Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Өмірім менің таңдауым" өзін-өзі тану сабағы

"Өмірім менің таңдауым" өзін-өзі тану сабағы

Скачать материал

«Өмірім менің таңдауым»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

 Сабақтың міндеттері:

- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;

- өмірге құштарлықтарын дамыту;

- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.

1.Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.

Мысалы:

- «Өмірдің ағымынан қалмау»

-«ешқашанда білмеймін демеу»

-«қасындағыларға көмектесу» …

2.Поэзиялық медитация

Өмір, мені өкіндірме,

Баста мені игілікке-

Бір биіктен бір биікке.

Басым менің-тұңғиық көл,

Ойлар-өзен, нұр құйып кел.

Өмір, маған арман әкел:

Қырдың қызыл түлкісіндей,

Нәрестенің күлкісіндей,

Бір келетін жыл құсындай,

Шөлдің асау жылқысындай.

Өмір, маған күрес әкел,

Қиындықтар ілесе кел.

Әкеле бер бәрін маған.

Жастығым бар жалындаған,

Әкеле бер бәрін маған

Бақытыңды, қайғыңды да,

Құшағымды жайдым мына.

Бақытыңмен табысамын,

Кайғыңменен алысамын,

Қиыныңмен күресемін,

Күрессем мен – бір өсемін!

Өмір кейде гүл береді қолыңа,

Өмір кейде күл төгеді жолыңа.

Өмір кейде құзға итеріп абайсыз,

Арқалатар азап жүгін мойныңа!

3.Сұрақ-жауап:

- Өмір дегенді қалай түсінесіңдер ?
- Өмір сөзін тағы қалай айтуға болады?(тағдыр,тіршілік,махаббат)
- Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?
- Адам баласы не үшін өмір сүреді?
- Өмір деген несімен қымбат?
- Сенің өмірдегі мақсатың қандай?
- Өмірдің мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?
- Өмір тек бақытты кездерден тұра ма?
4.“ Егер  сен  ағаш  болсаң” тренинг .

 Нұсқау:балалар ,(жапырақ , діңгек , тамыр) біреуін  таңдаулары керек , неге  таңдағандарын  айтып  түсіндірулері  қажет.

-         жапырақ  - ол  көктейді , гүлдейді;

-         діңгек  -  барлық  ауыртпашылықты , жауапкершілікті  көтереді ;

-         тамыр – ол арқылы  бүкіл  ағаш  қоректенеді ;

5. Психологиялық  кеңес :  қызықты  өмір  сүру  үшін   ...

  - ай сайын  жаңа  кітап  оқы , оқығандарыңды  көңіліңе  тоқы ,

  - икемің  бар  іспен айналыс , мыс. (ән  айту , би  билеу , шеберлік істер )

  - әрбір  демалыс  күніңе  жоспар  жасап, қызықты  өткізуге  тырыс ,

  - ертеңгілік  жаттығу  жаса , сергек  жүресің ,

  - ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа  көмектесіп  тұр.

  - әр айдың бір  күнінде  өзіңді  басқа  біреудің орнына  қойып  көр , содан     

   өзгеше  ойлап , тәлім  алуға  тырыс ,

  - әр  күні  кешке “ мен  бүгін  не істедім?” деп  өзіңе  есеп  беріп  үйрен ,

  - күнделік  жазуға  дағдылан , ол  сенің  ең  сенімді  серігің  бола алады

6. Қорытындылау.

Құдық туралы әпсана.

Бір күні есек құдыққа құлап кетті де, бар даусымен ақырып, көмекке  шақыра бастады. Оның айқайына қожайыны жүгіріп жетті де, қолын бір сілтеді.  Өйткені есекті құдықтан шығару мүмкін  емес еді.Қожайын: «Менің есегім қартайды, өлуі де жақын. Мен  бәрібір жас есек сатып  алайын  деп жүр едім. Ал мына құдық  болса, өте терең, мен жаңа құдық  қазуды баяғыдан  ойлап жүр едім. Маған неге екі  қоянды  бір оқпен атып алмасқа –ескі  құдықты топырақпен  толтырып,  есекті де көміп  тастайын », -деп ойлады. Көп ойланбастан  көршілерін  шақырады.Бәрі  қолдарына күрек алып, құдыққа  топырақ  лақтыра  бастайды.Есек не   болғанын  бірден  түсініп,  бар даусымен  ақырады,  бірақ  оған  ешкім  көңіл аудармай,  құдыққа  топырақ  лақтыруды   жалғастыра  береді.Біраздан кейін есек үнсіз  қалды. Қожайын  құдықты қараған  кезде өз көзіне  өзі сенбеді, есек арқасына  топырақ  түскен  сайын  сілкініп, аяқтарымен  таптай  берген екен.  Ең соңында  басқаларды  таң  қалдырып, есек  құдықтан  секіріп   шықты. Былай боларын ешкім күтпеген  еді.

      Мүмкін  сіз де  өміріңізде  талай  қиындықтарды   бастан  өткерген  шығарсыз. Болашақта  өмір сізге  жаңа  қиыншылықтарды  жіберуі   мүмкін.  Әр уақытта  сізге  кезекті ауыртпалық  түссе,  сіз оны  сілкіп  тастап,  соның  арқасында одан да биікке  көтерілуіңіз  мүмкін  емес пе?Әрбір шешімін таппай тұрған  мәселе – бұл  сізге  өмірдің  лақтырған  қатты  тасы десек,  сіз осы тастардың үстінен   аттап өтіп,  күтіп  тұрған  қатты  дауылдан  құтыла  аласыз.

Нурмухамбетова  Роза  Жумабаевна

А.Қарсақбаев  атындағы 

орта  мектеп  психологі

                                                                 Жамбыл  ауданы

                                                                Алматы  облысы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Өмірім менің таңдауым" өзін-өзі тану сабағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 104 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2016 1136
    • DOCX 18.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурмухамбетова Роза Жумабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50662
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек