Инфоурок Другое СтатьиОй мен ойынСабақтың тақырыбы: «Ой мен ойын» танымдық сайысы Сабақтың мақсаты. Оқушылардың барлық пәндерден білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай

Ой мен ойынСабақтың тақырыбы: «Ой мен ойын» танымдық сайысы Сабақтың мақсаты. Оқушылардың барлық пәндерден білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Ой мен ойын» танымдық сайысы

Сабақтың мақсаты. Оқушылардың барлық пәндерден білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, портреттер

Сабақтың жүрісі:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа – тұс  келіп отырған «Мен  жастарға сенемін»атты қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі аясында өткелі тұрған  «Ой мен ойын» танымдық сайысына   қош келдіңіздер!
 Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.Ендеше, 6 – сыныптар арасындағы «Ой мен ойын» танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайыстың  шарттарымен таныс болайық.Сайысымыз 6 айналымнан тұрады.                                                

І «Бетпе -бет» (Топ басшылар сайысы берілген сұрақтарға тез жауап беру)

ІІ «Көп сөйлеме» (Тақырыпқа байланысты сөздер беріледі сол сөзді топ мүшелеріне ыммен түсіндіруі тиіс)

ІІІ «Суреттер сөйлейді» (Мақал –мәтелдер беріледі соны тақтаға сурет салу арқылы топ мүшелері табу керек)

IV  «Хронология» ( Суретпен санның сәйкестігін табу керек)

V «Сөзжұмбақ» ( әріптер таратылады,

сұрақтарға жауап беру керек көздерін байлаулы күйінде әріптермен жазу)

 VI «Өлең сөздің –патшасы, сөз сарасы» (Өлеңнің авторын  табу)

Сайыс шартымен таныс болсақ, енді әділ –қазылар алқасымен танысайық.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері

1.......................................

2........................................

3..........................................

Олай болса сайысымызды бастаймыз.

 

І «Бетпе -бет» Топ басшыларын ортаға шақырайық.

1.Тәуелсіздікті қай жылы қашан алдық? ( 1991жылы 16 желтоқсанда)

2.Жинақтық сан есім дегеніміз не?

3.Елтаңбамыздың авторы кімдер?

4. Сөздер құрамына қарай қалай бөлінеді?(дара,күрделі)

5.Күрделі сөздердің түрлері? (біріккен, тіркескен, қос, қысқарған)

6.Ұлттық валюта күні қашан? (15 қараша)

7.Сын есім мағынасына қарай қалай бөлінеді? (сапалық, қатыстық)

8.Дерексіз зат есім дегеніміз не?

9.Тәуелсіздік құрбандарын ата?

10.Сілтеу есімдігі дегеніміз не?

11.Конституция күні қашан? (30 тамыз)

 

ІІ «Көп сөйлеме» Мектеп ( кітап, парта, қоңырау, бор, күнделік)

Отан ( Ту, Әнұран, теңге, Қазақстан картасы, Президент)

Үй ( дастарқан, теледидар, отбасы, ұялы телефон,

Сал-дәстүр (тыштырма, бесік, беташар, тілашар,тұсаукесу)

 

ІІІ «Суреттер сөйлейді» (Мақал –мәтелдер беріледі соны тақтаға сурет салу арқылы топ мүшелері табу керек)

 

1.Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

2. Алыстағы ағайыннан жақыңдағы  көршің артық.

3. Жылы -жылы сөйлесең жылан інінен шығар.

4. Біреуге ор қазба өзің түсерсің.

6.Ат айналып қазығын табар.

7. Адамның күні адаммен.

8. Ас атасы нан.

9. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

10.Аққуды атпа, досыңды сатпа.

 

IV  «Хронология» Тақтаға сандар суреттер ілінеді сәйкестендіреміз

І топ

1.     Абай Құнанбаев туған жыл?

2.     Тәуелсіздігімізге қанша жыл?

3.     Абайдың қарасөздері қанша?

4.     Үш бәйтеректің туған жылдары?

5.     Президент күні?

6.     Конституция күні қашан?

7.     Бес арыстың бірі?

8.     Киелі санды ата?

9.     Неше парыз бар?

10. Наурыз көжеге қосылатын тағам саны?

 

 

ІІ топ

1.Астана күні? ( 6 мамыр)

2.Желтоқсан оқиғасы болған жыл? (1986)

3.Үш бәйтеректің қайтыс болған жылдары? (1938)

4.Ілияс Жансүгіров шығармасы? (Домбыра)

5.Ұлттық валюта күні?

           6.Бес арыстың бірі

7.Жігіттің канша жұрты бар?

8. Ертегі түрлері ?

9. Жамбылдың жасы?

10. Жеңіс күні?

V «Сөзжұмбақ» ( әріптер таратылады,

сұрақтарға жауап беру керек көздерін байлаулы күйінде әріптермен жазу)

1.     Ұлттық валюта( Теңге)

2.     Білім ордасы (Мектеп)

3.     Ұлттық мереке (Наурыз)

4.     Сөздің көркі (мақал)

5.     Білім беруші (ұстаз)

6.     Ақ халатты абзал жан (дәрігер)

7.     Оттан   ыстық (Отан)

 

VI «Өлең сөздің –патшасы, сөз сарасы» (Өлеңнің авторын  табу)

1.Бесікте белім буып бітіскемін,

   Сөйлесіп шешем жүнін түтіскемін..  (І.Жансүгіров «Анам тілі»)

 

2.Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

   Күндей күшті, күркіреген ел тынды... (М. Жұмабаев «Қазақ тілі»)

 

3.Отырмын абақтының бөлмесінде,

   Бұйрықсыз көз жетеді өлмесіме...(А.Байтұрсынұлы «Анама хат»)

 

4.Мен  - балаң, жарық күнде сәуле құйған,

  Алуға күнді барып белді буған..(С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам,       адам  болып»)

 

5.Ақырын жүріп, анық бас,

  Еңбегің кетпес далаға...(А.Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»)

 

Осымен сайысымыз аяқталды, сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

Марапаттау!

Осымен «Ой мен ойын» танымдық сайысы өз мәресіне жетті.Қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет,қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ой мен ойынСабақтың тақырыбы: «Ой мен ойын» танымдық сайысы Сабақтың мақсаты. Оқушылардың барлық пәндерден білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 019 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2017 1071
    • DOCX 21.5 кбайт
    • 41 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Созакбаева Венера Куватжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9991
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой