А. Қ. Альжанов, А.
С. Қыстаубаева
ИНФОРМАТИКА
6
Мұғалімнің
жұмыс
дәптері
![]() |
УДК 373
ББК 74.263.2
А 43
«Білім-2050» шығармашыл педагогтерінің одағы»
қоғамдық бірлестігі отырысының шешімімен ұсынылған
(2013 жылғы 2 тамыздағы № 5 хаттама)
А 43
Альжанов А. Қ., Қыстаубаева А. С.
Информатика:
Жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған.
Мұғалімнің жұмыс дәптері /А. Қ.
Альжанов, А. С. Қыстаубаева. – Астана:
«Самғай біл» ЖШС, 2013. – 200 бет.
ISBN 978-601-300-054-1
Мұғалімге
арналған жұмыс дәптері пәннің әрбір тақырыбы бойынша сабақтардың толымды
жоспарларынан тұрады. Онда мұғалімге әдістемелік ақпаратпен қоса оқушылардың
сабақтың әр кезеңіндегі іс-әрекеттері толық қамтылады.
Бұл сабақ әзірлемелері ҚР МЖБС-на негізделген типтік оқу бағдарламасына,
күнтізбелік - тақырыптық жоспарға сәйкес келеді.
Сабақтардың мазмұны ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктерді ескеріп отырып, оқу материалын деңгейлеп игерудің «білім–түсінік–қолданыс–талдау–жинақтау–баға» критерийлі жүйесіне негізделіп шығарылған. Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің пайдалануына арналған.
Жоба ұйымдастырушысы мен үйлестірушісі – Г. Қ. Оразова.
УДК 373
ББК 74.263.2
ISBN 978-601-300-054-1 © «Самғай біл» ЖШС, 2013
![]() |
Түсінік хат
Қазіргі білім беру жүйесі заманның өзгеру
үдерісіне сай дамып отыруы тиіс. Осыған орай жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде
оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру маңыздылығы алдыңғы орынға шықты.
Әлемдегі дамыған, қуатты елдердің білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі
де осы өлшемге
сәйкес жүргізіледі. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасындағы білім беру
қызметкерлерінің алдына да осындай жауапты міндет жүктейтіні айқын.
Осы міндетті жүзеге асыру және еліміздегі білім беру жүйесіне жан-жақты қолдау көрсету мақсатында «Білім-2050» шығармашыл педагогтер одағы (ШПО) қоғамдық бірлестігі (ҚБ) құрылып, жалпы орта білім беретін мектепте өтілетін пәндерге арналған технологиялық әзірлеме кешенін (ТӘК) ұсынып отыр. Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына: «Мұғалімнің жұмыс дәптері», «Оқушының жұмыс дәптері», «Тақырыптар бойынша слайдтар мен тест тапсырмалары» топтамалары кіреді.
Мұғалімнің жұмыс дәптері
Бұл – мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті
білім беру стандартына негізделген типтік оқу бағдарламасын басшылыққа алып
жасалған күнтізбелік - тақырыптық жоспарды және соның негізінде әр тақырып пен
сабақтың құрамдас бөліктерін толық қамтитын дайын сабақ әзірлемесі.
Нақты нәтижеге бағытталған білім беруді
көздейтін әзірлеме
Б. М. Блум таксономиясы негізінде ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктерді ескере
отырып жасалған.
Күнделікті өтілетін жаңа сабақ, қорыту - бекіту және жазба жұмыстарының жоспарлары Блумның танымдық сала таксономиясына, ал сыныптан тыс сабақ жоспарлары эмоционалдық сала таксономиясына лайықталып жасалған. Кешенге жинақталған жоғарыдағы топтамалар бір мезгілде қатар қолданылады, олар сабақ кезеңдері арқылы бірін-бірі толықтырып отырады.
Сабақ кезеңдері бірнеше блоктардан тұрады:
І. «Ақпарат алмасу» блогы (жаңа сабақты түсіндіру) – біртұтас педагогикалық үдерістің жаңа тақырыпты түсіндіруге бағытталған теориялық - ақпараттық бөлігі. Ұсынылып отырған әзірлемедегі «Ақпарат блогының» мазмұны оқулықтан тыс басқа да қосымша дереккөздермен (ғылыми-танымдық әдебиеттер, электрондық қор) толықтырылған.
Слайдтардағы аудио-видео материалдар оқушыға аз уақыт ішінде көп мәліметті меңгеруге мүмкіндік береді.
ІІ. «Алғашқы бекіту» блогы (жаңа сабақты бекіту) сабақ жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мұнда оқушы берілген ақпараттың мазмұнына өз түсінігі бойынша түйін жасайды.
Күнтізбелік –тақырыптық жоспар
(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
1 |
Кіріспе |
1 |
2 |
• Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті |
1 |
3 |
Ақпаратты қорғау |
1 |
4 |
Вирусқа қарсы программалар. |
1 |
5 |
Ақпаратты сығу, мұрағаттау |
1 |
6 |
Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды - есептеуіш машиналардың кезеңдері |
1 |
7 |
Компьютерлік техниканың даму үрдісі |
1 |
8 |
Бақылау жұмысы. 1-тоқсан. |
1 |
9 |
Алгоритм ұғымы. |
1 |
10 |
Алгоритм қасиеттері |
1 |
11 |
Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схема. |
1 |
12 |
Алгоритм орындаушысы ұғымы |
1 |
13 |
Орындаушының командалар жүйесі |
1 |
14 |
Алгоритм типтері |
1 |
15 |
Бақылау жұмысы. 2-тоқсан. |
1 |
16 |
Қатемен жұмыс. Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді; модельдер түрлері |
1 |
17 |
Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат. Программа интерфейсі |
1 |
18 |
Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат. Программа интерфейсі |
1 |
19 |
Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар. |
1 |
20 |
Нөмірленген және маркерлеген тізімдер |
1 |
21 |
Бағандар, беттердің параметрлері, жиек. |
1 |
22 |
Алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару |
1 |
23 |
Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу |
1 |
24 |
Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру, суреттер мен жазуларды пішімдеу. |
1 |
25 |
Программа интерфейсімен танысу, презентациялар |
1 |
26 |
3- тоқсан бойынша бақылау. |
1 |
27 |
Мультимедиялық презентациялардың конструкторы |
1 |
28 |
Презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру |
1 |
29 |
Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. |
1 |
30 |
Анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету |
1 |
31 |
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер |
1 |
32 |
Интернет. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта. |
1 |
33 |
4- тоқсан бойынша бақылау. |
1 |
34 |
Қорытынды бақылау. |
1 |
Барлығы |
34 |
№1 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s |
||||
|
Тақырыбы: Кіріспе |
|||
|
Күтілетін нәтиже: |
|||
|
Білімдік |
Жаңа білім |
• Техника қауіпсіздік ережесін біледі. • Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруды анықтайды. • 5-сыныпта өткен материалдарды есіне түсіреді. • 6-сынып тақырыптарын біледі. |
|
|
Жаңа түсінік |
• 6-сыныптың негізгі бөлімдеріне қарап, |
||
|
Құзырлылық |
Қолданым әрекеті |
• 5-сынып пен 6- сынып тақырыптарының байланысын анықтайды. |
|
|
Талдау әрекеті |
• 5-сынып тақырыптары мен 6-сынып тақырыптарын салыстырады. • 6- сынып тақырыптарын талдайды. |
||
|
Шығармашылық әрекет |
• 6-сынып бағдарламасына енгізуге болатын өзгертулер мен толықтырулар туралы өз ойларын жазады. |
||
|
Құнды-лық |
Бағамдау әрекеті |
• 6-сыныптағы «Информатика» пәнінен үйренетін ақпараттың маңыздылығын ерекшелейді. |
|
|
Сабақ құрылымы: |
|||
|
|
І. Ақпарат алмасу (10 мин.). ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.). V. Бағамдау - бағалау (5 мин.). |
||
|
Сабақ типі: Кіріспе |
|||
|
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті |
|||
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
|||
|
|
• Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады. • Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді. |
||
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер: |
|||
|
|
•Ақпарат, алгоритм, компьютер, презентация, ақпараттық -коммуникациялық технологиялар. |
||
|
Оқушыда дағды қалыптастыру: |
|||
|
|
• Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну. • Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау. Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту. |
||
|
Ақпарат көздері: |
|||
|
|
1. Правила поведения и техники безопасности в кабинете информатики. Ақпарат көзі: http://sch861.ru/2-school/3-11-ikt/ikt/urok/tbez.html |
||
|
Үй тапсырмасы: |
|||
|
Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы, Өтілген материалды қайталау |
|||
|
• Бонус-балл тапсырмасы Әлемнің ақпараттық бейнесі жайлы өз
ойларыңызды келесі сабаққа |
|||
|
|
|||||
САБАҚ БЛОКТАРЫ s |
||||||
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу |
|
|
||
Тақырып жоспары:
1. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
2. 5- сынып тақырыптарын жалпы шолу
3. 6- сынып Информатика пәні
Слайдтар:
1-слайд Техника қауіпсіздік ережесі • Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерді тоққа қосуға, ажыратуға, экранды қолмен ұстауға болмайды. • Су не дымқыл қолмен, киіммен жұмыс істеуге болмайды. • Пернетақтаға, мониторға, компьютер қойылған үстелге артық заттар қоюға, салмақ түсіруге, шаң - тозаң түсіруге тыйым салынады. • Мұғалімнің рұқсатынсыз жүруге, басқа оқушыларға бөгет жасауға болмайды. • Сынып ішінде жүгіруге, ойындар ойнауға тыйым салынады. • Сыныпқа тамақ, сусын алып кіруге болмайды. • Компьютер не басқа техника жұмысында ақаулар байқалса, өз бетімен жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды. • Жайсыз жағдайлар орын алса, дереу мұғалімді хабардар етіңіз. • Компьютерде көп отырған жағдайда көз жаттығуларын жасап тұрыңыз. |
2-слайд Жұмыс орнын ұйымдастыру • Компьютермен жұмыс кезінде дұрыс отыру |
3-слайд 5- сынып тақырыптарын жалпы шолу Ақпарат және ақпараттық үдерістер * информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері; * ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Компьютер * компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері; пернетақта; * программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі, операциялық жүйе ұғымы, операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері; * файлдар, бумалар және белгішелер, бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту; * объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою, ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар. |
4-слайд 5-сынып тақырыптарын жалпы шолу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар * қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару; * қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру; * калькулятор, блокнот; * дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу. |
5- слайд 6-сынып Информатика пәнінің негізгі бөлімдері • Ақпарат және ақпараттық үдерістер • Компьютер • Алгоритмдеу және модельдеу • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар • Телекоммуникациялар |
6- слайд 6-сынып Информатика пәнінің мақсаты • Ақпарат ұғымын білу • Вирусқа қарсы программалар туралы білу • Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттерімен, мүмкіндіктерімен танысу • Мәтінмен жұмыс істеуді меңгеру • Сандық, дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша программаларда жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру • Алгоритм ұғымымен танысу • Презентация дайындауды игеру • Интернетте ақпарат іздеу әдістерін түсіну |
|
іі. алғашқы бекіту |
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
5-сыныптың жалпы мазмұны |
6- сыныпта өтілетін тақырыптар |
6- сынып Информатика пәнінің мақсаты |
|
. |
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру |
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
a. Техника қауіпсіздік ережелерін атаңыз.
b. Компьютермен жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру үшін не істеу керек?
c. 5- сыныпта өткен материалдарды есіңізге түсіріңіз.
d. 6- сынып тақырыптарын атаңыз.
ІІ деңгей тапсырмалары
• 5-сынып пен 6-сынып тақырыптарының арасындағы байланысты анықтаңыз.
ІІІ деңгей тапсырмалары
• 5-сынып
тақырыптары мен 6-сынып тақырыптарының ішінде қай
бөлімдер сәйкес келеді? Бұл бөлімге 6-сыныпта қандай өзгерістер, толықтырулар
енгізілген?
|
іV. шығармашылық әрекет |
|
Топтық жұмыс.
6- сынып бағдарламасына көзқарасыңыз. Өзгертулер мен толықтырулар енгізер ме едіңіз? Жауабыңызға толық негіздеу беріңіз. Ойларыңызды қысқаша түрде қағазға түсіріңіз.
|
V. бағамдау-бағалау |
|
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігі туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
№2 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s |
||||||
|
Тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті |
|
||||
|
Күтілетін нәтиже: |
|
||||
|
Білімдік |
Жаңа білім |
• Ақпарат анықтамасын біледі. • Ақпарат қасиеттерін атап шығады. |
|
||
|
Жаңа түсінік |
• Шығу облысына қарай ақпарат түрлерін түсінеді. • Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат түрлерін түсінеді. • Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлерін айырып таниды. |
|
|||
|
Құзырлылық |
Қолданым әрекеті |
• Ақпараттың сыртқы қасиеттеріне жататын сөздерді сәйкес ұяшықтарға қою арқылы кестені әзірлейді. |
|
||
|
Талдау әрекеті |
• Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлерін салыстырады. |
|
|||
|
Шығармашылық әрекет |
• Берілген кесте арқылы ақпаратты кодтап, сөздерді басқа тілге түрлендіреді. |
|
|||
|
Құнды-лық |
Бағамдау әрекеті |
• Әлемнің ақпараттық бейнесін түйіндейді. Ақпарат қасиетін сипаттайды. |
|
||
|
Сабақ құрылымы: |
|
||||
|
|
І. Ақпарат алмасу (10 мин.). ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.). V. Бағамдау - бағалау (5 мин.). |
|
|||
|
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру |
|
||||
|
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті |
|
||||
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
|
||||
|
|
• Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады. • Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді. |
|
|||
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер: |
|
||||
|
|
•Ақпарат, визуальді, аудиальді, тактильді, машиналық, аналогтік ақпарат, дискретті процесс, эргономдық қасиет, ақпарат көлемі. |
|
|||
|
Оқушыда дағды қалыптастыру: |
|
||||
|
|
• Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну. • Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау. Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту. |
|
|||
|
Ақпарат көздері: |
|
||||
|
|
1. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті. «Inf 1104 Информатика» пәні бойынша, «5В030100–Құқықтану» мамандығының 1-курс күндізгі бөлім студенттеріне арналған оқу - әдістемелік кешен. 2010. Ақтөбе |
|
|||
|
|
2. Ақпарат қасиеттері. Ақпарат типтері. Ақпаратты кодтау. Ақпарат көзі: http://1referat.kz/informatika/aqparat-qasietteri-aqparat-tipteri-aqparatty-kodtau.html 3. Видео. Ақпарат көзі: http://www.youtube.com/watch?feature=player_detailpage&v=mMURkf0LG-E |
|
|||
|
|
||||||
|
|
||||||
|
Оқушы жетістігін бағалау: |
|
|||||
|
|
•
Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды
орындауына |
|
||||
|
Үй тапсырмасы: |
|
|||||
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы. Өтілген материалды қайталау, анықтама жаттау |
|
||||
|
|
• Бонус - балл тапсырмасы Ақпараттың сыртқы қасиеттері бұзылған жағдайларға 5 мысал келтіріңіз. (Мысалы, маған менің сүйікті тобым бүгін концерт беретіні белгілі болды. Алайды, бұл ақпарат маған концертке билеттердің бәрі сатылып кеткеннен кейін жетті. Яғни, ақпараттың өзектілігі бұзылды.) |
|
||||
САБАҚ БЛОКТАРЫ s |
|||||||
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу |
|
|
|||
Тақырып жоспары:
1. Ақпарат
2. Ақпарат түрлері
3. Ақпарат қасиеттері
Слайдтар:
1-слайд Ақпарат Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан. Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз. Ақпарат – қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері, қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны. |
2-слайд Шығу облысына қарай ақпарат • қарапайым – жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді. • биологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді. • әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді. • Көпшілік • Жеке |
3-слайд Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат • визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады. • аудиальды – дыбыс арқылы таратылады. • тактильді – сезім арқылы таратылады. • иіс арқылы таратылады • дәм арқылы таратылады. • машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады. |
4-слайд Информатикадағы ақпарат Ақпарат • Аналогтік - кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар) • Үзілісті - дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире). |
5- слайд Информатикадағы ақпарат (Мысал)
|
6- слайд Ақпараттың сыртқы қасиеттері Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды. Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды. Ақиқаттық
қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы
қасиеті. Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді. Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады. Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ыңғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет. |
7- слайд Ақпараттың ішкі қасиеттері Ақпараттың ішкі қасиеттерінің маңыздылары оның ішкі құрылымы және көлемі (мөлшері) болып табылады. Хабардағы ақпарат
көлемі – ондағы таңбалардың санымен анықталады. Мысалдан бұл тәсілдің хабарды беру пішіміне тәуелді екендігін көруге болады. Есептеу техникасында өңделетін және сақталатын ақпарат (оның шығу тегіне байланыссыз) екілік жүйеде көрсетілетіндіктен (0 және 1-ден (бит) тұратын алфавиттің көмегімен) сәйкес өлшем бірліктері енгізілген, олар бит және байт. Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі болса, байт – негізгі өлшем бірлігі. Байт – 8 биттен тұратын топ.- слайдның 5 буыныжәне стол калькуляиорыптеу техникңдер? |
8- слайд Ақпаратты кодтау тілдері • Табиғи тіл (ауызша не жазбаша) • Ым- ишара тілі • Жол белгілері тілі • География тілі • Математика тілі • Нота сауаты • Морзе әліпбиі, т. б. |
9- слайд Ақпараттық технологиялар (видео) |
|
іі. алғашқы бекіту |
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Ақпарат анықтамасы |
Ақпарат түрлері |
Ақпараттың сыртқы қасиеттері |
Ақпарат – қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері, қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны. Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан. Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз. |
Шығу облысына қарай ақпарат • қарапайым • биологиялық • әлеуметтік: • Көпшілік • Жеке
Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат • визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады • аудиальды – дыбыс арқылы таратылады. • тактильді – сезім арқылы таратылады. • иіс арқылы таратылады • дәм арқылы таратылады • машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады. |
· Объектілік және субъектілік қасиеті · Толықтық қасиеті · Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті · Ақиқаттық қасиеті · Қатынау мүмкіндігі қасиеті · Адекваттық қасиеті · Эргономдық қасиеті. |
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру |
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Ақпарат дегеніміз не?
2. Шығу облысына қарай ақпарат түрлері
3. Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат түрлері
4. Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлері
5. Ақпараттың сыртқы қасиеттерін ата.
6. Ақпараттың ішкі қасиеттерін ата.
ІІ деңгей тапсырмалары
Төмендегі сөздерді пайдаланып, кестені толықтырыңыз:
адекваттық қасиеті, толықтық қасиеті, қатынау мүмкіндігі қасиеті, эргономдық қасиеті, өзектілік (дәл уақыттылық) қасиеті, объектілік және субъектілік қасиеті, ақиқаттық қасиеті
Ақпарат қасиеті |
Анықтама |
|
ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиеті |
|
ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті |
|
ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиеті |
|
ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті |
|
пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиеті |
|
ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиеті |
|
белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ыңғайлылық дәрежесін көрсететін қасиеті |
ІІІ деңгей тапсырмалары
Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлерін салыстырып жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
|
іV. шығармашылық әрекет |
|
Топтық жұмыс.
|
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
A |
ә |
і |
ң |
ғ |
ү |
ұ |
қ |
ө |
Һ |
B |
й |
ц |
у |
к |
е |
н |
г |
ш |
щ |
C |
з |
х |
ф |
ы |
в |
а |
п |
р |
о |
D |
л |
д |
ж |
э |
я |
ч |
с |
м |
и |
E |
т |
ь |
б |
ю |
ъ |
ё |
|
|
|
Берілген кесте арқылы информатика, ақпарат, компьютер сөздерін кодтаңыз.
Мысал:
Мектеп сөзі: М- D7 Е- В4 К- В3 Т- Е0 Е-В4 П-С6
|
V. бағамдау-бағалау |
|
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
№3 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s |
||||
|
Тақырыбы: Ақпаратты қорғау |
|
||
|
Күтілетін нәтиже: |
|
||
|
Білімдік |
Жаңа білім |
• Ақпарат қауіпсіздігін біледі. • Ақпарат қорғау ұғымын анықтайды. • Ақпарат категорияларының атын атайды. • Ақпаратқа әсер ету түрлерін біледі. • Пароль ұғымын анықтайды. |
|
|
Жаңа түсінік |
• Дұрыс қорғаныс жүйесін құру алғышарттарын түсінеді. • Ақпаратты қорғаудың техникалық құрылғыларын айырып таниды • Биометриялық әдістерге мысал келтіреді. |
|
|
|
Құзырлылық |
Қолданым әрекеті |
• Ақпарат санаттарын анықтайтын сөздерді толық емес сөйлемдерді толықтыруда қолданады. |
|
|
Талдау әрекеті |
• Активті және пассивті қорғау құралдарын талдайды. |
|
|
|
Шығармашылық әрекет |
• Сұрау салу арқылы ақпартты қорғау түрлеріне сәйкес сипаттаманы оң бағандағы сөздермен байланыстырып, толық сөйлем жасайды. |
|
|
|
Құнды-лық |
Бағамдау әрекеті |
• Ақпаратты
қорғау қажеттілігін түсіндіреді. |
|
|
Сабақ құрылымы: |
|
||
|
|
І. Ақпарат алмасу (10 мин.). ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.). V. Бағамдау-бағалау (5 мин.). |
|
|
|
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру |
|
||
|
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті |
|
||
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
|
||
|
|
• Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады. • Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді. |
|
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер: |
|
||
|
|
•Ақпарат қауіпсіздігі, аутентичтность, апелляциялануы, ақпаратты блоктау, санкцияланбаған таралым, пароль, шифр, сигнатура, биометриялық әдіс. |
|
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру: |
|
||
|
|
• Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну. • Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау. • Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту. |
|
|
|
Ақпарат көздері: |
|
||
|
|
1. Freepapers.ru. Ақпараттық қауіпсіздік. 2013. Ақпарат көзі: http://freepapers.ru/22/aparatty-aupszdk/237014.1614218.list3.html 2. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті. «Inf 1104 Информатика» пәні бойынша, «5В030100–Құқықтану» мамандығының 1-курс күндізгі бөлім студенттеріне арналған оқу- әдістемелік кешен. 2010. Ақтөбе |
|
|
|
|
|||||||
|
|
|||||||
|
|
3. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, |
|
|||||
|
Оқушы жетістігін бағалау: |
|
||||||
|
|
• Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. |
|
|||||
|
Үй тапсырмасы: |
|
||||||
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы Өтілген материалды қайталау, анықтама жаттау |
|
|||||
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы Ақпаратты қорғаудың басқа қандай жолдарын білесіз? |
|
|||||
САБАҚ БЛОКТАРЫ s |
||||||||
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу |
|
|
||||
Тақырып жоспары:
1. Ақпарат қауіпсіздігі мен оны қорғау. Алғышарттар.
2. Ақпаратқа әсер ету түрлері мен потенциалды қауіп- қатер тудырушылар.
3. Ақпаратты қорғау тәсілдері.
Слайдтар:
1-слайд Ақпарат қауіпсіздігі мен оны қорғау Ақпараттың қауіпсіздігі – ақпарат тұтастылығының физикалық және логикалық бұзылуынан немесе санкцияланбаған пайдаланудан қорғаныс жасау. Ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Яғни, ақпаратты қорғау - автоматтандырылған жүйелерде оның бекітілген
қорғаныс статусын қолдайтын арнайы механизмдерді құрау және |
2-слайд Ақпарат категориялары Ақпарат қауіпсіздігі тарапынан алғанда ақпараттың категориялары: Құпиялылығы - белгілі бір ақпараттың белгілі бір адамдарға ғана тиімді екеніне сенімділік; бұл категорияны бұзу- ақпаратты бұзу немесе ұрлау деп аталады. Бүгіндігі- ақпараттың сақталуы немесе таралуы кезінде санкцияланбаған өзгерістердің болмағанына сенімділік; бұл категорияны бұзу- мәліметтің фальсификациясы деп аталады. Түпнұсқалық (аутентичность) - ақпарат көзі- оның авторы болып табылатынына сенімділік; бұл категорияны бұзу- автор тарапынан мәліметтердің фальсификациясы деп аталады. Апеллияциялануы - кез келген уақытта белгілі бір адамның сол мәліметтің авторы екенін дәлелдеуі. |
3-слайд Дұрыс қорғаныс жүйесін құру алғышарттары Қорғаныс жүйесінің дұрыс құрылу үшін мыналарды анықтау керек: * Ақпаратқа әсер ету түрлері; * Автоматтандырылған жүйе түсінігі; * Автоматтандырылған жүйеге түсетін қауіп түрлері; * Қауіптерге қарсы тұру шаралары; * Қорғаныс жүйелерінің құрылу принциптері. |
4-слайд Ақпаратқа әсер ету түрлері Ақпаратты блоктау- қолданушының ақпаратқа қол жеткізе алмауы. Ақпарат бүтіндігінің бұзылуы- ақпараттың сақтау құрылғыларынан жоғалуы не бүлінуі, мәндік мазмұнының бұзылу, логикалық байланыстың бұзылуы, дұрыстығының бұзылуы. Ақпарат құпиялылығының бұзылуы- ақпаратпен бөтен адамдардың танысуы. Ақпаратты алу жолының деңгейі ақпарат иесімен анықталады. Санкцияланбаған
таралым- ақпараттың меншіктелу және авторлық |
5- слайд Потенциалды қауіп- қатерлер • Қызмет көрсетуші тұлғалар мен қолданушылардың қателіктері • Құрылғылардың дұрыс жұмыс жасалмауы • Программалық қамсыздандыру жұмысының ақауларына байланысты болатын ақпараттың жоғалуы • Рұқсатсыз қатынауға байланысты болатын ақпараттың жоғалуы •
Аривтік мәліметтерді дұрыс сақтамағандықтан пайда
болып |
6- слайд Сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау Парольдер – жүйеге ену үшін қажетті кілттер ретінде қарастырылады және ақпарат тұтастығын сақтауды қамтамасыз етеді. Бірақ, олар басқа мақсаттар үшін де қолданылады, мысалы, дискіенгізгіште жазуды бұғаттауда, мәліметтерді шифрлеу командаларында, т. б. Парольдерді 7 негізгі топтарға бөледі: * қолданушы орнататын парольдер; * жүйемен генерацияланатын парольдер; * енудің кездейсоқ кодтары; * жартылай сөз; * кілттік фазалар; * “сұрақ -жауап” түріндегі интерактивті тізбек; * “қатаң ” парольдер. |
|
7- слайд Сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау Шифрлер - ақпаратты түрлендіруге арналған криптографиялық әдістер пайдалану. Шифрлер криптоаналитикатер үшін қарапайым болу керек, бірақ кәдімгі пайдаланушылар үшін файлға қол жеткізуді қиындатады. Бағдарламаларды, идентификациялық белгілерді шифрлеуге болады. Бағдарламаны қорғауға арналған шифрдың негізгі сипаттамасы - кілттік шифрдың үзындығы болып саналады. Сигнатуралар – қорғаныс үшін пайдаланылатын және бағдарламалық тәсілмен тексерілетін электронды есептеуіш машинаның бесаспап сипаттамасы. Қорғау аппаратурасының көмегімен бағдарламны қорғаудың негізгі принципі – тұрақты есте сақтау құрылғысымен оперативті есте сақтау құрылғысынан бағдарламаларды рұқсатсыз көшіру кезінде бағдарламаның өздігінен жойылып кетуіне арналған сигналдарды өндіру. Арнайы микропроцессорлар (МП) – арнайы оптикалық құрылғы, стандартты интерфейс арқылы қосылады, сұрау салуға кейбір сандық реттілікпен үндеседі. Кемшілігі – бағдарламамен басқарылады. Электр интеллектісімен қорғау – күрделі қорғаныс алгоритмін таратушы арнайы микропроцессоры бар электронды қорғаныс құрылғыларының бірі. Тікелей қорғау құралдары-егер құпия ақпараттардан тұратын модульды бұзатын болса, тікелей қорғау динамикалық жады қорегін бұғаулайды да, құпия ақпараттарды жояды.- слайдның 5 буыныжәне стол калькуляиорыптеу техникңдер? |
|
8- слайд Активті және пассивті қорғау құралдары Активті • Уақытқа, күннің жадына құрылған қорғау кілттері жатады немесе рұқсатсыз қатынас құруға қарсылық, ескерту, еске салу немесе бақылауды ұйымдастыру түрінде болады. • Жалпы қабылданған дабыл сигналдары, авторлық этикетті басып шығару, дыбыстық ескертулер, бақылау, иемденуші жөнінде деректерді басып шығару сияқты белгілерден тұрады. Пассивті • Сақтандыру, алдын-ала ескерту, бақылау, сондай-ақ қолайсыз жағдайды болдырмау үшін көшіруді дәлелдейтін және айғақ іздейтін бағыттағы әдістер жатады. |
||
9-слайд Ақпаратты қорғаудың техникалық құрылғылары • Электронды қорғау құрылғылары • Оптикалық қорғау құрылғылары • Биометриялық |
10- слайд Биометриялық әдістер • Саусақтың таңбасы арқылы анықтау • Адамның келбеті арқылы анықтау • Қол арқылы • Пернелік жазу • Адамның көз қарашығы арқылы анықтау • Дауыс ырғағы арқылы анықтау • Қол қою арқылы анықтау |
|
іі. алғашқы бекіту |
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Ақпаратты қорғау дегеніміз |
Ақпарат категориялары |
Ақпаратқа әсер ету түрлері |
ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені.
|
Ақпарат қауіпсіздігі тарапынан алғанда ақпараттың категориялары: Құпиялылығы- белгілі бір ақпараттың белгілі бір адамдарға ғана тиімді екеніне сенімділік; бұл категорияны бұзу- ақпаратты бұзу немесе ұрлау деп аталады. Бүгіндігі- ақпараттың сақталуы немесе таралуы кезінде санкцияланбаған өзгерістердің болмағанына сенімділік; бұл категорияны бұзу- мәліметтің фальсификациясы деп аталады. Түпнұсқалық (аутентичность)- ақпарат көзі- оның авторы болып табылатынына сенімділік; бұл категорияны бұзу- автор тарапынан мәліметтердің фальсификациясы деп аталады. Апеллияциялануы- кез келген уақытта белгілі бір адамның сол мәліметтің авторы екенін дәлелдеуі. |
Ақпаратты блоктау- қолданушының ақпаратқа қол жеткізе алмауы. Ақпарат бүтіндігінің бұзылуы- ақпараттың сақтау құрылғыларынан жоғалуы не бүлінуі, мәндік мазмұнының бұзылу, логикалық байланыстың бұзылуы, дұрыстығының бұзылуы. Ақпарат құпиялылығының бұзылуы- ақпаратпен бөтен адамдардың танысуы. Ақпаратты алу жолының деңгейі ақпарат иесімен анықталады. Санкцияланбаған таралым- ақпараттың меншіктелу және авторлық құқық қорғанысы.
|
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру |
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Ақпарат қауіпсіздігі дегеніміз не?
2. Ақпаратты қорғау ұғымына анықтама бер.
3. Ақпарат қауіпсіздігі тарапынан алғандағы ақпарат категориялары.
4. Дұрыс қорғаныс жүйесін құру алғышарттары.
5. Ақпаратқа әсер ету түрлері.
6. Пароль дегеніміз не?
7. Пароль түрлерін ата.
8. Ақпаратты қорғаудың техникалық құрылғылары.
9. Биометриялық әдістерді ата.
ІІ деңгей тапсырмалары
Төмендегі сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыз:
апелляциялануы, құпиялылығы, түпнұсқалық, бүгіндігі
..................... белгілі бір ақпараттың белгілі бір адамдарға ғана тиімді екеніне сенімділік; бұл санатты бұзу- ақпаратты бұзу немесе ұрлау деп аталады.
......................ақпараттың сақталуы немесе таралуы кезінде санкцияланбаған өзгерістердің болмағанына сенімділік; бұл категорияны бұзу- мәліметтің фальсификациясы деп аталады.
......................оның авторы болып табылатынына сенімділік; бұл категорияны бұзу- автор тарапынан мәліметтердің фальсификациясы деп аталады.
......................кез келген уақытта белгілі бір адамның сол мәліметтің авторы екенін дәлелдеуі.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Активті және пассивті қорғау құралдарын талдап жазыңыз.
|
іV. шығармашылық әрекет |
|
Топтық жұмыс.
Сол бағандағы ұғымдарға сәйкес келетін анықтамаларды тауып, толық сөйлемді жазыңыз
Шифрлер |
арнайы оптикалық құрылғы, стандартты интерфейс арқылы қосылады, сұрау салуға кейбір сандық реттілікпен үндеседі. |
Сигнатуралар |
күрделі қорғаныс алгоритмін таратушы арнайы микропроцессоры бар электронды қорғаныс құрылғыларының бірі |
Арнайы микропроцессорлар |
Егер құпия ақпараттардан тұратын модульды бұзатын болса, тікелей қорғау динамикалық жады қорегін бұғаулайды да, құпия ақпараттарды жояды. |
Электр интеллектісімен қорғау |
қорғаныс үшін пайдаланылатын және бағдарламалық тәсілмен тексерілетін электронды есептеуіш машинаның бесаспап сипаттамасы |
Тікелей қорғау құралдары |
ақпаратты түрлендіруге арналған криптографиялық әдістер пайдалану |
|
V. бағамдау-бағалау |
|
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
№4 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s |
|
|||
|
Тақырыбы: Вирусқа қарсы программалар. |
|||
|
Күтілетін нәтиже: |
|||
|
Білімдік |
Жаңа білім |
• Компьютерлік вирус анықтамасын біледі. • Вирустардың ену жолдарын анықтайды. • Вирустарды топтастырғанда ескеретін факторлардың атын айтады. • Вирустан қорғану тәсілдерін біледі. • Танымал антивирус программаларын атап шығады. |
|
|
Жаңа түсінік |
• Өмір сүру ортасына, жұқтыру әдісіне және әсеріне қарай вирус түрлерін айырып таниды. • Вирус жұққан компьютер белгілеріне мысал келтіреді. |
||
|
Құзырлылық |
Қолданым әрекеті |
• Әр қатардағы басқа сөздер тізбегіне мағынасы жағынан сәйкес келмейтін артық сөзді көрсетеді. |
|
|
Талдау әрекеті |
• Қазір қолданыстағы антивирус программаларын тиімділігі мен тазалау жылдамдығы жағынан салыстырады. |
||
|
Шығармашылық әрекет |
• Берілген кестеден тігінен, көлденеңінен және диагональ бойынша жоғарыдан төмен қарай жазылған вирусқа қарсы программалардың 6 түрін тауып, олардың атауларын жазады. |
||
|
Құнды-лық |
Бағамдау әрекеті |
• Компьютерлік вирус ұғымының түсіндірмесін береді. • Вируспен зақымдану белгілерін сипаттайды. • Вирустардан қорғану жолдарын сыни талдау жасайды. |
|
|
Сабақ құрылымы: |
|||
|
|
І. Ақпарат алмасу (12 мин.). ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.). V. Бағамдау-бағалау (5 мин.). |
||
|
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру |
|||
|
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті |
|||
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
|||
|
• Мұғалім материалды толығымен меңгеруге көмектеседі. • Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді. |
|||
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер: |
|||
|
Вирус, желілік, файлдық, жүктемелік, резидентті, резидентті емес, профилактика, флаги, доктор, ревизор, детектор, фильтр, вакцинатор, антивирус, антивирусты монитор. |
|||
|
Оқушыда дағды қалыптастыру: |
|||
|
Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау. Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту. |
|||
|
Ақпарат көздері: |
|||
|
1. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті. «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәнінен оқу- әдістемелік кешен. 2009, Семей. |
|||
|
|
|||||
|
|
|||||
|
|
|||||
|
|
|||||
|
2. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті. «Inf 1104 Информатика» пәні бойынша, «5В030100–Құқықтану» мамандығының 1-курс күндізгі бөлім студенттеріне арналған оқу- әдістемелік кешен. 2010, Ақтөбе. 3. Учебные материалы. Значение и виды антивирусных программ. Ақпарат көзі: http://works.doklad.ru/view/ErAj6yws02I/2.html 4. 1.referat.kz. Антивирус программасы. 2011. Ақпарат көзі: http://freepapers.ru/22/aparatty-aupszdk/237014.1614218.list14.html |
|
||||
|
Оқушы жетістігін бағалау: |
|
||||
|
• Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. |
|
||||
|
Үй тапсырмасы: |
|
||||
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы Өтілген материалды қайталау, анықтама жаттау |
|
||||
|
• Бонус-балл тапсырмасы Антивирус программаларының басқа да түрлерін сипаттап жаз. |
|
||||
САБАҚ БЛОКТАРЫ s |
||||||
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу |
|
|
||
Тақырып жоспары:
1. Компьютерлік вирустар
2. Вируспен зақымданған компьютер белгілері мен қорғану шаралары.
3. Вирусқа қарсы программалар.
Слайдтар:
1-слайд Компьютерлік вирустар Компьютерлік
вирустар – жұмыс істейтін компьютерде рұқсат
етілмеген |
2-слайд Bирус түрлері «Өмір сүру ортасына қарай» вирустар: Желілік вирустар әртүрлі компьютерлік желілерде таралады. Файлдық вирустар ең алдымен орындалатын модульдерге, яғни COM және EXE кеңеймесі бар файлдарға енеді. Файлдық вирустар басқа типті файлдарға да ене алады. Бірақ, ондай файлдарда олар ешқашан басқару ала алмайды және көбею мүмкіндігін жоғалтады. Жүктемелік вирустар дисктің жүктемелік секторына (Boot-c) немесе жүйелік дисктің жүктемелік программасының құрамына енетін секторына ( Master Boot Record) енеді. Файл – жүктемелік вирустар файлдарды және де дисктің жүктемелік секторын жұқтырады. |
3-слайд Вирус түрлері Жұқтыру әдісіне қарай вирустар: Резидентті вирус компьютерді жұқтыру кезінде оперативті жадыда өзінің резидентті бөлігін қалдырады. Кейін ол операциялық жүйенің жұқтыру объектеріне (файлдарға, дисктің жүктемелік секторларына және т.б) қарауын ұстап алады және оларға енеді. Резидентті вирустар жадыда орналасады және компьютер өшірілгенше немесе қайта жүктелгенше активті болады. Резидентті емес вирустар компьютер жадысын жұқтырмайды және шектеулі уақыт аралығында ғана активті болады. |
4-слайд Вирус түрлері Әсері бойынша вирустардың төмендегідей түрлері бар: - қауіпті емес, компьютер жұмысына бөгет жасамайтын, бірақ оперативті жадының және дисктегі жадының бос бөлігін кішірейтетін. Мұндай вирустар әсері қандай да бір графиктік немесе дыбыстық эффектерде білінеді. - қауіпті вирустар, компьютер жұмысындағы әртүрлі ақауларға алып келуі мүмкін. - өте қауіпті,
бұлардың әсері программалардың жоғалуына, ақпараттардың құртылуына, дисктің жүйелік
облыстарындағы ақпараттың өшірілуіне |
5- слайд Вирустар жұққан компьютер белгілері * Компьютердің ақырын жұмыс істеуі * Операциялық жүйенің жүктелмеуі * Файлдар мен каталогтардың жоғалуы немесе олардың мазмұнының өзгеруі * Файлдың өзгеру датасының ауысуы * Файл көлемінің өзгеруі * Белгісіз себептерден файлдың көбейіп кетуі * Жедел жадыдағы бос орынның азаюы * Экранда қаралмаған бейнелердің немесе сөздердің шығуы * Компьютердің жиі өз жұмысын тоқтатуы. |
6- слайд Вирустан қорғану тәсілдері * Файлдарды жалпы қорғау- ақпараттың не дискінің облыстық жүйелерінің көшірмесін жасау мен ақпаратқа шектеулі қолдану қою. * Профилактика * Вирусқа қарсы программалар орнату |
7- слайд Вирусқа қарсы программалар Флаги немесе доктор дискілерді немесе бұзылған программаларды тазалайды, олардан вирус денесін «тістеп алу» арқылы программаларды бұзылғанға дейінгі қалыпқа келтіреді. Ревизор программалар – бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап, сосын оны бастапқы күйімен салыстырады. Келіспеушіліктер болса, онда ол жайлы пайдаланушыға хабарлайды. Ревизор докторлар- ревизор мен докторлар қызметін атқарады. - слайд ның 5 буыныжәне стол калькуляиорыптеу техникңдер? |
|
8- слайд Вирусқа қарсы программалар Детекторлар- нақты вирустарға арналған, вирустың денесіндегі кодты тексерілетін программалар кодымен тізбектей тексеруге негізделген. Фильтрлер- бұл резидентті программалар, қолданушыны қандай да бір программаның дискке жазылуының барлық мүмкіндіктері туралы, оларды форматтау туралы, және де басқа сенімсіз әрекеттер туралы хабардар етеді. Бұл жағдайда берілген әрекетке рұқсат ету, етпеу туралы сұраныс шығады. Вакцина программалары дискілерді немесе программаларды оның жұмыс нәтижесінде модификациялайды, вакцинацияланған программаны вирусталған деп қабылдайды. |
9-слайд Антивирус программалары 1. Eset (NOD32) (Өндіруші- Eset Software) ерекшеліктері: * Қолданылатын системалар- Microsoft Windows 95/98/ME/NT/2000/2003/XP, UNIX/Linux, Novell, MS DOS, сонымен қоса Microsoft Exchange Server, Lotus Domino сияқты пошталық серверлер. * Жылдам және 100 пайыздық вирустан тексеру * 4 модуль: антивирусты монитор, интернет трафик мониторы, MSOffice құжаттар мониторы және антивирусты сканер. 2. SymantecNortonAntivirus 2005. Symantec компаниясы ұсынған Norton AntiVirus™ 2005 программасы әлемдегі ең танымал антивирустар қатарына жатады. Бұл программа автоматты түрде пайдаланушыға еш кедергі жасамай вирустарды, интернет құрттарды, трояндық компоненттерді жояды. Norton™ Internet Worm Protection функциясы көптеген өте қауіпті және күрделі құрттарды (мысалы, Blaster и Sasser) компьютер жүйесіне енбей тұрып жояды. |
10- слайд Антивирус программалары 3. Personal Касперлік Антивирусы . * Қондыру мен пайдалану өте оңай әрі қарапайым. Қорғау түрлері: «максималды қорғаныс», «ұсынылған қорғаныс» және «максималды жылдамдық». Түзетулер әр сағат сайын орындалып отырады, техникалық қолдау тәулік бойы жүзеге асады. 4. DoctorWeb Windows. * Dr.Web32 for Win32 екі түрі бар: графикалық интерфейспен (DrWeb32W) және интерфейссіз (DrWebWCL). Екеуі де қолайлы, әрі тез тексеру жүргізеді. Антивирус құрамында антивирусты монитор бар. 5. AVG AntiVirus AVG Anti-Virus Free Edition — танымал антивирус, үйде пайдаланушыларға толық тегін. Вирустық базасын өте тез жүктеуімен, қолдануының қарапайымдылығымен ерекшеленеді. AVG Anti-Virus Free Edition мына компоненттерінен тұрады: сканер, монитор, электрондық поштаның сканері және автоматты түрде вирустық базасының жаңартылуы. * Өндіруші: Grisoft Inc * Лицензия: Freeware * Қолдайтын системалар: Windows XP, Vista, Win7 * Интерфейс тілі: Орысша |
|
іі. алғашқы бекіту |
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Компьютерлік вирустар дегеніміз- |
Вирус түрлері |
Вирусқа қарсы программалар |
жұмыс істейтін компьютерде рұқсат етілмеген іс- әрекеттерді орындауға арналған программа коды. Ішінде вирусы бар программа “жұқтырылған” деп аталады.
|
«Өмір сүру ортасына қарай»: * Желілік вирустар * Файлдық вирустар * Жүктемелік вирустар * Файл– жүктемелік вирустар. Жұқтыру әдісіне қарай: * Резидентті вирустар
* Резидентті емес вирустар Әсері бойынша: * қауіпті емес вирустар * қауіпті вирустар * өте қауіпті вирустар.
|
Флаги немесе доктор дискілерді немесе бұзылған программаларды тазалайды. Ревизор программалар – бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап, сосын оны бастапқы күйімен салыстырады. Ревизор докторлар- ревизор мен докторлар қызметін атқарады. Детекторлар- нақты вирустарға арналған, вирустың денесіндегі кодты тексерілетін программалар кодымен тізбектей тексеруге негізделген. Фильтрлер- қолданушыны қандай да бір программаның дискке жазылуының барлық мүмкіндіктері туралы, оларды форматтау туралы, және де басқа сенімсіз әрекеттер туралы хабардар етеді. Вакцина программалары дискілерді немесе программаларды оның жұмыс нәтижесінде модификациялайды, вакцинацияланған программаны вирусталған деп қабылдайды. |
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру |
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
2. Вирустар енуінің негізгі жолдары
3. Вирустар қандай негізде топтарға бөлінеді?
4. «Өмір сүру ортасына қарай» вирустар қандай болады?
5. Жұқтыру әдісіне қарай вирустар қандай болады?
6. Әсері бойынша вирустар қандай түрлерге бөлінеді?
7. Вирустан қорғанудың қанша тәсілі бар?
8. Өзіңіз білетін антивирус программаларын атаңыз.
9. Вирус жұққан компьютер белгілеріне мысал келтіріңіз.
ІІ деңгей тапсырмалары
Әр қатардағы басқа сөздер тізбегіне сәйкес келмейтін артық сөзді көрсет
Желілік |
Файлдық |
Жүктемелік |
Жұқтырылған |
Доктор |
Профилактика |
Ревизор |
Детектор |
Microsoft Windows |
Eset (NOD32) |
AVG AntiVirus |
DoctorWeb |
Антивирусты монитор |
Интернет трафик мониторы |
Антивирусты сканер |
Антивирусты принтер |
Фильтер |
Вакцинатор |
Монитор |
Ревизор |
ІІІ деңгей тапсырмалары
Қазір қолданыстағы антивирус программаларын тиімділігі мен тазалау жылдамдығы жағынан салыстырыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
|
іV. шығармашылық әрекет |
|
Топтық жұмыс.
Берілген кестеден тігінен, көлденеңінен және диагональ бойынша жоғарыдан төмен қарай жазылған сөздерді тап. Сонда сізде вирусқа қарсы программалардың 6 түрінің атаулары шығады.
п |
р |
т |
р |
к |
е |
н |
а |
р |
м |
п |
й |
м |
н |
т |
а |
ф |
л |
а |
г |
и |
а |
р |
к |
а |
ф |
п |
т |
р |
а |
к |
и |
е |
н |
р |
т |
о |
р |
п |
д |
о |
к |
т |
о |
р |
қ |
ү |
ф |
ә |
с |
ц |
ы |
и |
м |
в |
с |
п |
о |
л |
д |
д |
ж |
і |
ы |
а |
р |
л |
в |
п |
р |
ч |
д |
ұ |
у |
м |
а |
в |
п |
и |
р |
м |
д |
м |
и |
ғ |
і |
в |
и |
т |
в |
а |
п |
б |
ю |
т |
р |
е |
к |
ң |
і |
м |
в |
п |
к |
а |
р |
а |
п |
е |
к |
м |
т |
и |
р |
н |
а |
ы |
ы |
ф |
к |
ы |
е |
в |
р |
а |
д |
е |
ф |
и |
л |
ь |
т |
р |
д |
ц |
ь |
б |
в |
в |
ы |
ң |
к |
ү |
ү |
и |
п |
р |
т |
ы |
и |
в |
а |
м |
и |
п |
р |
т |
п |
ү |
ә |
а |
м |
д |
и |
н |
а |
п |
т |
л |
з |
и |
о |
р |
ь |
б |
е |
у |
ц |
й |
а |
а |
т |
р |
п |
м |
о |
р |
а |
н |
е |
у |
ц |
ы |
а |
т |
ө |
п |
р |
о |
н |
а |
р |
к |
о |
н |
в |
қ |
с |
д |
о |
м |
ы |
с |
з |
х |
в |
о |
л |
р |
а |
б |
ң |
п |
қ |
р |
|
V. бағамдау-бағалау |
|
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
№5 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s |
||||
|
Тақырыбы: Ақпаратты сығу, мұрағаттау |
|
||
|
Күтілетін нәтиже: |
|
||
|
Білімдік |
Жаңа білім |
• Ақпаратты сығуды біледі. • Ақпаратты сығудың қажеттілігін тұжырымдайды. • Ақпараттың сығу деңгейі мен жылдамдығына әсер етуші факторларды есіне түсреді. • Архиваторды анықтайды. • Архиватордың негізгі сипаттамаларын атап шығады. • Архиватор түрлерін атап шығады. • Архиватордың жұмыс істеу принциптерін сипаттайды. |
|
|
Жаңа түсінік |
• Архивтің ерекше түрлеріне мысал келтіреді. • Win RAR архиваторымен жұмыс істеуді түсінеді. |
|
|
|
Құзырлылық |
Қолданым әрекеті |
• Win RAR архиваторы көмегімен мәтіндік файлдардан тұратын архив жасап шығарады. • Win RAR архиваторы көмегімен өздігінен шешілетін архив әзірлейді. |
|
|
Талдау әрекеті |
• Архиватордың жұмыс істеу принциптерін талдайды. |
|
|
|
Шығармашылық әрекет |
• Win RAR терезесі суреттінде бейнеленген бос ұяшықтарға сәйкес командалардың атын жазады. |
|
|
|
Құнды-лық |
Бағамдау әрекеті |
• Ақпаратты сығу, мұрағаттау процестерін сипаттайды. |
|
|
Сабақ құрылымы: |
|
||
|
|
І. Ақпарат алмасу (10 мин.). ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (20 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.). V. Бағамдау - бағалау (5 мин.). |
|
|
|
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру, практикалық |
|
||
|
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті |
|
||
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
|
||
|
|
• Мұғалім материалды толығымен меңгеруге көмектеседі. • Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді. |
|
|
|
• Негізгі ұғымдар мен терминдер: |
|
||
|
|
• Ақпаратты сығу, архиватор, архив, WinRAR |
|
|
|
• Оқушыда дағды қалыптастыру: |
|
||
|
|
• Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну. • Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау. • Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту. |
|
|
|
Ақпарат көздері: |
|
||
|
|
1.
Поляков К.Ю. 2007-2009. Програмное обеспечение.
Тема 6. Сжатие файлов. Архиваторы. Ақпарат көзі:http://900igr.net/prezentatsii/informatika/ 2. Резервное копирование информации. Архиваторы. Ақпарат көзі: http://festival.1september.ru/articles/504590/pril.ppt |
|
|
|
|
||||||
|
|
||||||
|
|
||||||
|
|
3. Умирзакова Н. 2012. Файлдарды мұрағаттау. Ақпарат көзі: http://webcache.googleusercontent.com/search?q=cache:http://infust.kz/2012/06/fajldardy-arxivteu/ 4. Балапанов Е.2001. «Жаңа информациялық технологиялар»:170-176 бет |
|
||||
|
Оқушы жетістігін бағалау: |
|
|||||
|
|
• Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. |
|
||||
|
Үй тапсырмасы: |
|
|||||
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы Өтілген материалды қайталау, анықтама жаттау |
|
||||
|
|
• Бонус - балл тапсырмасы WinRAR- дан басқа қандай архиватор түрлерін білесіз? |
|
||||
САБАҚ БЛОКТАРЫ s |
|||||||
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу |
|
|
|||
Тақырып жоспары:
1. Ақпаратты сығу. Деректерді мұрағаттау
2. Архиваторлар. Түрлері. Жұмыс істеу принципі
3. Архивтің ерекше түрлері
4. Win RAR архиваторы
Слайдтар:
1-слайд Ақпаратты сығу Тұрғылықты дискіде немесе ауыстырылатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда, немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады. Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемі кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі. Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді мұрағаттау терминімен аталады. |
2-слайд Ақпарат сығылуына әсер етуші факторлар Ақпараттың сығу деңгейі мен жылдамдығына әсер етушілер: * Қолданылатын программа түрі * Сығу әдісі * Бастапқы файл типі Жақсы сығылатын файлдар: графикалық файлдар (*.bmp, *.png ); тексттік файлдар (*.doc, *.txt, *.xls және т. б.) Нашар сығылатын (60-90%) файлдар: атқарушы программа файлдары (*.exe, *.com) мен жүктеу программалары файлдары (мысалы, *.dll). Сығылмайтын файлдар- архивті (мұрағат) файлдар. |
3-слайд Архиваторлар Архиватор дегеніміз- ақпаратты сығудың арнайы жолдарымен файлдардың кішірейтілген көлемдегі көшірмелерін жасауға мүмкіндік беретін программа. Архиваторлардың негізгі сипаттамалары: * Сығу деңгейі- бастапқы және өңделген файлдар көлемінің қатынасы. * Сығу жылдамдығы- белгілі бір ақпарат бөлігін сығуға кеткен уақыт. * Сервис (міндеттер топтамасының кеңдігі) |
4-слайд Архиватор түрлері Архиваторлар • Файлдік • Бір не бірнеше файлдарды бірыңғай архивті файлға жинауға мүмкіндік береді Мысалдар- ARJ, ICE, AIN, RAR, ZIP, РАК, ZOO, EXPAND Дисктік • Программалық жолмен винчестердегі дисктік кеңістікті ұлғайтуға мүмкіндік береді Мысалдар- Stacker, DblSpace DOS комплектісінен, DrvSpace Windows Microsoft Backup комплектісінен, Norton Ghost, PowerQuest Drive Image |
5- слайд Архиватордың жұмыс істеу әдістері • Біркелкі тізбектерді ауыстыру әдісі • Текстік, сандық және графикалық ақпаратты сығу • Артық ақпаратты жою әдісі • JPEG графикалық форматын сығу |
6- слайд Біркелкі тізбектерді ауыстыру әдісі |
7- слайд JPEG форматы рхиватор түрлері рлері нципіциирын білісіз?айырып таниды , - слайд ның 5 буыныжәне стол калькуляиорыптеу техникңдер? |
8-слайд Архивтің ерекше түрлері SFX-архив (ағыл. SelF eXtracting – өздігінен шешілетін) – құрамында сығылған ақпарат пен шешу программасы (шамамен 15 кб) бар *.exe кеңейтуіндегі файл. + қатталған ақпаратты қайтадан шешу керек емес + кәсіпқой емес пайдаланушы да қолдана алады - файл көлемінің артуы - вирус жұғу қаупі Бірнеше томдық архив- бұл бірнеше бөлікке бөлінген архив. Мақсаты: * Дискеттер арқылы көшіру * Интернет арқылы жазу қолайлылығы |
9- слайд Win RAR архиваторы Win RAR – алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows-тың RAR архиваторының 32 разрядты нұсқасы. Мүмкіндіктері: * RAR мен ZIP архивтерін толық қолдауы ; * Өзіндік тиімді ақпараттарды сығу алгоритмі * Арнайы мултимедиа- сығушы алгоритмі *
Басқа форматты алгоритмдерді басқару (CAB, ARJ,
LZH, TAR, GZ, |
10- слайд |
11- слайд Win RAR архиваторы: қаттау |
12- слайд Win RAR архиваторы: өздігінен шешілетін архив құру |
13- слайд Win RAR архиваторы: қаттауды шешу |
14- слайд Win RAR архиваторы: архивті томдарға бөлу |
|
іі. алғашқы бекіту |
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Ақпаратты сығу дегеніміз- |
Архиватор дегеніміз- |
Win RAR архиваторы- |
файлда жадтың сақтау көлемі кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі. Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді мұрағаттау терминімен аталады.
|
ақпаратты сығудың арнайы жолдарымен файлдардың кішірейтілген көлемдегі көшірмелерін жасауға мүмкіндік беретін программа. Архиваторлардың негізгі сипаттамалары: * Сығу деңгейі- бастапқы және өңделген файлдар көлемінің қатынасы. * Сығу жылдамдығы- белгілі бір ақпарат бөлігін сығуға кеткен уақыт. * Сервис (міндеттер топтамасының кеңдігі) |
алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows-тың RAR архиваторының 32 разрядты нұсқасы.
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру |
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Ақпаратты сығу дегеніміз не?
2. Ақпаратты сығудың қажеттілігі неде?
3. Ақпараттың сығу деңгейі мен жылдамдығына әсер етуші факторлар
4. Архиватор дегеніміз не?
5. Архиватордың негізгі сипаттамаларын ата.
6. Архиватор түрлерін ата.
7. Архиватордың жұмыс істеу принциптерін сипатта.
8. Архивтің ерекше түрлеріне мысал келтір.
9. Win RAR архиваторы жайлы не білесіз?
ІІ деңгей тапсырмалары
• Win RAR архиваторын пайдалана отырып 3 мәтіндік файлдарды қаттауды өз бетіңше орында.
• Пайда болған архивтен өздігінен шешілетін архив әзірлеңіз.
ІІІ деңгей тапсырмалары
• Архиватордың жұмыс принциптерін (Біркелкі тізбектерді ауыстыру әдісі мен артық ақпаратты жою әдісі) талдаңыз.
|
іV. шығармашылық әрекет |
|
Топтық жұмыс.
Төмендегі суретте бейнеленген бос ұяшықтарға сәйкес командалардың атын жаз.
Керек сөздер: Қатталған архивті қайта шешу, Мұқабадан (папкадан) шығу, архивке кіру (архив иконкасы), дискті ауыстыру, файлдарды сығу, парольді ауыстыру
|
V. бағамдау-бағалау |
|
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
№6 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s |
|||||
|
Тақырыбы: |
|
|||
|
|
• Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері |
|
||
|
Күтілетін нәтиже: |
|
|||
|
Білімдік |
Жаңа білім |
• Есептеу техникасы анықтамасын біледі. • Есептеу техникасы дамуына үлес қосқан ғалымдарды атап шығады. • ЭЕМ дамуының бес буынын сипаттайды. • Есептеу техникасы пайда боларға дейінгі есептеу тәсілдерін анықтайды. • Ең ежелгі есептеу техникасын есіне түсіреді. |
|
|
|
Жаңа түсінік |
• ЭЕМ дамуының 5 буынын айырып таниды. |
|
||
|
Құзырлылық |
Қолданым әрекеті |
• ЭЕМ дамуының әр буынының ерекшеліктерін көрсетеді. |
|
|
|
Талдау әрекеті |
• 5-буындағы ЭЕМ-дерді (жасанды интеллектті ЭЕМ) Қазақстанда дамытудың жолдарын талдайды. |
|
||
|
Шығармашылық әрекет |
• Екі бағандағы сөздерді пайдалана отырып, сабақ барысында берілген ақпарат негізінде біртұтас сөйлем жасайды. |
|
||
|
Құнды-лық |
Бағамдау әрекеті |
• Есептеу техникасы дамуы кезеңдерінің байланысын анықтайды. ЭЕМ жаңа буынының даму қарқыны мен жолдарын бағалайды. |
|
|
|
Сабақ құрылымы: |
|
|||
|
|
І. Ақпарат алмасу (12 мин.). ІІ. Алғашқы бекіту (8 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.). V. Бағамдау-бағалау (5 мин.). |
|
||
|
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру |
|
|||
|
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті |
|
|||
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
|
|||
|
|
• Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады. • Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді. |
|
||
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер: |
|
|||
|
|
• Есептеу техникасы, есепшот, арифмометр, аналитикалық машина, Электронды Есептеуіш Машина (ЭЕМ), интегралды схема, жасанды интеллект, компьютер |
|
||
|
Оқушыда дағды қалыптастыру: |
|
|||
|
|
• Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну. • Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау. • Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту. |
|
||
|
Ақпарат көздері: |
|
|||
|
1. Қазанғапов Ә. «Абак». Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1998, Алматы. 2. Белов С. 2006. Электронные вычислительные машины. История создания и развития. Ақпарат көзі: http://evm-story.narod.ru/ |
|
|||
|
|
||||||
|
3. Презентации про историю развития ЭВМ. Ақпарат көзі: http://900igr.net/prezentatsii/informatika/istorija-razvitija-evm.html 4. Электронды есептеуіш машиналар. Ақпарат көзі: http://referat911.ru/Informatika/jelektrondy-esepteush-mashinalar/142679-2118580-place1.html _%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B8 |
|
|||||
|
Оқушы жетістігін бағалау: |
|
|||||
|
|
• Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. |
|
||||
|
Үй тапсырмасы: |
|
|||||
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы Өтілген материалды қайталау, анықтама жаттау |
|
||||
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы Сабақта өтілгендерден тыс қандай есептеу техникасы түрлерін білесіңдер? |
|
||||
САБАҚ БЛОКТАРЫ s |
|||||||
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу |
|
|
|||
Тақырып жоспары:
1. Есептеу техникасының анықтамасы. Ең алғаш есептеу техникасы.
2. Паскалина, есептеуіш сағаттар, арифмометр, аналитикалық машина және стол калькуляторы
3. ЭЕМ дамуының 5 буыны
Слайдтар:
1-слайд Есептеу техникасы Есептеу техникасы - ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын техника және математикалық құрал- жабдықтар жиынтығы. Есептеуге арналған алғашқы құралдар пайда болардың алдында ежелгі адамдар есепті қол саусақтары, тастар мен есептеу таяқшалары арқылы жүргізді. |
2-слайд Ең алғашқы есептеу құралы Ең ерте есептеу құралы- есепшот. Деректер бойынша есепшот біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңжылдықтың соңында ежелгі Қытайда пайда болған. Есептеу амалдары тақтадағы әрбір жолда орналасқан ұсақ тастар мен дөңгелек сүйектерді жылжыту арқылы жүргізілген. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Есепшоттың қазіргі түрлері 18 ғасырда пайда болды |
3-слайд «Паскалина» 1642 ж француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасы» деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдің машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды. |
4-слайд Есептеуіш сағаттар 1623 жылы Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" деп аталатын төрт арифметикалық амалды орындай алатын механикалық калькуляторды ойлап тапты. Құрылғының бұлай аталу себебі, сағаттардағы сияқты, бұл құралда да тісті сақиналар мен жұлдызшалар қолданылды. Бұл құрылғыны іс жүзінде алғаш рет Шикардтың досы, философ және астроном Иоганн Кеплер өз жұмыстарында пайдаланды. |
5- слайд Арифмометр 1694 жылы неміс математигі Лейбниц қазіргі калькуляторлың негізін салған арифмометрді ойлап тапты. Ол- Паскаль идеясын жетілдіру барысында пайда болған механикалық есептеу машинасы. Дөңгеліктің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндір қолданылады. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізуімен қатар, сандарды бөлу көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Лейбництен кейін де арифмометр бірнеше рет жетілдіруден өтті. |
6- слайд Бэббидждің аналитикалық машинасы Адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын машинаны ойлап табу идеясын 1833 жылы ағылшын математигі Чарльз Бэббидж өз жобасында баяндады. Оның ұсынысы бойынша ақпаратты енгізу мен шығару перфокарта атты қатты қағаздағы тесіктер арқылы жүзеге асырылды. Беббидж идеясы 19 ғасырда жүзеге асырыла бастады. |
7- слайд Стол калькуляторлары 1900 жылдары механикалық калькуляторлар, кассалық аппараттар мен есептеуіш машиналары өндірісі кезінде электр қозғалтқыштарын пайдалана басталды. Алғаш төрт амалды стол калькуляторлары 1930 жылдары шығарыла басталды. - слайдның 5 буыныжәне стол калькуляиорыптеу техникңдер? |
8- слайд ЭЕМ дамуының 5 буыны ЭЕМ–нің дамуы бірнеше буындарға бөлінеді: І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954 жж.) ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.) ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.) IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж. ) V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар) |
9-слайд ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954) Бірінші буын- электронды шамдар пайдаланылған ЭЕМ-дер. Олар- « ENIAC », «МЭСМ», «БЭСМ», «IBM -701», «Стрела», «М-2», «М-3», «Урал», «Урал-2», «Минск-1», «Минск-12», «М-20». Бірінші буындағы
машиналар өте үлкен ауданды алады, көп энергия жұмсайды және мыңдаған
электронды шамдардан тұрады. Ақпарат перфокарта |
10- слайд ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.) ЭЕМ негізгі бөлігі- электронды шамдар емес, жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлар. Фортран, Алгол, Кобол программалау тілдері пайдалана бастады. Буын ЭЕМ-дері- «РАЗДАН-2», «IВМ-7090», «Минск-22,-32», «Урал- 14,-16», «БЭСМ-3,-4,-6», «М-220, -222» |
11- слайд ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.) Үшінші буын - интегралды схема негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Олар бір мезгілде бірнеше программаларды қатар орындауға мүмкіндік берді. Компьютерлерді шығару үлкен өндірістік сипат алып, IBM компаниясы бұл салада көсбасшылыққа ие болды. Бұл ЭЕМ- дерінің қуаты секундына 500 мың- 2 миллион операциялар құраса, жады 8 Мб- тан 192 Мб-қа дейін жетті. |
12- слайд ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж.) Негізі- үлкен интегралды схемалар. ЭЕМ-дердің жылдамдығы секундына ондаған миллион операциялар, жады жүздеген Мб-қа жетті. Микропроцессорлар (1971ж. Intel), микро- ЭЕМ мен дербес ЭЕМ пайда болды. Алғаш компьютер атауын 4-буын ЭЕМ-деріне берді. |
13- слайд ЭЕМ-нің бесінші буыны 5- буын ЭЕМ-дері- бұл болашақ ЭЕМ-дер. Алғаш рет Жапонияда 1982 жылы қолға алынды. ЭЕМ-дер жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Қазірдің өзінде компьютерлер ақпаратты адам дауысы, қолжазбасы немесе қағаз басылымдарынан оқи алады |
|
іі. алғашқы бекіту |
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Есептеу техникасы дегеніміз- |
Есептеу техникасының дамуына үлес қосқан ғалымдар |
ЭЕМ дамуының буындары |
ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын техника және математикалық құрал- жабдықтар жиынтығы. |
Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасын» құрастырды. Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" деп аталатын төрт амалды орындай алатын калькуляторды ойлап тапты. Лейбниц қазіргі калькулятордың негізін салған арифмометрді ойлап тапты. Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны ойлап тапты.
|
ЭЕМ–нің дамуы 5 буындарға бөлінеді:
ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)- жартылайөткізгіш диодтар пайдаланылды. ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)- интегралды схема пайдаланылды. IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж. )- қазіргі компьютерлер заманы V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар)- жасанды интеллект буыны |
Қорытынды:__________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру |
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Есептеу техникасы терминіне анықтама бер.
2. ЭЕМ–нің дамуы қанша буындарға бөлінеді?
3. ЭЕМ-нің бесінші буыны алғаш рет қай елде қолға алынды?
4. Қазіргі компьютерлер қай буынға жатады?
5. Есептеуге арналған алғашқы құралдар пайда болардың алдында ежелгі адамдар есепті қалай жүргізді?
6. Ең ежелгі есептеу құралын ата. Ол қашан және қай елде пайда болды?
7. Есептеу техникасы дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды атай аласыз?
ІІ деңгей тапсырмалары
Дұрыс жауапты тап:
1. І буын ЭЕМ негізгі бөлігі-
Үлкен интегралды схема
Транзистор
Электронды шамдар
Интегралды схема
2. ІІ буын ЭЕМ негізгі бөлігі-
Үлкен интегралды схема
Транзистор
Электронды шамдар
Интегралды схема
3. ІІІ буын ЭЕМ негізгі бөлігі-
Үлкен интегралды схема
Транзистор
Электронды шамдар
Интегралды схема
4. ІV буын ЭЕМ негізгі бөлігі-
Үлкен интегралды схема
Транзистор
Электронды шамдар
Интегралды схема
ІІІ деңгей тапсырмалары
5-буындағы ЭЕМ-дерді (жасанды интеллектті ЭЕМ) Қазақстанда дамыту үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
|
іV. шығармашылық әрекет |
|
Топтық жұмыс.
Бірінші бағанды екінші бағандағы сөздерді пайдалана отырып аяқта.
Фортран, Алгол, Кобол программалау тілдері |
ІІІ буын ЭЕМ-дері кезінде пайда болды |
Микропроцессорлар (1971ж. Intel), микро- ЭЕМ мен дербес ЭЕМ |
перфокартаға жазылды |
Стол калькуляторлары алғаш |
Кеплер пайдаланды. |
І буын ЭЕМ-дерінде ақпарат |
ІІ буын ЭЕМ-дерінде пайдаланылды. |
Есептеуіш сағаттарды өз жұмыстарында |
1930 жылы шығарылды. |
|
V. бағамдау-бағалау |
|
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз. ___________________________________________________________________
№7 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s |
|||||
|
Тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі |
||||
|
Күтілетін нәтиже: |
||||
|
Білімдік |
Жаңа білім |
• Компьютер анықтамасын біледі. • Джон Нейман тұжырымдамасы бойынша компьютер құрылымына жататын бөліктерді атап шығады. • Функционалды мүмкіндіктері бойынша компьютерді қайсыбір категорияға жатқызады. • Компьютер термині «ЭЕМ» терминін қашан толық ығыстырып шығарғанын біледі. |
||
|
Жаңа түсінік |
• Мур заңын түсіндіреді. |
|||
|
Құзырлылық |
Қолданым әрекеті |
• Жаңа сабақ барысында пайдаланған сөздерді толық емес сөйлемдерді толықтыруда қолданады. |
||
|
Талдау әрекеті |
• Алғашқы компьютерлер мен қазіргі заманғы компьютерлерді салыстырады. |
|||
|
Шығармашылық әрекет |
• Джон фон Нейман тұжырымдаған компьютер құрылымының әр бөлігіне сәйкес сипаттаманы оң бағандағы сөздермен байланыстырып, толық сөйлем жасайды. |
|||
|
Құнды-лық |
Бағамдау әрекеті |
• Компьютерлік техниканың даму үрдісін түсіндіреді. Оның болашақ дамуын бағалайды. |
||
|
Сабақ құрылымы: |
||||
|
|
І. Ақпарат алмасу (12 мин.). ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (18 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.). V. Бағамдау-бағалау (5 мин.). |
|||
|
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру |
||||
|
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті |
||||
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
||||
|
|
• Мұғалім материалды толығымен меңгеруге көмектеседі. • Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді. |
|||
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер: |
|
|||
|
|
• Есептеу техникасы, есепшот, арифмометр, аналитикалық машина, Электронды Есептеуіш Машина (ЭЕМ), интегралды схема, жасанды интеллект, компьютер, микрокомпьютерлер (дербес компьютер), миникомпьютерлер, мейнфреймдер, суперкомпьютерлер |
|
||
|
• Оқушыда дағды қалыптастыру: |
||||
|
|
• Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну. • Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау. • Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту. |
|||
|
Ақпарат көздері: |
||||
|
|
1. Жұматаев Б. «Компьютер». Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 2. Уикипедия Ашық Энциклопедиясы. «Компьютер» . Ақпарат көзі: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D1%8C%D1%8E%D1%82%D0%B5%D1%80 |
|||
|
|
||||||
|
|
||||||
|
Оқушы жетістігін бағалау: |
|
|||||
|
|
• Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. |
|
||||
|
Үй тапсырмасы: |
|
|||||
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы Өтілген материалды қайталау, анықтама жаттау |
|
||||
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы Қазіргі таңдағы компьютерлік технология саласында қандай зерттеу жұмыстарының болып жатқаны, инновациялық идеялардың ашылып жатқаны жайлы не білесіз? |
|
||||
САБАҚ БЛОКТАРЫ s |
|||||||
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу |
|
|
|||
Тақырып жоспары:
1. Өткен сабақ бойынша қайталау.
2. Компьютер. Жұмыс принципі мен түрлері.
3. Мур заңы.
4. Алғашқы компьютерлер мен қазіргі заманғы компьютерлерді салыстыру
5. Компьютерлік техниканың қолданысы, даму үрдісі мен болашағы.
Слайдтар:
1-слайд Өткен сабақты қайталау * Есептеу техникасы— ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын техника және математикалық құрал- жабдықтар жиынтығы. * Ең ерте есептеу құралы- есепшот. Есептеу техникасының дамуына үлес қосқан ғалымдар * Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасын» құрастырды. * Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" деп аталатын төрт амалды орындай алатын калькуляторды ойлап тапты. * Лейбниц қазіргі калькулятордың негізін салған арифмометрді ойлап тапты. * Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны ойлап тапты. |
2-слайд Өткен сабақты қайталау ЭЕМ–нің дамуы 5 буындарға бөлінеді: І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954жж.)- шамдар пайдаланылды. ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)- жартылайөткізгіш диодтар пайдаланылды. ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)- интегралды схема пайдаланылды. IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж. )- қазіргі компьютерлер заманы V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар)- жасанды интеллект буыны |
3-слайд Компьютер Компьютер (ағылш. computer- есептеуіш, лат. computo- есептеймін) – тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы- бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина. Компьютер термині ХХ ғ-дың 90 жылдары «ЭЕМ» терминін толық ығыстырып шығады. |
4-слайд Компьютердің жұмыс істеу принципі 1945 ж. тұңғыш компьютерді жасау барысында америкалық математик және физик Джон фон Нейман компьютер құрылымының негізін тұжырымдады: * Арифметикалық- логикалық - есептеу және логикалық операцияларды тікелей орындайды. * Басқару – бағдарламаларды басқару процесін жүзеге асырады. * Есте сақтау (жад)- бағдарламалар мен ақпаратты сақтайды. * Сыртқы құрылғылар- ақпаратты енгізеді және шығарады. Ішінара
өзгерістермен (арифмет.-логикалық және басқару құрылғылары |
5- слайд Компьютерлік техника түрлері Функционалдық мүмкіндіктері бойынша:
|
6- слайд Мур Заңы Егер есептеуіш құрылғылардың 1900 жылдан бастап даму тарихына көз жүгіртетін болсақ, машиналардың жұмыс өнімділігі әрбір 18-24 айда екі есеге өсіп отырғанын байқаймыз. Бұл ерекшелікті алғаш рет 1965 жылы «Intel» компаниясының басшыларының бірі Гордон Е. Мур сипаттаған болатын. Компьютерлер көлемінің кішірею процесі де осындай жылдамдықпен жүріп келеді. |
7- слайд Алғашқы компьютерлер мен қазіргі заманғы компьютерлерді салыстыру Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар көптеген тонна салмағы бар, бірнеше бөлмеде орналасқан үлкен құрылғылар болатын. Олардың қымбат екені сонша, оларды тек үкіметтер мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын еді. Компьютер
дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу
деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады- слайдның 5 буыныжәне стол калькуляиорыптеу техникңдер? |
8- слайд Компьютерлік техниканың даму үрдісі Бастапқыда компьютерлер толықтай механикалық жүйе болғандығы белгілі. ХХ ғасырдың 30-жылдары телекоммуникациялық өндіріс электромеханикалық компоненттерді ұсынды, ал 40-жылдары вакуумдық электрондық лампалар негізінде құрылған толықтай электрондық компьютерлер жасалды. 50-60-жылдары лампалардың орнына транзисторлар келді, ал 70-жылдардың басында — қазіргі кезге дейін қолданылатын интегралдық жүйелер (кремний чиптері) пайдаланыла бастады. |
9-слайд Компьютерлік техника қолданысының үрдісі 1.
Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер
үшін қолданылған болатын. 2. Екінші жолы - мәліметтер базасы үшін. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды. 3.
Үшінші жолы - әр түрлі құрылғылармен бірге
қолдану. Даму жолы 4. Соңында, ақпаратпен орындалатын кез-келген жұмыс (мәтінді енгізу, фильм қарау) компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект - компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады. |
10- слайд Компьютерлік техника болашағы Қазіргі кезде оптикалық компьютерлердің жобасы жасалуда. Бұл компьютерлер электр сигналдарының орнына жарық сигналдарын қолданады. Басқа перспективті бағыт- компьютерлік технологияда молекулярлық биология және ДНҚ зерттеулерінің жетістіктерін қолдану. Сонымен қоса, есептеуіш техника саласындағы өте үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін тәсілдердің бірі кванттық компьютерлерді жасауға негізделген. |
|
іі. алғашқы бекіту |
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Компьютер дегеніміз |
Алғашқы компьютерлер мен қазіргі заманғы компьютерлерді салыстыру |
Компьютерлік техника қолданысының үрдісі |
тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы- бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина. Компьютер термині ХХ ғ-дың 90 жылдары «ЭЕМ» терминін толық ығыстырып шығады. |
Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар көптеген тонна салмағы бар, бірнеше бөлмеде орналасқан үлкен құрылғылар болатын. Олардың қымбат екені сонша, оларды тек үкіметтер мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын еді. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады. Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. |
Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын. Ең алғашқы шыққан бағдарламалау тілі - Фортран тілі де осы себепті тек қана есептеулер шығаруға арналған болатын. Екінші жолы - мәліметтер базасы үшін. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды. Үшінші жолы - әр түрлі құрылғылармен бірге қолдану. Даму жолы арнайы мамандандырылған құрылғылардан стандартты компьютерлік жүйеге дейін болды. Соңында, ақпаратпен орындалатын кез-келген жұмыс (мәтінді енгізу, фильм қарау) компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект - компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады. |
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру |
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Компьютер сөзінің ағылшын тіліндегі аудармасы
2. Компьютер сөзіне анықтама беріңіз
3. Компьютер термині «ЭЕМ» терминін қашан толық ығыстырып шығарды?
4. 1945 жылы тұңғыш компьютерді жасаған америкалық ғалым
5. Джон Нейман тұжырымдамасы бойынша компьютер құрылымына жататын бөліктерді атаңыз.
6. Функционалдық мүмкіндіктері бойынша компьютердің қандай түрлері бар?
7. Мур заңы дегеніміз не?
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Берілген сөздерді пайдаланып, төмендегі сөйлемдерді толықтыр:
интегралдық жүйелер, машина, есептеу, сақтауға, есептеуіш, басқару, жарық сигналдарын.
Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі —..............деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі —..............болып табылады. Компьютер (ағылш. computer-.........., лат. computo- есептеймін) – тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы- бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, ................және беруге арналған.......... 70-жылдардың басында — қазіргі кезге дейін қолданылатын ...................(кремний чиптері) пайдаланыла бастады. Қазіргі кезде оптикалық компьютерлердің жобасы жасалуда. Бұл компьютерлер электр сигналдарының орнына ......................қолданады.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Алғашқы компьютерлер мен қазіргі заманғы компьютерлерді салыстырыңыз.
|
іV. шығармашылық әрекет |
|
Топтық жұмыс.
1945 ж. тұңғыш
компьютерді жасау барысында америкалық математик және физик Джон фон Нейман компьютер
құрылымының негізін тұжырымдады.
Сол бағанда берілген бөлікке сәйкес сипаттаманы оң бағаннан
тауып байланыстыр.
Арифметикалық- логикалық |
бағдарламалар мен ақпаратты сақтайды. |
Басқару |
есептеу және логикалық операцияларды тікелей орындайды. |
Есте сақтау (жад) |
ақпаратты енгізеді және шығарады. |
Сыртқы құрылғылар |
бағдарламалды басқару процесін жүзеге асырады. |
|
V. бағамдау-бағалау |
|
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
№8 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s |
|
||||
|
Тақырыбы: Бақылау жұмысы. 1-тоқсан. |
||||
|
Күтілетін нәтиже: |
||||
|
Білімдік |
Жаңа білім |
• 1-тоқсан бойы өткен материалды есіне түсіреді. |
||
|
Жаңа түсінік |
• Ақпаратты қорғау тәсілдерін, вирус ұғымын, ақпаратты сығу, мұрағаттау процестерін түсінеді. |
|||
|
Құзырлылық |
Қолданым әрекеті |
• Ақпарат ұғымы, ақпаратты сығу және компьютер жайлы білімін пайдаланады. |
||
|
Талдау әрекеті |
• Алғашқы және қазіргі компьютерлерді салыстырады. • Компьютерлік техника қолданысының және дамуының үрдісін суреттейді. • Архиватордың біркелкі тізбектерді ауыстыру әдісі мен артық ақпаратты жою әдісі бойынша жұмыс істеуін талдайды. |
|||
|
Шығармашылық әрекет |
• Бақылау жұмысына байланысты шығармашылық әрекет орындалмайды. |
|||
|
Құнды-лық |
Бағамдау әрекеті |
• Сабақта жазған бақылау жұмысына сыни талдау жасайды. |
||
|
Сабақ құрылымы: |
||||
|
|
І. Ақпарат алмасу (5 мин.). ІІ. Алғашқы бекіту (0 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (40 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (0 мин.). V. Бағамдау-бағалау (0 мин.). |
|||
|
Сабақ типі: Оқушылардың білімін бақылау, бағалау. |
||||
|
Оқыту әдісі: Репродуктивті |
||||
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
||||
|
|
• Оқушыларға есептерді бірнеше нұсқа ретінде ұсыну •
Нұсқалар әр деңгейге тиесілі сұрақ нөмірімен
анықталады: тақ сұрақтар- |
|||
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер: |
||||
|
|
Ақпарат қауіпсіздігі, ақпаратты блоктау, санкцияланбаған таралым, пароль, шифр, сигнатура, биометриялық әдіс, вирус, желілік, файлдық, жүктемелік, резидентті, резидентті емес, профилактика, флаги, доктор, ревизор, детектор, фильтр, вакцинатор, антивирус, антивирусты монитор, ақпаратты сығу, архиватор, архив, WinRAR, есептеу техникасы, есепшот, арифмометр, аналитикалық машина, Электронды Есептеуіш Машина (ЭЕМ), интегралды схема, жасанды интеллект, компьютер |
|||
|
Оқушыда дағды қалыптастыру: |
||||
|
|
Бақылау жұмысына дайындық мақсатында барлық слайд материалдарын, деңгейлік тапсырмалар мен үй жұмысы тапсырмаларын қайталау. |
|||
|
Ақпарат көздері: |
||||
|
|
1. 1referat.kz. “Ақпарат қасиеттері.
Ақпарат типтері. Ақпаратты кодтау”. |
|||
|
Оқушы жетістігін бағалау: |
||||
|
|
Оқушының бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. |
|||
|
|
||||||
|
Үй тапсырмасы: |
|
|||||
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы: |
|
||||
|
|
Бақылау жұмысында жауап бере алмаған немесе жауабына сенімді емес сұрақтарды қарау, қатемен жұмысқа дайындалу |
|
||||
САБАҚ БЛОКТАРЫ s |
|||||||
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу |
|
|
|||
Тақырып жоспары:
1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер
2. Компьютер. Есептеу техникасының даму үрдісі
Слайдтар:
1-слайд Ақпарат Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан. Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз. Ақпарат – қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері, қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны. |
2-слайд Ақпараттың сыртқы қасиеттері Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды. Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды. Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды. Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді. Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады. Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ыңғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет. |
3-слайд Ақпарат қауіпсіздігі мен оны қорғау Ақпараттың қауіпсіздігі – ақпарат тұтастылығының физикалық және логикалық бұзылуынан немесе санкцияланбаған пайдаланудан қорғаныс жасау. Ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Яғни, ақпаратты қорғау- автоматтандырылған жүйелерде оның бекітілген қорғаныс статусын қолдайтын арнайы механизмдерді құрау және қолдау процесі. |
4-слайд Сұрау арқылы ақпаратты қорғау Парольдер – жүйеге ену үшін қажетті кілттер ретінде қарастырылады және ақпарат тұтастығын сақтауды қамтамасыз етеді. Бірақ, олар басқа мақсаттар үшін де қолданылады, мысалы, дискіенгізгіште жазуды бұғаттауда, мәліметтерді шифрлеу командаларында, т. б. Парольдерді 7 негізгі топтарға бөледі: * қолданушы орнататын парольдер; * жүйемен генерацияланатын парольдер; * енудің кездейсоқ кодтары; * жартылай сөз; * кілттік фазалар; * “сұрақ -жауап” түріндегі интерактивті тізбек; * “қатаң ” парольдер. |
5-слайд Ақпаратты қорғаудың техникалық құрылғылары |
6-слайд Компьютерлік вирустар Компьютерлік вирустар – жұмыс істейтін компьютерде рұқсат етілмеген іс- әрекеттерді орындауға арналған программа коды. Ішінде вирусы бар программа “жұқтырылған” деп аталады. Программалық вирус компьютерге иілгіш дискілерден, немесе интернеттен алынған тексерілмеген программаларды іске қосқанда енеді. Сондықтан вирустар енуінің негізгі жолдары – компьютерлік желілер және дисктер болып табылады. |
7-слайд Вирусқа қарсы программалар Флаги немесе доктор дискілерді немесе бұзылған программаларды тазалайды, олардан вирус денесін «тістеп алу» арқылы программаларды бұзылғанға дейінгі қалыпқа келтіреді. Ревизор программалар – бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап, сосын оны бастапқы күйімен салыстырады. Келіспеушіліктер болса, онда ол жайлы пайдаланушыға хабарлайды. Ревизор докторлар- ревизор мен докторлар қызметін атқарады. |
8-слайд Вирусқа қарсы программалар Детекторлар- нақты вирустарға арналған, вирустың денесіндегі кодты тексерілетін программалар кодымен тізбектей тексеруге негізделген. Фильтрлер- бұл резидентті программалар, қолданушыны қандай да бір программаның
дискке жазылуының барлық мүмкіндіктері туралы, оларды форматтау туралы, және
де басқа сенімсіз әрекеттер туралы хабардар етеді. Вакцина
программалары дискілерді немесе программаларды оның |
9-слайд Архиваторлар Архиватор дегеніміз- ақпаратты сығудың арнайы жолдарымен файлдардың кішірейтілген көлемдегі көшірмелерін жасауға мүмкіндік беретін программа. Архиваторлардың негізгі сипаттамалары: * Сығу деңгейі- бастапқы және өңделген файлдар көлемінің қатынасы. * Сығу жылдамдығы- белгілі бір ақпарат бөлігін сығуға кеткен уақыт. * Сервис (міндеттер топтамасының кеңдігі) |
10-слайд ЭЕМ дамуының 5 буыны ЭЕМ–нің дамуы бірнеше буындарға бөлінеді: І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954 жж.) ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.) ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.) IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж. ) V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар) |
11-слайд Компьютер Компьютер (ағылш. computer- есептеуіш, лат. computo- есептеймін) – тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы- бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина.
|
|||
|
іі. алғашқы бекіту |
|
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Ақпарат және ақпараттық үдерістер |
Компьютер. Есептеу техникасының даму үрдісі |
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру |
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Шығу облысына қарай ақпарат түрі емес нұсқаны таңда
a.Қарапайым b.Биологиялық c.Визуалды d.Әлеуметтік
2. Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат түрі емес нұсқаны таңда
a.Аудиальды b.Тактильді c.Машиналық d.Биологиялық
3. Тек ақпараттың сыртқы қасиеттері жазылған қатарды анықта
a. Толықтық, өзектілік, адекваттық, эргономдық
b. Толықтық, әлеуметтік, эргономдық, өзектілік
c. Қатынау мүмкіндігі, толықтық, эргонмдық
d. Объектілік, толықтық, әлеуметтік
4. Ең негізгі ақпараттың ішкі қасиеті
a. Ақпарат көлемі b.Ақпарат авторы
c.Ақпарат өзектілігі d.Ақпараттың өзгеру датасы
5. Ақпарат қауіпсіздігі тарапынан алғандағы ақпараттың категориялары
a. Құпиялылығы, бүгіндігі, түпнұсқалылығы, кодталуы
b. Құпиялылығы, бүгіндігі, түпнұсқалылығы, апеллияциялануы
c. Құпиялылығы, түпнұсқалылығы, басқалардан ерекшелігі
d. Құпиялылығы, бүгіндігі, қарапайымдылығы
6. Ақпаратқа әсер ету түрі емес нұсқаны тап
a.Санкцияланбаған таралым b.Ақпаратты блоктау
c.Ақпарат бүгіндігінің бұзылуы d.Ақпаратты жеткізу
7. Парольдің қанша негізгі топтары бар
a.3 b.7 c.5 d.8
8. Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарына жатпайды
а.Электронды қорғау құрылғылары b.Оптикалық қорғау құрылғылары
c. Биометриялық қорғау құрылғылары Әскери қорғау құрылғылары
9. Биометриялық әдістерді тізіп жаз
10. Өмір сүру ортасына қарай вирустардың түрлері қандай болады?
a.Желілік, файлдық, жүктемелік b.Интернеттік, папкалық, файлдық
c.Аудиолық, файлдық, жүктемелік d.Желілік, папкалық, көшірмелі
11. Жұқтыру әдісіне қарай вирус түрлері қалай бөлінеді?
a. Резидентті, резидентті емес
b. Жұқпалы, көшірмелі
c. Жұғуы тез жүретін, жұғуы уақыт өте белгілі болатын
d. Файлдық, желілік
12. Әсері бойынша вирус түрлері қалай бөлінеді?
a. Жұғуы тез жүретін, жұғуы уақыт өте белгілі болатын
b. Жұқпалы, көшірмелі
c. Өте қауіпті, қауіпті, қауіпті емес
d. Резидентті, резидентті емес
13. Вирусқа қарсы программалар қатарына жатпайды
a. Ревизорлар b.Докторлар
c.Вакцинаторлар d.Профилактиктер
14. Антивирус программаларының өзің білетін атауларын тізіп жаз
15. Вирустар енуінің негізгі жолы
a.Компьютерлік желілер мен дисктер b.Суреттер мен аудиофайлдар
c.Фильмдер d.Ойындар
16. Ақпараттың сығу деңгейі мен жылдамдығына әсер етушілер қатарына жатпайды
a.Қолданылатын программа түрі b.Сығу әдісі
c.Бастапқы файл типі d.Көшіру
17. Жақсы сығылатын файлдар
a.Графикалық, текстілік b.Атқарушы программа файлдары
c.Жүктеу программалары файлдары d.Архивтелген файлдар
18. Архиватордың негізгі сипаттамаларына жатпайды
a.Сығу деңгейі b.Сығу жылдамдығы
c.Шығарушы компания атауы d.Сервис
19. Архиватор негізгі қанша топқа бөлінеді
a.3 b.2 c.5 d.4
20. Архивтің ерекше деп аталатын түрлерін жаз
21. Ең алғашқы есептеу құралы
a.Калькулятор b.Паскалина c.Есепшот d.Арифмометр
22. Есептеу техникасының дамуына үлес қосқан ғалымдар
23. Алғаш төрт амалды стол калькуляторы пайда болған жыл
a.1900 b.1930 c.1945 d.1901
24. ЭЕМ дамуының қанша буыны бар
a.3 b.2 c.5 d.4
25. Бірінші буынды ЭЕМ-дерде ақпарат қайда жазылды
a.Перфокарта b.Микропроцессорларда
c.Интегралды схемада d.Транзисторларда
26. Фортран, Алгол, Кобол программалау тілдері пайдалана басталды
a.Бірінші буында b.Екінші буында
c.Үшінші буында d.Төртінші буында.
27. ЭЕМ атауы компьютер сөзімен ауыстырылған кезең
a.Бірінші буында b.Екінші буында
c.Үшінші буында d.Төртінші буында
28. Арифмометрді ойлап тапқан неміс математигі
a.Блез Паскаль b.Вильгельм Шикард
c.Лейбниц d.Чарльз Беббидж
29. Аналитикалық машинаны ойлап тапқан ағылшын математигі
a.Блез Паскаль b.Вильгельм Шикард
c.Лейбниц d.Чарльз Беббидж
30. Есептеуіш сағаттар авторы
a.Блез Паскаль b.Вильгельм Шикард c.Лейбниц d.Чарльз Беббидж
31. Қосу машинасын ойлап тапқан француз математигі
a.Блез Паскаль b.Вильгельм Шикард c.Лейбниц d.Чарльз Беббидж
32. Тұңғыш компьютерді жасаған америкалық математик және физик
a.Блез Паскаль b.Вильгельм Шикард
c.Джон фон Нейман d.Чарльз Беббидж
33. Тұңғыш компьютерді жасалған жыл
a.1900 b.1930 c.1945 d.1901
34. Функционалдық мүмкіндіктері бойынша компьютерлік техника түрлеріне жатпайды
a.Микрокомпьютерлер (дербес компьютер) b.Миникомпьютерлер
c.Мейнфреймдер d.Калькуляторлар
e.Суперкомпьютерлер
35. Мур Заңын сипаттап жаз
36. Ең алғаш шыққан программалау тілі
a.Паскаль b.С++ c.Фортран d.Алгол
ІІ деңгей тапсырмалары
Берілген сөздердің анықтамасын жаз:
1. Ақпарат анықтамасы
2. Ақпарат қауіпсіздігі анықтамасы
3. Ақпаратты қорғау дегеніміз не?
4. Пароль анықтамасы
5. Шифрлер дегеніміз не?
6. Сигнатуралар дегеніміз не?
7. Компьютерлік вирустар анықтамасы
8. Ақпаратты сығу дегеніміз не?
9. Архиватор анықтамасы
10. Есептеу техникасы анықтамасы
11. Компьютер анықтамасы
12. WinRAR сипаттамасы
ІІІ деңгей тапсырмалары
1.ЭЕМ 5 буынын сипаттап жаз
2.Алғашқы компьютерлер мен қазіргі компьютерлерді салыстырып жаз
3.Компьютерлік техника қолданысының үрдісі
4.Джон фон Нейман ұсынған алғашқы компьютердің жұмыс істеу принципі
5.Архиватордың біркелкі тізбектерді ауыстыру әдісі мен артық ақпаратты жою әдісі бойынша жұмыс істеуін талдаңыз
6.Вирус жұққан компьютер белгілерін тізіп жазыңыз.
|
V. бағамдау-бағалау |
|
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
№9 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s |
||||||||
|
Тақырыбы: Алгоритм ұғымы. |
|||||||
|
Күтілетін нәтиже: |
|||||||
|
Білімдік |
Жаңа білім |
• Алгоритм терминін таниды. • Алгоритм жазу жолдарын үлкен екі категорияға жатқызады. |
|||||
|
Жаңа түсінік |
• Алгоритмді графикалық түрде жазудың кейбір элементтерін айырып таниды. • Алгоритмді орындау мысалын келтіреді. |
||||||
|
Құзырлылық |
Қолданым әрекеті |
• Қатесі бар алгоритмдерді өзгертеді. • Алгоритм ұғымына сәйкес келетін жағдайларды көрсетеді. |
|||||
|
Талдау әрекеті |
• Логикалық есептерді шешуде алгоритм ұғымының рөлін ерекшелейді. |
||||||
|
Шығармашылық әрекет |
Ғылымда және тұрмыста маңызы бар мәселелерді шешу арқылы алгоритм ұғымын толығымен түйіндейді. |
||||||
|
Құндылық |
Бағамдау әрекеті |
• Өмір алгоритмдерден тұратындығының түсіндірмесін береді. • Математикадағы есеп шығару ережелері мен алгоритмдер арасындағы байланысты анықтайды. |
|||||
|
Сабақ құрылымы: |
|||||||
|
|
І. Ақпарат алмасу (15 мин.). ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.). ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.). ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.). V. Бағамдау-бағалау (5 мин.). |
||||||
|
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру |
|||||||
|
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық |
|||||||
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: |
|||||||
|
|
• Жаңа терминологиямен таныстыру • Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету • Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру |
||||||
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер: |
|||||||
|
|
• Алгоритм, программа, блок-схема, алгоритмнің сөз түріндежазылуы, алгоритмнің график түрінде жазылуы |
||||||
|
Оқушыда дағды қалыптастыру: |
|||||||
|
|
• Жаңа өткен тақырыпты толық игеру • Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау |
||||||
|
Ақпарат көздері: |
|||||||
|
|
1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп. 2. В.Федосеева, Ю.Базанова. Алгоримты в нашей жизни. Ақпарат көзі: http://900igr.net/kartinki/informatika/Algoritmy/048-Algoritmy-v-nashej-zhizni.html 3. Алгоритм и его свойства. Ақпарат көзі: school.baltinform.ru/files/3/documents_28420_file.ppt 4. С. Яковлев. Что такое алгоритм.... Ақпарат көзі: http://school10-rasskazovo.narod.ru/INFO/site-alg/algoritm.htm |
||||||
|
Оқушы жетістігін бағалау: |
|||||||
|
|
• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет. |
||||||
|
Үй тапсырмасы: |
|||||||
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы Анықтамаларды жаттау, өмірде кездесетін 2 алгоритм мысалын және математикада қолданатын 1 алгоритм мысалын келтіру. |
||||||
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы Биология, география пәндеріде кездесетін алгоритм мысалдарын келтіру |
||||||
САБАҚ БЛОКТАРЫ s |
|
|||||||
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу |
|
|
||||
Тақырып жоспары:
Слайдтар:
1-слайд Алгоритм дегеніміз не? Алгоритм дегеніміз реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі. |
• Алгоритм атауы атақты араб математигі Әл-Хорезми есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан. • Әл-Хорезми санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. • Әл-Хорезми (763-850 жж.) |
3-слайд Күнделікті өмірдегі алгоритм мысалдары • Техника құралдарын қолдануға арналған инструкциялар • Тағам дайындауға арналған рецепттер • Ойын ережелері және т. б. |
|
5-слайд “Кілемді тазалау” алгоритміне жетпейтін командаларды ретпен қой |
|
7-слайд Алгоритм жазу жолдары Алгоритмнің график түріндегі кескінделуі блок-схема деп аталады. |
||
График түрінде кескінделген алгоритм Сөз түрінде жазылған алгоритм
|
9-слайд Кейбір блок-схема элементтері Алгоритмнің басы мен аяғын көрсетеді. Процесстерді белгілеу үшін қолданылады. Мысалы, математикалық өрнектерді есептеу. |
10-слайд Информатика мен математикада алгоритм ұғымының қолданылуы Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар (командалар) тізбегі түріне келтіру Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек. Программа дегеніміз командалар тізбегі. |
11-слайд Математикадағы алгоритмдер
Фигуралардың ауданын, көлемін табу алгоритмдері Бөлшек сандарға амалдар қолдану алгоритмдері, т. б. |
12-слайд Есеп. Өзеннің арғы жағалауына өту Екі адам ғана сиятын қайық өзен жағалауында тұр. Осы жағалауға екі саяхатшы мен екі қарақшы келді. Қарақшылар саяхатшыларды шабуылдауға батылдары жетпеді. Алайда, егер жағалауда бір саяхатшы және екі қарақшы қалса, онда олар саяхатшыны шабуылдайды. Саяхатшылар мен қарақшылар өзеннің арғы бетіне аман жетуі үшін не істеулері керек? Белгілеулер: С1 – бірінші саяхатшы; С2 – екінші саяхатшы; Қ1 – бірінші қарақшы; Қ2 – екінші қарақшы; |
13-слайд |
14-слайд • Алгоритмдер барлық сабақтарда қолданылады. • Өмірде де барлық жерде бізді қоршаған – алгоритмдер. • Өмірдің өзі – жеке бір алгоритм. • Алгоритмдер жайлы түсінігіміздің бар болса да, жоқ болса да, өмір алгоритмге сүйене отырып жалғасады. |
||||
|
|
іі. алғашқы бекіту |
|
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
“Алгоритм” терминінің анықтамасы, шығу тарихы |
Алгоримді күнделікті өмірде қолдану, мысалдар |
Алгоритмді жазу жолдарына қысқаша шолу
|
Алгоритмді информатика, математика және логикалық есептерді шешуде қолдану, мысалдар |
Алгоритм дегеніміз реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әл-Хорезми есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан. |
Өмірде де барлық жерде бізді қоршаған – алгоритмдер. Алгоритмдер барлық сабақтарда қолданылады.
|
Алгоритмнің негізгі екі жазылу жолы бар: сөз түрінде және графикалық. Алгоритмнің график түріндегі кескінделуі блок-схема деп аталады.
|
Квадрат теңдеу шешу алгоритімі, фигуралардың ауданын, көлемін табу алгоритмдері, бөлшек сандарға амалдар қолдану алгоритмдері және т. б. мысалдар математика есептерін шешуде алгоритмдер қажет екенін көрсетеді. Информатикадағы алгоритм ұғымы программа ұғымымен тікелей байланысты. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру |
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Алгоритм дегеніміз:
a) орындаушы жүзеге асыратын командалар тізбегі;
b) орындаушының командалар жүйесі;
c) математикалық модель;
d) ақпараттық модель;
2. Алгоритм жазудың қандай түрлері бар?
3. Блок-схема алгоритм жазу жолдарының қай түрін көрсетеді?
4. Процессті белгілейтін блок-схема элементін сыз.
5. Алгоритмнің басы мен аяғын көрсету үшін қолданылатын блок-схема элементін сыз.
6. Сызықшалардан тұратын алгоритмді қолданып, суретті сал. Сенде қандай сурет шықты?(1 сызықша 1 тор көздік қадамға сәйкес келеді )
ІІ деңгей тапсырмалары
1. “Қонаққа бару” алгоритіміндегі қатені тап:
1) Үйден шығу.
2) Автобустан шығу.
3) № 10 автобусқа отыру.
4) Автобус аялдамасына бару.
5) Автобуста отырып 4 аялдама жүру.
6) Досың тұратын үйге дейін бару.
2. “Түймені қадау”
алгоритмінде екі сурет ауысып кеткен. Қай суреттер ауысып кеткенін тап.
a.2 мен 4 b.1 мен 3 c.2 мен 3 d.1 мен 4
3. Қайсысы алгоритм екенін анықта:
a. сканерды қолдану инструкциясы ; b.сканердың фотосуреті;
c. сканердің электрлік схемасы; d.принтердің блоктық схемасы;
4. Қайсысы алгоритм екенін анықта:
a) техникалық қауіпсіздік ережелері;
b) банкоматтан ақша алу туралы инструкция,
c) сабақтар кестесі;
d) сынып оқушыларының тізімі;
ІІi деңгей тапсырмалары
1. Екі солдат өзеннің қасына келеді. Өзенде қайықпен екі бала жүзіп жүр екен. Өзеннің арғы бетіне өту алгоритімін сөз түрінде жаз. Қайыққа тек бір солдат немесе екі бала сияды, ал бір солдат пен бір бала сыймайды.
Алгоритмді блок-схема түрінде жазып көр. Қандай айырмашылықтар байқадың?
|
іV. шығармашылық әрекет |
|
Топтық жұмыс.
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінуі тиіс.
1-топ: “Бөлшек сандарды қосу” алгоритімін сөз түрінде жазу керек.
2-топ: “Сөздікпен қажетті сөздің аудармасын табу” алгоритімін сөз түрінде жазу
керек.
3-топ: Бір жыл ішінде жыл мезгілдерінің ауысу алгоритімін сөз түрінде жазу керек.
|