Инфоурок Другое Другие методич. материалыОқу мен оқытудың түрлі ресурстарын пайдалану арқылы топпен жұмыс істеудің тиімділігі

Оқу мен оқытудың түрлі ресурстарын пайдалану арқылы топпен жұмыс істеудің тиімділігі

Скачать материал

Оқу мен оқытудың

түрлі ресурстарын пайдалану арқылы

топпен жұмыс істеудің тиімділігі

 

Бірінші «бетпе-бет» кезеңі түрлі ресурстарды пайдалану арқылы «Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы» теорияларды, зерттеушілердің тұжырымдамаларын әртүрлі стратегияларды қолдану арқылы түсінуге көмектесті. 

Мен бірінші  «бетпе-бетте» Бағдарламаның түйінді идеялары мен  қарастырылатын  жеті модульдің  негізгі  идеясын  түсініп,  оқудағы  жаңа  әдіс-тәсілдерді үйрендім. Топпен жұмыс барысында өзімді оқушы орнында сезініп, оқушының тақырыпты өз бетімен қалай меңгергендігін және қалай бағалайтынын түсіндім.

Топқа бөлінгеннен кейін әр топ өзара бірлесе отырып, тапсырмалар орындадық, бағалаулар жүргіздік. Топтық жұмыстың берері көп болды. Өйткені біріміздің білмегенімізді екіншіміз айтып, үйреніп, іс- тәжірибемізді толықтырып отырдық. Жалпы топтаса отыру арқылы біздің арамызда диалог жүрді, тапсырмаларды орындаған кезде біз өзара пікірлесіп, бір шешімге келдік. Мысалы, Блум таксономиясын талқылаған кезде топ мүшелерімен таныстырылым бойынша оқушылардың жеңіл сұрақ қоюға дағдыланып кетуі, әр деңгейлі оқушылардың сұрақты қабылдауы, ойлануға уақыттың жетпеуі сияқты қиындықтарды талқылап, шешу жолдарын қарастырдық. Соның ішінде әр оқушының түсіну дәрежесін анықтауда Блум таксономиясының өлшеуіштерін басшылыққа алу маған тиімді көрінді, сондықтан мектептегі тәжірибе кезінде қолданамын деп ұйғардым. Бұл әдіс арқылы оқушылар белсенділікпен жұмыс жасап, әр кезең сайын тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеруге болатындығына топтағы А есімді әріптесім көзімді жеткізді.

Топпен бағалауды талқылаған кезде әр оқушының түсінік деңгейінің әртүрлілігін ескере отырып, жауаптардың дұрыс бағалануына көңіл бөлдік. Толық жауап алмағанда   «қайта бағыттау» арқылы күтілген нәтижеге жету қажет екенін және оқушы жауабын бағалау үшін табыс критерийлерін қолданып, рефлексияны пайдалану қажет екендігін Д. есімді әріптесімнен түсіндім. Бағалауда кездескен қиындықтарды талдай келе, сын тұрғысынан ойлауға бағытталған ой жүгірту стратегиясын қолданған тиімді екендігін Г. әріптесімнен үйрендім.

«Топтық жұмыстағы ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады, сондықтан ынтымақтастық ахуал қалыптастыруды сабақ бойы басты назарға алу қажет»,-деген А. есімді әріптесімнің айтқанын негізге алып, тәжірибемде оқушыларымды бірлесіп, ынтымақтаса отырып жұмыс жасатамын деп ой түйдім.

Осы  алған  білімімді  бағдарламаның екінші кезеңі «Мектептегі тәжірибе» кезеңімен ұштастырдым.Тәжірибе кезеңінде бағдарламаның негізгі ұстанымдары іс жүзінде жүзеге асты. Мектептегі тәжірибе кезінде берілген тапсырмаларды орындау барысында туындаған қиындықтар мен оларды шешу жолдарын әріптестеріммен талқыладық. Әсіресе, «Түсіну дәрежесін бағалау» мен «Сын тұрғысынан ойлауды бағалау» мәселелерін қарастыру барысында Р. есімді әріптесімнің оқушылардың тақырыптарды түсіну дәрежесін анықтау үшін өткен материалды меңгеру мақсатында шағын ашық тест  тапсырмаларын беретіндігі, С. есімді әріптесімнің оқу материалын өмірмен ұштастыратындығы анықталды.

Үшінші деңгейді бітірген әріптестеріммен бірге өткізілген семинарда екінші топтың «Ел ертеңі-өз қолымызда» тақырыбы төңірегінде қорғаған постері маған өте ұнады. Бұл топ көшбасшылықтың идеясын ашып, оптимизмге  ынталандыру жолдарына тоқталғанда, өзім «Оқытуды басқару мен көшбасшылықты» толыққанды игермегенімді білдім. Әріптестерімнің топтық жұмысқа жақсы қалыптасқандығы байқалды.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде курстағы әріптестеріммен Желілік қауымдастық арқылы топтық жұмыс, сабақтардың өтілу барысы, бағалау сияқты мәселелерді тақылау барысында бір-бірімізден көмек сұрап, ортақ шешімге келіп отырдық. Мысалы, Ш. есімді әріптесім: «Сыныпты топтарға бөлуде уақытты ұтымды пайдалана алмадым» дегенде, ең жеңіл әдістерді қолдану туралы мысалдар келтіру арқылы ұсыныс жасадым.

Екінші «бетпе-бетте» К. және Д. есімді әріптестерімнің Семей қаласының үш мектебі Бағдарламаның идеясын тарату, тәжірибені жетілдіру және бөлісу мақсатында «Lesson стади» әдісі арқылы Желілік қауымдастық құрғандықтары жайлы тоқталған кезде барлық топ қызығушылықпен тыңдады. Желілік қауымдастықты әр мектепте құру қажет екендігін біз түсіндік. Әсіресе, жас мамандарға көмек көрсету мақсатында Бағдарламаның түйінді идеяларымен таныстырып, өз сабақтарында қолдану керек екендігі туралы ой түйдім.

Сонымен қатар «Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларды» әрқайсымыз ортаға салып, талқыладық. Тренингтен кейін жаңа топ құрып, жаңа тұлғалармен бірігіп жұмыс істеуге дағдыландық. Топтық жұмыс барысында үшінші топтың мүшелері: Г. және Д. есімді әріптестерім «Сын тұрғысынан ойлауды бағалау» модуліне жасаған постерінде «Білім кеңістігі» деп аталатын ассоциациялық картамен таныстырды. Олар «Көпірдің екі жағы» деп алып, А, В, деңгейлі оқушылардың сын тұрғысынан ойлау деңгейі туралы тоқталған кезде әріптестерімнің сын тұрғысынан ойлауды бағалағандығының өзі мұғалімдердің сыни көзқарастарының дамығандығын көрсетті. Үшінші топтың қорғаған постерінен әріптестерімнің сын тұрғысынан ойлауға үйретуде оқушылармен  көп жұмыс жасағандықтарын байқадым. Бірінші «бетпе-беттен» қарағанда екінші «бетпе-бетте» әріптестерімнің топтық жұмысқа дағдыланғаны көрінді.

Бірінші топтағы М. есімді әріптесім сын тұрғысынан ойлауды дамытуға тапсырмалар беру арқылы оқушыларды диалогке түсіріп, тіпті үнсіз оқушының да белсене қатысқанын айта кетті. Әріптесімнің жаңа сабақты таныстыру барысында зерттеушілік әңгіме арқылы жүргізуі маған ұнады және осы әдісті өз тәжірибемде қолдансам деймін. Бұл әдістің оқушыны сын тұрғысынан ойлата отырып, диалогке түсуде жақсы нәтиже беретіндігіне сенімдімін. Диологтік оқыту жайлы талқылаулардан кейін әрқайсымыз жаңа идеялар ұсындық.

Ал біз «Сын тұрғысынан ойлауды бағалауды» жеті модульді вазадағы жемістер етіп, әр пән аттарын десерт салатын тәрелке түрінде көрсеттік. Бұл жердегі мақсатымыз- «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» модулін қалған алты модульмен ықпалдастыру және сабақтарда тиімді қолдана білу болып табылады.

Ә. есімді әріптесім топтарға логикалық тапсырма беру арқылы әріптестерінің сын тұрғысынан ойлауы қандай деңгейде екендігіне де назар аударды. Баланың сын тұрғысынан ойлау деңгейін анықтау мақсатында «Кім тапқыр» стратегиясын қолданып, дөңгелекшелерді талдау арқылы оқушылармен қарым-қатынас жасап, кері байланыс орнатқаны маған ұнады. Орыс сыныптарында қазақ тілінде кері байланысты орнату қиындық тудыратындығын ескеріп, өз сабақтарымда пайдалану үшін осы сияқты логикалық тапсырмаларды интернет желісінен жүктеуді ұйғардым. Оқушыларды білімдерін өмірде қолдана білу үшін сын тұрғысынан  ойландыра білу керек екен деп ой түйдім.

Біздің топқа сегіз тапсырманың ішінен «Оқушылардың өзін-өзі реттеуін қадағалау» тапсырмасы негізінде таныстырылым жасап қорғадық. А,В,С деңгейлі үш оқушыны бақылауға алған едік. Біздің топ математика, физика, бастауыш сынып пен орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тапсырмаларды орындауда белсенділік танытқанын, баланың оң қасиеттерін жетілдіру, теріс қасиеттерін жою жөніндегі саналы, мақсатты іс-әрекетін толыққанды ашып көрсеттік. Бұдан менің алғаным- оқушыларды өзін-өзі реттеуге үйретудегі мұғалімнің іс-әрекетіне назар аудару еді.

Жалпы сегіз тапсырманы топта талқылаған кезде әріптестерімнің түрлі стратегияларды қолданғандықтары анықталды, сөздерін тыңдап отырсаң, оқушыларының да, өздерінің де өзгергендіктері байқалды.

«Екінші бетпе - бет» кезеңінің екінші аптасында жеті модульдің бірі тізбектелген сабақтар топтамасында қалай ықпалдасқанын таныстыруымыз керек болды.  Әріптестерім әртүрлі модульді қарастырған екен, бірақ ортадан Г. есімді әріптесім «Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулін қолданып жазған есебін әріптестердің алдында оқыған кезде, мұғалімнің әртүрлі бағалау түрлерін пайдаланғанын байқадым. Топтар «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша ұсыныстар айтып, толықтырулар енгізгенде  есебіме қажетті ұсыныстарды өзіме түртіп жазып алдым. Сөйтіп жазған есептерімізді бір-бірімізге оқытып, талқылап, ұсыныс айта отырып,  есептердің мазмұнына өзгерістер енгіздік.

Жоғарыдағы мысалдардан түйгенім- топтық жұмыстың тиімділігіне көзімнің жеткені. Бірінші- әр алуан стратегиялар арқылы ұйымдастырылған күнделікті тренингтердің ықпалымен ұйымшылдық орнап, ынтымақтастық ахуал қалыптасты. Екінші- әріптестерім өзінің тәжірибесімен еркін бөлісе алды, сенімділік пайда болды. Үшінші-топпен жұмыста әрқайсысы белсенділік танытып,өз ойларын ортаға салып пікір таластырды, ортақ шешімдерді бірлесе іздеуге дағдыланды.

Келешекте курстағы әріптестерімнен білген-түйгенімді іс жүзінде жүзеге асырамын деп ойлаймын.

Осыдан  менің аларым- педагогикалық кеңес, директор жанындағы отырысты өткізу барысында мектептегі әріптестерімді басқару мен көшбасшылықты негізге алып, топтық жұмысқа бейімдегім келеді. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқу мен оқытудың түрлі ресурстарын пайдалану арқылы топпен жұмыс істеудің тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 567 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2016 863
    • DOCX 29.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимжарова Айнур Омирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алимжарова Айнур Омирбековна
    Алимжарова Айнур Омирбековна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18761
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 629 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 203 человека