Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Новогодний сценарий "О, Алақай, келді бізге Жаңа жыл!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Новогодний сценарий "О, Алақай, келді бізге Жаңа жыл!"

библиотека
материалов





«О, алақай келді бізге Жаңа жыл!»









elka-kyda9.gif















«О, алақай келді бізге Жаңа жыл!»

Балалар музыка әуенімен залға кіріп шыршаны айналып тұрады.

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар,ата-аналар және балалар! Сіздерді Жаңа жыл мерекелеріңізбен

құттықтаймыз,өмірлеріңізге шаттық,дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға ынтымақ-

бірлік тілейміз.

Жүргізуші: Құтты болсын ағайын

Жаңа жылым баршаға

Қол соғып шақырайық

Балаларды ортаға.

(Балалар кіріп , «Хош келдің, Жаңа жыл» шаттық биін орындайды.)

Жүргізуші: Мына әсем шыршаға,

Жыр шашуы шашылсын

Қош келдіңдер балалар,

Жаңа жыл құтты болсын!

Ұлжан: Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Бізбен бүгін ойнайды,

Жаңа жылды тойлайды.

Барлық бала бақытты,

Болса екен деп ойлайды.


Тимур: Жасыл шырша жанында

Ән салып, билеп ойнаймыз.

Қаhарлы аяз болса да

Жаңа жылды тойлаймыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Кел Жаңа жыл біздерге

Кел Жаңа жыл, жаңа жыл.

Ән салып, билеп ойнаймыз.



Шадияр: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған

Келді әсем шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Әділ: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа орап алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын сендерді

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!






Шолпан: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Өлең де әзір, ән әзір.

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел, жаңа жыл, біздерге

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Арнұр: Мұздан моншақ тағылып,

Күміс қырау жамылып,

Ортада тұр Ақшақар!

Көптен күткен сағынып.

Мұрат: Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.


Шыршаны айнала шеңбер құрып, «Жаңа жыл » әнін айту (тамаша,тамаша)

Жүргізуші: Бүгінгі шырша тойы, түрлі қызыққа толы болмақ.

Жаңа жыл құтты болсын балалар!

(Музыка ойнайды Ақшақар пайда болады)

Ақшақар: Армысыздар, қонақтар

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Жүргізуші: Ақшақар саған мына ақ көйлекті кім тікті?

Ақшақар: Ақ көйлекті маған қыстың ақ қары тікті;

Жүргізуші: Ал саған қыста өлең айтқан кім?

Ақшақар: Өлеңді маған көңілді орман айтқан болатын.

Жүрггізуші: Ал мына жұлдызды моншақты таққан кім?

Ақшақар: Жұлдызды моншақты маған Аяз ата берді.

Жүргізуші: Ал,Ақшақар ,сен бізге жаңа жылға не тілейсің?

Ақшақар: Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жан ашыр

Ата-ана ,ата-ана

Құтты болсын жаңа жыл!

Ақшақар:

Мені шырша тойына шығарып салған мейірімді Аяз ата.

Міне, қараңдаршы! Жасыл шыршаның мыңдаған шамдарын жағамын.

Балалар: Қуат бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (шыршаның шамын жағылады)

Жүргізуші: Шыршамыз жарқырап тұр енді шыршаның құрметіне тақпақ айтып берейік

Айым: Келді Жаңа құтты жыл,

Еңбек сүйгіш мықты жыл,

Салтанатты сәтті жыл.

Әділ, шындық тәтті жыл.

Он екі айды атқарған,

Кетті келмес бел асып.

Ескі жылмен қоштасып

Ұмытпасқа достастық.

Айдар: Кел, достар бастайық,

Бастайық жыл басын,

Қызықтан бос қалып,

Кей бала қалмасын

Агиля: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.



Мерхат: Қанша заман өткенімен.

Ескірмейтін асыл шырша.

Алатаудың көктемімен.

Доссың ғой сен асыл шырша.



Азат: Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдым,

Бір жасқа енді.



Инсар: Әлде қарлы, боранда.

Тау басынан түсті ме?

Аяз ата оралды,

Ақ тон киіп үстіне.

Ән: «Шырша жыры» (Қуант бізді таңырқат)

Ақшақар: Балалар! Ғажайыпсыз жаңа жыл мерекесі бола ма?

Балалар: Жоқ,болмайды.

Ақшақар: «Жаңа жылда не тілесең сол орындалады»- дейді.

Мен де ойлап тұрмын ,бұл жаңа жыл да солай өтетін сияқты.

Қәзір мен мына шырша маңын бір қарап шығайын.

Мүмкін бір сиқырлы зат табармын.

(Іздейді, шырша астынан құмыра табады).

Ақшақар: Міне, таптым. Мына кұмыраға қараңдар!

Ал көрейік, бұл бізді қалай таңқалдырады екен.

Қазір мен оны сүртіп көрейінші (сипалайды).

(Хоттабыч пайда болады)

Ақшақар: -Сіз кімсіз ата?

Хоттабыч: Кім мені білмейді!

Менің атым бәріне таныс.

Ха-ха-ха!!!

Көңілді джин Хоттабычпын мен.

Ой! Мен қайда келдім?

Бұл жерде ешқашан болған емеспін.

Бұл жерде не болады?

(Балалар жауабы).

Хоттабыч:-Аппақ ақ қыз,сіз кімсіз?

Менімен бір билесең қайтеді.

Ақшақар: -Мен Аяз атаның немересімін,билесек билейік балармен бірге.

(Шырша жанында Ақшақар мен Хоттабыч балалармен би «Эстрадалық»еркін би музыка

Хоттабыч: Маған бұл жерде өте ұнады.

Дәл қазір мен бақыттымын.

Ал , сұраңдар,не қалайсыңдар!

Мен бәрін орындауға дайынмын !

Сендерде қайғы мұң,болса,

Менің сиқырлы сақалым көмектеседі

Ақшақар: Жақсы Хоттабыч ата !

Сіз мүмкін бізге көмектесерсіз!

Бізге жаңа жыл мерекесін бастауға Аяз Ата керек.

Хоттабыч: « О, менің сүйкімді қызым.

Мен сендер үшін бәріне дайынмын!»

Мен бірақ Аяз атаны ешқашан көрген емеспін,

Сондықтан оны қандай екенін білмеймін,

Ал ,сендер ,ол туралы айтып беріңдерші.

Дильназ: Қар мен мұздан жаралған ,

Ну орманда ән салған .

Ыстықты өте сүймейді,

Орманда ол мекендейді.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.


Санжар: Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз атаны

Оралды ма ол енді?

Айтар едім өлеңді

Жылдамырақ келсе екен

Бізге ойыншық берсе екен!

Хоттабыч : Түсінікті! Түсінікті!

Ол қардан жасалған.

Ыстық шәйді ішпейді

Қармен ойнайды, дұрыс- дұрыс

(Сақалын жұлып сиқырлайды).

Абра-кадабра ! Ап !

Қарсы алыңдар, Аяз аталарыңды.

(музыка әуенімен Аққала келеді).

Аққала: Мен көңілді аққаламын,

Хат тасимын, шаттанамын !

Аязда да боранда да ,

Хатты жедел жеткіземін!

Бар адамды қуантамын !

Жаңа жылмен құттықтаймын !

Ақшақар: Ой қандай көңілді аққала !

Бізбен бірге билеп, ойнап көңіл көтерші.

Аққала: Мен жалғыз ойнауға құмар емеспін

Қасыма достарым шықсын.

Ақшақар: Ендеше қасыңа достарың шықсын !

Ойын: «Қар жеткізу»

Аққала: Ой! Бойларын кішкентай болса да

Ойынды тамаша ойнайды екесіңдер

Ой қорқам мында ыстық болып кетті

Мен еріп барамын кетейін.

Сау болыңдар балалар!

(Аққала кетеді)

Ақшақар: Ой, қадірменді Хоттабыч, сен қателестің

Аяз атаның орнына мерекеге Аққаланы шақырдың ғой!

Хоттабыч:(балаларға қарап) О, ақылдылардың ақылдысы

Маған тағы Аяз ата туралы айтып беріңдерші.

Темірлан: Ақша қарға малынып,

Аппақ тонын жамылып,

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағылып.

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.


Роман: Аппақ тоңға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аязата оралып.

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып,

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп.

Хоттабыч:Түсіндім, түсіндім!

Қазір бәрін түзетем!

Оның ұзын сақалы бар

(сақалын жұлып сиқырлайды).

Абра-Кадабра,Аяз ата ! (Карабас-Барабас Пайда болады)

Хоттабыч: Армысың, қадірменді Аяз Ата!

Карабас: Мені мұнда кім әкелді,

Мен Аяз ата емеспін.

Мен әлемге әйгілі Карабас-Барабаспын.

Менің қуыршақ театрым бар.

Олар менің айтқанымды бұлжытпай орындайды.

Әй, қуыршақтар, келіңдер мында. Сендердің маған көрсетер қандай дайындықтарың бар? Маған әуелі би билеп беріңдер

Би «Қуыршақтар»

Ақшақар: Хотабыч ата! Сіз тағы қателестіңіз

Карабасты өз ертегі еліне қайтарыңыз!

Әйтпесе мерекенің бәрін бұзады ол.

Хоттабыч: Тьфу, Тьфу! Мен тағы не бүлдірдім ?

Қазір, қазір Мен бәрін түзетемін!

(сиқырлайды, Карабас қамшасын сілтелеп айқайлайды).

Карабас: «Жалқаулар! Сендердің шаңдарыңды қағамын» ( Жүгіріп шығып кетеді.)

Ақшақар: Ой, қорқып кеттім ғой!

Хоттабыч ата ! Бұл жолы абай болшы,

Ал біз саған Аяз ата туралы тағы айтып,түсіндіріп береміз.

Гаухар: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей

Жылда бізге келеді,

Сыйлық әкеп береді.


Мәди: Аппақ тоңға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аязата оралып.

Хоттабыч: Ой, ақылдым, рахмет, мен бәрін түсіндім.

(сақалын жұлып сиқырлайды).

Абра-Кадабра,Аяз ата !

(Су патшасы пайда болады)

Су патшасы: Кім мені ұйқымнан оятып, осында алып келген?!

Хоттабыч: Аяз ата,сізді осында алып келген мен!

Су патшасы: Мен Аяз ата емеспін! Мен Су патшасымын! Мен өзі қайдамын?

Мына ортада тұрған не?

Жүргізуші: Су патшасы ,бұл шырша.Хоттабыч сізді аяз атаға ұқсайды деп , осында Жаңа жыл мерекесіне байқаусыздан алып келіпті, айып ете көрмеңіз! Бізді кешіріңіз !Отырып көңіл көтеріңіз, біз сізге Жаңа жыл туралы тақпақ айтып берейік.

Су патшасы: Жарайды тыңдап, ұйқымды ашайын.

Ерназар: Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Құтты болсын, Жаңа жыл.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.



Әмір: Біз тілейміз Жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін

Аралаймыз ақ ормандай ойларды

Аялаймыз ару қыстың ақ түнін.



Бақтыбай: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз.

Ол кеткен соң терең ойға батамыз.

Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда.

Құс жолымен ән салып бара жатамыз.



Аиша: Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Жүргізуші: Балалардың тамаша тақпақтарын тамашаладыңыз,

енді ата-аналармен ойын ойнап жүрейік

Ойын «Кім жылдам?»

Хоттабыч: Аяз ата көңіліңіз қалай?!

Су патшасы: Мен жаңа ғана айттым ғой! Мен Су патшасымын!

Хоттабыч: Ой, кешіріңіз мәртебелі Су патшасы! Мүмкін біздің де көңілімізді сіз көтерсіз.

Су патшасы: Әрине ,осында менің қыздарым жүр екен.Солар ортаға шығып, тамаша би билеп берсін!

Би: «Русалка»

Су патшасы: Жарайды енді мені қайтадан апарып тастаңыз.

Хоттабыч: Жарайды,Абра-кадабра,Ширли-Мирли бара ғой үйіңе Су патшасы! (Су патшасы шыр айналып кетіп қалады)

Хоттабыч : Тағы да маған Аяз ата туралы айтып беріңдерші.

Алихан: Қолда таяқ, маймақ аяқ,

Қорбаң, қорбаң етеді.

Жүгіргенде жеңіл аяқ,

Желді қуып жетеді.

Хоттабыч: Түсінікті, қазір....... (осы кезде залға Кощей кіріп келеді)

Кощей: Күндіз – түні, күндіз –түні күмісімді санаймын,

Күндіз – түні , күндіз – түні демалуды білмеймін.

Байлығыма қуанамын, соламын.

Сандығыма қарасам, қуанышқа толамын.

Хоттабыч: Амансың ба, Аяз ата! Неге қайғылысың?

Кощей: Қайғырмай қайтейін, күні мен түні байлығымды күзетумен боламын.

Ақшақар: Ал, сен Кощей бізбен достасып көр,

Бірге билеп, ән салайық... Мүмкін мейірімді боларсың.

Кощей: Ол қалай?

Ақшақар: Міне былай .

Би «Румба» (Агиля)

Ақшақар:Ал енді бірге айналайық. Біз саған дос болайық.

Кощей:Ол қалай?

Ақшақар:Міне былай, әкел сандығынды қой шыршаның астына,аш !

Кощей:Неге?

Ақшақар: Біз екеуміз шыршаны айналып жарысамыз.

Кім бірінші сандыққа жетсе, сол жеңеді.

Қане,ойнайық!

Кощей: Иә саған!Қара бұның не ойлағанын!

Менің байлығыма қол салайын дедің бе?

Сенің жүз досыңнан, менің 100 теңгем артық.

Қазір мен сендерге... Шыршаның шамдарын сөндіріп тастаймын!

Мә, саған! Ха ха ха!

Кощейдің байлығына қол салғың келсе, міне осылай болады! (Кощей шыршаның шамдарын сөндіріп кетеді)

Хоттабыч: Ойбай, Мен не істедім!

Енді шыршаға әртүрлі шамдарды қалай жағамыз?

Ақшақар: Тезірек көмекке Аяз атаны шақыру керек.

Тезірек сиқырлы сақалыңды алшы

Ал біз балалармен Аяз атаны шақырайық!

Балалар: (хормен)-Аяз ата, келіңіз! Күтіп тұрмыз бәріміз.

(Аяз ата келеді).

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым!

Амансың ба қыздарым!

Қандай жақсы жүздерің,

Қандай әсем үндерің.

Келіп тұр ау демалып,

Әндеріңді тындағым.

Аяз атаға ән «Аяз ата»

Жүргізуші: -Балалар,сағынған Аяз атамыз да ортада,қуантайық тақпақ айтып оны біз.


Ерқанат: Әлде қарлы, боранда

Тау басынан түсті ме?

Аяз ата оралды

Ақ тон киіп үстіне.


Аңсар: Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Сырым: Аяз ата келді,

Тамашаны көрді.

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық берді.


Дамир: Ел құрметтеп көп күткен,

Келді Аяз – атамыз.

Келіңдер, кел достар.

Қазір ән саламыз.

Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.



Алан: Ал, балалар тұрмайық,

Би билейік ойнайық.

Аяз ата қуансын,

Дөңгелене зырлайық.

Хоттабыч: Міне, тамаша! Ақыры сиқырым орындалды.

Енді Аяз ата қандай екенін білдім. Жаңа жыл құтты болсын!

Енді мен өз жұмысымды орындадым. Кететін кезім келді.

Келесі кездескенше, сау болыңдар балалар! (Хоттабыч ата кетеді)

Аяз ата: Бұл не болған, балалар, шыршаның шамдары жанбай,

Түрлі түсті шарлар жарқырмай тұр ғой. (Ақшақар не болғанын ренжіп айтады)

Жүргізуші: Шыршаға арнап ән салайық,мүмкін сонда жанар.

Ән: «Жаңа жыл » жеке ән

Ақшақар: -Жанбады.

Аяз ата: Бұл жағдайды жөндеуге болады.

Бізге көмектесетін біздің достарымыз көп. Жаңа мен осында келе жатқанда

Супермэн жігіттерді көрдім

Би: «Супермэн»

Ақшақар: -Тағы да жанбады.

( «Жаңа жыл» келеді)

Даниал: Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде- жақсылық

Келер жылым,халайық

Әкелсін көп жақсылық

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін

Ортақ ойы,арманы

Жақсы дәстүр көбейсін!


Аяз ата: Міне , балалар, ортаға «Жаңа жыл» да келіп қалды.

Енді шыршаны жарқыратып жағатын мезгіл жетті.

Мен өзімнің сиқырлы таяғыммен мыңдаған оттарды жағамын.

Шырша , шырша жайна (Шырша шамы жағылады)

Аяз ата:Жиналыңдар балалар

Жиналыңдар тезірек.

Жаңа жылды қарсы алып,

Ән шырқайық баршамыз!

Ән «Жаңа жыл» (Жаңадан тақпақ, алдық біз жаттап)

Ақшақар: Аяз ата, сіз балаларға сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз ата:Әрине әкелдім, Ақшақар қызым Хоттабычтың құмырасын әкеліп берші. Қазір біз одан сыйлықтарды алып шығамыз.

Ақшақар: Аяз ата құмыра кішкентай, ал балаларымыз көп.Сыйлықтар жете ме?

Аяз ата: Менің сиқырлы таяғым не үшін дейсің қызым – ау !

Қазір бұл құмыраны сиқырлайтын боламыз.

Ал, қызым құмыраны ал да, мен не айтсам соны қайтала

1,2,3,4,5 сиқырлаймыз қазір біз!

Шыршамызды айнала, үлкен болшы, құмыра!

(Ақшақар құмырамен шыршаны айналады, құмыра үлкен болады. Барлық балаларға силықтар таратылады)

Жүргізуші: Рахмет сізге Аяз ата, Ақшақар!

Аяз ата: Ал, балалар біздің сендермен қоштасатын сәт келді, бізді сендер сияқты басқада бүлдіршіндер күтіп отыр . Ақша қар немереміз екеуміз әлі де талай жерлерді аралап бар балаларға сыйлықтарымызды таратып үлгіруіміз керек! Сау болыңдар балалар!

Ақшақар: Сау болыңдар !









Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров201
Номер материала ДВ-429800
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх