Инфоурок Другое КонспектыҚМЖ. "Өсімдіктер туралы не білеміз?" 5-сынып

ҚМЖ. "Өсімдіктер туралы не білеміз?" 5-сынып

Скачать материал

 

Сабақ жоспары

Сабақ: Өсімдіктер туралы не білеміз?

 

Мектеп:

Күні:28.04.2017

 

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 г

 

Қатысқандар:25

Қатыспағандар:--

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Ж6.  Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.

5.О6.Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

 

Тақырыпқа сай  мәтіндерді оқиды және орфорграфиялық қателерді түзейді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

 

Тақырыпқа сай мәтіндерді түсініп оқиды, мәтіндерден нақты ақпаратты таба алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

 

 Мәтіндерден нақты ақпараттарды анықтай алады, мәтіндерге түзетулер мен редакциялауды орындай  алады

 

Бағалау критерийлері

1.Мәтіндегі орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздер мен сөз тіркестерін анықтап, қателерді сөздіктерге сүйеніп,  түзетеді.

2.Оқылым стратегияларын қолданып, мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды.

Дескриптор:

1. Мәтіннен орфографиялық нормаға сай емес сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды, қате жазылған сөздер мен сөз тіркестерін сөздіктерге сүйеніп түзетеді.

2. Мәтін мазмұнын ашатын сөйлемдер мен сөздерді  жаза алады,мәтіннен ағаш түрлерінен нақты ақпараттарды бере алады

 

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

 

Мәтіндерден нақты ақпараттарды табады, орфографиялық түзетулер мен редакциялау жүргізеді

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

 

Қызыл кітап, өсімдік, жануарлар дүниесі, ағаш түрлері, қарағай, емен

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

 

Қазақстандағы өсімдік түрлері қалай бөлінеді?

Қарағайдың  емдік қасиеті неде?

Еменнің күтімі мен қолданылуы туралы не білдіңдер?

Кәрі ағаш пен жас ағаштың айырмашылығы бар ма?

Не себепті …. деп ойлайсыз?

 

 Не себепті ағашты отындық және кәделік ағаш деп екіге бөлеміз? 

ишара:

 

Аялау, су құю ишаралары

Алдыңғы оқу:

Ағаш - адамның күнкөріс қарекеті мен рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны екенін біледі

 

Жоспар

 

Жоспарланған

Жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу,

2. Психологиялық ахуал: «Жүректен жүрекке»

3. Топқа бөлу: «Санамақ»

2.Миға шабуыл: Əуенді атаңыз– əуен  тақырыппен қалай  байланысқан?

Музыкалық шығармадан үзінді қоямын. Оқушылардан

талқылап, өз бағаларын беруді сұраймын: музыка сабақ

тақырыбымен қалай байланысқан?

3. Бүгінгі тақырыптың мазмұны ашылады, ағаштар туралы өз білгендерін айтады

 

 

 

М.Мақатаев «Жас қайың» өлеңі И.Расылханның орындауында

Ортасы

25 мин

 

№1 тапсырма. Мәтіннен орфографиялық нормаға сай емес сөздер мен сөз тіркестерін  анықтап, қате жазылған сөздер мен сөз тіркестерін сөздіктерге сүйеніп түзету және фонетикалық принципке негізделген талдау жасау

 

Қазіргі  Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000 дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен  Россйя, Орта Азиа, Капказ  елдерімен салыстырғанда бұл онша көп емес.  Қазақстанда  өсімдік дүниесінің 303 түрлері  «Қызыл  кітапқа»  енген  және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды.Қазақстандағы  қазырғы өсімдіктер түрлері қылқан  жапырақты ормандар, ұсақ

жапырақты  орман  тоғайлар,  бұталы  тоғайлар,  даланың  бұталы  өсімдіктері, саксауіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, суптробиктік өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді. Қазақстанның  жануарлар  дүниясі  казір  сүтқоректілердің  178,  кұстардың  489, балықтың  104  және  омыртқасыздардың  50  мыңнан  астам  түрлерінен  тұрады. Таралуы  жағынан  олардың  мекендері  бірнеше  зоогиографиялық  аудандарға

бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы,  Торғай,  Қызылғұм,  Балқаш  пен  Зайсан  көлінің  жағасы,  Бетпағдала, Сарысу, Сырдариа жағалауы жатады.

Мысалы,

1. Ресй- Ресей,Капказ – Кавказ

2. Фонетикалық принцип:

  дауысты:е                          дауыссыз

-жуан:                                    -қатаң:

-жіңішке: е                            -ұяң:в

-ашық:е                                 -үнді:

-қысаң:

-еріндік:

-езулік: е

 

№2 тапсырма

Оқушыларға  «Ағаш түрлері»,  «Қарағай», «Емен» тақырыптарын  үлестіріп беремін. Тапсырма: «551» әдісімен оқылған мәтіннен мазмұнын ашатын 5 сөйлем жазу, одан 5 сөз және негізгі 1 сөзді жазу. Негізгі ақпаратты табу үшін мәтіннен ағаш түрлеріне  «Попс формуласымен» талдайды

Мысалы,  «551» әдісімен талдау төмендегідей жүргізіледі:

1.Ағаш - адамның күнкөріс қарекеті мен рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.

2.Қазақ дәстүрінде жаңа шыққан көкті жұлмайды, ағаш бүрлерін үзбейді, көк шыбықты, көк өркенді сындырмайды.

3. Ертеде дәстүрлі ортада ағаштың тұрмыс пен шаруашылыққа жарамдылығына қарай отындық ағаш және кәделік ағаш деп екі топқа бөлген.

4.  Ағаштан бұйым жасағанда қазақ шеберлері әр ағашқа тән ерекшеліктері, атап айтсақ ағаштың қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпімділігі, түсі, тұтқырлығы, жарылғыштығышайырлығы, дыбыс өткізгіштігі т.б. қасиеттерін басты назарда ұстайды.

5. Әдемі ағашқа сүйсіну бы­лай тұрсын, оның көлеңкесінің өзі адамды емдейді.

-          табиғат,   ағаш,   тұрмыс,   ерекшелік,  емдеу

-          -ағаш

 

  «ПОПС» формуласымен талдау:

1.      Менің ойымша: жаңа шыққан көкті жұлмайды, ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты, көк өркенді сындырмайды

2.      Себебі, мен оны былай түсіндіремін: Өйткені жас өркеннің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі деп біледі. Көк жұлсақ көктей соласың деп ырымдалады

3.      Себебі, мен оны мына фактілермен дәлелдей аламын:Сондай-ақ қазақ дәстүрінде қосарланып өскен, қатар біткен ағашты кеспейді. Себебі қосағыңнан айырыласың, қанатыңнан қырқыласың деп тыйым еткен.

4.      Осыған байланысты мен мынадай қорытынды  шығарамын: Яғни, дүние түгел егізден жаралған, ал егіздің сыңарын құлатқан оңбайды, көңілі қапаланып, зарығып өтеді деп қатты ырымдайды.

 

Ағаш түрлері

Ағаш – сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктерҚазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 метрден аспайды (қарағайшыршаеменжөкеағаш, т.б.).

Қазақ наным-сенімі бойынша әулие адамның табаны тиген жерде өскен немесе әулиенің көлеңкесі түскен ағаш қасиетті шашқа айналады екен. Қазақ жапан далада жалғыз өскен ағашты киелі ағаш немесе әулие ағаш деп санап, оны кеспейді, зақым келтірмейді, тіптен саясына барып, ұйықтамайды. Әйтпесе сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың, ал дүниеде  жалғыздықтан  өткен  жамандық жоқ,  жанның  құлазуынан  асқан  қорлық  жоқ  деседі. Жалғыз ағашты жалғыз қалудың  нышаны  деп  қарайды.  Топырақ  үйілген  төбенгіктер,  құла  түздегі жалғыз  ағаш, шөл  мекен далада бұтақтары тарбиып өскен бұғалар да қасиетті делінеді. Сол жерлерде түнейді, шүберек байлайды. Әулие жатқан жер деп танып, мал сойып, тілеу тілейді.

Қазақ дәстүрінде жаңа шыққан көкті жұлмайды, ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты, көк өркенді сындырмайды. Өйткені жас өркеннің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі деп біледі. Көк жұлсақ көктей соласың деп ырымдалады. Сондай-ақ қазақ дәстүрінде қосарланып өскен, қатар біткен ағашты кеспейді. Себебі қосағыңнан айырыласың, қанатыңнан қырқыласың деп тыйым еткен. Яғни, дүние түгел егізден жаралған, ал егіздің сыңарын құлатқан оңбайды, көңілі қапаланып, зарығып өтеді деп қатты ырымдайды.

Ағаштан бұйым жасағанда қазақ шеберлері әр ағашқа тән ерекшеліктері, атап айтсақ ағаштың қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпімділігі, түсі, тұтқырлығы, жарылғыштығышайырлығы, дыбыс өткізгіштігі т.б. қасиеттерін басты назарда ұстайды.

Сүрегі біркелкі ақ түсті, қатты ағаш қайыңнан үй ағашын, жиһаз, ер, ал оның безінен ыдыс, түрлі ұсақ бұйымдар жасайды. Ол күнге қаңсымайды, ыстық-суыққа төзімді болады. Қайыңның тозын ыдыс, құты жасауға, саз аспаптарын әсемдеуге пайдаланады. Өте қатты, тығыз, берік ағаш емен сүрегінің түсі сарғыш қоңыр болып келеді. Тез жарылғыш келетіндіктен баппен кептірмесе, өзегін қуалай шытынап, жарылып кетеді. Еменнен жасалған саз аспабы уақыт өте табиғи өрнектері ашылып, жалтырай түседі. Сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш терек бабымен кепсе жарылмайды, кепкен сайын киізденіп қатая түседі. Одан бұйым жасағанда өткір сайманмен өңдеп қана қояды. Иілгіш, сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш саналатын тал кебе келе қатайып, жеңілдейді. Өзекті, сәмбі талдан киіз үйдің ағашына таптырмайтын ең қолайлы шикізат деп саналады. Тұт ағашын негізінде жібек құртын өсіруге пайдаланатындықтан «тұт еккенің - құт еккенің» деп бағалаған. Ол саз аспаптарын әзірлеуге ең тиімді ағашқа айналады. Ұзақ уақыт, тіптен бірнеше ғасыр өседі делінетін тұт ағашын шаппайды, тек бұтақтарының тармағын орақпен кесіп алады. Қатты әрі тығыз ағаш үйеңкінің сүрегі біртекті ақ сарғыш түсті болып келеді.

Қарағай – қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады.

Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.

Қарағайдың бүршіктеріэфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.

Емен – шамшаттар тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. АлматыЖамбылОңтүстік Қазақстан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қоспасы дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кемевагонжиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.

 

Маркерлер, флипчарт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Флипчарт, маркер

Соңы

10 мин

 

Кері байланыс беру: 2жұлдыз 1тілек

Рефлексия: «БББ» кестесі

Үйге тапсырма: Какао, шоколад ағашы, Секвойя, Шұжық ағашы – кигелия туралы мәліметтерді «551», «синквейн» әдісімен талдау

«БББ» парақшалары,

Қосымша ақпарат

 

 

 

Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

-          Марапаттау арқылы

-          Деңгейіне қарап күрделендіремін

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

-          топтық

-          жеке

-          критериалды бағалау

 

 

Пəнаралық байланыс –

Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).

Биология, география

Ағаш – та­биғат көркі. Әдемі ағашқа сүйсіну бы­лай тұрсын, оның көлеңкесінің өзі адамды емдейді

 

 

 

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу

міндеттері

орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?

Жоспарланған

саралау жақсы

іске асты ма?

(тапсырмалар

сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандай өзгеріс

енгіздім жəне

неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Білдім

Білемін

Білгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ҚМЖ. "Өсімдіктер туралы не білеміз?" 5-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 665 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2018 4547
    • DOCX 43.5 кбайт
    • 44 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Орынбаева Айымгуль Турсыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Орынбаева Айымгуль Турсыновна
    Орынбаева Айымгуль Турсыновна
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 177197
    • Всего материалов: 47

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 49 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе