Инфоурок Доп. образование Научные работыҚожаберген жыраудың әдеби –тарихи мұрасын жас ұрпақ бойына сіңіру

Қожаберген жыраудың әдеби –тарихи мұрасын жас ұрпақ бойына сіңіру

Скачать материал

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов селосы

«№2 Чкалов  орта мектебі» КММ

 

 

Тақырыбы:  Қожаберген  жыраудың әдеби –тарихи мұрасын

жас ұрпақ бойына сіңіру

(Қожаберген жыраудың мерейтойына  арналған)

 

 Бағыты:        Қожаберген жыраудың әдеби-тарихи мұрасы.

 

                      

Секция:       Әдебиет

 

Зерттеген:   Шауенова А.Б.

                     Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

                     altyn.shauenova@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018жыл

 

Бағыты:

Қожаберген жыраудың әдеби-тарихи мұрасы.

 

 

Қожаберген  жыраудың әдеби –тарихи мұрасын

жас ұрпақ бойына сіңіру

 

 

Шауенова А.Б.

СҚО

Тайынша ауданы

Чкалов селосы

«№2 Чкалов орта мектебі»КММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

altyn.shauenova@mail.ru

 

 

Қожаберген жыраумен бірнеше ғасыр  уақыт өткізіп, қайта қауышудамыз. Уақыт аластаған сайын ақын-жырау керісінше халықпен қайта қауышқан тәрізді. Елімізде ақынның өмірі мен қызметіне арналған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Алайда мен бүгін бабамыздың еңбектеріне терең көз жүгірте отырып, алдарымызда отырған оқушыларымыз, жас ұрпақ Қожаберген жырау тәрізді әдебиет саласына мол мұра қалтырған тұлғаның бір-екі шығармаларын ғана емес, терең  қарастырып, мектеп бағдарламасына «Жыраулар» тақырыбында қамтыса артық болмас еді деген ойға қалдым.

Әдебиет деген ұғым қалыптаспақ түгіл, жазу, сызу дамымаған тұста ауыз әдебиетінің өкілі бола алды. Қожабергеннің Жеми, Низами, Науаи, Фузули, Фирдауси, Сағди, Рудаки тәрізді шығыс жұлдыздарының шығармаларынан нәр алғандығы, Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири, Рашид ад-Дин тәрізді білімділердің еңбегімен сусынын қандырғанының қазіргі таңда кітапты көп оқуға құмарта қоймайтын кейбір жастарымызға үлгі. Ақын сөзімен:

Өнерге жас шағымнан құштар болғам,

Самархан, Бұхарадан білім алғам.

Атанып үздік шәкірт қатарында

Ең үлкен медресесін тәмамдағам, –

Әдебиет пен тарих пәндерінен қатар мәлімет алатын Абылай хан, Бөгенбай,Қабанбай, Жәнібек,Баян, Сырым, Есет т.б. тәрізді тарихи батыр тұлғаларымыз бен Едіге, Малайсары т.б. билеріміз Қожаберген ақынды үлгі тұтқан.

Ұрпаққа терең сөз қалдырған Сегіз сері де бабаларының бірі –Қожаберген. Сегіз сері Қожабергеннің жолын қуушы, мұрагері деген деректер көп жерлерде кездеседі.

Тарихымыздан ойып тұрып орын алған Абылай ханның ақылшысы болып, «Қарағым, болашақ үлкен хансың. Саған берер ақылым: Заман –түлкі, пенде қыран... Бас уәзір боп ел билігі қолыңа тиген екен, әрі ханның міндетін атқарып жүр екенсің,көреген бол,шырағым.Ақылың мен ерлігің,айла-әдісің қатар жүрсін...»,-деп бата бергені туралы дерек те осы Сегіз серінің қалдырған деректерінде кездеседі.

Өз заманында «Көмекей әулие» атанған, сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөздер төгілген Бұхар жырау.

Бұхар жыраудың әдеби – тарихының алатын орны ерекше, ал бір кереметі осы бабамыздың өзі Қожабергенді ұстазым деп мойындамады ма!? Оны жыраудың сөзімен жеткізсем:

Шаңқобызын Қожа-екең

Жосаменен сырлаған.

Елім-айдай қиссасын

Қан майданда жырлаған.

«Елім-ай» деп ат қойған

Ән мен күйін шығарған.

Жұрттың мұңын ұғасың

Тыңдағанда солардан.

«Ер Көкше» мен «Ер Қосай»

Ұстазымның жыры еді.

Қозғағаны сардардың

Халайықтың мұңы еді.

Қожаберген жырау да Бұхар жырауды өзіне тарта сөйлейді.Оны біз

Шәкіртім сүйіндікте Бұқар жыршы,

Ол Бұқар – өзі ақын, өзі сыншы.

Олдағы қарап жатпас аттан салар,

Сөзіне оның, халқым, құлақ түрші! –

деген өлең жолдарынан байқаймыз.

Және «Тәуке ханның жеті жарғысы» жайлы да сөз қозғамақ болмайды сбебі: (Көтеш ақын Райұлы  «Жиен жырау» дастаны)

Ақылдасып үш бимен,

«Жеті Жарғыны» жазған ер.

Кім десеңіз ол бекті,

Қожаберген кемеңгер –

десе, жыраудың өзі

«Үш жүзде болса да олар басты кісі,

Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кіші.

Соларға жол көрсеткен ұстаз едім,

Сардар деп құрметтеген үлкен-кіші», –

деп өзінің атақты билерге ұстаз болғандығын сөз етеді.

Бұл деректерді мысалға алуым тағы да жыраулар тақырыбында қамтуды артық етпейтінін, жыраулар тарыбының басы өздері  «ұстазым» деп атап кеткен Қожабергеннен басталса нұр үстіне нұр болар еді.

          Жыраулар тақырыбында сөз болатын зар заманды , мысалы: «Елім-ай» дастанында:

Бұл заман болды елге қиын заман,

Шіріткен талай елдің миын заман.

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Қағынды қазақ үшін биыл заман, –

деп суреттесе, замана, хан-сұлтандардың алауыздығын

Қыз алып, қалмақтармен құда болып,

Опасыз қожа, сұлтан жұртты сатты, –

дейді.Бұл шығармаларынан толық қамтымай, қысқаша үзінді келтіргеннің өзінде көп жайттың басы ашылады, хан-сұлтандардың алауыздығы, сатқындығы анық көрінеді.

Өнерге құлаш ұрып бала жастан,

Тарихын бұл үш жүздің етіп дастан.

Баласы Толыбайсыншы Қожаберген,

Бой ұрған ерлік іске әуел бастан.

Әрі  ақын,  әрі  шежіреші,әдебиеттің үлкен өкілі  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы тағы да: «Қолбасы, ақын, жырау һәм елші-би,Шығарған «Елім-айдай» тамаша күй. «Елім-ай» әні менен жырын тағы,Шығарған Қожаберген бабаңды сүй»,-деп  бекер үндеу тастамаған шығар. Ұлы жырау туралы құнды деректі ұрпаққа тастап кетті.Бұл жерде тек Қожабергеннің жырын жаттап алу ғана көзделмеген тәрізді.

Қожаберген шығармалары философияны, сол кезеңдегі тарихты, барлық тарихи тұлғаларды,елдің экономикалық жағдайын, халқын, байлығын,сауда-саттығын,басқа елдермен қарым-қатынасы, мемлекет туралы, өнеркәсіп т.б. сөз етеді, қамтиды.Қара сөзбен емес, оюлы сөз өрнегімен жеткізеді. Бұл ауыз әдебиет өкілі екенінің тағы бір дәлелі.

Ежелден халық бақсы-балгерлерді құрметтеп, оларды ғажайып аңыз-әңгімелердің кейіпкерлеріне қосып отырған.  Сондай поэзия пайғамбары Мағжан Жұмабаевтың қаламынан өрілген,мистикалық аңыз-әңгіме негізінде жазылған поэмасы «Қойлыбайдың қобызы».

Бұл тақырыпты Қожаберген жырау:

Ертеде Қыпшақта өткен Ер Қойлыбай,  
Қолына жүрмейді екен қобыз алмай.  
Болған соң сол асылдан бізге мирас,  
Қобызды мен де жүрмін тастай алмай.  
Тұсында сол Қойлыбай әулие екен,  
Аруақты әрі дана, киелі екен.  
Санасқан оныменен хандар, билер,  
Атқарған істері оның жүйелі екен...- деп өрбітеді.

 Жыраудың шығармаларының тарихи,рухани байлыққа толы екендігінен, ұстаздардың ұстазы екенін Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің «Құрбыма» деген өлеңінде былай жырлайды:

Толыбайсыншы баласы Қожаберген,

Тарихынан Оғыз түрік хабар берген.

Үмбетей, Бұхар жырау, Тәттіқара,

Үшеуі Қожа-екеңнен үлгі көрген.

 

Қожаберген жыраудан қалған әдеби- тарихи мұраның мол екенінде дау жоқ.шығармаларының бәрі рухха толы,тарихи деректер, терең зерттеген сайын ақынның да, қазақтың да тектілігіне көз жүгіртесің.

Дарынды, дауылпаз қолбасшы болған Қожаберген жырау:«Пайғамбар жасындай ғұмырым майданда өтті,Орта жас ол да мені тастап кетті.Сақал мұрт, шашымды ақ көбік жауып,Кәрілік Қожакеңе келіп жетті,» –деп өзі айтып кеткендей, өмірінің соңғы жылдарында аттан түсіп, жауынгер, қолбасшы болмаса да, аталық,  жыраулық  жағынан  түспегені, керісінше көне көз қарт- дариядай толыға түскені белгілі.

Олай болса, Елбасымыз «Рухани жаңғыру бүгіннен бастау алған жоқ. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы»,- деп бекер айтағаны. Бүгінгі тақырыбымыздың дәлелі.

Еліміздің барлық әдеби-тарихи қоймасын арқалап өткен,барлық адамзатқа даритын дарын мен ерекше қасиетерді басына қондырған Қожаберген ақынның шығармалын жас ұрпақ бойына сіңіру біздің міндетіміз.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

             1.«Қожаберген жырау»  шығармалар жинағы.

                  Петропавл қаласы.

             2.«Дауылпаз баба -Қожаберген жырау»  tilalemi.rz.

             3.Қабдолов. Сөз өнері. ІІ томдық таңдамалы шығармалары   

               жинағы,

               2- том.   А., 1983, 244 –б.

             4. Ахметов. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А.,

                 1993, 29-б.

             5. «Рухани жаңғыру» Н.Ә.Назарбаев.

              6.Әлкебаева Д. Мағжан поэзиясының тілі. - Алматы

              7. Әуезов М. Қазақ әдебиеті, 2004ж, 23 желтоқсан. 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қожаберген жыраудың әдеби –тарихи мұрасын жас ұрпақ бойына сіңіру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қожаберген жыраумен бірнеше ғасыр уақыт өткізіп, қайта қауышудамыз. Уақыт аластаған сайын ақын-жырау керісінше халықпен қайта қауышқан тәрізді. Елімізде ақынның өмірі мен қызметіне арналған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Алайда мен бүгін бабамыздың еңбектеріне терең көз жүгірте отырып, алдарымызда отырған оқушыларымыз, жас ұрпақ Қожаберген жырау тәрізді әдебиет саласына мол мұра қалтырған тұлғаның бір-екі шығармаларын ғана емес, терең қарастырып, мектеп бағдарламасына «Жыраулар» тақырыбында қамтыса артық болмас еді деген ойға қалдым.

Әдебиет деген ұғым қалыптаспақ түгіл, жазу, сызу дамымаған тұста ауыз әдебиетінің өкілі бола алды. Қожабергеннің Жеми, Низами, Науаи, Фузули, Фирдауси, Сағди, Рудаки тәрізді шығыс жұлдыздарының шығармаларынан нәр алғандығы, Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири, Рашид ад-Дин тәрізді білімділердің еңбегімен сусынын қандырғанының қазіргі таңда кітапты көп оқуға құмарта қоймайтын кейбір жастарымызға үлгі. Ақын сөзімен:

Өнерге жас шағымнан құштар болғам,

Самархан, Бұхарадан білім алғам.

Атанып үздік шәкірт қатарында

Ең үлкен медресесін тәмамдағам, –

Әдебиет пен тарих пәндерінен қатар мәлімет алатын Абылай хан, Бөгенбай,Қабанбай, Жәнібек,Баян, Сырым, Есет т.б. тәрізді тарихи батыр тұлғаларымыз бен Едіге, Малайсары т.б. билеріміз Қожаберген ақынды үлгі тұтқан.

Ұрпаққа терең сөз қалдырған Сегіз сері де бабаларының бірі –Қожаберген. Сегіз сері Қожабергеннің жолын қуушы, мұрагері деген деректер көп жерлерде кездеседі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 236 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2018 1341
    • DOCX 24.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шауенова Алтын Балгановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шауенова Алтын Балгановна
    Шауенова Алтын Балгановна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48725
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и методы работы во взрослой танцевальной команде

36/72 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Курс повышения квалификации

Современные подходы к профессиональной деятельности педагогических работников, реализующих дополнительные общеобразовательные программы естественно-научной направленности

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 133 человека

Курс повышения квалификации

Теория и методика тренировочного процесса по легкой атлетике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов