Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Открытый урок по казахскому языку на тему "Ресми іс қағаздары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Открытый урок по казахскому языку на тему "Ресми іс қағаздары"

библиотека
материалов

Ашық сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі.

Топ №:

Күні:


Сабақ тақырыбы: Ресми іс қағаздары.


Сабақтың мақсаты:

Ғылыми: Оқушыларға іс қағаздары яғни

ресми құжаттар жайлы кеңірек

түсінік беру.

Білімділік: Оқушыларды адамның күнделікті

өмірінде жиі қолданылатын

үлгілер, ресми іс құжаттарымен

таныстыру.


Тәрбиелілік: Оқушыларды отан тілін

сүюге, құрметтеуге шақыру

және қарым-қатынас, адамгер-

шілік рухында тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Аралас


Сабақты жиһаздау: оқулық, компьютер, карточка билеттері,

плакаттар, тест сұрақтары.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастырушы кезең: Сәлемдесу.

ҚР Мемлекеттік гимні. Оқушыларды сабаққа қатысуы, күнделік және конспект дәптерлерін тексеру. Нәтижелерін топ журналына жазу.


ІІ. Өткен сабақты қайталау: Сұрақ – жауап. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Яғни, өткен сабақты сұрау ойын-сайыс түрінде өтеді. Әр топқа бір карточка билетінен беріледі (үлгерімі нашар оқушыларға арнайы карточка сұрақтары), қалған оқушылармен сайыс жалғастырылады.

1. Шарт. Пәнаралық байланыс. Бұл шартта мұғалім жағынан әр топқа бір сұрақтан қойылады, ал оқушылар бұл сұрақтарға алдымен қазақ тілінде жауап береді. Кейін берген жауаптарын өзбек тілінде қалай болатынын салыстырып, түсіндіріп береді.

Бірінші топқа сұрақ:

  • Сөйлемнің айтылуы сазы мен мақсатына қарай қалай талданады,

және өзбек тілінде бұл қалай аталады?

Екінші топқа сұрақ:

  • Сөйлемнің құрылысына қарай қалай талданады, және өзбек тілінде бұл талдаудың түрі қалай аталады?

Үшінші топқа сұрақ:

  • Сөйлем мүшелеріне қарай талдау қалай жүргізіледі, және өзбек

тілінде бұл талдау қалай орындалады?

2. Шарт. Бұл шартта әрбір топтан бір оқушы шығып карточка таңдайды. Бұл карточкаларда сөйлемдер берілген, оларды берілген талдау түріне қарай талдайды. Егерде жауаптары толық болмаса, басқа топтар оны толтыруы мүмкін.

Таратылған арнайы карточка билеттеріне жауаптар алынады.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау:

Оқушылар жауаптары тыңдалып, бағаланып болғаннан кейін өткен сабақ мұғалім жағынан пысықталады.


IV. Жаңа сабақты өткен сабақпен баулау:

Міне өткен сабағымызда сіздермен сөйлемдерге синтаксистік талдау жүргізуді үйрендік. Ал енді біздің негізгі мақсатымыз отан тілін жетік меңгеру, қазақ тілінде өзіміздің ой – пікірлерімізді еркін айта білу. Ол үшін біз аузекі сөйлеу мәдениетін де, жазба тіл мәдениетінде жақсы білуіміз қажет. Сондай екен бүгінгі сіздермен өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы Ресми іс-қағаздары болып онда біз адамның күнделікті өмірінде жиі қолданылатын үлгілер, іс қағаздары, яғни, ресми құжаттар жайлы әңгіме қозғаймыз.

Жаңа сабақты өткен сабақпен баулау үшін бейне материал компьютер арқылы көрсетіледі.

V. Жаңа сабақ: Сонымен оқушылар бүгінгі сабағымыз «Ресми іс-қағаздары» тақырыбы. Жаңа сабақты түсіндіру үшін бейне материал компьютер арқылы көрсетіледі.

Міне көріп тұрғаныңыздардай ресми іс-қағаздарының бірқанша түрлері бар екен. Олар: өтініш, хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, шарт, мінездеме, міндеттеме, қатынас тағы басқалар.

Шартты түрде айтқанда, бұлардың ресми деп аталатын себебі – көбінесе бір түрде, біркелкі қалыптасқан үлгі бойынша жазылатындығы. Дегенмен олардың арасында айырмашылықтар да жоқ емес. Ондай ерекшеліктер іс қағазының кімге арналғаны, не үшін жазылғаны, жіберілетін жері және адамы, жазылғанның мазмұнына, соған орай , тілек, мақсат, қорытынды пікір, ұсыныс , талапқа байланысты болып келеді. Сондай екен бүгін біз Өмірбаян, Өтініш және Сенімхатпен жақыннан танысамыз.









Іс қағаздары.


Өтініш, Сенімхат.

Үлгілер:

--------------------------------------------------------------------------------------------------



Сайрам ауылындағы

№ 10-КЛ директоры

Ахмедов Шухрат мырзаға

Сайрам ауылы Ибраһим ата

көшесіндегі 352 үйде

тұратын азамат

Мурат Эшбековтан


Өтініш

Мені осы Лицейге механизатор мамандығы бойынша оқуға алуыңызды сұранамын.

12.02.2007

Өтініш иесі /.............../ Эшбеков М.



Сенімхат


Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы № 5 орта мектебінен менің 2008 жылғы ақпан айындағы жалақымды алуды Марат Эшбековқа сеніп тапсырамын.


(Қолы) М.Қ.Сұранов.


М.Қ.Сұрановтың қолын куәландырамын.

Мектеп директоры (мөр) Шарипов Талғат

02.03.2008ж.


Өмірбаян.

Мен, Болатова Айнұр Асанқызы 1991 жылы сәуір айының 23 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында дүниеге келдім. Ата-анам осы аталған ауданда: Әкем – Болатов Асан – мұғалім, шешем – Оралбаева Лиза Талғатқызы – мұғалім.

1998 жылы «Мәншүк Маметова» атындағы мектептің 1 – сыныбына оқуға түсетім. 2006 жылы осы мектептің 9 – сыныбын бітірдім. Осы жылы Сайрам ауылындағы № 10 Кәсіптік лицейге «Тігінші» мамандығы бойынша 1-курсына оқуға түстім. Қазіргі күнде осы аталған лицейдің ІІ күрсында білім алып жүрмін.

Менің мекен жайым: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Сайрам ауылы, Амир Темур Көшесі 45үй. Үй телефоны:49-789

А.А. Болатова.

04.04.2008.



VI. Жаңа сабақты пысықтау:Оқушыларға жаңа сабақ түсідіріліп болған соң ,жаңа сабақты бекемдеу үшін сабаққа қатысты сұрақтар қойылады.


VII. Жаңа сабақ түсінікті болғанын тексеру үшін ойын ұйымдастырамыз.

1-шарт. оқушыларды үш топқа бөліп, тест байқауын өткізу.

2-шарт. Конверттерге тапсырмалар жасырынған, оны әр топтан бір оқушы шығып таңдайды.



VIII. Үйге тапсырма: Өмірбаян жазып келу

















Автор
Дата добавления 09.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров92
Номер материала ДВ-511416
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх