Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Оқушылардың өзіндік қызметін ұйымдастыру
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Оқушылардың өзіндік қызметін ұйымдастыру




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың өзіндік іздену қызметін ұйымдастыру формалары мен әдістері

Алматы облысы

Көксу ауданы

"Жамбыл атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жарлығапова Б.А.

Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалімнің оқушылардың сабақтағы өзіндік іздену қызметін тиімді ұйымдастыра білуіне, әдістемесіне, шеберлігіне байланысты болады. Оқушылардың өзіндік ізденуіне не жатады? Оны қалай ұйымдастыра аламыз? Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажет.Өз бетінше жұмыс оқушылардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары. Американдық психологтардың анықтамасы бойынша өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – бұл, өз бетімен тани білу, өз бетімен жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша да бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мұғалімнен шығармашылықты, шеберлікті, жоғары методикалық дайындықты талап етеді.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі талаптары мыналар:
- мұғалім оқушының жас ерекшеліктерін, жеке ерекшеліктерін ескере отырып нақты тапсырмалар беруі;
- жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
- өздік жұмыстың мақсаты, орындау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс;
- оның орындалуы жайлы оқушыларға бағыт-бағдар беріліп жұмыстың орындалуы қадағалану керек;
- өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

- өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
- өзіндік жұмыс сабақтың мақсатына, формасына, түріне сай барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізілу керек.

- өзіне-өзі, басқа топ жұмыстарына талдау жасау, салыстыру, ұсыныс айту, бағалауға дағдыланады;
Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен жұмыс істеуге үйренеді, техникалық құралдармен жұмыс жасайды, ақпараттық технологияны қолданады,
интерактивтік тақтамен жұмыс жасайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Оқушы өзі іздеп, өзі тауып, талдап, керегін ала білсе, есте сақтау қабілеті де жақсарады. Қосымша әдебиетпен жасалатын жұмыста оқушы сөздік, анықтама, ережелерді, журналдарды ақтара отырып, баяндама, реферат, презентация жасайды. талдау түрлері оқушыны ойланып жұмыс жасауға, келешекте тиянақтылыққа үйретеді. Мысалы, реферат жазу оқушыға үлкен жауапкершілік жүктеп қоймай, сонымен қатар ғылыми кітаптармен , арнаулы құжаттармен, ғалым, зерттеушілердің еңбектерімен танысуға, оқуға деген , ізденіске деген қажеттілік құштарлығын туғызады. Оқушыны  жұрт алдында  сөйлеуге  дағдыландырады. Реферат  жазу  жұмысы , ең алдымен ,таңдаған тақырыпқа  байланысты кітаптарды оқып қараудан басталады. Өзіндік  жұмыстың бір түріне конспект  те жатады. Қазақ әдебиетінде  жекелеген пікірлер мен үзінділердің айырмашылығын, ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығын  конспектілеу . Кейбір мәтіннің  мазмұнын , тарауларын қысқаша өз  беттерімен конспектілейді.
Әдебиет сабағында оқушының өздік жұмысы мәнерлеп оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мәтін бойынша жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды т.б.) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады.

Өзіндік жұмыстың тәрбиелік жағы да басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің (мақсат қоюшылық, ізденушілік, қызығу, т.б.) қалыптасуына әсер етеді.
Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттауға, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет. Осы бағытта оқушыға берілетін жекелей тапсырмалардың, үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгеймен, оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты- оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп,онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың, шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.

Қазақ әдебиетінен оқушыларға төмендегідей тапсырмалар ұсынамын.

Өлең талдауда:

Тақырыбы

Идеясы

Жанр түрі

Шумақ, тармақ,бунақ, буын саны

Ұйқас түрі

Көркемдегіш құралдар


Прозалық шығармаларды талдау:

Түсініп оқу

Шығарма тілі

Әдебиет тегі

Шығарма тақырыбы

Композициялық құрылымы

Кейіпкерлер бейнесі


Шығармаларға композициялық талдау:

Шығарма тақырыбы

Оқиғаның басталуы

Оқиғаның шиеленісуі

Шарықтау шегі

Оқиғаның шешімі


Өлең талдауға байланысты кесте бойынша жұмыс:


Шумақ

Шумақта берілген ой

Менің түсінуім

Көркемдік ерекшелігі

1-шумақ




2-шумақ





Рефлексия кезеңіне ұсынылатын тапсырмалар:

Кері байланыс парағы

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Қиындық тудырған түсініктер?




Рефлексия кезеңінде ұсынылатын педагогикалық техникалар:

"Кері байланыс парағы", "Көңіл күй барометрі", "Қорытынды пікірталас"," Өзіме хат ". т.б.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге үлкен міндет жүктейді. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын, зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.
Өздік жұмысты ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, топпен жұмыс, барлық оқушымен жұмыс.



Оқушыларды оқулықпен және қосымша әдебиетпен өзіндік жұмыс жасаудың ұтымды әдістеріне үйретуді, мәтіннен ең бастыларын бөліп ала білуді бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Осы кезендердің міндеті мен мәнін қарастырайық.

1-кезеңде оқушылардың икемділігін пән бойынша оқулықпен жұмыс істеу, атап айтқанда тақырыпты түсініп оқи білу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауаптарын табу. Мәтіндегі кейіпкерлер, оқиға немесе автор жөніндегі мәліметтерді ала білу. Осы материалдарды меңгеру сапасын тексеруге арналған бақылау сұрақтары беріледі. Бақылау сұрақтары оқулыкпен өзіндік жұмысты жүргізудің алдында ұсынылады.

2-кезеңде күрделірек міндет қойылады. Оқушыларды өз бетінше ұсынған тақырыптан ең бастыларын жалпылама жоспар бойынша бірнеше текстен бөліп алуын үйрету. Белгілі бір жүйемен орналасқан және берілген текстегі негізгісі не екенін көрсететін жалпылама сипаттағы жоспарлар, сұрақтар жиынтығы болып табылады. Бұл жоспар бойынша оқушы оқылған материал жайында өз әңгімесін құруына болады.

3-кезеңде оқушылардан мәтіннің түрін, ондағы негізгі мәселелердің ауқымын және мәтінге сәйкес жауап құру жоспарын өздері анықтай білуін іске асырады. Бұл кезеңнің аяғында оқушыларды өз ойлары мен ұсыныстарын іркілмей анық айтуға машықтанады. Олардың жауаптары, білімдерін ауызша тексеру формасына жұмсалатын уақытты едәуір азайтады.

4-кезеңде бір тақырып емес, бір немесе бірнеше тараудағы мәселелерді қамтитын тақырыптармен жұмыс істеуді қалыгтастарады.

5-кезеңде оқушылар баяндамалар мен рефераттар жазуға, конференциялар мен семинарларға қатысуға, әдебиеттермен жұмыс істеуге үйренеді.

6-кезеңде оқушылардың шығармашылық жұмысы, өз білімдерін тереңдетіп олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатысу үшін ғылыми журналдармен, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін тапсырмалар дұрыс таңдап алынып, құрастырылуына байланысты болады.

Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

  1. Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздылығы.

  2. Оқуға деген қабілетінің артуы.

  3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.

  4. Жеңілден қиынға қарай қиналмай өтуге үйренеді.

  5. Рухани байлығы молаяды.

  6. Басқа оқушының түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.

  7. Өз ойының дербестігі.

Қорыта келгенде, өзіндік жұмыстар оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады.













Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-407797
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 20 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>