Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған қазақ тілі пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақта оқытудың 7 модулін қолдану (8 орыс сыныбы)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған қазақ тілі пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақта оқытудың 7 модулін қолдану (8 орыс сыныбы)

библиотека
материалов

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған қазақ тілі пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған

бір сабақта оқытудың 7 модулін қолдану

(8 орыс сыныбы)


Бірінші «бетпе-беттен» кейін сабақтарды өткізу туралы көзқарасым күрт өзгерді. Мектептегі тәжірибе кезінде жеті модульді қалай іске асырамын, қай стратегияларды қолдансам екен деген ойда болдым. «Мен ата-анама көмектесемін» тақырыбындағы тізбектелген төртінші сабағымның жоспарын жасадым, мақсаты мен күтілетін нәтижені белгіледім.

Диалогтік оқытуды негізге алып, әуелі оқушыларыммен қарым-қатынасымды нығайтуды ойластырдым. Көшбасшы ретінде сабақта оқушылардың өздерін еркін сезінуі, сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болуы үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңбері» әдісін қолданып, «Тілек айту» тренингін өткіздім. Тілек айтқанда балалар бір-бірін қайталамауға тырысты. Әсіресе, қыздар тапқырлық пен шапшаңдық танытқанын А. есімді қыздың: «Бүгінгі күнің сәтті өтсін»,-дегені мен Т. есімді оқушымның: «Бүгін сабақта тек беске ғана жауап бер», -деген сөздерінен білдім. Тренингтің балалардың бір-біріне үйренуіне, басқа оқушылардың пікірлерін құрметтеуге ықпал ететіндігін байқадым. Сыныпта эмоционалдық жағымды қатынасты орнату үшін тренингті тиімді қолдандым. Себебі, балалардың көңіл-күйлерінің көтерілгендігін, байқадым. Психологиялық ахуал орнап, сенімділік қалыптасса, әрі қарай топқа бөлінгенде, сенімді ортада ынтымақтастық ахуал өздігінен пайда болады деп түйіндедім.

«Көңілді күн» әніне сергіту сәтін өткізгенде, оқушылар бірі-біріне қарап, күлкілі «еңбек ету» қимылдарын көрсетті. Мен осы сергіту сәтін алғаныма қуандым. Өйткені алғашқы сабақта ынтымақтастық ахуалын орнату мақсатында сергіту сәтін музыкасыз тақпақ түрінде берген кезде оқушылардың енжарлығын аңғарған едім.

Жаңа тақырыпты өз бетімен оқуды топтарға бөліп беру арқылы меңгерту мақсатын көздедім. Сыныпты туыстық атауларды айту арқылы  үш топқа  бөлу менің көшбасшылығым арқылы жүзеге асты. Топқа бөліну өткен сабақтарда жүргізілгендіктен, оқушылар жылдам орындарын таба бастады. Бұл оқушылардың реттеліп қалғандықтарының дәлелі.Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру сабақтың нәтижелі өтуіне әсер ететіні анық нәрсе.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын балалардың өздерінен шығатындай етіп жүйеледім.

Білегімді түремін.

Ата-анама сүйікті

Көмектесе білемін.

Жалқаулықты білмеймін,

Ауладағы тәшкеге

Қоқыр-соқыр тиеймін... Балалар, сабақтың тақырыбы қандай?,-деп сұрадым.

С деңгейлі оқушым өлең жолдарын орыс тіліне қолма-қол аудара алды. Бұдан мен барлық оқушылардың сабақ тақырыбын түсінгендіктерін байқадым. Нәтижесінде сабағымның тақырыбы өз ретімен анықталды.

Бірінші тапсырманы беруде оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқытуды ескердім. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты «Көмекші» тақырыбына постер қорғауын таңдадым. 8 сыныпта 13 жас аралығындағы оқушылардың тапсырмалары 14 жастағылардан сәл жеңілірек болды. 14 жастағы оқушылар постерді қорғап болған соң, постерде салынған суретті қандай себеппен таңдап алғандықтары жайлы толық айта алды.

Мысалы, С. есімді оқушым: «Күнді салған себебім, күн айналасына жарық беріп тұрады. Жарықта барлық нәрсе көрінеді. Мені де анам жарық дүниеге әкелді. Мен өскенде күн сияқты боламын. Ер жеткенде ата-анама жылулық пен жақсы көңіл- күй сыйлауға, үй шаруасына қолғанат болып, көмектесіп жүремін. Ата-анам менің болашағым жайлы алаңдамасын деп күннің бейнесімен білдіргім келді»,-деген дәлелінен оқушының сын тұрғысынан ойлауға дағдыланғанын байқадым. Ал 13 жастағы оқушылар суреттің салыну себебіне мән бере қойған жоқ, үстіртін сипаттай салды. Суреттің неліктен салынғанын аша алмады. Олардың сөйлеу мәнері мен сөздік қорының таяздығы да байқалды. Аралары бір жас болса да, ойлау, ойларын жүйелеу мүмкіндіктерінің 13 жастағы балаларда жеткіліксіз екендігіне көзім жетті. Постерді қорғаған кезде 14 жастағы балалардың зейіндерінің шоғырлануы, әсіресе, С. есімді оқушымның мазмұнды етіп түсіндіре алғанынан көрінді: «Постердің идеясы - ата-ананы сыйлау, құрметтеу, кішілерге қамқорлық жасау, отбасына үнемі көмек көрсету болып табылады...». Бұл жерде оқушының ойлау, сөйлеу дағдылары қалыптасқанына, сөздік қорының біртіндеп молайып келе жатқандығына көз жеткіздім. Байқағаным, постер қорғауда А- деңгейлі оқушылар өте белсенді қатысты, В- деңгейлілер де өз білімдерін барынша көрсетіп, А дегейлілерден қалыспауға тырысты. С деңгейлі оқушылар енді бос отырғылары келмеді, топ мүшелерімен бірге тапсырмаларды орындауға тырысты. С деңгейлі оқушылардың фантазияларының кейбір оқушылардан жүйрік екендігін Р. есімді оқушылардың постердің суретін салғандығынан аңғардым. hello_html_m2d7f3c28.png

Сабақтың әрбір кезеңінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі орындалып отырды. Оқуды басқарып, постерді топтар «Бас бармақ» әдісімен бағалауды ұсындым. Үдерісті бақылауда оқушылардың бір-біріне шынайы баға қоюға тырысқанын байқадым. Бірақ Т. есімді оқушым: «Мен жақсы айттым ғой, неге орта баға қойдыңдар?»,-деп ренжігендей болды. Сонда А. есімді оқушым өзінің қойған бағасын түсіндіріп берді. Ол: «Сен «Қолғанат» сөзінің мәнін ашуға тырыстың. Бірақ, сөйлеу кезінде біраз қателер болды. Сөйлем ішінде бастауыш пен баяндауыштың орындарын ауыстырып жібергеніңді байқадым», - деп түсіндірді. Ал С. есімді оқушы постер қорғаған Д. есімді оқушыға: «Сен постерге салынған суретті не үшін салғаныңды түсіндіріп кетсең, жақсы болар еді»,-деді. Бұдан оқушылардың бағалауды әділ жүргізуге дағдыланып келе жатқандықтарын байқадым.hello_html_m381a279c.png

Екінші тапсырма «Кім шапшаң» тәсілі арқылы жүзеге асты. Глоссариймен жұмыс барысында А деңгейлі оқушым мен С деңгейлі оқушымның өзара диалогке түскенін байқадым. Топтық жұмыста оқушылар бір-бірінен кеңес сұрай отырып талдағанын мына диалогтен аңғардым. Р. есімді оқушым: «Сен мына сөздің аудармасын білесің бе?»,- деп сұраса, С. есімді оқушым: «Иә, білемін, бірақ жауабын айтпаймын. Мағынасы жуық сөз айтайын, өзің тауып алшы»,- деп, орыс тілінде синоним сөзді айтты. Р. есімді оқушым біраз ойланып, сөздің орысша аудармасын С. есімді оқушымның көмегімен өзі тауып алғанына мәз болды. Маған С деңгейлі оқушымның бірдеңені білгісі келіп сұрағаны және А деңгейлі оқушым білгенін дайын күйінде бермей, С деңгейліні қалай оқу керектігін үйреткені өте ұнады. Бұл жерде мен диалогке түсу барысында А деңгейлі оқушымның көшбасшы бола алатындығына көзім жетті. Осылайша топпен талқылау негізінде диалогтік оқыту жүзеге асты. Жаңа ақпаратты өз бетімен меңгеруге үйрене бастағандықтарын, бір-біріне өзара көмектесу арқылы түсінгендіктерін байқадым.

Сонымен қатар жаңа сөздерді жаттау барысында Т. және О. есімді оқушыларымның көптеген сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтай алмағандықтары да анықталды. Бұл мәселені шешу үшін, яғни есте сақтау деңгейлерін жетілдіру мақсатында оқушылардың мнемоникаға сүйенгендерін жөн көрдім. Механикалық түрде есте сақтағаннан гөрі, ойларында осы сөзді бастапқы түбір сөзбен немесе бір нәрсемен ұштастыра естерінде сақтауларына жол аштым. Мысалы, «еңбексүйгіш- трудолюбивый» деген сөзді екі түбірге бөлу арқылы есте қалдыру. Сонда Т. есімді оқушым маған: «еңбек-труд», «сүю,-любить»,-деп жауап берді. «Енді екі түбірді біріктіріп (-ғыш,-гіш) жұрнақтар арқылы зат есім мен етістіктен бір сын есім жаса»,-дедім. Т. есімді оқушым бірден «еңбексүйгіш» деп дұрыс жауап қайырды. Бұл жерде мен оқушыларымның жаңа сөздердің мағынасын ұққандығын түсіндім.hello_html_m4a7614be.png

Үшінші тапсырманы орындау үшін «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісін пайдаландым. Ауызша шағын шығарма құрастыру үшін оқушының күнделікті өмірден мысал келтіргендігі Д. есімді оқушымның әңгімесі дәлел бола алады. Ол: «Мен жылқыларды жақсы көремін. Аттарды күтемін, су беремін, шөп саламын, жалын тараймын...»,-деген сөздерінен оқушы өзін үйдің қожайыны ретінде көрсететіндігі анықталды. Көп нәрсені әкесі баланың өзінен үйренгендігін түсіндім. Бұл жерде оқушы менің және достарының алдында басқа қырынан ашылғанын ұқтым. Оқушының қабілеті мен таланты бәйге аттарын баптауда танылғанын байқадым. Қызығушылыққа байланысты берілген тапсырманы орындаған кезде оқушының жауабы нақты және шынайы шығатыны туралы ой түйдім. Әрине, мен көшбасшы ретінде оқушының сөйлеуінен, сөйлем ішіндегі сөздердің байланысуынан біраз қателерді аңғардым, бұл қателер еркін жауаптың көлеңкесінде қалып қойды. Мен оқушының әңгімесін бөлмейін деп түзетпедім. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісін алу себебім -оқушының сөздік қорын молайтуға мүмкіндік туғызатындығында.

Глоссарий мен шағын шығарманы бағалауды «Бес саусақ» әдісімен жүргіздік. Глоссарий бойынша үшінші топ бірінші топтың жұмысын «өте жақсы» деп бағалады. Қ. есімді оқушымның: «Топ мүшелері он сөздің орысша баламасын бірден тапты және жатқа айтқанда жаңылған жоқ»,- деген жауабынан топта бірлесіп жұмыс істеу дағдылары қалыптасып келе жатқандығы байқалды. Екінші топтың ауызша шағын шығармасын бірінші топ: «Шығарманы қорытындыласа жақсы болар еді», - деп ұсыныс жасады. Бұдан мен оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну дағдыларының дамып келе жатқандығына көз жеткіздім.hello_html_75929c9.png

Төртінші тапсырманы орындату үшін «Кім жылдам» стратегиясын қолдандым. Грамматикалық тапсырмаларды орындау АКТ арқылы жүзеге асты. АКТ-ны қолдану уақытты ұтымды пайдалануға және білімнің сандық ұлғаюына ықпал етті. Р. есімді оқушымның: «Мен мынаны түсінбедім, мына тапсырманы қалай орындаймын?» сияқты сұрағынан оқушының білуге деген талпынысын байқадым. Себебі, бұл оқушы маңайындағы достарынан көмек сұрай бастады. Нәтижесінде Р. есімді оқушым жалаң сөйлемдерден жайылма сөйлемдер құрастыра алды: «Мен бүгін мектепке кешігіп келдім. Асан ауылдан қалаға кеше қайтты...». Бұл оқушым сөйлемдерді толықтыруда сөздердің сөйлем ішіндегі орын тәртібін сақтай алды. Оның жайылма сөйлемдердің жасалу жолдарын түсінгенін білдім. Ол тобымен бірге тапсырманы орындағаны өзіне де, өзгелерге де ұнады. Сабақ барысында мен оны өзін еркін сезінсін деп мадақтап қойдым. Бұл қолданған тәсілім оң әсерін тигізді, себебі өзіне деген сенімділігі артты.hello_html_46577ef7.png

Ал А. есімді оқушым екінші кесте бойынша сөйлемдердің «дұрыс» немесе «бұрыстығын» дәлелдей алды. Бұл оқушымның: «Аналарды ардақтау, жан-жақты қамқорлық жасау – біздің парызымыз» деген сөйлем- дұрыс. Себебі, анамыз бізді дүниеге әкелді, ана үнемі біздің қасымызда, үнемі өз баласына көмектеседі, бізді күні-түні ойлап, барлық қиындықты өзі көтереді. Сондықтан біз анамызды үнемі қадірлеп, сыйлауымыз керек»,- деген дәлелінен оқушымның ойын әсерлі жеткізуге бейім екендігін көрдім.

С. есімді оқушым үшінші кесте бойынша сәйкестіктерді дұрыс табу үшін сөйлемдерді аударды. Аударма барысында біраз қиналып, тобынан көмек сұрады. Көшбасшылық рөлдегі А деңгейлі оқушым жауапқа жақын сұрақ қою арқылы көмектесті. Мысалы: «Әжемнің айтқанына құлақ саламын, тыңдаймын» деген сөйлемді анықтау үшін мынадай сұрақ қойды: «Сен үйде кімді тыңдайсың? Кімнің сөзін екі етпей орындайсың?». Нәтижесінде С. есімді оқушым өзі таба алмай отырған екі сөйлемнің сәйкестіктерін А. есімді оқушымның көмегімен тауып алды. Мысалы: «Наурыз мерекесін- сәйкестігі- отбасыммен бірге тойлаймын. Ата-анаңа не істесең,- сәйкестігі-алдыңа сол келеді» деген сөйлемдер. Грамматикалық тапсырмаларды орындау барысында қателіктерді сол жерде құрдастардың қол ұшын созуы арқылы «көпірше» болып түзетіп алды. Менің бұл жердегі әрекетім, А деңгейлі оқушылардың оқуды қалай оқытып жатқанын бақылау болды. Бұл жерде ЖАДА қалыптастыруға түрткі болып, ынтымақтастық ахуалының әбден орныққандығына көзім жетті. Бұдан оқушылардың бір-бірін мұқият тыңдай алатындықтарын, басқа оқушылардың көзқарастарына құрметпен қарайтындықтарын байқадым. Топтар бір-бірінің іс-әрекеттерін бақылау жасай, қадағалай алатындығын да аңғардым. «Оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда «білім алушылар қоғамдастығы» деген ұғым өзекті болып отыр [1, 33-бет].Топпен жұмыс істеу мен үшін тиімді деп айта аламын. Себебі, оқушылар сабаққа бірден шоғырлана алды, әрі ынтымақтастық ахуал да жоғарыда келтірілген мысалдардан тез қалыптасқандығына көзім жетті.

Қорытынды бағалау «Табыс критерийлері» арқылы жүзеге асты. Т. есімді оқушым өз жұмысын бағалаған кезде мынадай қорытынды шығарды: «Мен тоғыз критерийдің ішінде жеті тапсырманы дұрыс және жылдам орындадым. Ал сөйлемдерді сәйкестендіруде уақытым жетпей қалды»,- деген сөздерінен өзіне сын көзбен қарап, біртіндеп әділ бағалауға үйреніп келе жатқандығын байқадым. А деңгейлі оқушылардың бақылау дағдыларының қалыптасқандығы байқалды. Олар «Жарайсыңдар!» деп қолдау көрсетіп, мадақтай да білді, өз ойларын еркін жеткізе алды. Ал С деңгейлі оқушылардың бағалауында біраз кемшіліктер болды. Олар дәлелдерін қазақша тілдері жетпей орысша айта салды. Бұдан мен оқушылардың дәлелдерін нақты айту үшін қазақ тілінде сөздік қорларын толықтыру жолында жұмыс жасау керек екен деген қорытындыға келдім. Бұдан кейінгі сабақтарымда да оқушыларды өздерін және өзгелерді шынайы бағалауға жетелеймін деп отырмын.

Топтық жұмыста талантты және дарынды балалардың рөлі көрінді. Төртінші сабағымда дарынды балалардың мәселені шешу және есте сақтау қабілеттерін ескеріп, оларға күрделі тапсырма бердім. Деңгейлік тапсырманы орындауда баланың шығармашылығы мен мүмкіндігі А. есімді оқушымның «Мен қолғанатпын» тақырыбына өлең құрастырған кезде көрінді. Оған дәлел келесі үзінді:hello_html_m6c0f1f07.png

Әке-шешеге көмектескен бала,

Сен сол балаға қара.

Еденді жуып, шаң сүртеді,

Дастарқан жайып, қонақ күтеді...

Бұдан дарынды оқушылардың өз ісіне деген жауапкершілігі көрінді. Ол ортаға шығып үш шумақ өлеңін оқыған кезде  мәнерлеп оқу арқылы ойын әсерлі жеткізуге тырысқанын байқадым. Дарынды оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындағанда уақытты пайдалы жұмсауға үйренгендіктерін аңғардым. Дегенмен әлде де оқушылардың, әсіресе, басқа ұлт балаларының қабілеттерін шыңдайтын, әрі қарай ынталандыратын, қазақ тілі сабағында шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмаларды дайындау мен сөздік қорларын молайтып, мемлекеттік тілде еркін сөйлеу тілдерін жаттықтыру керек екендігін жете түсіндім. Деңгейлі тапсырмаларды іріктеуде және беруде менің көшбасшылығым жүзеге асты.

Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады [1, 6бет]. Осылай жұмыс жүргізу арқылы мұғалім ретінде мен оқушылар тобын ынтымақтаса, бірлесе жұмыс жасауын және «дайын» білім емес, тек бағыт-бағдар беру арқылы олардың өз бетімен білім алуға талпыныстарын арттыруын ұйымдастыра алдым деп ойлаймын.

Осы бір сабақтың өзінен менің түсінгенім, алдағы уақыттарда оқушылардың қазақ тілінде дұрыс сөйлейуі мен ойларын еркін жеткізуде топ ішінде қай ортаға түссе де, белсенділік танытуға бола алатындығына сенімділікпен қарай аламын.

Сабақта өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылау мақсатында үй тапсырмасы ретінде «Отбасы мүшелері бір-біріне қандай көмек көрсетеді екен?» деген сұрауға шағын зерттеу жүргізу берілді. Негізгі мақсатым, бұл жерде оқушылардың сабақ барысында түйген ойларын, алған білімдерін бір арнада тоғыстыра білулерін қадағалау еді.

Сабақ соңында түйгенім, жоғары деңгейге жету тек төменгі деңгейдегі қажеттіліктер орындалған жағдайда ғана мүмкін болады.

Жалпы сабақтың нәтижесіне келер болсам, алға қойған мақсаттарым, міндеттерім мен күтілетін нәтижеге жету жолындағы ұстанымым іс-әрекет арқылы өз деңгейіне жетті деп ойлаймын. Өткізген сабағым тізбектелген сабақтар топтамасының бір бөлшегі болса да, менің ұстаздық, тәлім берелік тәжірибемде теориялық білімімді дамытып қана қоймай, тұжырымдамалар мен рефлексияны, бағдарламада ұсынылған идеяларды толыққанды қолдануға үйрендім.

Оқушылардың сабақтан алған жақсы әсерлері жүздерінде көрініп тұрды. Ендігі кезекте олар менен үнемі осындай сабақтар мен жаңалықтар күтетінін ұқтым. Енді мен бұрынғыдай дайын білім бере салуға бармай, керісінше, оқушылардың өздеріне білім мен идеялар құруға жағдай жасап, сабақ үдерісін дұрыс құрылымдай білуге тиіспін деп шештім. Бұл, әрине, көп ізденуді, еңбектенуді қажет етеді. Ал, бұл менің қоғам алдындағы, ұстаз ретіндегі парызым екенін түсінемін және осы міндетімді жауапкершілікпен атқаруға тырысамын.

Бұл орайда Бағдарламаның жеті модулінің оқыту мен оқу үрдісінде тиімді екеніне көзім жетіпотыр. Орын алған қателіктерді жою мақсатында әлі де жаңа тәсілдерді тәжірибемде игеру және тиімді қолдану керектігін өзіме мақсат етіп қойдым.


Пайдаланылған әдебиет:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық III (негізгі) деңгей. Назарбаев зияткерлік мектебі- ДББҰ, 2015.

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров345
Номер материала ДВ-347647
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх