Инфоурок Другое КонспектыПоурочный план по казахскому языку на тему "Еліктеу сөз туралы түсінік" (6 класс)

Поурочный план по казахскому языку на тему "Еліктеу сөз туралы түсінік" (6 класс)

Скачать материал

 

03.03.15ж

Қазақ  тілі

6 «А» сынып

 

Сабақтың тақырыбы:

 Еліктеу сөз туралы түсінік

 

Жалпы  мақсаты:

Еліктеу сөздер жайында білу, атаудың мәнін түсіну, басқа сөз таптарынан ерекшелігін ажырату.

 

Күтілетін нәтиже:

 

1. Еліктеу сөз жайында алғашқы түсінік қалыптасады;

2.Еліктеу деп аталатын атаудың мәнін түсінеді;

3.      Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін ажырата білуге үйренеді;

4.      Күнделікті өмірден нақты мысалдар келтіре алады;

5.      Көру, есту, ойлау, аңғарымпаздық қабілеттері артады.

 

 

Сілтеме:

 

1.6- сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы. С.Исаев, К.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова

С.  3.Мұғалімге арналған нұсқаулық                               

 ( үшінші негізгі деңгей)

 4.СТО-технологиясының оқулығы

 

Негізгі идеялар:

Топқа бөлу, сыни ойлану, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей алуға дағдыландыру

 

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық. Слайд. Интерактивті тақта, аудиожазба , А3 қағаз, стикер, маркер

 

Оқыту әдістері:

1. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулі

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі.

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

7.Оқытуды басқару және көшбасшылық

 

 

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс.

Миға шабуыл,

Ой қозғау, симантикалық карта

 

Критериалды  бағалау

 

(АКТ) пайдалану ,Бейнесюжет

Оқушының өзін-өзі басқаруы

 

 

Тапсырмалар:

Семантикалық карта, «Миға шабуыл»  әдісі ,«Ойлан, тап!» «Ойлан. Бірік» әдісі

 

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру бөлімі

(2 мин)

1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын, бір шумақтық өлеңімізді оқып шығайық.

2. Психологиялық дайындық

Қайырлы таң достым,

қайырлы күн болсын,

аптамыздың әр күні,

сәттілікке толсын,

біздің алар бағамыз,

кілең бестік болсын.

Әр оқушыға қима қағазадар таратылады. Әр қағазда «мекен  үсеу, мөлшер үстеу, мақсат үстеу,  мезгіл үстеу» деген жазулар бар. Бұл үстеудің түрлері. Оқушылар үстеудің түрлерін еске түсіру арқылы 4 топқа бөлінулері қажет. Оқушылардың қатысуымен топтың ережесін қабылдау. Көрнекі қылып сынып бөлмесіне іліп қою.

 

 

Оқушылар бірге қосылып айтады.

 

. Әрі сабақта еркін, сенімді отыруына септігін тигізеді.

 

Әр топ өлеңмен бүгінгі сабаққа тілек айтады.

Оқушылар осы қима қағаздар бойынша 4 топқа бөлінеді.

 

 

 

ІІ. Үй

тапсырмасын сұрау (7мин)

 Семантикалық карта

Мысалдар/үстеудің түрлері

 

Мезгіл үстеуі

Мекен үстеуі

Сын-қимыл үстеуі

Мөлшер үстеуі

Күшейткіш үстеуі

Мақсат үстеуі

Себеп-салдар үстеуі

Неғұрлым

 

 

 

+

 

 

 

Әдейілеп

 

 

 

 

 

+

 

Әрең-әрең

 

 

+

 

 

 

 

Ілгері

 

+

 

 

 

 

 

Бүрсігүні

+

 

 

 

 

 

 

Жоғары

 

+

 

 

 

 

 

Нағыз

 

 

 

 

+

 

 

Бекерге

 

 

 

 

 

 

+

Жорта

 

 

 

 

 

+

 

Онша

 

 

 

+

 

 

 

Өйтіп-бүйтіп

 

 

+

 

 

 

 

Төмен

 

+

 

 

 

 

 

Таң сәріде

+

 

 

 

 

 

 

Мүлдем

 

 

 

 

+

 

 

Лажсыздан

 

 

 

 

 

 

+

Қыстай

+

 

 

 

 

 

 

Қасақана

 

 

 

 

 

+

 

Бағалау   критерийі:  13-15----«5» 

                                                                              9-12---- « 4»

                                                                              5-8—«3»

                                                                              1-4----« 2»

 

 

 

Оқушылар семантикалық картадағы тапсырманы топ болып орындайды.топтар  бірін-бірі  критерий бойынша бағалайды

 

 Қызығушылығын ояту. «Миға шабуыл»  әдісі

 «Ойлан, тап!»

(5 минут)

 

 «Ойлан, тап!» айдарымен оқушылар әдебиет пәнінен өткендерін еске түсіріп, тапсырма орындайды.
1) Жүрегім лүп - лүп етіп, алқымыма тығылады.

( Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
2) Өзі құп - қу болып сылқ етіп құлап бара жатыр. Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
3) Кісендер даусы гүрс - гүрс етеді.
Ш. Мұртаза «Тұтқын бала»
4) Ақша маңдайлы, кең сұлу жүзді Үмітей ашық үнмен сыңқ - сыңқ етіп, үй ішіне естірте күледі.

М. Әуезов «Біржан сал Абай аулында»

 

Оқушылар әдебиет пәнін есіне түсіріп, еліктеу  сөзді тауып, бүгінгі тақырыпты өздері айтады..

Мағынаны тану

(3 минут)

Жаңа сабақты меңгерту.

«Ойлан. Бірік» әдісі.

Оқулықпен жұмыс

(10  мин)

 

 

 

 

 

 

Интерактивті тақтада «Еліктеу сөздер » тақырыбына байланысты электронды оқулықтан  видеосюжет көрсетіледі. 

Дәптермен жұмыс

І  топ  297- жаттығуды орындау.

Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын көрсету

 ІІ топ  298 жаттығуда Абай өлеңдерінен  еліктеу сөздерді тауып,  осы үзінділерді ойды көркемдеп, әсерлеп, әсемдеп, образды түрде нақты мысалдармен талдап түсіндіру.

ІІІ   топ тырс етті, саңқ етті, шарт-шұрт, пыр-пыр деген сөздерді кірістіріп сөйлем құраңдар.

ІV топ  Еліктеу сөздерді қатыстырып өлең шығару

Оқушылар видеосюжет арқылы

тақырыпты  түсінгендерін  ортаға салады.

.

Оқушылар жаттығуды  жеке орындайды, жұп болып тексереді. Критерий арқылы бағалайды.

Ой толғау

Диалог құру

(15  минут)

 

 

 Рөлдік  қойылым

 

І топ  Табиғат құбылыстарының дыбыстарына  қатысты 

ІІ топ Аң-құстарға қатысты

ІІІ топ Хайуандарға қатысты

ІV топ Адамға қатысты дыбыстарды пайдаланып, ертегі құрастыру.

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау.

 

Оқушылар бүгінгі сабақтан түсінгендерін ертегі құрастыру арқылы көрсетеді.

V. Бағалау (2 мин)

1.Бағалау   критерийі 2.  Екі  жұлдыз,бір тілек . .жұпта критериалды бағалау. Қорытынды бағалау белшесіндегін топ басшы  таныстырады.

 

Оқушылар өздері бағалайды.

VІ. Үй тапсырмасын беру

( 1 мин)

І-ІІ топ 1.Көркем әдебиеттен еліктеуіштері бар  5сөйлем жазып келу.

ІІІ- ІVтоп. Еліктеу сөздерді қатыстырып, 2 – 3 жұмбақ жазып келу.

Үй тапсырмасын орындайды.

VII.  Рефлекция

(1  мин)

Рефлексия Оқушылар стикерлерді «Алма ағашына жапсырады.толықтай түсінбедім-түсіндім-түсінбедім 

 

 

 Оқушылар  бүгінгісабақтан  түсінген, түсінбегендерін алманың түсі арқылы жапсырады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің жазбалары

   «Бірінші бет-бетте» көптеген әдіс тәсілдерді үйрендім. Ұзақ мерзімді жадымды пайдаланып тәжірибедегі бірінші сабағыма дайындалдым. Алғашқы сабағым «Еліктеу сөз туралы түсінік» тақырыбындағы сабағым өз мақсатына жетіп, күтілетін нәтижелер жүзеге асырылды деп ойлаймын. Сабақ бастамас бұрын оқушыларымен амандасып, қолайлы атмосфера қалыптастыру үшін өлең шумақтарын оқып, өзара тілектер айтып, оқушыларды қима қағазадар арқылы 4 топқа бөліп алдым.. Топқа бөлу кезінде оқушылардың белсенділігі жақсы болды. Топқа бөлінгеннен кейін топ басшысын сайлап, топ ережесін шығарып,  әр топтан бір оқушы тақтаға жазып шықты.

 

Үй жұмысын тексеру үшін топтарға семантикалық картаны толтыру  тапсырмасы  берілді. Оқушылар семантикалық картадағы тапсырманы топ болып орындады. Топ мүшелері тапсырманы  орындауда барлығы да ат салысты.

Бұл тәсілде оқушылар емін – еркін сезінді.Топпен  ынтамақтастық та орындап, қиыншылық тудырған жоқ. Үй тапсырмасы толық орындалып болғаннан кейін топтар  бірін-бірі  критерийлер бойынша бағалады.

 

 

 

Жаңа сабақты «Миға шабуыл» әдісімен бастап, оқушыларға  ой тастадым. Әдебиет пәнін байланыстыра отырып, тақтаға жазылған  үзінді мысалды  оқытқызып, ішінен сөз таптарына талдату арқылы жаңа тақырыпты  өздеріне тапқыздым. Мысалы:  Жүрегім лүп - лүп етіп, алқымыма тығылады.  Бұл үзіндінің авторы кім?  Б.Соқбақбаев екенін айтты. Қай үзіндіден алынғанын сұрап, «лүп-лүп етіп» қай сөз таптарына жататынын сұрадым.  Бұл әдіс-тәсілде дәстүрлі үрдістегі бұрынғы  2-3 оқушы жауап берді.

                

Оқушыларға жаңа тақырып түсінікті болу үшін  интерактивті тақтадан  «Еліктеу сөздер » тақырыбына байланысты электронды оқулықтан  видеосюжет көрсету арқылы жаңа материалды өздеріне меңгеруге бағыт сілтедім.

Ұлттық оқу зертханалары жүргізген «Оқу пирамидасы»  оқушылар өздігінен меңгеріп, зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында аудио-визуалды қабылдау арқылы 20%  жүзеге асты деп ойлаймын.

 

 

Оқушылардың зер салап тыңдауын сақтап қалу мақсатында  сұрақ-жауап  әдісін пайдаланып, Еліктеу сөз дегеніміз не? Қандай мысал келтіруге болады? деген жетелеуші сұрақтар қойдым. Оқушылар өз түсінгендерін жеке жауап берді.

Мағынаны тану мақсатында   талантты және оқуында кедергісі бар оқушымен жұмыстану мақсатында « Ойлан, Бірік» әдісін пайдалана отырып, әр топқа тапсырмалар орындалды. Оқулықпен жұмыс жүргізіліп, жаттығу жұмыстары жасалды.  Бұл әдісте сыни тұрғыдан ойлау модулі, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту модулі, талантты және дарынды балаларды оқыту модулдері ықпалдастырылды.

 «А» оқушы Жангелді өлеңді өмірмен байланыстырып, еліктеу сөздерді пайдалана отырып мысал келтірді. «В» оқушы  жаттығуды толық орындаған , еліктеу сөзді қатыстырып сөйлемді жақсы құрған. «С» оқушы  да өлең жазған, еліктеу сөзді пайдалана алған  алайда өзінің алаңдаушылығынан толық жеткізе алмады.

    Ой толғау  бөлімінде оқушылардың білімін жинақтау  және топтық жұмысты диалогтық оқыту арқылы жүзеге асыру үшін 4 топқа еліктеу сөздерді кірістіріп, ертегі құрастырып, қысқа қойылым тапсырылды. Оқушылар бұл тапсырманы қызыға орындап, «А»оқушыдан қалыспай «С» оқушы да жақсы образға түсе білді.

Фармативті бағалаудың түрлі стратегияларын қолдану арқылы өзара бағалауды жүзеге асырып отырды.

Дайын білімді беріп, оқушыларымызды жалқаулыққа үйреткенімді білдім. Бірақ, оқушылар өзім күткен жауаптардан да жоғары деңгейдегі жауаптар бере білді. Бұл тапсырмада дарынды және талантты оқушылар көзге түсті. Топтық, жұптық жұмыстарда қызығушылықпен орындады. Оқушылар да кері байланыс алғанымда осындай сабақ көп болсын деп ұсыныс жасады және бүгінгі сабаққа түсінгендерін жасыл алманы барлығы жапсырғанынан білдім.. 45-минуттық сабағымда бағдарламаның жеті модулінің - оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулі, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу модулі, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі, талантты және дарынды балаларды оқыту модулі, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану модулі, оқытуды басқару және көшбасшылық модулдерін ықпалдастырдым.

 

 

Болашақта өзгертер едім-

*уақытты тиімді пайдалануды,

*ынтымақтастық орнату,

*бір тапсырмадан екінші тапсырмаға тез ауысып жұмыстану,

*әділ бағалау үшін түсінік жұмыстарын жүргізу.

Алғашқы жетістік оқушылар өз ойын еркін айта білгені. Бірін-бір оқыту арқылы көшбасшы, талантты және дарынды оқушыларды анықтап берді.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план по казахскому языку на тему "Еліктеу сөз туралы түсінік" (6 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 839 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 980
    • DOCX 20.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садирова Сауле Ксенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садирова Сауле Ксенбаевна
    Садирова Сауле Ксенбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8075
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой