Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация на тему "Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы"

Презентация на тему "Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему "Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы""

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы2016 жылТ.Бигелдинов атындағы ЖОМ

    1 слайд

    Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы
    2016 жыл
    Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ

  • Өмірбаяны           Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – 1866 жылы Қарқаралы уез...

    2 слайд

    Өмірбаяны
    Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – 1866 жылы Қарқаралы уезінде дүниеге келген. XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялылары, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

  • Қоғамдық-саяси әрекеттеріОқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейхан  Ресей и...

    3 слайд

    Қоғамдық-саяси әрекеттері
    Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейхан  Ресей империясының  қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.
    «Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы  күндері ерекше ықпал етеді.
    1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.
    1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі  генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды.
    Абақтыдан шығып Санкт-Петербургға  жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейхан да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.

  • 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газетте...

    4 слайд

    1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде
    1908 жылы Санкт-Петербургда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
    1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.
    1911-14 «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
    20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар  мен Түркістан өлкесіне  бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады.
    Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар  қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
    1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.
    Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы.
    Қоғамдық-саяси әрекеттері

  • Алаш ОрдаОл Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. ...

    5 слайд

    Алаш Орда
    Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.
    Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
    1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.

  • Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділерді...

    6 слайд

    Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.
    1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
    Сөз соңында, ғалым, Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.
    Алаш Орда
    Ә. Бөкейханның қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.

  • Ғылыми еңбектеріXIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқыт...

    7 слайд

    Ғылыми еңбектері
    XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады.
    Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды.
    Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.
    1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды.
    1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.
    Әлихан Бөкейхан — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.Ә.Бөкейханұлының әдебиеттану тұрғысынан жазылған еңбектері ғалым Д.Қамзабекұлы тарапынан жан-жақты қарастырылады. Бұл зерттеуде Ә.Бөкейханұлының алғашқы еңбектерінің бірі ретінде «Женщина в киргизкой былине Кобланды» атты мақаласы сарапталған. «Туркестанские ведомости» газетінің бірнеше санында жарияланған. Ә.Бөкейхановтың әйгілі «Қобыланды» жырындағы әйел бейнесі» деп аталған мақаласы белгілі ғалым С.Қасқабасов тарапынан жан-жақты талданып, сол кездегі қазақ фольклористикасы үшін аса маңызды бірнеше мәселе көтерілгенін жеріне жеткізе айтылып: «Бұлар эпостың тарихилығы, «Қобыланды» жырының шығу мезгілі, қазақ фольклорының түрлері, жыршы және оның шеберлігі, қоғамдық ой-санасының жырда көрініс табуы, «Қобыланды» жырындағы әйелдер бейнесі, олардың атқарып отырған идеялық қызметі. Осындай ғылыми мәнді проблемаларды автор сол кездегі әлеуметтік, моральдық мәселелермен ұштастыра қарастырған»,- делінген.

  • АЛҒАШҚЫ ДЕМОКРАТ         Әлихан Бөкейхан қазақтарды руға да, жүзге де жіктеме...

    8 слайд

    АЛҒАШҚЫ ДЕМОКРАТ
    Әлихан Бөкейхан қазақтарды руға да, жүзге де жіктемеді, әлеуметтік мәртебесіне де, біліміне қарай да бөле-жармады. Қазақты біртұтас халық ретінде көргісі келді. Осы орайда ол ұсынған Алаш атауы ұлтты ұйыстыруға мұрындық болатын тамаша идея болып шықты. Бұл идеяны Әлихан Бөкейхан Алаш қозғалысы пайда болғанға дейін-ақ әрдайым айтып жүрген еді. Сонау 1910 жылдың өзінде-ақ «Қазақтар» деп аталатын тарихи очеркінде қазақтардың соғыс ұраны «Алаш деген мифтік тұлға» екенін атап өткен болатын.

    1913 жылы жазған «Қазақтың тарихы» деп аталатын мақаласында Алаш атауына тереңірек тоқталып, Алаш атауының астарында «жетекші» деген мағына жатқанын айтады. «Жошы ханды халық «Алаш» деп атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді» деп жазады «Түрік баласы» («Қазақ», 1913, № 7).

    1917 жылы қараша айында өткен Құрылтай жиналысының сайлауында қазақтардың басым көпшілігі «Үш жүз» партиясын емес, «Алаш» партиясын қолдады, сөйтіп «Алаш» партиясы 43 депутаттық мандатты иеленді.

  • КІСІЛІК ПЕН ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ            Әлихан Бөкейханның адамшылығы, қайратке...

    9 слайд

    КІСІЛІК ПЕН ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ
    Әлихан Бөкейханның адамшылығы, қайраткерлігі мен кісілік қасиеттерімен ерекшеленді. Ол пікірлестері мен жолдастарының еңбектерін қай уақытта да орынды бағалай білді.

    1914 жылы оның серіктестері әрі достары, сол кезде Орынбор қаласында шығып тұрған «Қазақ» газетінің бас редакторы мен орынбасары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы «газет бетінде үкіметке қарсы мақала жариялады» деген желеумен тұтқынға алынды.

    Бұл уақиғаны жеделхат арқылы білген Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетінің келесі нөміріне «Ұят!» деген мақала жариялап, Алаштың біртуар азаматтарына қолдау көрсетті. Өзінің де Самара губерниясында айдауда жүргеніне алты жыл болғанына қарамастан «Алаш» көсемі пікірлестеріне тілекші екендігін осылайша танытты.

    «А.Н.Радищев... абақтыға жабылып, 10 жылға Сібірге айдалды. Оның замандасы, тағы бір газетші, Еуропаға жол ашқан Н.И.Новиков Шлиссельбург бекінісінде 15 жылын өткізді. Ахмет және Міржақып бауырларым! Сендерді қамаған түрме – Радищев пен Новиков отырған түрме. Ресейде ең болмағанда бір рет тұтқында болмаған саналы адамдар санаулы-ақ. Достоевский, Потанин, Короленко, Чернышевский, Морозов сықылды жазушылар да түрмеде отырды.... Салтыков, Герцен, Пушкин, Лермонтов, Тургеневтер айдауға кетті...» («Қазақ» газеті, № 54, 1914 ж. Самара).

  • Әлихан Бөкейхан қарапайым өмір сүрді. Ол тұтқынға алынып, 1937 ж...

    10 слайд

    Әлихан Бөкейхан қарапайым өмір сүрді. Ол тұтқынға алынып, 1937 жылы атылып кеткенде, қызы Елизавета мен немересі Ескендірге Мәскеудің коммуналдық пәтерінен бір бөлме мен кітаптар, фотоальбом, бірқатар қолжазбалары, сондай-ақ... қазір Алматыда өмір сүретін немере туысының қолында сақтаулы тұрған насыбай шақша ғана қалды.
    Әлиханды 1933 жылы Мәскеуде бір-ақ рет көрген қазақ совет жазушысы Сәбит Мұқановтың әйелі Мәриям 2000 жылы жеке кітап болып шыққан өз естелігінде Алаш көсемінің тұлғасына деген ерекше таңданысын: 
    Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың атылар алдындағы суреті. Бутырка түрмесі, Мәскеу, 1937 жыл. ССРО КГБ-сының мұрағатындағы сурет.
    «Бөкейханов өте тартымды адам екен... Сырт келбетінен нағыз ақсүйектік қасиет байқалады. Маңғаз, жүзі суық» (Мәриям Мұқанованың «Сағынышым – Сәбитім» кітабынан) деп суреттейді.
    Смахан төренің естеліктерінде Әлиханның «туған жерден үш аршын жер бұйырса жетеді» деген сөзді ағайын-туыстарына әрдайым қайталап отыратыны айтылады.
    КІСІЛІК ПЕН ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ

  • Алайда, Әлихан Бөкейханға да, оның қыздарына да, немересі Ескенді...

    11 слайд

    Алайда, Әлихан Бөкейханға да, оның қыздарына да, немересі Ескендірге де ата-баба жерінен топырақ бұйырмады. Барлығы Мәскеуде жерленді. Тек таяуда ғана Алаш көсемінің күйеу баласы, 1920 жылдардағы ірі мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасов денесінің күлі Мәскеуден Астанаға әкелінді. Бірақ әлі күнге дейін оны қайда жерлеу мәселесі шешілмей отыр.

    Қазақстан өнеркәсібінің жетекшісі ретінде және осы саладағы ірі ғалым ретінде қалыптасуына зор мүмкіндігі болған, Жезқазғандағы түсті металдар кенін игерудің бастауында тұрған оның ұлы Оқтайдың (паспорт бойынша Сергей) да қайда жерленгені белгісіз. Оқтай шамамен 1957 жылы жұмбақ жағдайда өмірден өтті.
    КІСІЛІК ПЕН ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ

  • ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫ ЮНЕСКО КӨЛЕМІНДЕ ТОЙЛАНАДЫ...

    12 слайд

    ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫ ЮНЕСКО КӨЛЕМІНДЕ ТОЙЛАНАДЫ

    ЮНЕСКО-ның Парижде өткен Бас конференциясының 38-сессиясында Алаштың көсемі, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойлау ұсынысы қабылданды. 
    Әлихан Бөкейханов жөніндегі фильмдер:
    1994 — «Алаш туралы сөз»  Алашорда режиссері: Қ.Умаров
    Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс:  “Қазақтелефильм”
    2009 — «Алашорда» Алашорда режиссері: Қ.Умаров

    1992 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен ол туған ауылға Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 529 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2016 9926
    • PPTX 509.7 кбайт
    • 236 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Атабаева Раушан Абдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Атабаева Раушан Абдиевна
    Атабаева Раушан Абдиевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 93989
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой