Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Рабочие программы / На факультатив вне классный "сиқырлы бояулар" 5а,ә класс

На факультатив вне классный "сиқырлы бояулар" 5а,ә класс

  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Сиқырлы бояулар.


Мақсаты: оқушылардың бояу түстері жайлы алған білімдерін одан әрі жетілдіре отырып, әр түстің үйлесімділігін нақты қолдана білуге қалыптастыру.


Сабақтың түрі: Сахналық көрініс.


Көрнекілігі: Дайын аппликациялар, палитра, кескіндеме түрлері, бояу түрлері.


Қатысушылар: автор, суретші бала, бояу түстері, кескіндеме, кескіндеме жанрлары.

Сабақтың барысы: Автор: ертеде қызыл, сары, көк бояу түстері өмір сүріпті. Қоршаған ортада тек осы бояу түстері болыпты (сахнаға үш түс шығады).


1 оқушы (қызыл) Әр бояудың өзіне тән сыры бар,

Әр бір түсте күннің арай нұры бар.

2 оқушы (сары) Қызыл, сары, көк түс әсте негізгі,

Сары түс бар күзгі бояу .

3 оқушы (көк) Көк түс деген тұңғиығы теңіздің,

Көгілдір түс көк аспаны елімнің.

Көгершіндей бейбітшілік жаршысы,

Бейбіт аспан, ашық бұлтсыз сенімді.




Бұл үш түс сахнадан шығып кетеді.

Сахнаға бір – біріне қосылатын түстер шығады.


Автор: Сол заманда бір жас суретші өмір сүріпті. Ол өз суреттерінде осы бояу түстерін қолданады екен. Күндердің күнінде бұл түстер суретші балаға аз көрінеді. Көңілі толмай әбден ойланады. Суретші бала жасыл жазды, батып бара жатқан күн шапағын, тұңғиық теңіз түбін салғысы келеді.

(Сахнаға суретші бала шығып ой үстінде отырады).


Суретші бала: Әсем сұлу жер бетін,

Табиғаттың келбетін.

Кенепке жазсам деп едім,

Үш түстен артық көрмедім.


Автор: Суретші бала ұзақ ойланып бояу түстерін бір – біріне қоса бастайды. (Сахнада бояу түстері суретші баланың қыл – қаламының көмегімен қосыла бастайды).


Қызыл + көк = сия көк

Қызыл + сары = қызғылт

Көк + сары = жасыл


Автор: суретші бала бояу түстерінің көбейгеніне қатты қуанады. Бояулар суретші баланы ортаға алып былай дейді:


4 оқушы (қызғылт) Қызғылт сары таң шапағы секілді,

Жақсы түстер көтереді көңілді.

Қызғылт сары көтереді көңілді,

Мәнді етеді, сәнді етеді өмірді.


5 оқушы (жасыл) Тұрғой дала жасыл желек жайғалы,

Жасыл бояу жастық шақтың айғағы.


6 оқушы (сия көк) Сия көк түс қызылмен көк қоспасы,

Буырқанған толқындайын теңіздің.


Суретші бала: Кемпір қосақ аспанда,

Түрлі бояу шашқанда.

Табиғатты салайын,

Іздегенде табайын.









Тақтаға сурет ілінеді.




Автор: Осылайша суретші бала қуанышқа бөленіп, өз жұмыстарына сүйсіне қарайды. Жаз бітіп қыс келеді. Айнала ақ қар жамылып, дала әдемі күйге енеді. Суретші бала табиғаттың мына құбылысына қызыға қарайды. Қыс бейнесін салғысы келіп былай дейді:


Суретші бала: Көңілсіздеу кейде тым,

Әсем қысты жазар ем.

Қыстың жазсам бейнесін,

Басқаның бәрін табар ем.


Автор: Көмекке суретші баланың назарынан тыс қалған екі түс келеді.

7 оқушы (ақ) Түссіз түстер ақ пенен сұр, қаралар,

Бұл түстерді негізімен пара пар.


8 оқушы (қара) Ақ қар таза, сұр бұлт, қара түнек түн,

Табиғаттың құбылысын даралар.


Ақ + қара = сұр түс шығады.

Тақтаға сурет ілінеді.



9 оқушы (сұр) Табиғаттың құбылысын бейнелер,

Сұр түс күзгі көрініске тең келер.

Күзгі жаңбыр, бұлт жауын көк аспанда,

Даламызға ерекше бір сән берер.


Автор: Осылайша суретші баланың бояу түстері күннен күнге көбейіп, ол өзінің керемет туындыларын дүниеге әкеліп, елді таң қалдырып, қуанышқа бөлепті. Содан бері бір талай ғасырлар өтіпті. өмірге көптеген суретшілер келіп, өздерінің керемет туындыларын қалдырыпы. Ал бояу түстері адам өмірінде ерекше орын алады екен. Италияның ұлы суретшісі Леонардо Да Винчи былай деген екен: «Кескіндеме дегеніміз – көзбен көретін поэзия, поэзия дегеніміз – құлақпен еститін кекіндеме». Музыка үшін 7 нота қандай роль атқарса, кескіндемеде сондай роль атқарады. Түс кескіндемедегі ең басты нәрсе. Кескіндеме тіліндей нәзік те өткір тіл жоқ. Ол көрермендерді бірден баурайды, еліктіреді, қозғаған тақырыбымен толғандырады. Оның данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі мақтанатыны да сондықтан. Суретшінің қыл – қаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманның, сол дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді. Сезім құбылыстарынан, жан тербелістерінен дерек бередіү көрерменімен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы, оның бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Бояуларды ұтымды, үйлесімді пайдалану нәтижесінде, кескіндеме өнерінде үлкен жетістіктерге жеткен ұлы суретшілер аз емес. Солардың бірі қазақтың тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастееев атамыз. Түстер адамның көңіл – күйіне де әсер етеді. Мысалы: қызыл түс адамды жандандырса, ашық жасыл жүйкені демалдырады. Кескіндемежайлы шексіз айта беруге болады. Ал мен сөзімді ұлы суретші Эшен Делекураның «Кескіндеме дегеніміз - өмірдің нақ өзі» деген сөзімен аяқтағым келеді.

Суретші бала өзінің тұңғыш туындысына кескіндеме деп ат қойыпты. Оның 8 баласы бар екен. Енді сөзді кескіндеменің өзіне берейік:


Кескіндеме: Қош келдіңдер менің балаларым, өздеріңді көрмегелі біраз уақыт болды. Кішкентайларыңнан мен сендерді өмірді әдемі ете білуге, сұлулық пен әсемдікті көріп, бағалай білуге тәрбиеледім. Енді бәрің үлкен азамат болдыңдар. Бейнелеу өнері саласында өз үлестеріңді қосып жүрген боларсыңдар. Менің ең үлкен ұлым «Портрет жанры » сөз өзіңде:


Портрет: Портрет жанры ең қиын жанр. Себебі адам бейнесін салғанда оның сырт көрінісі ғана емес, ішкі жан – дүниесіне үңіліп, соны көрсете білуіміз керек. Соның өзінде керемет жұмыстарымызбен мақтана аламыз.


Кескіндеме: Екінші қызым Пейзаж не дер екен?


Пейзаж: Үлкен ағам портрет жанрынан қалмай менде үздіксіз еңбек етудемін. Пейзажда қиын жанрға жатады. Себебі табиғат құбылысы қас – қағым сәтте өзгереді. Ал сол сәтті нақты көрсете білу үлкен шеберлікті қажет етеді.


Кескіндеме: Бір орнында тұрмайтын Маренист ұлым сен не дейсің?

Маренистік жанр: Су деген – адам өміріндегі ең басты қажет нәрсе, сонымен қатар су - әдеміліктің, әсемдіктің белгісі деуге болады. Байқаған адамға судың өзінде әлемдегі барлық түстер кездеседі. Мен сол судың сұлулығын дәріптеумен келемін.


Кескіндеме: Ең бұзық ұлым Ботальды жанр сен өнерге қандай үлесіңді қосып жүрсің?


Ботальды жанр: Мен соғыс тақырыбына картина жазамын, ондағы мақсатым соғысты мадақтау емес, керісінше соғысты болдырмау. Адамдар соғыс жайлы жұмыстарымды көріп, соғыстан жиренсе екен деймін.


Кескіндеме:Бесінщі қызым натюрморт өзің көп сөйлемейсің. Неге үндеми қалғансың?


Натюрморт: Натюрморт деген - өлі табиғат. Менің жұмыстарым өздері үшін жауап береді. Ешқандай сөзді қажет етпейді. Тек көз салсаңдар болды бәрі анық, бәрі түсінікті, бәрі шынайы.

Кескіндеме: Байсалды ұлым тарихи жанр сен не дейсің?


Тарихи жанр: адам, қоғам өмірінде тарихтың алар орны ерекше. өзінің өткенін білмеген адам болашағында бағдарлай алмайды. Мен адамзатты өткен тарихынан хабардар ету мақсатында қажымай еңбек етудемін.


Кескіндеме: Тұрмыстық жанр сен үнемі ой үстінде жүресің, ал жұмыс жасағанда демалуды білмейсің. Бір сәт бізбен сырласып, өз ойыңды ортаға сал.


Тұрмыстық жанр: Мен өмірде түрлі адамдармен сан алуан тұрмыс – тіршілікпен кездесемін. әр адамның тұрмысы әр түрлі, бір – біріне мүлдем ұқсамайды. Мен солардың тұрмысын көрерменіме нақты жеткізуге тырысамын. Сондықтан да демалыссыз жұмыс істеуге тура келеді.


Кескіндеме: бәрекелді, жарайсыңдар! Мен бәріңе ризамын. Сендердің сөздеріңді тыңдап, мен шаттыққа бөленіп тұрмын. Демек, мен сендерді дұрыс тәрбиелеген екенмін.


Автор: Суретші баланың ең тұңғыш туындысы – «Кескіндеме» осылайша тамырын тереңге жайған өнер түрі екен. (Сахнаға барлық кейіпкерлер шығады).

Суретші бала:

Түрлі түсті келбеті

Қандай әсем жер беті!

Алуан түрлі юояуы,

Жасыл жайлау орманы

Қырмызы гүл қырлары

Сары алтындай құмдары

Бозғылт селеу белдері,

Көкшіл мөлдір көлдері,

Бұйра толқын теңіз көп,

Ашық аспан теңбіл көк,

Түрлі түсті келбеті!

Қандай әсем жер беті!

Жаралғандай – ақ бастан!

Алып кемпір қосақтан!


Барлық кейіпкерлербас иеді.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. әр топта 3 оқушыдан. Топтық жұмыс жасайды. Гуашь бояуын қолданып қағазға саусақпеен сурет салады. Екі топтың жұмысы талданады.




























Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Рабочие программы
Просмотров154
Номер материала ДВ-461190
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх