Инфоурок Биология Научные работы" . Қосжарнақтылар класындағы өсімдіктерге жалпы шолу."

" . Қосжарнақтылар класындағы өсімдіктерге жалпы шолу."

Скачать материал

Мереке орта мектебі

 

 

 

Қосжарнақтылар класындағы өсімдіктерге   жалпы шолу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Химия-биология пәнінің мұғалімі , І санатты

                                                                   Муслимова Жанылкан Бердикожаевна

 

Ашық сабақ

Химия-биологиядан сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар  жоспарлары

Мерзімі:

Сыныбы: 7

Пәні: биология

Сабақтың тақырыбы: §28. Қосжарнақтылар класындағы өсімдіктерге

                                                  жалпы шолу. 

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін

                                          қорытындылап, нақтылау мақсатында тапсырмалар

                                          мен тест жұмыстарын алу арқылы  қосжарнақты

                                          өсімдіктер (көкнәр, алабота, орамжапырақ, асқабақ,

                                          раушангүлділер, бұршақ тұқымдастар,

                                          құлқайыргүлділер, күрделігүлділер және алқа)

                                          тұқымдастарының тіршілігімен танысып, қоршаған

                                          ортадағы маңыздылығы жайында  білім

                                          деңгейлерін анықтау.

2. Дамытушылық мақсаты:  Қосжарнақтылар класындағы өсімдіктер

                                                    түрлерін оқушылар білім сапаларына сәйкес

                                                    ерекшеліктерін, гүлдерінің формуласы мен

                                                    диаграммасы, жемістері, тұқымдары,

                                                    гүлшоғырларының орналасуы, олардың бір-

                                                    бірімен салыстыра айтуына байланысты пәнге

                                                    деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау

                                                    қабілеттері мен білімдерін дамыту.

3. Тәрбиелік мақсаты: Қошаған орта мен табиғатты аялауға, өсімдіктер мен

                                      жануарларды қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға

                                      тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытындылау сабақ

Сабақтың әдісі: репродуктивті, түсіндірмелі – иллюстративті,

                     проблемалық оқыту, интерактивті тақтамен жұмыс,

                             сұрақ – жауап, өзіндік  ізденіс, қорытынды шығару,

                             интерактивті, көз елес, сәйкестік тест, салыстыру кестесі,

                             тест жұмысы.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, макет (алма, алмұрт), шикі картоп, стакан, су, тұз, тағамдық мак (көкнәр), «Биология» плакаттар.

Пән аралық байланыс: география, экология, химия

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ кезеңдері:

І. Ой толғау

ІІ. Өзіндік жұмыс

ІІІ. Жеке оқушыларға бағытталған сұрақтар (проблемалық, логикалық)

ІY. Интерактивті тактадағы тапсырмаларды орындау

Y. Тест тапсырмасы

І. Ой толғау.

1. Оқушылардың дүниетанымдарын ашу үшін нақты ой тастау. (флипчарт 1)

Өмірдің өкінбейтін бар айласы,

Ол айла - қиянатсыз ой тазасы.

Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек,

Таза жүрек, тату дос - сол шарасы.

                                                         (Шәкәрім Құдайбердиев)

Бұл адамның жеке ерекшелігі. Өсімдіктердің табиғаттағы (ғаламшардағы) орны мен маңызы.

ІІ. Өзіндік жұмыс

Таратпа материалдар (1-4 тапсырма) (флипчарт 5-8)

Оқушылардың жалпы алған білімдерін анықтау. (Тексеріліп бағасы журналға қойылады.)

1. Төменде берілген белгіге сәйкес, өсімдіктің әр түріне  сандық және әріптік белгілеуді қолданып, кестені толтырыңыз  (флипчарт-5)

Өсімдік түрі

тұқымдасы

Гүл формуласы

жемісі

өмірлік қалпы

Шаруашылық маңызы

итмұрын

R

7

8

A

J

Бұршақ тұқымдас

Т

8

6

Д

D. N. Ж, Н

мақта

S

6

2

A

H

Асқабақ

L

3

4

A

D. N. Ж, Н

Жабайы шомыр

W

1

1

A

Z

Жабайы көкнәр

P

2

2

А

U

алхоры

R

5

7

С

Н

Ақ алабота

F

4

5

А

J

Қызанақ

И

10

10

А

Н

Сәлбен

С

9

11

А

И, Ж

Бақбақ

А

11

9

А

 

 

Белгілері:

І. Тұқымдастары:             ІІ. Гүл формуласы       ІІІ. Жемісі

R – раушангүлділер            1. ­Т2+2К4А2+4 Ж (2)               1. бұршаққын

F – алабота                           2. Т2К­2+2А∞Ж∞.            2. қауашақ

W – шаршыгүлділер           3. Т(5)К(5)­А(2)+(2)+1Ж0           3. дәнек

P – көкнәр                            4. Т4А4Ж1                               4. қабақ

L – асқабақ                          5. Т(5)КА ­20 Ж1                   5. құрғақ

T – Бұршақтұқымдастар    6. Т3+(5)К5А()Ж()      6. бұршаққап

S – құлқайыргүлділер        7. Т(5)КА ∞Ж∞          7. жидек

И- алқа тұқымдастар          8. Т(5) К3+(2) А(9)+1Ж1     8. көп жаңғақшалы

С – ерінгүлділер                  9. Т­(5)К(2+3)­А2Ж(2)         9. айдарлы, айдарсыз тұқымша

А – күрделігүлділер           10. Т(5)К (5)А5Ж(2)          10.жидек

                                             11. Т0К(5)­А(5)Ж(2)        11. жаңғақша

ІY. Өмірлік қалпы        Y. Шаруашылық маңызы

А – шөптер                       Z – көкөністік

В – бұталар                       D -  мал азықтық

С – ағаштар                       J – арамшөп

Д – шала бұталы               H - азықтық

Е -                                       N – сәндік

                                            Ж – дәрілік

                                            U -  улы

2. Гүлдің диаграммасын талдап, формуласын жазыңдар. (флипчарт-6)

Image8 

3. Төмендегі берілген гүлдердің формуласын жазыңдар.  (флипчарт-7)

1. Мақта гүлінің формуласы

Дұрысгүл, қосжынысты тостағанша жапырақшасы 8 оның 3 бірікпеген, ал 5 біріккен екі шеңбер құрып орналасады, күлте жапырақшасы 5 , аталығы шексіз біріккен, аналығы шексіз біріккен.     

2. Картоп гүлінің формуласы

Дұрысгүл, қосжынысты, тостағанша мен күлте жапырақшасы 5 біріккен, аталығы 5, аналығы біріккен 2 жеміс жапырақшасынан тұрады.

3. Итмұрын гүлінің формуласы

Дұрысгүл, қосжынысты, тостағанша мен күлте жапырақшасы 5, аталық пен аналығы көп (шексіз)

4. Төменде  берілген қосжарнақты өсімдіктің:

Бірнеше өсімдік түрлері беріледі. (флипчарт-8)

- тұқымдасы

- түрі

- жемісі

- формуласы

image009image036image007image026

ІІІ.

1. Жеке оқушыларға бағытталған сұрақтар (проблемалық, логикалық)

Алдын ала жеке үлестірме карточкалар беріледі.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін анықтау. (флипчарт 10-11)

1. Картоп түйнегінен екі цилиндр кесіп алынды (Ц1 және Ц2). Бір сағатқа бірінші цилиндрді (Ц1) дистильденген суға, екінші цилиндрді (Ц2) картоп шырынының концентрациясына сәйкес келетін тұзды суға батырып қойды. Бір сағат өткеннен кейін цилиндрлердің көлемі бастапқы мөлшеріне сәйкес келе ме?

А) Ц- сәйкес келмейді, Ц2 – сәйкес келеді;

Ә) Ц- сәйкес келмейді, Ц2 – сәйкес келмейді;

Б) Ц- сәйкес келеді, Ц2 – сәйкес келеді;

В) Ц- сәйкес келеді, Ц2 – сәйкес келмейді;

 

2.Неліктен қылқан жапырақтыларға (ашық тұқымдылар) қарағанда жалпақ жапырақты ағаштарды (әлсіреген немесе зиянкестер зақымдаған) паразит-саңырауқұлақтар жиі қоныстайды?

3. Жануарлар тәрізді өсімдіктер де ағзаға қажетсіз заттарды сыртқа шығарады, өсімдіктер ағзасынан қандай заттар және қалай шығарылады?

 4. Әр түрге жататын кейбір өсімдіктердің сабағы мен жапырақтары түкті болып келеді. Олардың атқаратын қызметі қандай?

5. Жылыжайлардағы қызанақтың өсіп кеткен жапырақтары мен сабақтарының біразын азайтып, қырқып тастайды. Мұны, әсіресе жаздың соңында жиі қайталайды. Өсімдікке жарақат салатын болса да, бұл  әрекет қандай мақсатта жүргізіледі?

ІY. Тақтамен жұмыс Танымдық қабілеттерін арттыру

Интерактивті тақтада:

-         гүлдің құрылысын анықтап, тиісті бөлігін гүлдің қасына апарып қояды;

-         өсімдіктердің жіктелуі бойынша ретімен жазады;

-         берілген гүлдің диаграммасын табады.

 

Флипчарт-9.

Флипчарт – 12.

Флипчарт – 13.

Y. Білім деңгейлерін қорытындылау тест (интерактивті тақтада)

Оқушы зеректілігі, жылдамдылығы, тарауды қаншалықты меңгергендігі анықталады.

Қосымша тапсырмалар:

1 - тапсырма.

Жабайы араның бір ұясында орта есеппен 100 жұмысшы аралар болады. Олар нәр жинау үшін күніне 20 реттен ұшып шығады. Әр шыққанда бір ара шамамен 240 гүлге қонады. Сонда бір ұядағы жабайы аралар бір айда қаншама гүлді тозаңдандырады?

2 – тапсырма.

Бір жұмысшы бал арасы бір минутта 12 гүлге, ал бір күнде 7200 гүлге қонатыны анықталған. Бал арасының бір омартасында 50 000 – дай жұмысшы аралар болады. Бір тәулікте осындай бір омартадағы бал аралары қаншама гүлді тозаңдандырады? 

ІІ. Қорытындылау

ІІІ. Бекіту

ІY. Бағалау

Y. Үйге тапсырмалар беру. Қосжарнақтыларға жататын өсімдіктер тарауын

                                                 қайталау.§ 24-29. 94-125 бет

"Табиғат - біздің ортақ үйіміз " шағын ЭССЕ жазып келу. 12-15 сөйлем.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мереке орта мектебі

 

 

 

Ас қорыту жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Химия-биология пәнінің мұғалімі , І санатты

                                                                   Муслимова Жанылкан Бердикожаевна

 

 

 

Сыныбы: 8

Пәні: биология

Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі

а) Білімділік: Оқушыларға ас қорыту жүйесінің құрылысы, атқаратын қызметтері және өзіндік ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру.

Ә) Дамытушылық: Оқушылырадың сабаққа ынтасын арттыра отырып, ойлау, қабылдау, зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

б)  Тәрбиелік: Адамгершілік,ғылыми көзқарас, дүниетанымын қалыптастыру.

Типі: Пысықтау, тереңдету, біліктілікті арттыру

Түрі: Бағыттау,зейін аудару,белсендіру

Әдістері: Сатылай кешенді талдау.

Пайдаланатын құралдар:кеспе қағаздар,мақал-мәтелдер,газет материалдары, флипчартты қолдану.

Сабақ барысы:

Байлық  байлық емес, денсаулық- байлық 

Денсаулық- зор байлық.

Денсаулық кепілі- тазалық.

Жаның сау болса, сорлымын деме,

Тәнің сау болса , жарлымын деме.

Тазалық – денсуалық негізі,

Денсаулық – байлық негізі.

Тәні саудың - жаны сау

Ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады.

Ауру қалса да әдет қалмайды.

Ауырып ем іздегенше

Ауырмаудың жолын ізде.

Ас – адамның арқауы.

Денсуалық ауадан аумайды,

Барында кім оны ойлайды.

Денсаулықты қорғайықшы,қорғайық

  Әдептен біз озбайықшы,озбайық!

 Табиғатты қорғап жүріп бәріміз,

 2030-ға Сыйлық етіп жолдайық

                                        Талдау

Қоректік заттар дегеніміз не? Оны қайдан аламыз?

      Неліктен нанды ұзақ шайнағанда тәтті дәм сезіледі?

                                

                                       Дәлелдеу

Суретте берілген мүшелерді анықтап жазыңдар.

                     

Жинақтау

Кестені толтыр

 

 

Ас қорыту жүйесі

 

Ауыз

Жұтқыншақ

Өңеш

асқазан

Аш ішек

Тоқ ішек

Ұйқы бездер

бауыр

Қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

Байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

Нәтижесі

 

 

 

 

 

 

 

 

Проблема

Ас қорыту жүйесі өз қызметін атқару үшін қандай жағдайлар қажет?

                                                       Қасиеттері

Төмендегі ұғымдардың анықтамасын жазыңдар.

1.Асқорыту мүшелерінің қабырғасын    1. Тағамының механикалық өңделуі –

құрайтын қабаттар -

2. Тағамның химиялық өңделуі –       2. Ұлтабар (он екі елі ішек) –

 3. Бүрлер –                                          3. Соқыр ішек –

4. Аппендикс өскіні –                          4. Тік ішек –

5. Тұрақты тістер –                             5. Ит  тістер –

6.Ақыл тістер –                                   6. Сүт тістер –

 

                                              Салыстыру

             Рефлекс                                                                           Сөл

 

Шартты  шартсыз                                                         Сілекей   асқазан

 

                                             Қорытынды

Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша дайындаған материалдары көрсетіледі.

1.Тамақтану гигиенасы.

2.Асқазан – ішек аурулары,алдын алу.

3. Денім сау болсын десеңіз.

                                    Көп Жасағыңыз келсе

Қазір ғалымдар жануарларға тәжірибе  жасаудың нәтижесінде адамның ғұмыр жасын ұзарта алатындай ондыған тамақтық заттарды анықтап отыр. Бұлардың арасында кәдімгі қызыл бұрышта бар. Ол липидтік алмасуды қалыпқа келтіріп дұрыстайды, актериялық қысымды төмендетеді, ішек жолдарының микрофлорасын сауықтырады, жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді.

Ұзақ жасағысы келетіндерге бірер кеңес.

Ең алдымен ішетін  тамағыңыздың түрі – түрін көбейту керек. Холестерині көп майы қышқылдары мол деп кейбір тамақтарды мүлдем жемей қоюға болмайды, олардың мөлшерін ғана азайтыңыз. Әдетте, іс жүзінде ке келген тамақта организмге қарама- қарсы әсер ететін тамақтық заттар болады.Өсімдік өнімдері мен мал өнімдерінен, әсіресе сүт өнімдерінен мөлшерлестіріп жасалған құрама тамақ түрлері пайдалы. Кешкі тамақты кейін айран ішуге дағдыланып,күніне төрт рет тамақтану керек. Өйткені егде тартқан организм тамақпен келген нәр – қуаттың шағын мөлшерін ғана қажетке жаратып,қалғаны қорға жинала беретін болады.

Маңызды түйін

Әр топтың өз ойлары айтылады.

Бағалау

Әр топ өздерін бағалайды.

Бағалау  парағы

Оқушының аты – жөні

Бағыттау , зейінін аудару

Тал-дау

Дәлелдеу

Жина-қтау

Қасие-ттері

Салыстыру

Қорытынды

Түйін

Жиынтық балы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма : § 44 - 49

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Науырзым ауданы білім беру бөлімі Мереке орта мектебі»ММ

 

 

 

 

Кіріктірілген ашық сабақ

 

 

 

Тақырыбы:  Адам генетикасы.

 

 

 

 

 

Сыныбы:  9

 

 

Биология пәні мұғалімі:        Муслимова Ж.Б.

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

Тақырыбы:          Адам генетикасы

Міндеттері:

Оқыту:        1.Оқушыларға білім тереңдету мақсатында адам ағзасындағы

                        хромосомалардың атқаратын қызметін және маңызын  білу.

                    2. Хромосомалар арқылы тұқым қуалайтын аурулар мен 

                        ауытқуларды толық ажырата білу.

                    3. Генетикада адамның тұқым қуалаушылығын зерттеуге 

                        мүмкіндік беретін әдістерді білу.

Дамыту:      1. Әр түрлі білім көздерін қолдана білу (мәтін, сурет, 

                         жинақтамалар, слайд және электронды оқулықтар).

                     2. Ойларын салыстыруға,анализдеуге, жалпылауға және 

                         қорытындылауға үйрету.

                     3. Ұлы, дарынды адамдардың шежірелік карталарын құруға        

                         үйрету.

Тәрбиелік:   1. Топпен жұмыс кезінде оқушылардың жаңа көзқарастарын

                         дамыту.

                     2. Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйласымдықты 

                         ояту.

                     3. Өз ата – тектерін құрметтеуге және шежірелік карталарды

                         дұрыс құра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

-         биология

-         әдебиет

-         Абайтану

Сабақтың типі: Жаңа білім меңгеру

Сабақтың әдісі: СТО:

-         түсіндіре басқарып, оза оқыту

-         жеке және топтық жұмыс

-         өздік жұмыс

-         қосымша әдебиеттермен жұмыс

-         сұрақ – жауап

Көрнекіліктер: - электронды оқулықтар

-         слайдтар

-         шежірелік карталар

-         қазақтың мақал – мәтелдері және нақыл сөздері

-         қосымша әдеби оқулықтар

Сабақтың құрылысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Жаңа сабақты меңгеруге дайындық (өткен сабақты пысықтау)

    Кубизм әдісі (6 сұрақ)

1. Жынысты қалай анықтайды және аутосом дегеніміз не?

2. Гомозигота және гетерозигота ұғымдарын түсіндір (мысал келтір).

3. Хромосомалардың әртүрлілігі.

4. Барр денешігі дегеніміз не?

5. Жыныспен тіркес тұқым қуалау деген не?

6. Есеп.

ІІІ.Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Білгім келеді

білдім

 

 

 

Өздерің айтып өткендей хромосомалар арқылы әртүрлі аурулар тасымалданады, осы аурулар тұқым қуалайды дедік. Бірақ, хромосомалар тек ауруды ғана емес, сол сияқты адамзат бойындағы дарындылық қасиеттерді де ұрпақтан  ұрпаққа таратып осы өмірге дейін жетелеп келген.

                            «Атадан ұл туса игі,

                             Ата жолын қуса игі» деп  қазақ аталарымыз айтқандай, атаның жолын қуар ұл туса, оның бойындағы бар жақсы қасиеттерді қайталар еді. осыған орай адам генетикасын бастай отырып, адам да өз алдына бір биологиялық тұлға екенін ескереміз. Соңғы жылдары адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу кеңінен бет алған және түрлі әдістер қолдана бастаған.

Топпен жұмыс.

І топ. Генеологиялық әдіс

 «Жақсыдан жаман туса да,

  Жаманнан жақсы туса да,

  Тартпай қоймас негізге »

Құнанбайдың дарындылық қасиетін көрсететін шежірелік карта құру.

Құдайберді

 

Мағауия

 

Шәкәрім

 

Құнанбай

 

 

 

        - Дарындылық қасиеттің берілу белгісі.

 

ІІ топ. Цитогенетикалық әдіс.

 «Бір биеден ала да туады, құла да туады».

Оқушылар осы әдістің мағынасын толық ашып беруі тиіс.

Мысалы

 

 

                      ХРОМОСОМА 23 ЖҰП

 

22 ЖҰП АУТОСОМ               1 ЖҰП ЖЫНЫС  ХРОМОСОМАСЫ

 


                 ҚАЛЫПТЫ КАРИОТИП

   

Қалыпты кариотиптің бұзылуының себебі неде?

Сол сияқты ұғымдарды ашып айту

ІІІ топ.Популяциялық әдіс

«Жеті атаны білмеген - жетесіз».

Гендер

                

 

Біркелкі таралған гендер                            Нақтылы географиялық аймақтарда 

                                                                       кездесетін гендер

Популяциялық әдіс - жекелеген гендердің немесе хромосомдық өзгерістердің адам популяциясына таралуын зерттейді.Түрлі патологиялық белгілерді анықтайтын рецессивті гендер  көпшілік жағдайда гетерозиготалы күйде болады.Бірақ туыстық некеде мұндай гендер гомозиготалы күйге көшіп, фенотиптік көрініс беруі де мүмкін. Яғни отбасында бала өлі туады немесе кеміс туады. Мысалы: Қазақтың «Қалқаман Мамыр» поэмасындағы туыстық қатынас.

IV топ. егіздерді салыстыру.

 

Егіздер

 

 

                                     БЕ                                                             ЕЕ

                     (монозиготалар)                                          (дизиготалар)

 

Оқушылар егіздерді анықтау критерийлерін ашып айтады.

V топ. Онтогенетикалық әдіс.

IV. Жаңа сабақты бекіту.  Деңгейлік тапсырмалар.

 

І - деңгей

Әдістер

Негізгі мәні

Практикалық маңызы

 

 

 

ІІ-деңгей.

Есептер шығару (Жыныспен тіркес тұқым қуалау).

 

ІІІ-деңгей.

Тест тапсырмалары (15 сұрақ).

 

V. Үй тапсырмасы беру.

(Әрбір бала өз жанұясының шежірелік картасын құру).

 

 

 

 

 

 

Мереке орта мектебі

 

 

Тәуелсіз елім – тірегім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы:  9

 

 

Биология пәні мұғалімі:        Муслимова Ж.Б.

 

Тақырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім

Мақсаты:      1) Оқушыларды Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу;

                        2) «Отан», «Тәуелсіздік», «Әнұран» туралы кеңірек ұғым беру;

                        3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: интеллектуалды шоу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану.

Көрнекілігі: еліміздің туы, әнұранның сөзі жазылған плакат, Президенттің суреті, «Қазақстан» энциклопедиясы.

                                    Кіріспе бөлім.

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Тәуелсіз елім - тірегім» атты ашық сынып сағатын өткізіп отырмыз. Ең алдымен сайыскерлерді таныстырып кетейін.

            Сайыстың шарттары:

  1. Мақал-мәтел айту
  2. Бәйге
  3. Тіл-өнер
  4. Жеті жұмбақ
  5. Оратор

Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.»

      Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,

Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.

І бөлім. Мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батыр, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар)

Ән: «Отан» Орындайтын: Амитова Назерке.

ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап)

1.       Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?

2.       Мемлекетіміздің астанасы қай қала?

3.       16-желтоқсан қандай күн?

4.       Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.

5.       Тудың авторын атаңыз.

6.       Елтаңбаның авторы кім?

7.       Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?

8.       Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?

9.       Ұлттық валютаны айтыңыз

10.   Биыл Ата заңға неше жыл?

11.   Қазақстанның мемлекеттік, ресми, халықаралық тілдерін атаңыз

12.   «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан жастарды білесіз бе?

13.   «Желтоқсан оқиғасы» туралы не білесіз?

14.   Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

15.   Қазақтың атақты ұлы ақындарын атаңыз.

16.   «Желтоқсан оқиғасы» туралы жазған қандай ақынды білесіз?

17.   Республика күнін айтыңыз

18.   Алматыдағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз?

19.   Республикамыз 12 жылда қандай жетістіктерге жетті?

20.   Президенттің халыққа жолдауы туралы не білесіздер?

«Қазақ биі». Орындайтын: қыз балалар.

ІІІ бөлім. Тіл-өнер.

1.       Ер елінде ... жерінде (гүл – цветок - flower)

2.       Ер туған жерінде,  .... тоңған жерінде. (ит-собака - dog)

3.       Туған жердің .... да болысады. (тас-камень-stone)

4.       Отаның ..... бесігің. (алтын-золото-gold)

IV бөлім. Жеті жұмбақ. (7 пәннен сұрақтар қойылады)

1.       Тарих. 1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасының» болу себебі?

2.       Қазақ тілі. Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған.

3.       Әдебиет. (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз)

4.       Ағылшын тілі. Сөйлемді аудару. Мен  Қостанай облысында тұрамын.

5.       Орыс тілі. Сөйлемді аудару. Мен туған  жерімді жақсы көремін.

6.       Математика. 04.06.1992 сандары нені білдіреді?

7.       Жаратылыстану. Қазақстан қай материкте орналасқан және шектесетін мемлекеттерді атаңыз.

V бөлім.          1. Отан үшін отқа түс күймейсің. (Б.Момышұлы)

                        2. Өз елім - өлең төсегім. (мақал)

Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.

Мұғалім:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мереке орта мектебі

 

 

Тәуелсіз елім – тірегім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы:  9

 

 

Сынып жетекші:       Муслимова Ж.Б.

 

Тақырыбы:   «Тіл тағдыры - ел тағдыры»

 

Сабақ мақсаты:

Тәрбиелік: Оқушыларға қазақ тілі – ана тіліміздің ерекшеліктерін, қадір-      қасиетін өлең сөздер мен шешендік сөздер арқылы түсіндіру. Ана   тілінің қазіргі кездегі дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктерін     мәліметтерге сүйеніп пікір таластыру, өз ойын қорғай білуге, тілге       деген сүйіспеншілігін, тілді құрметтеп қадірлеуге тәрбиелеу.

 

Дамытушылық: Ойлау, тез шешім қабылдай білу қабілеттерін дамыту.       Адамзат баласының ана тілін білуі – борышы, парызы. Өз тілін дамыту.

Сабақ түрі:  Пікір-талас

Әдісі:  Пікір алмасу, топтық, жекелей сайыс.

Көрнекілігі: Ұлы адамдардың қанатты сөздері, мақал-мәтелдер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1.     Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру.

2.     Кіріспе сөз

3.     Оқушылардың тілге байланысты ой толғауы.

4.     Пікір-таласқа екі топ қатысады.

                   1-топ: «Тіл өз дәрежесінде дамуда»

                   2-топ. «Тіл өз деңгейінде дамымай жатыр» деген                                                           көзқарастарды қорғайды.

Қорытынды:  Бүгінгі «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты пікір таласымызды қорытындылай келе жақтаушы топтың мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің қаншалықты дейгейде дамып келе жатқанын, қоғамдағы орнын, көптеген қазақша мектептердің көптеп ашылып жатқанын және бүкіл іс-қағаздарының, құжаттардың 2007 жылдан бастап толық қазақ тіліне аударылатынын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Тіл тарихына шолу» атты кітабындағы тіліміз өз орнымен дамып келе жатқанын айтып, дәлелдеп кетті. 

         Тіл тағдыры болашақ жастардың қолында, біз жастарға сенеміз! Тіл мәртебесін биіктетейік, халайық! Тіл тағдыры – ел тағдыры.

Осы пікір таласты Қожаберген жыраудың «Баба тілі» атты өлеңімен қорытындылаймыз: Баба тілін қадірле,

                                  Болашақтан түңілме!

                                  Айналайын боздақтар,

                                  Аралас тілге үңілме!

                                   Миды оят, жамиғат,

                                   Қазақша алтын, жезіңді.

                                   Қазақша жазбай жүргенді,

                                   Түзет құрып, тізеңді.

                                   Хат жазылсын өзара,

                                   Жетілдір қазақ сөзіңді.

                                   Жат алдыңда ез болмай,

                                   Берік ұста өзіңді!

Кіріспе сөз

    Ана тілінің қадір-қасиетін түсініп, ана тілінің қазіргі кездегі дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктеріне баса назар аударып, туған ана тілімізді сүйіп, оны құрметтеуіміз қажет.

         Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің территориялық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.

         Сүйемін туған тілді – анам тілін,

         Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

         Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

         Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С. Торайғыров ағамыз айтқандай енді тіл құдіретін жырлауға ақын-жазушылардың өз ой толғауларын ортаға салуға оқушыларымызға сөз берейік.

 1-оқушы сөзі: Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Ана тілі – біздің өмір бойы өзгелерменұығынысатын негізгі қатынас құралы. Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Тіл. Оның ішінде қазақ тілі халықтың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болғандықтан оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрқайсымыздың борышымыз.

         Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады.

   2-оқушы сөзі: О, туған тіл! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде, қыран құстың жанары да сенде, шымыр ұланның талабы да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде.

         Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмаймыз. Ана тілін жетік білу үшін халық ауыз әдебиетін тыңдап, ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқуымыз керек. Сонда ғана адам өз тілінде мәдениетті сөйлей алмақ, сонда ғана сауатты, өз елінің нағыз азаматы болмақ.

         Пікір-таластың өзекті мәселесі:  «Бүгінгі таңдағы ана тілінің жағдайы».

         Пікір-таласына түсетін жақтаушы және даттаушы топтар шақырылады.

Мұғалім сөзі: Біздің бүгінгі пікір-талас сайысымыздың тақырыбы: «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деген көпті толғандырған ауқымды тақырып. 

 

Жақтаушы топтың пікірі: Адам туған тілімен өсіп, дамиды, көркейеді. Тілсіз адамның болашағы жоқ. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері талай сыннан өтті, сол сыедарлы жылдарда ел іргесін ұстаған осы тіліміз.

         Мемлекетімізде ана тіліміз, туған тіліміздің мемлекеттік дәрежеде екендігін елбасымыздың мына сөздерінен айқын байқауға болады: «Тілге деген көзқарас шындап келгенде елге деген көзқарас». Бұл сөздермен елбасымыз қазақ халқына деген сый-құрмет оның тіліне деген құрметпен байқалуыкерек деп айқын айтып тұр. Бұл еліміздегі әрбір азамыттың тілге деген көзқарасын түзеуге мемлекеттік бағдарлама аясында республика көлемінде көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда ауылмен елді мекен мәдениет мекемелерінің атауы қазақ тіліндегі атауға алмастырылды. Облыста тілді оқыту орталығы ашылып, онда курсты аяқтаған қызметкерлер сертификаттарын алуда.

         Ана тіліміздің даму дәрежесі өз деңгейінде екендігін дәлелдейтін маңызды сала – мәдениет саласы болып табылады. Мәдениет ошағы болып теледидар саналатыны әркімге мәлім. Себебі, түрлі бағдарламалар, ел тынысы жайлы, әлем келбеті туралы ақпараттарды теледидардан аламыз. Теледидарды көрмейтін адам жоқ. Сондықтан ол адамның мәдениетіне, жүріс-тұрысына әсер етпей қоймайды. Ең бастысы – оның тілге тигізер әсері зор. Осыған орай қазір мемлекеттік телеарналарда қазақ тіліндегі бағдарламалар, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын паш ететін бағдарламалар көбеюде. Бұл ұлттық сананың оянып, тіліміздің қолдану аясының кеңеюіне үлес қосуда.

         Сонымен Елбасы тіліміздің қолданысы мен дамуының бағдарламасын жасап, «Тілдерді қолдау мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» қабылдады. 2006 жылы 14 желтоқсанда Елбасымыз басқа ұлт азаматтарының қазақ тілінде сөйлеп, қызмет көрсетіп жатқандарын тыңдап ризашылығын білдірді, қосымша ақы төленетіндігін айтты. Жаппай қазақшаландыру жасап, басқа ұлтқа қиянат жасауға болмайтындығын қоса айтып өтті.

Даттаушы топтың пікірі:  Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілі деп көрсетілген Ата Заңымыздың 7 бабының 1 тармағынан бастау алады.

         Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақтай бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел бұрыңғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер аз емес. Өткен тарихты еске алсақ. Әрідегі отарлық кездің итқорлығын былай қойғанда, кеңес тұсындағы жетпісінші жылдарда қандай еді? Ана тіліміз анық кемсіту жағдайында емес пе еді? Өз жерімізде, одақтас республиканың өз топырағында отырып, бір де бір ресми шара үстінде қазақша сөйлей алмайтынбыз. Өзге ұлттардың өкілдері отырған жерде қазақша сөйлеуге қаймығатынбыз. Ол былай тұрсын қалалы жерлерде қазақ мектептердің жоқтығын айтпағанның өзінде, таза қазақ ауылдарындағы байырғы мектептер де жабылып, жас балаларды бірыңғай орысшаға оқуға көшкен сол жылдардың сорақылығын қалай ұмытамыз? Қазақ тілінің тамырына балта шапқан нақ сол күндер еді ғой. Қазір қалада да, ауылда да өзара өзге тілде сөйлеп жүрген жастар – сол жылдардың түлегі. Соның арқасында шөлейттегі қазақ емес, ең шұрайлы өлкеде, қалаларда қоныстанған орыстар Қазақстанда жетекші ұлтқа айналды.

         Теледидарды алатын болсақ, бағдарламары қазақ тілінде өтіп, кейбір дауларды ортаға салып, «Біз қазақ тілінде өтіп жатырмыз» дегендей болып 15 минуттан кейін хабарды соңына жеткізеді. Ал жалпы қазақ тілінде өту арналарда өте сирек беріледі.

         Бүгінгі күнде орыс тіл білімінің жетістіктері басшылыққа алынып, олар көп жағдайда қазақ тіл біліміне күштеп таңылып жатады немесе қазақ тіл білімі соған келтіріледі.

         Өз ойын теледидардан, ресми кездесулерде қазақша білдіре алмайтын басшылар өздерінің күнделікті жұмыс орындарында қазақша сөйлеп, соны өз қызметкерлерінен талап етеді дегенге кім сенеді? Әлде, тіл білмегендіктен қазақтардың ортасына шығып, жағдайың қалай қазағым деп көрмеген министрлеріміз жоқ па?

         Қазақстанда тіл білмейтіндер әлі төрімізде отыр. «Мемлекеттік тіл» десе төбе шаштары тік тұрады, тіпті «ұлтжандымық мәселесін көтеріп отырсың» деп бәле салады.

         «Ұлттық тіл тағдырының шешімі табылмаса, өктем ұлттың тілі қашанда жұтып қоюға әзір тұрады» деп біліп, тіл мәселесіне үстірт қарамайық, қазақ тілінің өз деңгейінен жоғарлауын қарастырып шешімін табайық.

                  

 

Сабақтың тақырыбы:  Темір

Сабақтың мақсаты:

          Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.

          Сабаққа дайындалуда оқушы мен оқытушы іс-әрекеті: Оқытушы мен оқушы алдын ала дайындалуы, оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабілетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.

          Сабақтың міндеті:

                 Білімділік:Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары,қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.

                 Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.

                 Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.

          Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды оқулық

          (9 сынып химия ), металдар коллекциясы, табиғи минералдар коллекциясы, периодтық кесте,  суреттер,  қосымша әдебиеттер, химия энциклопедиясы, интерактивті тақта, реактивтер FeCI2, FeCI3, Fe(SO4)3, NaOH,  K3[Fe(CN)6], K4[Fe(CN)6], KNCS

 

Сабақтың әдісі: Графиктік диктант жүргізу, тест түрлерін пайдалану, баяндау, 

                        сұрақ жауап, қосымша мәтіндер.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген аралас сабақ

Сабақтың барысы:

 Өтілген тақырыпты тексеру:

 

Графиктік диктант арқылы тексеріледі: иә -----, жоқ        деп оқушылар график сыза отырып, сұрақтарға жауап береді.

1. Алюминий табиғатта бос күйінде кездеседі.

2. Алюминий екідайлы емес, оксиді -негіздік оксид.

3. Алюминийдің беті берік беттік оксид қабықшасымен қапталынған.

4. Алюминий ұнтағын немесе фольгасын қатты қыздырса, оттегінде көз қаратпайтын 

     жалын түзе жанады.

5. Алюминийдің тотығу дәрежесі +3

6. Алюминий гидроксиді еритін негіз.

7. Бокситтің формуласы-AI2O3-nH2O, корундтікі- AI2O3

8. Дюралюминий құймасының құрамына магний кірмейді.

9. Алюминийді алғаш ашқан 1825ж дат физигі Х. Эрстед.

 

Жауап графигі былай бейнеленеді:

 

 

 

 

Данышпан Абайдан бір үзік жұмбақ келтірелік:

Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әр түрлі кен.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,

Солардың ең артығы немене екен?

Шешуі:  Темір

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жоспар:

 

 Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:

 

1. Темірдің периодтық жүйедегі орыны;

2. Атом құрлысы (электрон, протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық масса.)

3. Табиғатта таралуы және маңызы;

4. Темірдің ашылу тарихы;

5. Физикалық қасиеттері;

6. Темірдің геохимиялық қасиеттері;

7. Темірдің биологиялық маңызы;

8. Құранда темір туралы; (дін)

 9.Темірдің қолданылуы.

10.Бекіту (деңгейлік тапсырмалар,бекіту сұрақтары,тәжірибе,тест)

 

Темір периодтық жүйеде:

   4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.

   26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.

   4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы

  1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

   Тотығу дәрежесі 0,+2,+3, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.

 Физикалық қасиеттері:

 

          Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар,

           электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін,

           магнитке тартылатын,

           жұмсақ, созылғыш металл.

          Тығыздығы 7,864 г/см3 , балқу  t ═1539  С.

          Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген.Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады.

            Темірдің 7690   С  градусқа  дейін магниттік қасиеті  сақталады.

 

      Темірдің ашылу тарихы:

          Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.

      Темірдің табиғи минералдары:

          Fe 3O4магнитті темір немесе магнетит (72% Fe)

           Fe 2O 3 қызыл теміртас немесе гематит (70% Fe)

          Fe 2O3 · 3H2O лимонит  (50% Fe)

          FeS2 пирит немесе күкірт колчеданы  (52% Fe)

          FeSO4·  7H2O темір купоросы

          Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск, Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).

Темірдің биологиялық маңызы:

                 Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,

          оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.

          Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір  біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды.

                      Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке  қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.

                      Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.

 

 

Темірдің химиялық қасиеттері:

 

Изображение

 

Темірге сапалық реакциялар:

 

FeCL3+3KSCN=Fe(SCN)3+3KCL     
қан қызыл түсті

Қызықты тәжірибе «Ауырмайтын операция» жасауға болады. Изображение 001

 

 

 

 

 

 

Изображение 001

Толғаныс.

1.Сәйкестендіру кестесі.

      №   формулалар                 аттары

  1. CuSO4                   а)темір (III)гидроксиді
  2. FeO                        ә) темір сульфаты
  3. FeSO4                    б) темір оксиді

4.     Fe(OH) 3              в) мыс сульфаты

Толықтыру тестісі.

1.       Темір ------- түстес ------- металл.

2.       Темір иілімді,------- қасиеті бар,тығыздығы-------,балқу температурасы--------.

3.       Темір қосылыстарында -------тотығу дәрежелерін көрсетеді. 

4.       Темір құймалары -------және-----түрінде қолданылады.  

Керекті сөздер: күміс,ақ,магниттелетін,3,87г/см ,1539,+2,+3,шойын,болат.

 

Деңгейлік тапсырмалар:

І. «Қанағат»

 

Реакцияны аяқта, теңестір.

Fe+O2

Ca+Cl2

Mg+S →

2. Ион алмасу реакциясын аяқта, толық қысқартылған иондық теңдеуін жаз

Ba Cl2+ H2SO4

3. Массасы 80 г кальцийдің зат мөлшерін тап.

ІІ. «Талап»

1. Ca →CaO→Ca (OH)2 →CaSO4 өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын

химиялық реакцияларды жаз.

2. 80г кальций жанғанда жұмсалатын оттегі және ауа көлемін тап.                   

Реакцияларды аяқта, теңестір.

Al (OH)3 → Al2O3+?

Mg+HCl →Mg Cl2+?

ІІІ. “Терең ой”

30г натрий алюминаты қанша көлем көміртек (ІҮ) оксидімен әрекеттесе алады?                      

1. 2NaAlO2+CO2=Na2CO3+Al2O3            V(CO2) қ.ж. →?

2.   200г 15%-тік натрий хлоридімен күміс нитраты әрекеттескенде қанша г күміс хлориді түзіледі.

NaCl+AgNO3=NaNO3+AgCl↓

KСlO3 →KCl+O2 теңдеуіндегі барлық коэфициенттер жиынтығын тап.

 

Сәйкестендіру тестісі.

N

Формуласы

Аттары

1.

Fe2O3

А) сидерит

2.

AL2O3

Ә) ғаныш

3.

CaSO4  2H2O

Б)корунд

4.

CuSO4 5H2O

В) гематит

5.

FeСО3

Г) тотияйын

 

Дұрыс жауабын тап.

  1. Өнеркәсіпте темірді оның оксидтерінен қай заттармен тотықсыздандырып алады ? А)H2 , AL Ә)H2, О2 Б)H2  ,S В)C ,O3 Г) H2  Si
  2. Сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттесіп сутегін ығыстыратын металдар. А)Cu, Fe  Ә)Fe, Са  Б)Fe, Hg  B)Au, Cu Г)Sn, Cu
  3. Қай қышқылдармен әрекеттескенде темір енжарланады?

       А)Н2SO4 (конц)    Ә)HCL    Б)H NO3(сұйық)  В)H3PO4   Г)H2 SO4(сұйық) 

Темір жөнінде мақал-мәтелдер:

«Темірші – көміршіге үйір»

«Темірді қызған кезде соқ»

«Болат қайнауда шынығады

Батыр майданда шынығады»

«Алмас пышақ қап түбінде жатпас»

«Темірдің бір басы-ыстық, бір басы-суық»

«Көптің аузы-темір талқы»

«Темір кессең қысқа кес,

Ұзартуың оңай.

Ағаш кессең ұзын кес,

Қысқартуың оңай».

«Болат бүгілмес-морт сынар».

«Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме».

          «Болған іске болаттай берік бол»

Төзімі темірдей- қайратты деген мағынада.

 

VI. Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма:

Үйге тапсырма:

 

35-тақырып;

163-168 бет, есеп(168-бет 4,5)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Химия тұрмыста.

 Мақсаты: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту.

Сабақ түрі: Сайыс сабағы.

Сайыс барысы:  

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Таныстыру.

ІІІ. Химиялық бәйге.

ІV. «Қалауың білсін!»

V. «Оқушылар ізденісінен»

VІ. Сиқырлы сандар.

VІІ. Капитандар сайысы.

   Армысыздар ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «химия тұрмыста» атты 10 сыныптар арасындағы білім сайысына қош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлаймыз.

   Олай болса ортаға 10 класс оқушыларын құралған «металдар», «бейметалдар», «галогендер» тобы шақырылады.

ІІ. кезең. Таныстыру.

ІІІ. «Химиялық бәйге» (бұл кезеңде оқушылар берілген 10 сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.

   

 І- топқа:

1. Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? (жоқ)

2. Судан екі есе жеңіл металл калий ма? (жоқ)

3. Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма? (иә)

4. Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па? (жоқ)

5. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма? (жоқ)

6. Бір элементтің бірнеше жәй зат түзу қасиеті аллатропия атала ма? (иә)

7. Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфрамен жасай ма? (иә)

8. Натрий тұздары жалынды сары түске бояйма? (иә)

9. Сілтілік металдарға темір жата ма? (жоқ)

10. Мүсәтір спирті аммиактың судағы ерітіндісі ма? (иә)

     ІІ-топқа:

1. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым Аррениус па? (иә)

2. Кремний қышқылының тұздары карбонаттар деп атала ма? (иә)

3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл йод па? (иә)

4. Азот молекуласы полюссіз ковалентті байланыс түзе ма? (иә)

5. Заттар және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым физика ғылымы ма? (жоқ)

6. Химия ғылымының тарихында ұлы алтын заң ашқан Менделеев па? (иә)

7. Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы Ломоносов па? (иә)

8. Ең қиын балқитын металл алтын ба? (жоқ)

9. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш па? (иә)

10. Темекі құрамына кіретін улы зат никотин ба? (иә)

     ІІІ-топқа:

1.      Химиялық қаны - ? (иә)

2.      Озонның формуласы - ? (иә)

3.      «Аспан тасы» аталатын элемент темір ма? (иә)

4.      Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тынайтқыш калий ма? (иә)

5.      Сүйек құрамында сынап бар ма? (жоқ)

6.      Күміс қасық қараяды ма? (иә)

7.      Металдар коррозияға ұшырайды ма? (иә)

8.      Ас тұзының формуласы – NaCl ма? (иә)

9.      Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент кальций ма? (жоқ)

10.  Адам  шашында алтын бар ма? (иә)

ІV кезең. «Қалауың болсын!» (Әр топтың бір-бір қатысушына ортаға шақырамыз, ұсынған ұяшықтардың бірін таңдайды (кубик 1,2,3 әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай)

1-ұяшық сұрақтары

1. Дәрігерлер беретін анттың авторы? (Гипократ)

2. Ас содасының формуласы? (NaHC)

3. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі? (Активтелген көмір)

4. Оттектің сұйылту температурасы қандай? (-С)

5. 61 жас неше мүшел? (5мүшел)

6. Ылғал тартқыш қышқыл? ()

7. Тоңазытқыштарда қолданылатын газ? (N)

8. Сүйекті қаптайтын элемент? (Кальций)

9. Қан қысымын өлшейтін аспап? (тонометр)

10. Ауада неліктен алма сарғаяды? (F ионы F ионына айналады)

2-ұяшық сұрақтары.

1. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл? (НСl)

2. Әр заттың жылы, салқын, ыстық қалпын не дейді? (температура)

3. Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым? (экология)

4. Судың агрегаттық күйлерін ата? (мұз, сұйық, бу)

5. Сутекті ашқан ғалым? (Г.Кавендиш)

6. 70-80жас аралығын қалай атаған? (қария, қарт, ақсақал)

7. Электр тоғын ең күшті өткізетін металдар? (күміс, мыс, алюминий)

8. Магниттік қасиеті бар металл? (темір)

9. Калий перманганатының KМnтұрмыстық атауы? (моргонцовка)

10. Ең қатты металл? (хром)

3-ұяшық сұрақтары:

1. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі? (молекула)

2. Фосфор деген сөз қандай мағына береді? (жарық тасушы)

3. Иммунитет дегеніміз не? (ағзаның жұқпалы ауруға қарсы тұру қасиеті)

4. Ең ауыр металл? (Осмий)

5. KCl- бертоллетұзы қай жерде кездеседі? (шырпының басында)

6. Мұхит суларында қанша NaCl бар? (2,8%)

7. Сұйық металл? (Сынап)

8. Тайқазан қандай металдардан құйылған? (мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, темір, алтын, күміс)

9. Темірдің атомдық салмағы? (56)

10. Көмір қышқылының формуласы ()

4-ұяшық сұрақтары:

1. Судың қатты күйі. (мұз)

2. Ең жеңіл металл. (Литий)

3. Денесінде қышқылы бар жәндік? (құмырсқа)

4. Оттекті ашқан ғалымдар? (Пристли, К.Шееле)

5. Топырақты құнарландыратын элемент. (Азот)

6. Кремний қышқылының тұзы қалай аталады? (Силикаттар)

7. Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді? (мыс)

8. Стронций атомдары жалынды қандай түске бояйды? (қызыл)

9. Na таралуы бойынша нешінші орын алады? (алтыншы)

10. Аl салыстырмалы атомдық массасы: (27)

V кезең. «Оқушылар ізденісінен» (әр топ өздерін қорғайды)

«Металдар» туралы.

«Бейметалдар» туралы.

«Галогендер» туралы.

VI кезең. «Сиқырлы сандар» (бұл кезеңде 3 топқа жылдар жасырылады, оқушылар сол жылдарда қандай жаңалық ашылды соны айтады).

«Металдар» тобы                   «Бейметалдар» тобы                 «Галогендер» тобы

22-(бейметалл саны)                89-(металдарсаны)                   1910ж-(радийдің

1808ж – (Mg,Ca, Sr, Ba)      1828ж (берилийді ашқан)                    ашылуы)

           ашылуы                                 Ф.Велер                                      П.Кюри

            Г.Дэви                       1822ж (И. Берцелиус Si          1969ж (Бранд фосфорды

1772ж (Д.Резерфорд                           алуы)                                        ашқан)

    азотты ашты)                                                                         78 (азоттық ауадағы

                                                                                                                 пайызы).

VI кезең. Капитандар сайысы.

1-топ. «Г» әрпімен басталатын жеті химиялық сөздерді атаңыз: (газ, галоген, гомолог, гидрокарбонат, глюкоза, графит, гидролиз)

2-топ. «К» әрпімен басталатын жеті химиялық сөздерді атаңыз: (карбонат, кристаллогидрат, көмірсулар, күкіртсутек, крахмал, каучук, көміртек)

3-топ. «М» әрпімен басталатын жеті химиялық сөздерді атаңыз: (мұнай, метилоранж, молекула, метан, металл, майлар, мұз)

Жеңімпаз топ марапатталады.   

Қорытынды: Мұғалім сөзі:

                               2030-дың барысымыз

                               Болашаққа бастайды әр ісіміз

                               Егемен елімізді көркейтетін,

                               Білім шыңына шығу-парызымыз,-дей отырып, бүгінгі

                               сайысымызды аяқтаймыз.    

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "" . Қосжарнақтылар класындағы өсімдіктерге жалпы шолу.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2017 3930
    • DOCX 843 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сопбеков Елмира Маханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сопбеков Елмира Маханқызы
    Сопбеков Елмира Маханқызы
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12067
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 259 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 73 человека