Инфоурок Биология СтатьиОқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

Скачать материал

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету/МАН 4 бет/.

Дәстүрлі оқыту стильінде біздер осы уақытқа дейін, мұғалім оқытушы деп түсініп келдік. Сындарлы оқыту теориясы бойынша мұғалім сабақты баланың атына мақсат қоя отырып, жоспар құрушы, оқушының білім алуына мүмкіндік беретін бағыттаушы, оқу ортасын қалыптастырушы тұлға екендігіне көз жеткіздім.

Курстың бірінші бетпе-бет кезеңі аяқталған соң, мектеп тәжірибесін өткізу мақсатта өз мектебіме келдім. Бірінші әріптестермен кеңес жүргіздім. Әріптестермен кеңес барысында олар менен үлкен жаңалық күткендіктерін жасырмады. Мен курс кезінде қалыптасырған теориялық біліміммен олармен де бөлістім. Олар әсіресе, жаңа әдіс-тәсілдер туралы көбірек сұрады. Менен алдын оқыған осы курстың тыңдаушыларына қысқа мерзімді және орта мерзімді сабақ жоспарына енген өзгерістер туралы айтып, олардан сабақты жоспарлау кезінде тиімді болатын әдіс-тәсілдермен пікір алмастым. Сонымен, әріптестермен кеңесті жүргізіп болған соң, мектеп тәжірибесіндегі іске асатын тәзбектелген сабақтар топтамасына жоспар құруға кірістім. Жоспар құру кезінде мен мына басымдықтарға көп көңіл бөлдім. Жекеленген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмытылу; оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсатру мақсатындаолармен жұмыс жүргізу қажетігін ұғыну; кейбір оқушылардың тақырыпты  өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну (МАН 5 бет).

Оқушылармен және олардың ата-аналарымен де кездесу өткіздім. Ата-аналармен кеңес кезінде олардың балаларын суретке және видеоға түсіруіме рұқсат сұрадым. Ата-аналардың ешқайсысы қарсы болған жоқ. Керісінше, маған сәттілік тіледі.

Оқушыларымнан сауалнама алдым.

1. Биология пәні саған қызық па?

2. Биология сабағын асыға күтесің ба?

3. Пән мұғалімі сендермен сабақты қызықты етіп өтеді ма?

4. Сабақта зеріккен уақыттарың жиі болады ма?

5. Мұғалімнің сабақты түсіндіруі саған түсінікті ма?

6. Биологиядан берілген тапсырмаларды орындауда қаншалықты дәрежеде тығырыққа тірелесің?

7. Тығырыққа тірелсең бірінші кімнен көмек сұрайсың?

8. Биология пәні бойынша өткізілетін сабақтан тыс жұмыстарға қаншалықты дәрежеде белсенділік танытып қатысасың?

9. Биология пәнінің мұғалімі саған сабақта ескерту жасаса, сен қаншалықты оны тыңдайсың?

10. Келешекте биология саласы бойынша мамандық иесі болғың келе ме?

Н есімді оқушым, биологиядан берілген тапсырмаларды орындауда қаншалықты дәрежеде тығырыққа тірелесің?- деген сауалға ол, мен тапсырмаларды орындау барысында немесе сабақ айту барысында өз ойымды ашық жеткізе алмай қиналамын деген.

Р есімді оқушым, биология сабағын асыға күтесің ба?- деген сауалға ия мен биология сабағын жақсы көремін. Тіршіліктің құпияларымен танысқан маған қатты ұнайды, - деп жауап берген.

Э есімді оқушым сабақта зеріккен уақыттарың жиі болады ма?- деген сұраққа, ия жиі болады. Ол мұғалімнің сабақты қызық өтпегендігінен емес, менің өзімнің қызығушылығым төмен деп жауап берген.

Осы оқушылардың сауалнамаларын зерттеу кезінде, мен  оқушыларыма дәстүрлі сабақта онша көңіл бөле алмайтындығымды, себебі, өзімнің  уақытымды сабақты түсіндірумен өткізіп алатыныма көз жеткіздім. Себебі, оқушылар білуге тиіс мәліметтер көп. Солардың барлығын білуі керек деп асығып сабақ өтеді екенмін. Ал, енді осы курстың арқасында осы олқылықтың барлығының орнын тек қана жетістікпен, тиімділікпен іске асырамын деп жоспарладым.

Мектептегі тәжірибе жұмыстарын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру сабағын жоспарлаудан бастадым.

Ынтымақтастық ахуалды қалыптастыру сабағын өтудегі мақсатым оқушыларды -өзара бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру, бір-біріне деген жылы лебіздерін тудыру және соның нәтижесінде тапсырмаларды шешу жолдарын бірлесіп табуға, ынтымақтастықпен топта жұмыс жасауға дағдыландыру.

Оқушыларда бір-біріне деген жағымды атмосфера қалыптастыру үшін ең алдымен "Шаттық шеңберін" құрып алдық. Оқушылар шеңбер құрып тұрған сәтте, тақтадан жылы лебіздер мен ыстық тілектер жазылған сөздер интербелсенді тақтадан көрсеттім. Олар осы тілектердің ішінен өзіне қатты ұнағанын досына оқып береді. Осы тілектерді барлық оқушылар оқып берген соң, бірдей тілектерді оқыған оқушыларды топқа біріктірдім. Оқушыларыма осы ынтымақтастық атмосферасын құру сабағымдағы осы "Шаңырақ" шаттық шеңбері әдісі тиімді іске асты. Себебі, оқушыларым бұрын соңды сабақ үстінде бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, тілек айтқан емес. Сонымен бірге бұрынғы сабақтарымда оқушыларым бір қатар бойында сыныптасымен жұптасып отырған болса, ендігі кезекте оларды мен топтастырып, өзінің білгенін өзгемен бөлістіріп оқыту мақсатында топтарға біріктірдім.  Топқа біріктіудегі тағы бір мақсатым оқушылардың білім алулары үшін жағымды орта құру. Оқушыларды топқа біріктіруде мен мынадай бірнеше тәсілдерді іске асырдым. "Термин сөздер", "Конфеттер", "Қима жапырақтар" тәсілдері арқылы бөлдім. Оқушыларды топқа біріктіріп болған соң сыныптың алтын ережесін құру мақсатында оқушылардың өздерінен бүгінгі сабағымыз тиімді де, жемісті болуы үшін бізге қандай ережелер қажет?,- деп оқушылардан сұрадым. Олар бастапқыда алтын ережесін құрайық оқушылар,-дегенімде бірден түсінбей ойланып қалды. Себебі, оқушыларда бұрыннан сыныпқа арналған ереже қалыптасқан, бірақ сабақ барысында олар ешқандай ережеге бағынбайтын. Сол себепті де мен оқушыларға бүгінгі сабағымыз тиімді болуы үшін, ынтымақтастықта, тәртіпті сақтай отырып жұмыс жасауымыз үшін бізге осындай алтын ереже қажет,-деп түсіндіру жұмысын жүргіздім. Содан кейін оқушыларда алтын ереже туралы түсінік қалыптасқаннан соң олар бірден іске кірісті.

Топ мүшелері алтын ережені құрып болған соң, топта бірлесіп, ауыз біршілікте жұмыс жасаулары үшін видеоролик көрсетемін. Оқушыларға құмырсқалардың бірлесіп жұмыс жасаған видеоролигін көрсеттім. Осы жерде видеороликті көріп болған соң, ал енді оқушылар осы видеороликте не көрдік?,- деп сұрақ қойдым. Олар егерде ауызбіршілікте, бірлесіп, бір-бірімізді тыңдап жұмыс жасасақ бізде осындай біліменен биік шың құра аламыз деп жауап берді. Оқушыларыма мен бұрын көрнекіліктерді қолданатынмын бірақ интербелсенді тақтада видеоролик көрсетпеген екенмін. Оқушыларым осы видеороликтерді көрген кезде оларда керемет әсер қалдыра алдым. Сонымен бірге, осы әрекетте оқушылардың сын тұрғысынан ойлағандықтарын, берген сұрағыма өз ойларын ашық жеткізуге тырысқандықтарына көз жеткіздім. Бұл жерде сын тұрғысынан ойлаудың негізгі ерекшеліктері іске асты.

Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмытылу; үзілді -кесілді жауаптарды іздестірудің орнына сұрақ қою;

Сынаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмытылу.

Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау;

Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу

Өзіндік сана-сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сенімімізбен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну  /МАН 50 бет/.

Мен осы ынтымақтастық ахуалды қалыптастыру сабағы арқылы бір-бірінің пікірімен санасуға,  бір-біріне деген жылы лебіздерді білдіріп, ұнатпау, сыйламау, кемсіту сияқты көз қарастарының өзгергендіктеріне  көз жеткіздім.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтардың тақырыбын 1 тарау бойынша қарастырдым. Сабақты жоспарлауда оқушыларда тиімді, нақты білім қалыптастыру мақсатында "Ыстық орындық", "Миға шабуыл", "Биологиялық диктант","Диагноз қоя білсіз бе?", "Артығын тап"ойыны, "Зымыран сұрақтар", "Фиш боун" әдісі, "Бір қадам артқа" тәсілін, "Сәйкестік сынақ", "Экспресс -тест" сияқты әдіс-тәсілдерді қолдандым. Мысал ретінде алар болсам,  екінші сабақтың негізгі бөлімінде Диагноз коя білесіз бе?- деген тәсілді қолдандым. Қолданудағы мақсатым, оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін тексеру. Инербелсенді тақтада түрлі ауруға ұшырыаған адам мүшелерінің суреттерін көрсетемін. Осы суреттерге қарап оқушылар диагноз береді. Мысалы эндокриндік жүйенің ішіндегібұғақ ауруына шалдыққан  қалқанша безінің суретіне қарап Д есімді оқушым өзінің диагнозын берді. Бұл қалқанша безі. Ол кеңірдектің жоғарғы жағында, өңештің алдыңғы бөлігінде орналасқан. Бұл мүше бұғақ ауруына шалдыққан. Шалдығуының себебі, бұл қалқанша безіне иод жетіспейді. Бұл бұғақ ауруының екі түрі болады. Біріншісі ашық  бұғақ, екіншісі жабық бұғақ деп аталады. екі түріде адам үшін өте қауіпті. Бұл аурудың пайда болуының тағы бір жолы адам бір нәрсеге қатты алаңдаушылық болып, стресс алған жағдайда орын алады. Бұл аурудың белгілері: Адамның тыныс жолдарының тарылып, жүрекке оттегі жақсы жетпейді. Сонымен қатар алқымы ісіп адам буынып қалады. Адам терлегіш, шамадан тыс ашуланшақ болып қалады. Сәл нәрсеге алаңдап, қобалжуынан аяқ -қолы дірілдейтін болады. Осының әсерінен жүректе оттегі дұрыс айналмай жүректің жұмысы бұзылады. Аурудың алдын алу жолдары: Бұл ауруға шалдықпас үшін, ең алдымен қандай жағдай болмасын адам ашуға берілмеу керек. Дауысын қатты көтеріп сөйлеу де зиян. Сонымен қатар, құрамында иоды көп азық-түліктерді, жемістерді пайдаланған жөн. Егерде адам бұл аурумен ауырған жағдайда дәрігерге көрініп тұру керек. Оқушыларымның қойған диагноздары  менің өзімді де таң қалдырды. Осы тапсырмада оқушыларымның сын тұрғысынан ойлана алатындықтарын, өз ойларында не айту керектігін өздері нақтылай алатындықтарын байқадым. Бұл жерде талдау келтіретін болсам, сын тұрғысынан ойлауға үйрету модуліндегі бастапқы деңгейдегі сын тұрғысынан ойлау үдерісі көрінді. Тиісті ақпарат жинауды; дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды; кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;  ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды (МАН 46 бет). Мен, осы әдіс-тәсіолерді сабақтарының өң бойында сәтті іске асыра алды. Бұл әдістердің барлығы оқушыларға таңсық, жаңа дүние болғандықтан, оқушыларың игерулеріне біршама қиындықтар туып отырды. Әсіресе, мәтіді игерту мақсатында қолданған "ДЖИКСО" әдісінде оқушылар жаңа тақырыппен жұмыс жасады. Осы кезде олар өз ойын жеткізе алмай, айтқан сөзіне нақты дәлелдер келтіре алмай біршама тығырыққа тірелді.Осы әдісті келесі сабақта мен "Фиш бон" әдісімен алмастырдым.  Оқушылардың "ДЖИКСО" әдісіндегі тығырықтарды ескере отырып  "Фиш боун" әдісі арқылы тапсырма бердім. Сіздің бір жақыныңыз гуморалдық реттелу барысында иод жетіспегендіктен бұғақ ауруына шалдықты . Егерде сіз ................. болғаныңызда бұл мәселені қалай шешкен болар едіңіз?-оларға деген ортақ проблема тастадым. Осы тапсырмаға сай Д есімді оқушым өзінің топ мүшелерін ұйымдастыруға кірісіп кетті. Ол біріншіден топ мүшелерімен ақылдасып, біздер осы проблеманы халық емшісі  болып қарастырамыз деген ортақ шешімге келді. Содан кейін Д есімді оқушым дереу топ мүшелерінің әрқайсысына орындайтын тапсырмаларын бөліп берді. Е есімді оқушыға уақытты бақылап отыруды, Н есімді оқушыға ұялы телефон арқылы интернет желісінен қосымша ақпарат қарастыруды, И есімді оқушыға оқулықтан мәліметттер айтуды, Р есімді оқушыға топ мүшелері айтқан мәліметтерді флипчартқа түсіріп отыруға оның қасындағы С есімді оқушыға көмек беруін айтып, тапсырмаларды бөліп тастады.

Ал, өзі сол жұмысты тақтаға шығып баяндайтынын айтып, өзіде іске кірісіп кетті. Р және С есімді оқушылар флипчартқа балықтың қаңқасының суретін түсіріп жатқанда И есімді оқушы оларға мәтіннен ақпараттар берді. Адам ағзасына иод жетіспесе,қалқанша безі қабынып, бұғақ (зоб) ауруына шалдығады. Иод теңіз балдырының, құрманың, жаңғақтың құрамында болады. Олар егерде біздің бір жақынымыз иод тапшылығы аурумен ауырса біздер мәселені халықтық емі  арқылы  былай қарастырып, шешкен болар едік . Алдымен бұғақ  ауруына ол адам қайдан тап болғанын анықтап, содан соң ауруды емдеу жолдарын қарастырдық. Ауруды емдеу жолдарына біздер түрлі халықтық шипаны пайдаланар еді. Халықтық шипаны былай қолданар едік. Ерте көктем айында  грек жаңғағының жас түйнекшелерін жинап оны екі аптаға таза спирттке салып, күннің көзі түспейтін  қараңғы бөлмеге апарып екі апта бойында оны артық қозғамай тұнба дайындайтын едік. Спиртке салынған грек жаңғағы екі апта бойында өзінің құрамындағы иодты бөліп шығарады. Соның әсерінен спирт қара түске боялады.  Дайын болған тұнбаны күніне 1 шай қасықтан 1 рет тамақ алдында ішкізер едік. Сөйтіп біз жақынымызды осы аурудан жазылдырған болар едік деген жұмыстарын Д есімді оқушы қорғап берді.  Бұл жерде мен ең бірінші Д есімді оқушымның мен берген тапсырманы өз бетінше топ мүшелеріне бөліп тастағандығына қарай ұйымдастырушылық іс -әрекет көрінгендігін көрдім.  Осы арқылы оқушыда құндылықтарды анықтау, атқарылатын жұмыстардың орындалу барысын анықтау  үшін келісім мен кеңестер, дамыту жұмысындағы дарындылық сияқты әрекеттерді (МАН 81 бет) байқадым.

Осы "Фиш бон" әдісін қолданғаным мен үшін де оқушы үшін де ұтымды іске асты. Оқушылар бұрынғы сабақта жаңа мәтінді игеруде тек қана оқушылықпен шектелетін ал, олоқушыларымның басым бөлігіне  зерігімді қызықсыз болатын. Ол жерде 25 оқушының ішіндегі қабілеті жоғары 5-6 оқушы ғана игеретін де, қалғаны өз ойын жеткізуге мүмкіндігі болмай шектеліп қалатын. Осы "Фиш бон" әдісі арқылы мен оқушыларыма оқуына үлкен мүмкіндік жасадым. Оқушыларым үшін тиімді болған жағы олар бәрі бір болып, бір-бірімен санасып, пікір алмасып, оқулықтан тыс интернет желісі арқылы өзгеде ақпарттар жинақтап, ол ақпараттарды өмірмен байланыстырып, өздерінің білімдерін көрсете алды.

Сонымен қатар, тізбектелген сабақтар топтамасында қалыптастырушы бағалаудың көптеген тәсілдерін пайдаландым. Пайдаланған тәсілдерді атап өтер болсам "Бағалау парақшалары", "Смаиликтер" "Бағдаршам" тәсілдері. Бұл тәсілдерді іске асырудағы мақсатым оқушылардың алған, жинақтаған білімдеріне баға беруге дағдыландыру. Себебі, бұрынғы  сабақта тек қана бағаны мен қоятынмын да оқушылар менің қойған бағаммен келісіп отыра беретін. Ол кезде оқушылар өздерінің білім дәрежесін анықтауға мүмкіндіктері болмайтын, мұғалімнің қойған бағасына қанағаттанып, өзінің не білетіндігінің байыбына бармайтын. Енді оқушылардың өзі өзін және өзгені бағалауға кірісетін болды. Осы  сындарлы оқытуда мүлдем басқаша стиль оқушылар өзін және өзгені бағалап, оған ділелдер келтіріп, өзінің және өзгенің білім дәрежесін анықтап отыратын болды.

Кездескен кедергілер:

Сабақтардың басында оқушыларым топта қалай жұмыс жасау керектігін түсінбей, бірі-бірінің пікірімен келісе алмау жағдайына байланысты өзара түсінбеушіліктері орын алды.

Берілген жұмыстарды орындау кезінде оқушылар бір айтқаннан тапсырманы түсініп алуға қиналды.

Оқушыларымды топқа біріктіргенде мінездері келіспейтін оқушыларым бір топқа түсіп қалып, бір-бірімен санасулары қиын болды.

Оқушылар постер қорғап жатқанда олар постердің не екендігін түсінбеуі кедергі болы.

Оқушыларымнан бір-біріне және өзіне баға қойып болған соң не үшін бұлай бағаладың? Қойған бағаңды дәлелдеп бере аласың ба?,- деген кері байланысыма жауап бере алмады.

Кедергілерді жою:

Оқушыларыма топта тиімді жұмыс жүрсе, нәтижеге жету оңай болатындығын қайта-қайта ескертіп отырдым.

Оқушыларға топ ережесін көрсетіп, бәрінің пікірі құнды екендігіне көздерін жеткізу арқылы бұл қиындықтар шықтым.

Оқушыларға тапсырманы орындау барысында бүкіл ойларын, көзқарастарын, жаңа идеяларын плакатқа түсіру деп айттым. Постердің де өзінің жұмыс жасау заңдылықтары болады деп түсіндірдім. Ол заңдылықтар: тапсырма берілген соң оған бас салып сурет сала беру емес, топ арасында талқыланып талданған ойды түсіру, берілген тапсырманың айқын көрінісі болуы керек деп түсіндірме жұмыстарын жүргіздім.

Жеткен жетістіктер: Өзімнің сабақ барысындағы нағыз көшбасшы екенімді сезіндім. Өз мақсатыма жету үшін кедергілер мен қиындықтардан шығудың мен үшін маңызды екеніне көз жеткіздім. Сабақты  әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы  түрлендіруді, оқушылармен тіл табысуда ыңғайлы атмосфера қалыптастыруды, бір-бірінің пікірлеріне құнды екендіктерін  түсінгендігіне көз жеткіздім. Сабақтың негізгі мақсатын дұрыс қоюды және сабақты қысқа мерзімге, орта мерзімге дұрыс жоспарлауды керектігіне көз жеткіздім.

Болашақтағы жоспарым:  Сындарлы оқыту теориясын сәйкес сабақтарды жоспарлауда қолданатын әдіс тәсілдерімді соның ішінде "Фиш бон", "ДЖИКСО" әдістерін әрі қарай дамытып, оқушылардың алған білімдерінөмірмен ұштастырып отыруларына жағдай жасай отырып, болашақта өзін-өзі тани білетін құзіретті оқушы тәрбиелеу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 048 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2017 1141
    • DOCX 26.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каратаев Адхамбек Ташланбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 79819
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 460 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 178 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 398 человек

Мини-курс

Спортивная подготовка: теория и практика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Визуальные искусства: анимация и фотография

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе