Инфоурок Другое Статьи"ОТЫРАР- ҰЛЫЛАР МЕКЕНІ" - Әбдрайым Ахмет

"ОТЫРАР- ҰЛЫЛАР МЕКЕНІ" - Әбдрайым Ахмет

Скачать материал

Отырар ауданының 75 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 65 жыдығына орай

 

ОТЫРАР- ҰЛЫЛАР МЕКЕНІ 

 

        Биығы 2010жылдың біздің еліміз үшін және Отырар ауданы үшін де ерекше мерекелі жыл болып жатқаны,  барша отырарлықтарды үлкен мақтанышқа бөлеп, зор жауапкершілікке шақырады. Осындай мерекелі жыл қарсаңында Абай атындағы орта мектебінде де көптеген игі іс-шаралар өтуде.

       Жыл басында Ұлы Жеңістің 65 жылдығы, Отырар ауданының 75 жылдығы, «Халық Қаһарманы» Кеңес Одағының Батыры Б. Момышұлының 100 жылдығы, әлем таныған сазгер Ш. Қалдаяқовтың 80 жылдығына орай, мектеп бойынша іс-шаралар жасалып,

атқарылуда.

        Ш. Қалдаяқовтың 80 жылдығына орай, мектепте 4-11 сынып оқушылары арасында «Елімнің ерке елігі» деген тақырыпта ән және би байқауы өткізілсе, 10 б-сынып жетекшісі Өтеміс Тамараның ұйымдастыруымен «Сыршыл жүректердің сағыныш сазы» атты әдеби-сазды кеші өткізіліп, бұл тәрбиелік шараға Шәмші ағаның ағайын-туыстары мен інілері, келіндері шақырылып, кеш өткізілген мәжіліс залға Шәмшінің портреті мен мүсіні қойылып, ән жинақ кітаптары мен газеттерге жаоияланған мақалаларынан әсем бұрыш безендіріліп, кеш мәнді де, сәнді, ән шашулармен тартымды да, қызықты өтті.

       Осы мерейтой қарсаңында, ақпан айының 3-ші жұлдызында бастауыш сынып мұғалімі Қарабалаева Жұпаркүлдің ұйымдастыруымен 2-4 сынып оқушылары арасында «2-ЖҰЛДЫЗ» ән өнер байқауы өткізіліп, байқауға 6 жұп (Әлмахан А. Тыныштықбай Д. Бөрібек Б. Өмірзақ Т. Әбдісәлі А. Дінәсіл Н. Халила М. Досмаханбет Б. Мұхитдин Г. Оспанов Қ. Амангелді Д. Әлмахан О.) қатысып, қорытындысы бойынша «2-ЖҰЛДЫЗ» атағын 3 б-сынып оқушылары Халила Марал мен Досмаханбет Бердібек жеңіп алып, арнайы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталып, байқауға қатысқан барлық оқушылар өз өнерлерімен ата-аналарын, ұстаздарын үлкен қуанышқа бөледі.  

         

        Отырар ауданының 75 жылдығына орай, мектепте ақпан айының 24-ші жұлдызында  6 б-сынып жетекшісі, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қыдырбеков Дарханбайдың ұйымдастыруымен «Отырар-Ұлылар мекені» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Бұл тәрбие сағатының ерекшелігі 6 б- сынып оқушылары 3-топқа бөлінген. І-топ «Сана» Ө. Жәнібеков, ІІ-топ «Өнер» Ш. Қалдаяқов, ІІІ-топ «Жалын» М. Шаханов атындағы өнерпаздар болып, 5-бөлім бойынша (таныстыру, өмірбаян деректері, мәнерлеп оқу, сахналық көрініс, шығармашылық көрме) өз өнерлерін көрсетті. Әрбір бөлімде оқушылар, ауданымыздан шыққан қоғам қайраткерлері мен ақын жазушылар, сазгер Шәмші аға туралы көптеген мағұлматтары мен шығармашылық жұмыстарын өте әсерлі етіп, ашып көрсете білді. 

       Ауданымыздың 75 жылдығы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1140 жылдығына орай, мектебімізде 22-27 ақпан аралығында 2 сыныптарда «Туған жерім- тарихи өлке Отырар» , «Құт мекенім- Отырарым» , 3-4 сыныптарда «Әлем таныған Отырар азаматы», «Әбу Насыр әл-Фараби- қазақ елінің мақтанышы» деген тақырыптарда ашық тәрбие сағаттары өте жоғары деңгейде өтті.

       25 ақпан күні мерейтойға орай, мектебіміздің қыздар ұйымының жетекшісі Өтеміс Тамараның ұйымдастыруымен 8-9-10 сынып оқушы қыз балалары арасында «Сұлулық Ханшайымы» байқауы өтті. Байқауға 6 ару: Кәдірбек С. Жаңабай М. Бақтияр Ж. Қожабек А. Құлман Б. Құлбек А. қатысты. Байқау сәлемдесу, зерделік сын, шешендік өнер, сұрақ-жауап, шеберлік өнер және киім сән үлгісі бөлімдері бойынша өтіп, қорытындысында «Мектеп Ханшайымы» атағын 10 а-сынып оқушысы Жаңабай Мәдина жеңіп алып, арнайы мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды.                          Барлық өтілген ашық тәрбие сағаттарына, байқауларға ата-аналар, соғыс және еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері, ауған соғысының ардагерлері мен ұстаздар шақырылды.

        Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай, 2 наурыз күні мектебімізде өткен орыс тілі пән мұғалімдерінің аймақтық семинарында, «Словесник» бірлестік мүшелері мен жетекшісі  Р. Ибрагимованың ұйымдастыруымен өткізілген «Гостиная музы» концерттік бағдарламасы 2 бөлімде «Ескі әндер» (70-80 жылдардағы) және «Соғыс жылдарындағы әндер» бағытымен өткізіліп, аудан мектептерінен келген қонақтар мен ата-аналардың, ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеріп, оқушылардың патриоттық рухын асқақтатып тастады. Осы өнер байқауына 7 жұп қатысып, Бас жүлдені 10 а-сынып оқушысы Нұрланұлы Нұрғиса мен 8 б-сынып оқушысы Құлбек Алтынай жеңіп алып, арнайы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

        3 наурыз күні Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай, 5 б-сынып жетекшісі Әбжал Бағиланың ұйымдастыруымен өткізген «Отырардан шыққан қос батыр» атты ашық тәрбие сағаты өте әсерлі өтіп, отырарлық Кеңес Одағының Батырлары Т. Ибрагимов пен С. Әшіров туралы көптеген деректер мен мағұлматтар айтылып, әскери-патриоттық әндер мен сахналық қойылымдар көрсетілді. Тәрбие сағатына қатысқан ата-аналар мен ұстаздар оқушылардың тәрбиелік шараға белсене қатысқандарына ризашылықтарын білдірді.

       Мектебімізде осындай тәлім-тәрбиесі мол тәрбие сағаттарын, әр түрлі байқаулар мен кештер, өнер фестивальдерін білімділігімен, парасаттылығымен, белсенділігімен, қабілеттілігімен, өте жақсы, керемет ұйымдастыратын П. Сержан, А. Тілеу, А. Жолдас,    Р. Шонтық, Г. Махат, Г. Нұрлыбай, Р. Қалназар, П. Ахметова т. б. мұғалімдер мен сынып жетекшілерге мектеп басшылары мен әріптестері, ата-аналар мен шәкірттері алғыстарын білдіріп, ол кісілерге әрдайым шығармашылық табыстар тілеп, үлкен құрмет көрсетіп келеді.

 

     Бйылғы мерейтойлар қарсаңындағы, мектепте өткізілетін осындай көптеген іс-шаралардың жас жеткіншектерді адамгершілікке, азаматтық рухани өнегелікке, саяси құқықтық білімін арттырып, елжандылыққа тәрбиелеп, туған елін, жерін, хақын сүюге тәрбиелеуде маңызы зор.

           

           

 

 

 

 

 

 

Абай атындағы орта мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                                 Әбдрайым Ахмет

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""ОТЫРАР- ҰЛЫЛАР МЕКЕНІ" - Әбдрайым Ахмет"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 407 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2017 2566
    • DOCX 42 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дүйсебай Өмірәлі Сәрсенбайұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дүйсебай Өмірәлі Сәрсенбайұлы
    Дүйсебай Өмірәлі Сәрсенбайұлы
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 60635
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой