Инфоурок География СтатьиОқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда географиялық есептерді қолдану

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда географиялық есептерді қолдану

Скачать материал

Ж.Р.Ильяшова

М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия

Қарағанды қаласы

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда географиялық есептерді қолдану

Елдің ертеңі білімнің тереңдігімен өлшенеді демекші, үздіксіз өзгеріп

тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап

етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын

қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың

шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін белсендірудің қажеттілігі негізінде оқушылардың алған білімін өмірлік жағдайларда пайдалана білуге үйрету жатыр.

Мен өз сабақтарымда 6-шы сынып оқушыларына географиялық есептерді үйретуге ерекше көңіл бөлемін. Әсіресе «План және карта»,  «Атмосфера – Жердің ауа қабаты» тарауларына арналған  тақырыптарды өткенде оқушылар географиялық есептер шығаруға қызығушылық танытады. Олар негізінен, географиялық ендіктер мен бойлықтарды, яғни географиялық координаталарды анықтау, масштабты анықтау, географиялық нысандар арасындағы градуспен және километрмен алғандағы арақашықтықтарды анықтау, ауаның температурасы мен қысымының айырмашылықтарын анықтау, салыстырмалы және абсолютті ылғалдылықты анықтауға арналған есептер.

Меридиан мен параллель сызықтарының көмегімен картадан географиялық координаталарды оңай  анықтауға болады. Ол үшін ең алдымен нүктенің қандай ендіктердегі паралельдердің және қандай бойлықтардағы меридиандардың аралығында орналасқандығын білу керек. Сонымен қатар, кез келген материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай белгілі бір меридиан немесе параллель бойымен екі нүкте арасындағы градуспен және километрмен алғандағы арақашықтықты есептеп шығаруға болады.

Карталар масштабына қарай 3топқа бөлінеді:

·       Ірі масштабты карталар - 1: 1000-нан және одан да ірілері;

·       Орта масштабты – 1: 200 000-нан 1 : 1000000-ға дейінгілер;

·       Ұсақ масштабты – 1 : 1000000 – нан ұсақтар;

Ал, масштабтың  өзі үш түрге  бөлінеді:

·       Сандық масштаб;

·       Атаулық масштаб;

·       Сызықтық масштаб;

Масштабқа байланысты есептерге мысалы, сандық масштабты атаулық масштабқа айналдыру және керісінше, атаулық масштабты сызықтық түрде көрсету, картадағы екі нүктенің арасындағы арақашықтықты масштабты пайдаланып есептеу, жербетіндегі екі нүктенің арақашықтығы белгілі, карта бетіндегі ұзындық белгілі, масштабты анықтау деген сияқты есептерді айтуға болады. [2]

Ауа температурасы мен қысымына байланысты есептерге тоқталайық. «Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақытқа тура келеді. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және төменгі температуралардың айырмасын температураның тәуліктік амплитудасы дейді. Ауаның температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді.Әрбір 100 м биікке көтерілгенде температура орта есеппен 0,6°С төмендейді. (1км –де -6°С өзгереді) Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді. Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Биіктік артқан сайын қысым азая береді.  Жер бетінің түрлі аймақтарындағы және түрлі биіктіктегі атмосфералық қысымды бір-бірімен салыстыру үшін 45° ендіктегі теңіз деңгейіндегі қысым алынады. Сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең осы қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1мм төмендейді»  Оқушыларға  осы теориялық білімдерге негізделген есептерді шығартуға болады.

Мысалы:

·     жер бетіндегі ауаның температура мен қысым көрсеткіштері белгілі, таудың биіктігіндегі немесе ойпаттың тереңдігіндегі ауаның температура мен қысым көрсеткіштерін анықтау;

·     таудың шыңындағы және етегіндегі температура мен қысым көрсеткіштер белгілі, таудың салыстырмалы биіктігін анықта;

·     белгілі бір биіктікте ұшып бара жатқа ұшақтың бортындағы ауаның температура мен қысым көрсеткіштері белгілі, жер бетіндегі ауаның температура мен қысым көрсеткіштерін есепте;

·     ауаның жер бетінің әр шаршы сантиметріне түсіретін салмағы белгілі, оқушының алақанына түсіретін салмағын есепте;

·     ай ішіндегі (жыл ішіндегі) ең жоғары және ең төмен температура белгілі, айлық (жылдық) амплитуданы есепте;

Ауаның салыстырмалы және абсолюттік ылғалдылығын анықтауға, ауа ылғалдылығының температурамен  байланыстылығына арналған есептер шығаруға болады. Мысалы,  төмендегі кестеде көрініп тұрғандай, ауа белгілі бір температураға  сәйкес нақты мөлшерде су буын ұстап тұра алады.

Ауа температурасы

Абсолюттік ылғалдылық

                      -30

                 0,5   

                      -20           

                   1

                      -10    

                   2

                          0

                   5

                      +10

                   9

                      +20

                  17    

                      +30 

                  30

 

 

 

 

 

 

 

 

Осыған байланысты салыстырмалы ылғалдылықты есептеп шығаруға болады. Ол үшін оқушыға ауадағы бар ылғалдың мөлшері белгілі болуы тиіс. Әрі қарай пропорция құру арқылы салыстырмалы ылғалдылықты есептеп шығаруға болады. Мысалы:

 10 °С температурада 4,5 г/м³ суы бар. Салыстырмалы ылғалдылықты есепте:

 9 г/м³  - 100 %                      х = = 50% (салыстырмалы ылғалдылық)

4,5 г/м³   -   х   

Осы сияқты тапсырмалар қолдану оқушылардың логикалық ойлауына, ой-өрісінің дамуына, жылдам шешім қабылдай алуына ықпал етеді деп ойлаймын.

Қорыта келгенде ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық. [1]

 

Қолданылған әдебиеттер:       

1.     Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары. Астана. 2012ж

2.     «География және табиғат» Ғылыми-педагогикалық журнал. №1,2. 2014ж

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда географиялық есептерді қолдану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 337 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2016 1268
    • DOCX 61.5 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ильяшова Жанагуль Рахымжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15465
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 739 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1002 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 384 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания географии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 245 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек