Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Планирование на тему "Ананың көңілі балада"

Планирование на тему "Ананың көңілі балада"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Ананың көңілі балада...

Мақсаты: 1.Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. 2.Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту. 3.Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

Тренингтің барысы:

  • І.Кіріспе

  • ІІ.Негізгі бөлім:

  • 1.”Мен үшін қымбат...”(Ой қозғау)

  • 2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)

  • 3.”Жүректен шыққан жылы сөз”:

  • А)”Мейірімділік шуағы”;

  • 4.”Жағымсыз қылықтар”

  • 5.”Жақсы қасиеттер”

  • 6.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

  • 7. Ана туралы ән

  • 8.Жаттығу “Тілек шырағданы”

  • 9. Қорытынды

І. Кіріспе бөлім:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Ананың көңілі балада...» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, отбасында қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы ,жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

  • «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.

  • Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»

  • А.С.Макаренко

ІІ.Негізгі бөлім

1.“Мен үшін қымбат..”

2.“Бала деген кім?” туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады

А) «Мейірімділік шуағы»

Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.

1.Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз? 2.Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз? 3.Балаңыздың тәтті қылықтары 4.Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.

«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.

Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

1 – сұрақ

«Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»

2 – сұрақ

«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»

3 – сұрақ

«Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды. Ата – ананың бұл әркеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»

4 – сұрақ

«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңі

  • Сені анаң қалай еркелетеді?

  • Анаң саған қандай тамақтар пісіріп береді?

  • Өскенде кім болғың келеді?

  • Сен сабақтан келгенде анаң қандай көңіл күймен

қарсы алады? ☺-ме? ☻-ма?

  • Ата-анаң сабаққа дайындалуға көмектесе ме?

Ана туралы жыр”

Тілек шырағданы

Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың,

жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Қорытынды

Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров94
Номер материала ДВ-381941
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх