сөйтіп, Әлия, Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным», «елім» деп соққан жүрегін мирас етті.

 

Жүргізуші: - Соғыс жылдары-ақ қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды.Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Сонывң ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан

 

28 батырдың батальон, кейіннен дивизия әскери қолбасшысы болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

 

Мұғалім:- Ұлы Отан соғысына қатысқандар.

 

Жүргізуші: Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды.

 Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иеміз!

 

Жүргізуші:

 

Дәл  осынау жадыраңқы жай күні

 

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы

 

Ұлы Отаным басым иіп бір минут,

 

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны

 

/1 минут үнсіздік, үнтаспадан жай ғана ән естіледі/

«Ерлік жырын жырлаймыз» деп келіп отырған балаларға кезек берейік. Жыр жолдарын мәнерлеп айтып берсін.

 

Жүргізуші:

 

Отанымыздың байтақ жерін қорғады.

 

Ақ сүт берген анасын қорғады.

 

Пәк жүзді баласын қорғады.

 

Самал өскен даласын қорғады.

 

Мұғалім:- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ әкесін күте берді, күте берді

 

Ән: Соғыстан қайтқан солдаттар.

 

 

 

Мұғалім: Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жеңіс туы желбіреді.

 

Жүргізуші :

 

Естідім-ау Жеңіс күнін

 

Дүрілдейді көк пен жер

 

Күрескердің арманы мен ұраны

 

Қуаныш пен мерекенің бұланы.

 

Жүргізуші :

 

Тыныштық! Жаса тыныштық!

 

Осы сөз бізге тым ыстық.

 

Көркейе берсін еліміз,

 

Көбейе берсін ырыс-құт!

 

Жүргізуші:

 

Бақытты болсын балалар

 

Соғысты сүймес адамдар.

 

Өркендей берсін қалалар,

 

Гүлдене берсіндалалар.

 

/ Әрқашан күн сөнбесін 1 сынып оқушыларын қарсы алайық/

 

Жүргізуші:

 

Жеңіс келді қалама

 

Жеңіс келді далама,

 

Жеңіс келді әке боп,

 

Жеңіс келді ән болып,

 

Жеңіс келді алақай!

 

Тоя жейтін нан болып.

 

Жүргізуші:

 

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

 

Жігерленген құштарлықтың құралы

 

Күрескердің арманы мен ұраны

 

Қуаныш пен мерекенің бұланы.

 

 Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз!

 

Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады.

 

Ақ сүт берген анасын қорғады.

 

Самал ескен жерін қорғады.

 

Пәк жүзді баласын қорғады.

 

Хор: Ақ көгершін

 

Мұғалім: Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын!

 

Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күйдің Қаршығасы

·         ukmetkizi79

 

·         28 наурыз 2014

 

·         1585

 

·         0

·                                                                                                                                0

Сабақтың тақырыбы: Күйдің Қаршығасы
Сабақтың мақсаты: Күй дүлдүлі Қаршыға Ахмедияровпен таныстыру, өнерін үлгі тұту. Күйшілік дәстүрдің мән - мағынасын түсіну. Күй өнеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Музыка тыңдау барысында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Еркін сөйлеуі мен сөздік қорын молайту, дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: домбыра, слайдтар, комп.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа назарын аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
1Топ: Б. Төлегенованы туралы не білесің?
2 топ: Б. Төлегенованың репертуарындағы әндер
3топ:
Үш топ өз тапсырмаларын орындаған соң бір - біріне дайындаған сұрақтарын қояды.
3. Білімін тексеру: (Кім жылдам? ойыны)
- Тембр деген не?
- Хордың дауыстарын ата?
Дирижердің қызметі?
4. Мақсат қою: музыканы дұрыс тыңдау арқылы оны талдауға, оз ойымызбен жеткізуге үйрену.
5. Жаңа сабақ:
қаршыға қырғи қараторғай бұлбұл тоты қарлығаш. Мына құстардың ішінен адам мен құстарға тән ортақ атаулары бар құстарды шеңберге жинақта. (құстардың суреттері берілген)
- (Қаршыға, Бұлбұл, Тоты, Қарлығаш)
- Осы атаулардың ішінен атақты музыканттың есімін табыңдар
- Қаршыға
- Ия, Қаршыға, яғни күйші Қаршыға Ахмедияров. Бүгінгі сабағымыз осы адам жайлы болмақ. Қазақ халқы балаға ат қоюында өте терең мазмұн жатыр. Сол қойған есіміне лайықты мінезі, адамгершілігі немесе бойындағы қасиеті ұқсасын деп ырымдап қояды. Бүгінгі сабағымыз қаршыға құсымен мінездес күйдің Қаршығасы туралы болмақ. Жалпы осы күйші туралы не білетіндеріңді алдарыңдағы постерге жазып шығыңдар.
- ол Атырау облысының тумасы. 1946. 03. 25 - 2010жж
- Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы болған
- Кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер болған
Ол шет ел композиторларының шығармаларын да домбырамен ойнай білген.
- Үндістан, Франция, Италия, АҚШ, Венгрияда болған
- Қазақ музыка өнерін дамытудағы жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Қ А - қа 1982ж ЗР - ның мемлекеттік сыйлығы беріледі.
- - 1992 ж ҚР халық әртісі,
- 2000 «Парасат» орденімен марапатталады.
- «Шашақты найза, шалқар күй» атты кітабы, «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз - ғұмыр», «Аққайың», «Желдірме», «Алтын ұя», т. б. күйлері бар.
- Сонымен қатар, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сында атақты күйшілердің күйлерін жинап, "Атырау" деген күйлер жинағын жарыққа шығарды.
- -«Сарыарқа», «Жігер», «Әсем қоңыр», «Шынар», «Табыну» атты күйлер жинағы жарық көрді. 500 - ден аса күйлері радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы
- Қазіргі танымал күйші - орындаушы Айгүл Үлкенбаева осы кісінің шәкірті.
- Алматының малдәрігерлік институтында оқыған.
- Ауылдың әрбір кештері Қаршығасыз өтпейтін болған, сөйтіп көзге түсе бастаған.
- 1981 жылы АҚШ - қа барып күй тартқанда, американдықтар қазақтың Қаршығасын сахнадан жібермей тұрып алғаны да есте.
Өте жақсы. Біраз мағұлмат алғандарың көрініп тұр.
Қаршыға (құс) бүркіттен кейінгі аңғасалатын құстардың бірі. Оның ең күшті қаруы өте шебер ұшатындығы – ол кейде жүздеген шақырым жерді айналып ұша береді, епті, айлалы оралымды. Күйдің Қаршығасы да осы құс сияқты ойы оралымды, күйлері сыршыл, кейде өткір, алыстан орағытып адамның көңіл тұсын дөп басып жатады. Сондай бір сыршыл күйлерінің бірі «Аққайың». Бұл күй психологиялық күйлер тобына жатады. Осы күйді назар сала тыңдап көрелік: (музыка тыңдау ережесін еске түсір: негізгі тақырыпқа баса назар аудар, автор не айтқысы келгені жөнінде ойланып көр, дыбыс ерекшеліктеріне ажырата біл, жылдамдығы мен динамикасына қарай мінез - құлқын анықта)
МУЗЫКА ТЫҢДАУ: «Аққайың» күйі Қ. Ахмедияров
Дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасына қараған шағында тоқтады. Өнерсүйер қауым оны «Күй қаршығасы», «Саңлық күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп мадақтайтын. Қаршыға Ахмедияровпен қоштасу Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрында өтті. (қоштасу сәтінің суреті)
МУЗЫКА ТАЛДАУ: (қайталап тыңдау әдісімен күйді өз беттерінше талдау)
Топтық тапсырма:
1топ: сурет салу арқылы: 2топ: ой толғау, 3топ: 4 жол өлең шығару арқылы күйдің мазмұнын, бейнесін ашу.
6. Түсінгенін тексеру:
ВЕНН диаграммасы
Күйдің Қаршығасы
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Бұл күйші адам Шабытты, өр мінезді, алғыр, ойы ұшқыр, шаршамай шарқтай ұшады. Сирек кездесетіндігі Бұл құс
7. Қорытынды
Не білемін? Нені білдім? Не білгім келеді?
Сабақтан алған әсеріңді стикерлерге жаз.
Бағалау, мадақтау,
8. Үйге тапсырма: Қаршыға туралы мағұлматтарды толықтыру, іздену.

 

http://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=0e341873f5439e0ca662ec6e0400f121-142-144&n=21

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мәңгілік Жеңіс" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 124 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2016 839
    • DOCX 45.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кузбагарова Марзия Калияшовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кузбагарова Марзия Калияшовна
    Кузбагарова Марзия Калияшовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84068
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой