Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / План урока по казахскому языку "Кәсіби сөздер мен термин сөздер"

План урока по казахскому языку "Кәсіби сөздер мен термин сөздер"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m37cfdcd.gifhello_html_m4459a504.gifhello_html_66295aa0.gifhello_html_22f37fde.gifhello_html_16b653c1.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_74581cbe.gifhello_html_7c1e5f63.gifhello_html_29af3adc.gifhello_html_mea4d0ea.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_7ccaa051.gifhello_html_6d9b8aaa.gifhello_html_m51eb1d11.gifhello_html_m5cbfcd30.gifhello_html_m3baa06e0.gifhello_html_729a36a3.gifhello_html_4441737d.gifБекітемін: _____________

Күні: 20.11.2015 ж.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: V


Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер (Жаттығу жұмысы)


Сабақтың мақсаты: Тұрақты сөз тіркестері жайлы меңгереді, олардың мағыналарын ажыра-

тып, қолдана біледі. Сөздік қоры молаяды.


Сабақтың көрнекілігі: кесте


Сабақтың әдісі: СТО (топтастыру, )

САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Топтастыру


фразеологизмдер






қалыптасқан жүйесі бар



тұтасып бір мағына береді

Тұрақты сөз тіркестері



синонимдік бала-малары болады

бір сұраққа жауап береді



116-жаттығу. Өлеңдегі қарамен жазылған тұрақты тіркестерді бастапқы қалпына келтіріп

жазыңдар.

Қолың серме-қолын сермеу, босқа жүрме – босқа жүрмеу, құр қаларсың – құр қалу, алға ұмтыл – алға ұмтылу, батып терге – терге бату, өнер қуған – өнер қуу.


ІІІ. Жаңа сабақ бойынша /Жаттығу жұмысы/

117-жаттығу. Мәтіннен тұрақты тіркестерді бір бөлек, жай сөз тіркестерін бір бөлек көшіріп

жазыңдар.

Тұрақты тіркестер: тума дарын, күміс көмей, қылыштың жүзіндей өткір, қиыннан қиыстырып.

Жай сөз тіркестері: шешен халық, арнаулы мектеп, сөз қадірі, ақылгөй қария.

118-жаттығу. Мәтіннен тұрақты тіркестерді теріп жазу.

Сері мінезді, көңілі түссе, тіл қатпау, әңгімеге бату, көңілін жықпаған.

121-жаттығу. (ауызша) Берілген сөздердің қайсысы тұрақты тіркеске жатады? Дәлелдеңдер.

Қас-қабағын аңдиды, қолы ұзын, жүрегінің түгі бар, көзі ашық, ит арқасы қиянда, түйе үстінен сирақ үйту.

122-жаттығу. Төменде берілген сөздердің тұрақты тіркес түріндегі синонимдері мен антоним-

дерін жазыңдар.

Сөзшең – аузы аузына жұқпайды; үндемеу.

Жуас – қой аузынан шөп алмас; асау.

Кір – бетіне бес ит тойғандай; таза.

Жас – бесіктен белі шықпаған; кәрі.


ІV. Сабақты бекіту (Семантикалық карта)

Тұрақты сөз тіркестері

әділ

жылдам

күтті

әділ

үндемеу

батыр

қуану

тату

көмек-тесу

сараң

қорқақ

жүрегінің жүні бар












қас пен көздің арасында












темірді тепсе үзетін












екі көзі төрт болды












аузын буған өгіздей












журегі

алып ұшу












қол ұшын беру












қара қылды қақ жарған












қоян жүрек













тонның ішкі бауындай












жұмыртқадан жүн қырыққан












V. Үйге тапсырма 123, 124-жаттығулар

VІ. Бағалау

























Бекітемін: _____________

Күні: 20.11.2015 ж.

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: ІХ


Сабақтың тақырыбы: С.Дөнентаев «Бозторғай»


Сабақтың мақсаты: а) С.Дөнентаев жайлы мағұлмат алады;

ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін

арттыру;

б) еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;


Сабақтың көрнекілігі: кесте


Сабақтың әдісі: СТО (топтастыру, өзара оқыту стратегиясы, концептуалдық кесте )


САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ бойынша















Қызығушылықты ояту




Уақыты











7 минут



Топтастыру





ХІ-ХІІ ғасыр



Ахмет Иасауи

ақын философ

ғалым қайраткер

Арыстан баб Испиджап

Диуани хикмет

сопылық Бұқар












Мағынаны тану









30 минут



Сұрақ қою, қайта сұрақ қою



1. Оқушылар мәтінмен танысады

2. Оқушылардан сұрақтарға жауап алынады.

-Иасауи «Диуани хикметті» қай кезеңде жазды?

- Неше жырдан тұрады?

-Тақырыбы жағынан қандай топтарға бөлінеді?

- Ақын ғылым сөзін қандай мағынада қолданған?

- Махаббат деп қандай сезімді айтады?

- Ақынның имандалық туралы ойлары қазіргі заманғы

тәрбиеге сай келе ме?

- Иасауидің сыншылдық дәстүрін жалғастырушы кімдер?

- Ахмет Йасауи кесенесі қай қалада?





Сөздікпен жұмыс



Нәпсі-ішіп-жеу,пенделік қажеттері

Хақ Мұстафа аманаты - Мұхаммед пайғамбардың ама-нат қылып берген құрмасын айтады.

Мақшар күні - о дүниедегі сұрақ күні

Тәуба- шүкіршілік қылу

Ысырат көпірі - о дүниедегі қыл көпір

Қылует – оңашалану

Сопылық – мұсылман дінінің ағымы

Зікір – құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер








Ой толғаныс








7 минут



5 жолды өлең

  1. Диуани хикмет

  2. Сопылық, лирикалық

  3. Жазылған, түсіндіреді, айтады

  4. Әдебиеттегі сыншылдық дәстүрдің басы

  5. Әдеби туынды




ІІІ. Үйге тапсырма Үзінді жаттау

ІV. Бағалау

































Бекітемін: _____________

Күні: 21.11.2015 ж.

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: V


Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыс

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білу-

ге ,сауатты жазуға дағдыландыру;

ә) мұқият тыңдап және ұқыптылыққа тәрбиелеу;

б) өз ісіне ұқыпты мейірімді ,кешірімшіл болуға үйрету;

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі:, мазмұндамалар жинағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Жаңа сабақ бойынша

  1. Балаларды жазатын мазмұндаманың мазмұнымен таныстыру;

  2. Мәтінді қысқаша мазмұндау;

  3. Түсінгендерін дәптерге жазу.

Өзі кінәлі


Сабақтан келісімен Оспан сөмкесін лақтырып тастады да,үстел үстінде тұрған тамақты апыл-ғұпыл ішіп,ойнауға кетті. Ол кешке дейін доп қуды. Үйдегі інісі Мұрат Оспанның сөмкесін мысықтың мойнына байлап,біраз сүйретті. Содан соң ішін ақтарды. Қарындаштарын өзінің қобдишасына салды. Кітаптардан үй жасады. Ішіндегі суреттерін қарады. Қып-қызыл алмалар оған ұнап кетті, оны жыртып алып түкіріктеп төсегінің тұсына жапсырып қойды. Сөйтіп жүріп былғап алды, дәптердің бір-екі парағын жұлып алып сүртемін дегенде үсті-басын, бет-аузын да былғады.

Осы сәтте ойына Оспан түсті де дереу кітап қағаздарды сөмкеге салды. Оспан сабаққа дайындалған жоқ. Сөмкесін ертеңгі сабақ үстінде бірақ ашты. Кітап былғанған, дәптер жыртылған, қарындаш жоқ. Мұны көргенде ол бақырып жылап жіберді.

Үй тапсырмасы орындалмағаны сол кезде есіне түсті.


Жоспары:

  1. Ойынға асыққан Оспан

  2. Мұраттың Оспан сөмкесімен ойнауы

  3. Сабаққа дайындықсыз келу

ІІІ. Білімді бекіту: 1 Сендер де Оспан сияқты үй тапсырмасын орындамай келесіңдер ме?

2.Оспанның осы іс-әрекеті дұрыс па?

ІҮ. Үйге тапсырма: Қайталау



Бекітемін: _____________

Күні: 21.11.2015 ж.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы:


Сабақтың тақырыбы: Сан есім туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Сан есім туралы түсінік беру, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету; сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу; Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;
Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері
Сабақтың көрнекілігі: кесте

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау стратегиясы»

1 «Жаңа сабақтың құпиясы» (жаңа сабақты меңгерту)

- Балалар, бүгін желтоқсанның нешінші жұлдызы?

- Сендер неше жастасыңдар?

- Нешінші сыныпта оқисыңдар?

- Сыныпта қанша оқушы бар?

(14,11,6,17.)

Бұл сандар заттардың қандай мағыналық белгілерін анықтап тұр?

(ретін,мөлшерін,санын)

Бұл сандар зат есімдермен тіркесіп сан есім болып табылады.

(Кесте бойынша сабақ түсіндіру.)

Құрамына қарай дара

(бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім) бес, елу, сегізінші күрделі (екі не одан көп түбірлердің тіркесуі не қосарлануынан жасалған сан есім ) елу бес, үш-төрт



Сан есім

Заттың санын , ретін,

мөлшерін білдіреді

Қанша? Неше?

Нешінші? Нешеу?

Мысалдар:

Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты,

Тоқсаннан әрі кетті, жүзге де асты.

(Жамбыл)



ІІ. Мағынаны тану
1. Оқулықпен жұмыс:

156-жаттығу. Мәтін мазмұнынан сан есімдерді табыңдар. Оларды тіркескен сөзімен бірге цифрмен жазыңдар.

3 адам, 45 шамасында, 2 адам, 1-і жалаңбас, 60-тың ішіне, 945000 халық, 44%-і өзбек, 30-ға тарта ұлт, 15 аудан, 3-ші орын, 6-7 есе ұлғайған.

157-жаттығу. Сан есім қатыстырып, жаңылтпаш құрастыру.

1)Үш кіші ішік піштім,

Бес үлкен ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім? (3 кіші ішік піштім)

2)Оралдан оралған олардан

Омаржан оң көріп,

Он бөрік,тор беріп,тон алған.

3)Қырық құлып,

Қырық құрық..

Құрық та қырық,

Құлып та қырық.


2. «Ең жақсы ойыншы»

-Балалар,ауыз әдебиеті дегеніміз не? Қандай түрлерін білеміз?

(-Мақал-мәтелдер,жұмбақтар,батырлар жыры, ертегілер,т.б)

-Ендеше,ауыз әдебиетіміздің бай мұралары мақал-мәтелдерде,жаңылтпаштарда және жұмбақтарда да сан есімдер бар екен.

Мысалы:Бүгінгі біздің сабағымыздың ұраны:

1) Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар,тағы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

2) Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені

3) Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер.

4) Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

5) Жеті атасын білмеген жетесіз.

-Келесі жұмбақтарға кезекті берейік.Мен сіздерге бірнеше жұмбақтар оқимын,сіздер шешуін тауып,сан есімдерді анықтаңдар.

Жұмбақтар:

1)Қос қазық,екі желі,сегіз ноқта,

Сөйлейді шежіредей адам соқса. (домбыра)

2)Көлемді,үлкен,алып аузын ашып,

Жүреді он екі аяқ қадам басып.

Әр бірінде отыздан бармағы бар,

Құтылмас ешбір адам одан қашып. (жыл,он екі ай)

3)Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді,

Екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі. (қайшы)

4)Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты.

Кешке үш аяқты. (адамның сәбилік,жастық,кәрілік шағы)

5)Он көзі бар өзінде,

Он саны бар көзінде.

Көзіне саусақ саласың,

Жырақтан хабар аласың. (телефон)

3. "Білім мен дәстүр" сыны ойыны

Осы сандарға байланысты халқымыз қазақ ұғымында 1,3,5,7,9,40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.

1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7,9)

3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)

4. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)

5. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)

6. Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)

7. Қонақтың төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма)

8. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)

9. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)

10. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан)


ІІІ. Ой толғаныс

1. Піл к3-ті
Піл к3-ті емес
Тіл к3-ті

2. 6-н балдақ қол сәні,
Әшекеі т10 сәні

3. 4-еу түгел болса, төбедегі келер,
6-ау ала болса, ауыздағы келер.

ІV. Үйге тапсырма
158 – жаттығу. Ереже жаттау

V. Бағалау























Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров302
Номер материала ДВ-419437
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх