Инфоурок Другое Конспекты"Міржақып Дулатов «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдері, «Бақытсыз Жамал» романы"

"Міржақып Дулатов «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдері, «Бақытсыз Жамал» романы"

Скачать материал

  

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы – Гульзада Амангелдіқызы Нуржанова

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тобы мен мамандығы: Г-512, 9-512,  1309000 «Оптикалық электрондық жабдықтар»

 

Тақырыбы: Міржақып Дулатов  «Шәкірт», «Таза бұлақ»  өлеңдері,

                       «Бақытсыз Жамал» романы.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығының

                    қыр-сырын меңгеріп, тереңдей бойлату. Өлеңдерін мәнерлеп    

                    оқып мазмұнын талдау, «Бақытсыз Жамал» романын  ашу;

дамытушылық: оқушыларды өз беттерінше әрекеттендіру арқылы ойлауы 

                      мен  баяндауна, ойларын толық, тиянақты жеткізуін қалыптастыру.

тәрбиелік:   М.Дулатов ағалары сияқты патриоттық тәрбие беру,

                      еліне,жұртына адал еңбек жасауға баулу.

Сабақтың түрі:          Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  баяндау, ойлау, жаттау, сұрақ-жауап, тест.

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта, слайд материалдары, М.Дулатовтың көрмесі

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі,

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі   Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1)      С.Көбеевтің өмірбаянын баяндау.

2)      Өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу.

3)      «Қалың мал» романын баяндау.

4)      Сұрақ-жауап

ІІІ. Негізгі бөлім

1.      Жаңа сабақ

Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын хронологиялық кесте арқылы түсіндіру.

Жылдар

Өмір жолы

Шығармашылығы

1.

1885 ж. 25- қараша

Қазіргі Қостанай облысы,Жангелдин ауданында, Қызбел деген жерде дүниеге келген

 

2.

1897-1902 ж.ж.

Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды.

 

3.

1905-1907 ж.ж.

Бала оқытады.

«Серке» газетінде «Жастарға» өлеңі басылады

4.

1909 ж.

Қызылжарда тілмаштық қызмет атқарады.

 «Оян, қазақ!» жинағы Уфада жарық көреді

5.

1910 ж.

«Қазақ» газетін А.Байтұрсыновпен бірлесіп шығарады

«Бақытсыз Жамал» қазақша тұңғыш роман

6.

1911 ж.маусым

Семейге келгенде тұтқындалып, 19 ай қамауды отырады.

  

7.

1913-1918 ж.ж.

 «Қазақ» ғазетінде жауапты хатшы қызметін атқарады, А.Байтұрсыновпен бірге еңбек етті.

1913ж. Орынборда «Азамат» өлеңдер жинағы; 1915ж. «Терме» деген әдеби-публицистикалық кітабы шығады.

8.

1917-1919 ж.ж.

«Алаш» партиясының көрнекті жетекшілерінің бірі болады.

 

9.

1922-1926 ж.ж.

 Орынборда интернат оқытушысы, Қызылжар, Семейде сот мекемесінде, Қызылордада баспасөзде қызмет атқарады.

«Есеп құралы», «Қирағат кітабы» атты еңбектері шығады

10.

1928 ж.

 Қамауға алынады.

 

11.

1930 ж.

 Ату жазасына кесіледі, кейін 10 жыл абақтыға ауыстырылады.

 

12.

1935 ж. 5 қазанда

Ақтеңіз-Балтық каналы бойындағы Сосновец лагерінде ауыр науқастан қайтыс болады.

 

13.

1988 ж. 27 қазан

Қазақ ССР прокуроры тексеру нәтижесінде ақтады

 

14.

1992 ж.

Торғай өңірінде өз есімімен аталатын ауылға сүйегін жерлейді.

 

 

2.      Міржақып Дулатов туралы деректі фильм көру

-          1 фильм «М.Дулатов өмірі мен шығармашылық жолы»

-          2 фильм «Алаш Орда»

-          3 фильм «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал» романынан үзінді.

 

3.      Мәнерлеп оқу «Шәкірт», «Таза бұлақ»  өлеңдерін мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу, талдау.

 

4.      «Бақытсыз Жамал» романы - өз кезіндегі заман көрінісінен көп жағдайды аңғартар туынды. Тұңғыш роман ретіндегі маңызымен қатар  салт-дәстүрге байланысты да оқушыларға мол мағұлымат береді.

 

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтіннен үзінділердің көшірмелері таратылып, әр оқушыға үзіндінің тілін талдау, мазмұнымен қысқаша таныстыру тапсырылады.

2-тапсырма. Қысқа да нұсқа, шешен де шебер сөйлеу. Әр оқушының жауабы тыңдалады.

3-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

•               Ерулік-жаңа көшіп келген үйді қонаққа шақыру.

•               Лау байлату-ат дайындау.

•               Әмеңгер-«аға өлсе, іні мұра».

•               Күндестік-бәйбіше мен тоқалдардың бірін-бірі көре алмауы.

•               Ұрын келіп қалыңдық ойнау-күйеудің тойдың алдында қалындыққа келуі.

•               Сүйек сындыру- ата-анасын ұятқа қалдыру.

 Салт-дәстүрге байланысты осы сөздер романда қай оқиғаға байланысты кездеседі?

4-тапсырма. Жоспармен жұмыс.

1. Ел жағдайы, заман көрінісі.

2. Сәрсенбайдың бір перзентке зар болып, Жарасбай молданың қызы Шолпанды айттыруы.

3. Жамалдың дүниеге келуі, ерке өсуі, оқуы.

4. Сәрсенбайдың елдің сөзіне еріп, билікке таласқа түсуі.

5. Билік үшін Байжанмен құдаласуы.

6. Жамалдың Байжанның баласы Жұманды ұнатпауы, қайғыруы.

7. Жамал мен Ғалидың бірін-бірі сүюі, көңіл қосуы.

8. Ғалидың Жамалды алып қашуы.

9. Ғалидың кенеттен ауырып, қайтыс болуы.

10. Жамалдың еріксіз Жұманға тиюі, бақытсыз өмірі.

11.Жамалдың Жұманның қорлығына шыдамай, қалаға қашпақ болып, боранды түнде үсіп өлуі.

5-тапсырма. Кейіпкерлерге мінездеме. Әр оқушы өзі оқыған үзіндіде кездескен кейіпкерге мінездеме береді. Бірін-бірі толықтырады.

Жамал - ақылды, көрікті, зерек, ақынжанды қыз, ескіше хат таниды. Оның Ғалимен қашып кетуі, Жұманның қорлығына шыдамай қалаға кетуге әрекет жасауы –оның ерекше мінез-құлқын білдіреді.

 Ғали - орта бойлы, мінезі сыпайы, әдепті, талапты, уәдесіне берік, білімді жігіт. Саудамен айналысады, Жамалдың теңі, екеуі бірін –бірі ұнатып, бірін-бірі сүйген соң Жамалды алып қашады. Кенеттен ауырып қайтыс болады.

Сәрсенбай - Жамалдың әкесі, момын, мал баққан малды адам, «өз басында еркі жоқ, әркімнің қыздырма тіліне ерген адам».

Жұман-ақылсыз, шаруаға қыры жоқ, ынжықтығынан құрбы арасында күлкі болған, мейірімсіз, қайырымсыз, жалған намысқой бай баласы.

 Байжан - өте күрделі образ, қайырымсыз, кекшіл, намысқой, ескі салттың қорғаушысы, барымташы, жалған жалақор, пәлеқор адам.

6-тапсырма. Романдағы мақал-мәтелдермен жұмыс.

•               Мал бітпес жігіт болмас, құрарына қара,

                Ұл таппас әйел болмас, тұрарына қара.

•               Анасын көріп қызын ал,

                 Аяғын көріп асын іш.

•               Ата даңқымен қыз өтеді,

                Мата даңқымен бөз өтеді.

•               Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа.

•               Қашқан жауға қатын ер.

•               Бір көрген біліс, екі көрген таныс.

•               Талапты ерге нұр жауар.

Бұл мақалдарды жазушы қандай мақсатпен қолданған? Қай кейіпкерлерінің аузына салады?

7-тапсырма. Көп нүктенің орнына салт –дәстүрге байланысты сөздің лайығын қой.

1.       Қыстай бір - біріне араласпаған ағайындар сағынысып, қашаннан астас, тойлас болған ғадеттерінше бір ауылды бір ауыл ................. шақыра бастады.

2.      Молда опат болған соң, қатынын бір жақын кедей ............ алып, әлгі екі жетім бала соның қолына шыққан еді.

3.      Қалампыр һәр уақыт Шолпанды ................ сөзімен де, қолымен де ренжітіп жүрді.

4.      «Байжан мен Сәрсенбайдың арасындағы уағдалары болып, енді бір айда Жұман күйеу ...»-деген өсек расқа шықты.

(Керекті сөздер: әмеңгері, күндестікпен, ерулікке, ұрын келіп қалыңдық ойнайды)

ІV. Бекіту  

1.      Міржақып Дулатовтың шығармашылығы бойынша тест тапсырмасын құрастыру. Тест 10 сұрақтан, 2-3 дұрыс жауап болу керек;

2.      Орындалған тест тапсырмасын бір-біріне ауыстырып, орындау;

3.      Орындалған тест тапсырмасын тексеру;

4.      Тест тапсырмасын бағалау (студенттер тексерген тапсырманы бағалайды, берілген жүйе бойынша).

 

Ү. Бағалау

Оқушылар бірін-бірін бағалау

 

 

ҮІ. Үйге тапсырма      

1.       М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы мен тарихи деректермен толықтыру;

2.       «Шәкірт», «Таза бұлақ»  өлеңдерін жаттау;

3.       «Бақытсыз Жамал» романы бойынша шығармы жазып келу;

4.      М.Дулатовтың шығармашылығына презинтация, слайдтар дайындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Міржақып Дулатов «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдері, «Бақытсыз Жамал» романы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 187 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.05.2017 3275
    • DOCX 28.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусина Нургуль Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мусина Нургуль Маратовна
    Мусина Нургуль Маратовна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28093
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой