Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация қазақ тілі сабағынан тақырыбы "Діни шешендік сөздер"

Презентация қазақ тілі сабағынан тақырыбы "Діни шешендік сөздер"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация қазақ тілі сабағынан тақырыбы "Діни шешендік сөздер""

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Описание презентации по отдельным слайдам:

  •   ДІНИ (УАҒЫЗ)
 ШЕШЕНДІК СӨЗ

    1 слайд

    ДІНИ (УАҒЫЗ)
    ШЕШЕНДІК СӨЗ



  • «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде А.Байтұрсынұлы дін жайынан сөйлеген ғұламал...

    2 слайд

    «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде А.Байтұрсынұлы дін жайынан сөйлеген ғұламалар, молдалар сөзі -уағыз екендігін тілге тиек етеді. Ал біз ежелгі дәуір мен орта ғасырдың мәдени мұраларынан дінді насихаттау, имандылыққа үндеу, мысал келтіре отырып, ізгілікке шақыру - тәрбиенің бір көрінісі және рухани дүниетанымның негізі болғанымен де кеңінен таныспыз. «Құран Кәрім», «Құран хикаялары», «Мың сұрақ», т.б. халық арасына кең тараған мұраларды діни шешендік үлгілері ретінде таныдық.

  • Тәңірілік дін мен исламның ең тамаша дәстүрлерін, философиялық қағидаларын та...

    3 слайд

    Тәңірілік дін мен исламның ең тамаша дәстүрлерін, философиялық қағидаларын таңдап, талғап қабылдаған қазақ халқы дінді - рухани қуат көзі, «Құранды» - дүниедегі құбылыстарды танудағы ғылыми негіз, мәдениет пен адамгершілік әліппесі деп таныған.

  • Ислам дінінің негізі «Құран» - ғылым мен білімнің адам баласы аша алмаған құп...

    4 слайд

    Ислам дінінің негізі «Құран» - ғылым мен білімнің адам баласы аша алмаған құпияларын бойына сыйдырған таңғажайып туынды. «Құранда» математика, биология, физика, химия, әдебиет, тіл, жантану ілімдері тоғысқан. Осы кемел ғылымды елге жеткізуді мақсат тұтқан Қорқыт, әл-Фараби, Йассауи, Йүгінеки, Ж.Баласағүни, Абай, Шәкәрім сынды ғұлама даналар өз туындыларында нақыл-насихат, ұғынымды уағыздарын келтірді.

  • Ертедегі Үндістан мен Вавилон, Ассирия мен Египетте мәнерлі де шешен сөйлеу ү...

    5 слайд

    Ертедегі Үндістан мен Вавилон, Ассирия мен Египетте мәнерлі де шешен сөйлеу үлгілері дәріптелген болса, басқа да алғашқы адамзат өркениеттері сияқты ежелгі Қытайда шешендік ой-пікірлердің дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті. Азиядағы «Кабуснама» да шешендік шеберлікті меңгеру кітабы ретінде танылды.

  • Жалпыадамзаттың тұрғыдан келгенде, сөз мәдениеті үғымы өзінің тамырын көне за...

    6 слайд

    Жалпыадамзаттың тұрғыдан келгенде, сөз мәдениеті үғымы өзінің тамырын көне замандардағы этикалық ілімдерден алады. Мәселен, қытай философы Конфуций өз ілімінің түп қазығы етіп «адамсүйгіштік» (жэнь) проблемасын алады. Оның пайымдауынша, тек адамсүйгіштік қасиет қана адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесіп өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды, ілтипатты, достыққа берік, сөзге ұстамды, көмекке дайын етіп қалыптастыра алады.

  • Осы ой Платонның «мінсіз мемлекет жасаудың жолы -терең білім, ал тәрбие ісіні...

    7 слайд

    Осы ой Платонның «мінсіз мемлекет жасаудың жолы -терең білім, ал тәрбие ісінің басты міндеті - адамдарды ізгі ниетті, ержүрек, таза, өнерлі азаматқа айналдыру» деген тұжырымында жалғасады. Аристотельдің пікірінше, «ең жақсы адам - ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам. Қайырымды, аң пейілді кісінің жүрісі жайлы, даусы төмен, сөзі мазмұнды болуға тиіс». Осы талаптар адамның ішкі мәдениетіне, адамгершілік сапасына, сөз әдебіне тікелей қатысты.

  • Шешендік сөздердің қазақ халқы тарихымен байланысты тарихы тіпті терең. Ол еж...

    8 слайд

    Шешендік сөздердің қазақ халқы тарихымен байланысты тарихы тіпті терең. Ол ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, бүгінгі күнге дейін ұлтымыздың ұлы құндылығы ретінде дәріптелуде. Қазақ даласында дүниеге келіп, ғұмыр кешкен дала даналары да бұл өнердің болмысына, ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталған.
    Шешенге қажет қасиеттер туралы жалпыадамзат игілігіне айналған ой-тұжырымдармен таныс болыңдар.

  • Қазіргі діни шешендік жалаң уағызға құрылмайды. Ой астарына қоғамдың даму, кө...

    9 слайд

    Қазіргі діни шешендік жалаң уағызға құрылмайды. Ой астарына қоғамдың даму, көзқарастар ықпалы, адамдарға психологиялық қолдау көрсету, т.б. желілер арқау болады.
    Діни шешендер негізінен дін адамдары болып келеді.

  • Бұл орайда «Ілімді үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу - мол дүние жиып...

    10 слайд

    Бұл орайда «Ілімді үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу - мол дүние жиып, оны керегіне жаратпай көміп қойғанмен бірдей» деген Мүхаммед пайғамбар өсиетін тек жақсы жағынан танытқан А.Машанов, X. Алтай («Құранды» қазақшалаған), Ә.Дербісәлі, Б.Сапаралин және тағы басқалардың тағылымды еңбектерін атап өткен орынды.

  • 11 слайд

  • ЦицеронШешен бойынан айтылатын ойын қатаң тәртіппен, байыпты талдаумен, «салқ...

    12 слайд

    Цицерон
    Шешен бойынан айтылатын ойын қатаң тәртіппен, байыпты талдаумен, «салқынқандылықпен »
    ұсыну, тыңдаушылар сезіміне өсер етіп, белгілі бір ассоциациялар тудыратын көркемдеуіш-бейнелеуіш элементтерді пайдалана білуі жөнінде айтып өткен

  • Біліммен кемелденген тіл ешқашан мүдірмейді. 
(Менандр)
Шындықты қаласаң, тіл...

    13 слайд

    Біліммен кемелденген тіл ешқашан мүдірмейді.
    (Менандр)
    Шындықты қаласаң, тілді тыйма.
    (Публий)
    Сөз қалай айтылса, жауабы да соған сай болар.
    (Гомер)
    Сөздің мағынасын ұқпаған жан, адамды тани алмайды.
    (Конфуций)
    Әлі айтылмаған көп сөздің салмағы айтыла-айтыла жауыр болған сөзден де ауыр болар.
    (Плутарх)
    Сөздердің мәнділігі - мәңгілігі.
    (Конфуций)

  • Қазақ шешендік өнерінің биіктеген кезеңі ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар. Демосфен, Цицер...

    14 слайд

    Қазақ шешендік өнерінің биіктеген кезеңі ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар. Демосфен, Цицерон адвокат әрі парламент мүшесі болған. Ал қазақтың аты аңызға айналған шешендері – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер. Би- халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы.Би- табиғи дарын, асылтекті ақыл, алыстан болжайтын көсем, тілінен бал тамған шешен.

    Шешендік сөздің дамуына үлес қосқан Бұқар, Мұрат, Дулат,Шөже,Шернияз, Шал, Қазтуған сынды ақын- жыраулардың шығармаларында кестелі сөз, оралымды ой мол кездеседі.

  • Қазақтың шешендік өнерінің бір арнасы діни шешендіктен желі тартады. Біздегі...

    15 слайд

    Қазақтың шешендік өнерінің бір арнасы діни шешендіктен желі тартады. Біздегі кемшін тұс - осы. Қасіретте де әдеп барын, өлім де жұбататынын діттейтін өнер - діни шешендіктің қыр-сырлары біздің топырақта әлі күнге қалыпқа түспей жатыр. «Үй өртенсе, үй тұрғызады, кісі өлсе, кім тұрғызады» деген қазақ қайтқан адамды бақилыққа жөнелтуге айрықша көңіл бөлген. Абайдың «жер қойнына өлеңмен кірер денең» деуі соның жарқын айғағы. Халықтың әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігінің біте қайнасқан айна­сы іспетті, наным-сенім негізінде пайда болған діни шешендіктің өзегінде ақ жүрек адалдық пен бәрін де қанағат тұтар қарапайымдылық сияқты халықтық абзал қасиеттерге толы келе­тін ықпалы күшті, әсері мол көркем тілмен әспеттелетін діни уағыздамалар жатыр. Оны риторика ғылымында «гомилетика» деп атайды. Гомилетика - діни шешендіктің туып, қалыптасып, даму тарихын, жүйелік құрылысы мен мазмұндық сипатын, көркемдік әдіс-тәсілдерін зерттейтін шешендік өнердің өрнекті тармағы.

  • Діни шешендік жайында тиіп-қашты пікірлер айтылғанмен қа­зақ ғалымдары оны кү...

    16 слайд

    Діни шешендік жайында тиіп-қашты пікірлер айтылғанмен қа­зақ ғалымдары оны күні бүгінге дейін арнайы қолға алып, тия­нақты зерттеген емес. Бұлай наз­ар­дан тыс қалып зерттеу ныса­ны­на айналмау себебінің бір ұшы кешегі кеңестік қо­ғамда белең алған атеистік түсінікте жатса, қазіргі таңда осы саладағы ма­мандардың бір қолдың саусағымен санарлық аздығынан болып отыр.

  • Қазақтың діни шешендігінің пайда болып, дамуы ортағасырлар­да­ғы ислам дініні...

    17 слайд

    Қазақтың діни шешендігінің пайда болып, дамуы ортағасырлар­да­ғы ислам дінінің таралуымен тығыз байланысты. Оны таратушы қожа мен сопылардан бастау алады. Сыр өңірін жаулап алған арабтардан қалған белгі - Қожа Ахмед Йассауи, әкесі Ибрахим, оның әкесі Баба түкті шашты Әзіз, рухани ұстазы Арыстан-бабтарды, батысымыздағы - Пір Бекетті қазақтың діни шешендігінің негізін қалады деуге толық негіз бар. Арғынның арғы аталары Дайырқожа, Қарақожа аталуы тегін емес. Бертінде Жүсіпқожа, Күдеріқожа, Қожамбет, Қожағұл, Майлықожа Сұлтанқожаұлы атанған ақын-жыраулар діни шешендіктің іргесін қалады. Әдебиетімізге діни аңыз-дастандарды әкеліп, діни айтыс секілді өз алдына бір бөлек әдеби жарларды қалыптастырды. Кітаби ақындардың көбі діни тақырыптарға шығарлар жазды.

  • Өркениетті елдерде мемлекетті діннен ада қылмайды. Қандай жүйемен өмір сүр­се...

    18 слайд

    Өркениетті елдерде мемлекетті діннен ада қылмайды. Қандай жүйемен өмір сүр­се де, онда бәрінің шығар қайнар көзі дінге тіреледі. Дін - қасиетті құнды­лық ретінде ұғынылады. Ұлы Абай: «Ынталы жүрек, шын көңіл, Өңгесі хаһқа қол емес» дейді. Жан баласының көкірегіне құнарлы, ажарлы нәрін құяnын ді­ни шешендіктің бастау бұлағы - дін. Дін - адам бойындағы жағымсыз дерттерден тазартуға мүмкіндік береді. Өтірік айтпауға, кісіні сыртынан жамандамауға, нақақ ғайбаттамауға, ұрлық-қарлық істемеуге үндеп, кісінің көкірегіне жарық сәуле түсіріп, жанның таза болуына шақырады. Адамгершіліктің қадау қазығы. Ой құсасы жүрегін тескен адамдардың көңіліне демеу болады. Осының бәрі кө­кі­регіңе ұялар әдемі, негізді сөзбен жүзеге асырылады. Жасыратыны жоқ, діни ше­шендіктің кей түрі көбіне-көп халық мол жиналған мешітте өтер жұма-на­маз­да­рында, отырыс-мәжілістерде, қазадан аза тұтып жатқан үйдегі адамдар жи­нал­­­ған жерде айтылып жүр. Мәселен, дүниеден өткен ата-анаға жақсылық істеу туралы Сахих хадистерінің бірінде: «Біз Нәбидің (с.ғ.с.) жанында тұрғанымызда бір кісі: «Я, Рассуллаһ (с.ғ.с.), ата-анам қайтыс бол­ғаннан кейін оларға жақсылық істеудің жолы бар ма?» - деп сұрапты. Ол (с.ғ.с.): «Йә, бар. Қайтыс болған ата-анаңа төрт жолмен жақсылық істесең бола­ды: олар үшін дұға етіп күнәлары үшін жарылқау тілеу, орындай алмай кеткен уә­делерін орындау, достарын құрметтеу, ата-анаңды себепші етіп, олардың туыстарымен қатынасты үзбеу» - деді». Осы ой ендігі бір хадисте былайша жалғасын табады: «Жан тапсырысымен пенденің барлық амалы тоқтап, тек үш амал өз жалғасын табады. Ол - жария садақа, үйреткен пайдалы білім, артта қалған ізгі ұрпақтың дұғасы». Шұрайлы тілмен айтылған ой жүрекке ендеп енетіні кәміл.

  • Әзірет Әлі - Әли ибн Әбу Талиб жас кезінен-ақ сөзшеңдігімен аты шыққан. «Ілім...

    19 слайд

    Әзірет Әлі - Әли ибн Әбу Талиб жас кезінен-ақ сөзшеңдігімен аты шыққан. «Ілімнің қақпасы» атанып кеткен оны сынау мақса­тында жерлес­тері оған он адамды кезекпен жібермекші болған, олардың бәрі Әзірет Әліге бір сұ­рақ: «Білім артық па, байлық ар­тық па?» - деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны мойындамақ болыпты. Сонда Әзі­рет Әлі сұрақтарға былай деген екен:
    1. Білім артық, өйткені ол пайғамбарлардан қалған мирас, бай­лық бақыл­дар­дан қалған мұра.
    2. Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан да білім артық.
    3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды кө­бейтеді.
    4. Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанмен азаймайды, байлық жұм­са­саң азаяды, білім артық болатыны осыдан.
    5. Білім артық, оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұры­лар­дан күнде қорғау керек.
    6. Білімің көп болса сені құрметтейді, байлығың көп болса қыз­ғанады, білім­нің артық болатыны сол.
    7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұд­айы есеп жүргізіп тұруың керек.
    8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп бүлінбейді, дүние-мал бүлінеді, сон­дық­тан да білім артық.
    9. Білім артық, ол жаныңды байытады, байлық жан-дүниеңді шектейді, өзіңді ту­ра жолдан тайдыруы мүмкін.
    10. Білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы мол адам оғ­ан мақтанып малданады, астамшылық көрсетеді, сон­дықтан білім артық, - деген екен.

  • Жалпы қазақтың діни шешендік өнерінің әуелгі сілемдері ортағасырлардың орта т...

    20 слайд

    Жалпы қазақтың діни шешендік өнерінің әуелгі сілемдері ортағасырлардың орта тұсында араб-парсы жазба мәдениетінің шарықтап дамыған тұ­сында көрінетінін айтқан абзал. Ислам діні кеңінен тараған кезінде жазылған діни шешендіктің небір озық үлгілерін бойына мықтап сақтап жатқан тағылымы мол ең­бектер баршылық. Қазіргі қоғамымыздың әр саласына қажетті шешендік қырларын осы жазба мұралардан да үйреніп жүру ләзім болмақ.

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 097 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2015 3638
    • PPTX 1.3 мбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каримшикова Нодира Исломшиковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20468
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек