Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіДене шынықтыру Тақырыбы:«Көктемгі орманға саяхат»Орал қаласы №9 «Еркемай» бөбекжайы тәрбиешісі Жиенбаева Гульмира С2016 жҰйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыБілім беру саласы: «Денсаулық»Бөлімі: Дене шынықтыруТақырыбы: «Көктемгі орманға саяхат»Мақсаты: Берілген тапсырманы зейін қойып орындауға үйрету.Ойын арқылы балалардың қимыл іс-әрекетін дамыту,дене бітімдерін аяқ қол,кеуде бұлшықеттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту.Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.Балаларды ептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Ұжым болып бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.Қолданылатын көрнекі құралдар:Орман суреті,гимнастикалық орындық,Аю қоян кейіпкерлері,Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру көрсету,жаттығулар жасау,саяхат.Қостілділік компонент/билингвальный: Орман-лес, саяхат-путешествие.Балалалар сапқа тұрып марш әуенімен залға кіреді,шеңбер айнала тұрады.Тәрбиеші: Қанекей,балалар бізге келген қонақтармен амандасып алайық,Сәлеметсіздер ме!(балаларға бейнетаспадан жарқырап шыққан күнді көрсету)Тәрбиеші: Күн шыққанда қалай қуанамыз? (балалар күлімдеп қуаныштарын білдіреді)Тәрбиеші: Балалар біздер бүгін орманға саяхатқа барамыз.Орман өте алыс,әрі жолымызда көптеген кедергілер кұтіп тұр,сол үшін ең алдымен денемізді шынықтырып жаттығулар жасап алуымыз керек,Осы күннің шуағымен бой жазу жаттығуларын орындайық.1.Шеңбер бойымен жүру;2.Аяқтың ұшымен жүру;3.Шеңбер айналып жүгіру;4.Демалу жаттығулары.(жаттығулардың тиянақты орындалуын қадағалау)Тәрбиеші: Өте жақсы балалар,жаттығу жасадық енді орманға саяхатқа шығуға әбден дайынбыз.Екі екіден қол ұстасып орманға саяхатқа барайық. (екі адамнан саппен жүру)Орманда алдарынан Қоян шығады.Қоян: Сәлеметсіздер ме,балалар!Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе,Ақ қоян! Біздер балалармен орманға саяхатқа келдік,бірақ орманда жүру өте қиын екен,әрі көптеген кедергілер бар,сен бізге әрі қарай жүруге көмектесе аласыңба?Қоян: Иә балалар,орманның жолдары өте қиын,мен сіздерге көмектесейін.Дайын болсаңыздар менің соңымнан қайталаңдар.1.Шалшық судан секіру (қос аяқтап секіру)(қоянның соңынан ережелерді сақтай отырып жаттығуларды қайталау)Тәрбиеші: Өте жақсы балалар,кедергілерден сүрінбей өттіңіздер,рахмет саған Ақ қоян. Қоян: Көмегім тигеніне ризамын,ал мен әрі қарай жүрейін Сау болыңыздар!Балалар қол былғап қоянды шығарып салады.Тәрбиеші: Ал қанекей балалар,қол ұстасып жолымызды әрі қарай жалғастырайқ. (екі-екіден саппен жүру)Алдарынан ұйқысынан оянып қорбаңдап аю шығадыАю: Сәлеметсіздер ме, балалар!Орманда не істеп жүрген балаларсыздар?Тәрбиеші: Сәлеметіз бе,Аю аға,біз орманға саяхатқа келдік,орманның жолдары қиын екен ,сіз бізге көмектесе аласыз ба?Аю: Әрине көмектесемін,қанекей мына өткелден өтейік тек өте мұқият болыңыздар.1.Гимнастикалық орындық үстімен жүру.(тепе-теңдікті сақтай отырып гимнастикалық орындық үстімен жүру)Тәрбиеші: Рахмет сізге Аю аға,енді біздің балалар сізбен ойнағысы келіп тұр,ойын ойнаймыз ба?Қимылды ойын: «Аюды ояту»Мақсаты: Балаларды топтық ойындарға үйрету,шапшаңдыққа ептілікке баулу.Ойын ережесін сақтай отырып ойнауға бейімдеу.Ойынның шарты: ұйықтап жаттқан аюды өлең айту арқылы ояту,оянған аюға ұстатпай бытырап қашу.Аю аю ұйықтама,Бізбен бірге сен ойнаБіздер көппіз,сен жалғызБірақ сенен қорықпаймыз. (екі-үш рет қайталайды)Аю: Ой балалар рахмет сіздермен ойын ойнап ұйқым ашылып көңілім көтеріліп қалды,енді мен өз жолыммен кетейін.Сау болыңыздар!Балалар: Сау болыңыз!Тәрбиеші: Ал балалар осымен орманға саяхатымыз аяқталды,саппен жүріп,балабақшамызға қайтайық.(саппен жүру,шеңберге жиналу)Тәрбиеші: -Балалар орманда кімдер кездесті? (Қоян мен Аю)-Қоян қалай секіреді? (қос аяқтап секіру)-Аю қалай керіледі? (қолдарын керіп көрсету)-Аюдың көзі қандай? (көздері бақырайтады)-Аю бал жегенде аузын қалай ашады? (ауыздарын кеңірек ашады)-Ал,аю қалай ақырады? (дауыстарын зор етіп шығарады)-Аю бал иісін немен сезеді? (мұрнымен иіс сезеді)Тәрбиеші:Өте жақсы балалар сіздер берілген кедергілерден сүрінбей өтіп,орманнан жақсы келдіңіздер.Енді қонақтармен қоштасып тобымызға қайтайық.Балалар: Сау болыңыздар!(саппен жүріп,марш әуенімен залдан шығу)n! Сау бол бақа!
6 671 873 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Владимирова Елена Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
72/144/180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
5 ч.
Мини-курс
2 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.