Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Русский язык и литература / Другие методич. материалы / Паурочный план по казахскому языку Абай Құнанбайұлы «Қыс»өлеңі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

Паурочный план по казахскому языку Абай Құнанбайұлы «Қыс»өлеңі

библиотека
материалов



Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Үй тапсырмасын сұрау

Сабаққа кіріспестен бұрын оқушылардан бүгінгі ауа райы туралы пікірлерін білу.
- Оқушылар, әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшелігі болатыны белгілі. Яғни, жыл мезгіліне байланысты ауа - райының құбылып, өзгеріп отыратынын сіздер жақсы білесіздер. Олай болса, қазақ жұлдызшыларының қыс мезгіліне қатысты ауа райын қалай болжағандығына назар аударайық.
Айдың туу, тоғысу және аралық шағын байқап, бағамдай білген қазақ халқының көріпкелдері, жұлдызшылары қай кезде ауа райының қандай болатынын дәл тауып, айтып берген.
ҚЫРБАСТЫҢ ҚЫЗЫЛЫ - желтоқсан айының басында болатын алғашқы аязды халқымыз осылайша атайды. Сарыарқа өңірінде қыс ерте түсіп, қатты аяздар, бұрқасын борандар басталады.
КҮННІҢ ТАЛАСУЫ - бұл мезгіл қаңтардың алғашқы күніне тұспа - тұс келеді. Осы кездері күн бойы көтереді, ауа райы өзгеріп, қар жауады. Боран болуы да мүмкін.
ҚЫС ШІЛДЕСІ. Бұл - қаңтардың соңғы күндері. Осы кездері қыс күшіне еніп, сақылдаған сары аяздар орнайды. Қыстың осындай нағыз қақаған уақыты «қыс шілдесі» деп аталады.

Мағынаны тану


1) «Қызығушылықты ояту» сәті
Оқушыларға «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдатамын.
- Оқушылар, бұл әннің авторы кім?
- Абай Құнанбаев.
2) «Топтастыру» стратегиясы
- Абай Құнанбаев туралы не білесіздер?
Ұлы ақын
Сазгер
Аудармашы
Шешен
Ағартушы
Қоғам қайраткері
Саясаткер
Әділ би табиғат жыршысы
Қазақ әдебиетінің көшбасшысы

Н. Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

3) «Түртіп алу» стратегиясы
( Оқушылардың қолдарына Абай туралы жазылған деректі беріп,
дайындалуына 5 мин. уақыт беремін)
«Ү» «-» «+» «?»
білемін білмеймін жаңалық Күдікті, таң қалу
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Шыққан руы – Тобықты. Ата - тегі сол тобықты ішінде билік құрып, ықпалын жүргізіп, үстемдік етіп келген тұқым. Үлкен әкесі Өскенбай тобықтының атақты биі болып өткен. Өз әкесі Құнанбай көп заман тобықты болысына старшын боп кеп, бір уақыт Қарқаралы округіне аға сұлтан да болады.
Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Смағұл атты балалары болған. Бұлардан Абай жас кезінде - ақ ерекшеленіп, ауыз әдебиетін ертегі - аңыздарды, ескі әңгімелерді, жыр - қиссаларды ерекше ден қойып тыңдайтын болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан - жас Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар.
Ауыл молдасынан сауат ашқан Абай 10 жасында Семейге оқуға келеді. Басында Ғабул - Жаппар, кейін Ахмет - Ризаның медресесінде білім алған Абай өте үздік оқиды. Ол осында дін сабақтарымен бірге араб, парсы тілдерін үйреніп, мүмкіндігінше мол білім алуға ұмтылып, Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Фердоуси, Хафиз, Физули шығармаларымен танысады.
Оқуының соңында Абай мұсылманшамен бірге Семейдегі «Приходская школадан» үш ай орысша білім алады. Осы үш ай Абайдың өз бетімен орыс тілін, әдебиетін игеріп кетуде, қазақ әдебиетіне жаңа сарын әкелуде көп әсері болады.
1904 жылы 23 маусымда қайтыс болады. Сүйегі өз қыстауы Жидебайға қойылады. 1888 - 1890 жылдардағы табиғаттың төрт мезгіліне арналған «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым» өлеңдерін жазады.
Абай - әдебиеттегі аударма жасаудың шебер үлгісін көрсеткен, жай мағынасын ғана аударумен шектелмей, алғаш Абай Пушкиннің «Евгений Онегинін» аударған. Абайдың поэмасы үшеу: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім». Бұл поэмалар қазақ өмірінен алынған емес, шығыстық сарынында жазылған.
Абайдың 45 қара сөздері бар. Абайдың әндерінің бәрі - қазір нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.
4) Термин сөздермен жұмыс.
Лирика - адамның көңіл күйін білдіретін сыршыл өлең түрі. Лириканы: саяси, махаббат, философиялық, табиғат, азаматтық деп бөлеміз.
Кейіптеу - жансызды жанды түрінде суреттеу, яғни жандының іс - әрекетін, қимылын бере суреттеу.
5) Өлеңмен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
І топ Қайрат тобына:
- Табиғат лирикасы туралы айту;
- Өлеңде кездесетін жаңа сөздерді теріп жазу.

ІІ топ Ақыл тобына:
- Өлеңнен кейіптеуді табу;
- Қыстың жеке - жеке көріністерін дербес алып қараңдар.

ІІІ топ Жүрек тобына:
-«Қыстың сипаты» немесе «Қысқы ауыл» деген тақырыптар бойынша суреттер салыңдар.
- Ы. Алтынсарин «Өзен» өлеңі мен А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін салыстырыңдар

6) Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау.
Өлеңнің авторы: А. Құнанбаев
Өлеңнің тақырыбы: Қыс
Идеясы: Қысқы табиғаттың көрінісі
Жанр түрі: табиғат лирикасы
Негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Қазақ ауылының тұрмыс - тіршілігі
Кейіптеу: жансызға жан бітіріп сипаттау.

Шумақ Тармақ Бунақ Буын Ұйқас Көркем сөздер
5 22 2 11 А А Б А

Ақ киімді, // денелі, // ақ сақалды, - А 11 б
Соқыр, мылқау,// танымас// тірі жанды. – А 11 б
Үсті - басы//- ақ қырау,// түсі суық, - Б 11 б
Басқан жері// сықырлап// келіп қалды. – А 11 б (Қара өлең ұйқасы)

Дем алысы -//үскірік, // аяз бен қар, - А 11б
Кәрі құдаң // қыс келіп,// әлек салды. – Ә 11 б
Ұшпадай// бөркін киген// оқшырайтып, - Б 11 б
Аязбенен // қызарып // ажарланды. – Ә 11 б (Кезекті ұйқас)

Бұлттай // қасы жауып // екі көзін, - А 11 б
Басын сіліксе, // қар жауып, // мазаңды алды. – Ә 13 б
Бурадай // бұрқ - сарқ етіп // долданғанда, - Б 11 б
Алты қанат // ақ орда // үй шайқалды.
Ә 11 б (Кезекті ұйқас)


Сергіту сәті

«Қара жорға» биі

Ой толғаныс

«Еркін жазу» стратегиясы бойынша
І топқа «Табиғатым - мекенім» эссе жазу.
ІІ топқа «Абай ата ізімен» қыс мезгіліне өлең шығару.
ІІІ топқа 5 сұрақ әзірлеу. Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз. 

Үй тапсырмасы

Қайталау,тест құрастыру

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.04.2016
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другие методич. материалы
Номер материала ДБ-013680
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх