Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Презентации / Презентация на тему "Өнерлі бала сүйкімді"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Презентация на тему "Өнерлі бала сүйкімді"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Өнерлі бала сүйкімді»
Қасиеттер: таланттылық, зеректілік, өнерпаздық.
Керекті құралдар: суреттер, интерактивті тақта, слайд, тарататын материалдар, қарындаштар.
Сабақтың мақсаты:
1. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2. Өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Өнерпаздықты, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Слайд
Шаттық шеңбері:
Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз
Армысың, табиғат – анамыз
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.
Топқа бөлу: Оқушыларға
Суретшілер, ақындар, әншілер
1. Кел ойланайық, пікірлесейік
«Өнерлі өрге жүзер» оқушылардың ойларын еркін айтуға дағдыландыру
2. Оқушыларға тапсырма беріледі
• Суретшілер: сурет салады.
• Әншілер: ән айтады.
• Ақындар: өлең жолдарын оқиды.

3. Мәтінмен жұмыс: әр топ бөлімге бөліп мәтін оқиды.
«Құмға салған сурет» мәтіні бойынша
- Мазмұндау
- Сұрақ – жауап
4. Дәйек сөз: сөздің мағынасын ашу
Адамның сәні – өнер, білім, ақылы. (Жетес шешен)
Өнерге, білімге байланысты тағы қандай ұлағатты сөздер немесе мақал - мәтелдер білесіңдер?
Интерактивті тақтадан өнерлі адамдар туралы айту.
Кішкентай ақын Жамбыл, шахматшы Жансая, әнші Ермек және тағы басқа танымал өнерлі балалар туралы слайд
5. Дәптермен жұмыс:
Ребус шешу. Өнерлі бала сүйкімді
6. Ой жүгірту. Топтық жұмыс
Суретшілер тобы: өлеңді аяқтау
Алуан бояу іріктеп........ (алды)
Асықпай, Мұрат...........(суретті) салды.
Столға жайып.......(қағазды) аппақ
.......(Сарымен) сұлу жасады бақ - бақ

Ақындар тобы: мақалдарды аяқтау
1. Білім көкке жеткізер
Өнер көпке жеткізер.
2. Кітап – білім бұлағы,
Білім - өнер шырағы.
3. Шебердің қолы ортақ
Шешеннің тілі ортақ.
Әншілер тобына – Жұмбақ шешу
1. Түк білмей барасың
Төлімін аласың,
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың. (мектеп)
2. Оң жағымда бес саусақ,
Сол жағымда бес саусақ. (Он саусақ)

Қортынды: Жүректен жүрекке
Тілек ағашына тілектер жазу
Бір - бірімізге мына күннің нұры мен жылулығын ұсына отырып жылы тілектерімізді білдірейік!
Біліммен, өнермен алға самғаңдар – деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.


Өнерлі бала сүйкімді (3 – сынып)

Сабақтың мақсаты:   «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Шаттық шеңбері: Балалар барлығы шеңберге тұрып, қолдарына жүрекшелер алады. Шеңбер бойын айналып бір – біріне тілек айтады, жүрек сыйлайды. Мұғалімнің қолындағы қорапшадан гүл алып, сол қағаздың түсіне сай оқушылар 3 топқа бөлінеді.

  2. Үй тапсырмасын тексеру: «Ақын деген кім?» мәтінін оқыдыңдар ма?

А) Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады екен?

Б) Ақын дегеніміз кім екен балалар?

  1. Жаңа сабақ. Әңгімелесу

1) Балалар қандай адамдарды өнерлі деп санайды екенбіз?

2) «Өнерлі өрге жүзер » деген мақалды қалай түсінесіңдер?

 А) Мультфильм  «ақсақ құлан» мултьфильмін интерактивті тақтадан көрсету.

 В) Тапсырма. Балалар топ болып жарысамыз. Әр топқа тапсырма бір өнер көрсету.

 С) Жаңа ақпарат. (Қолыма кукла түлкі мен жылан алып өзара сөйлестіру)Оқушыларға өнер, өнерпаздық сөздерінің мағынасын түсіндіріп, дәптермен жұмыс жүргізу. «Қоршаған әлемді көркемдеп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.»

 Д) Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы орындау барысында балаларда өнерлі бала туралы ойлар жинақталады.

Тапсырма: Дәптерде берілген ребусты дұрыс шешсеңдер, өнер туралы халық даналығын оқи аласыңдар.  Шешуі: «Өнерлі бала сүйкімді».

 Е) Сергіту сәті. Мұғалім мен оқушылар шеңберге тұрып, мұғалім кубик лақтырады. Кубиктің 6 жағында, 6 мамандық иесі болады.1. Биші; 2. Әнші; 3. Домбырашы; 4. Құрылысшы; 5.Суретші; 6. Актер. Кубуктің қай жағы түссе, сол адамның қимылын бірге жасайды. (күй «Адай»)

  1. Жаңа сабақты бекіту. Балаларға жүрекше таратып «бүгін мен не үйрендім» деген сұраққа жауап жазуы сұралады. Балалар өнер адамы деп кімдерді атаймыз?

— Жарайсыңдар, балалар! Өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп айтамыз.

  1. Жүректен – жүрекке. а) бірінші топ – бұлтқа адам жанын жабырқататын сөздер в) екінші топ – күнге анасы қалай еркелететінін жазу, үшінші топ – кемпірқосаққа алғыс айтқандағы сөздер жазу. Балалар, кез – келген өнер түрі адамға жақсы сезімдер сыйлайды екен. Дәл қазір барлығымыз шеңберге тұрып, қол ұстасып Асылбек Еңсеповтың «Балалық» күйін тыңдайық.

  2. Үйге тапсырма беру. Өнер туралы мақалдар жазу

  3. Бағалау. Дұрыс жауапқа гүлдер беріліп отырады. Оқушылар өз – өздерін бағалайды. «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Жақсы» .








Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер:Таланттылық, зеректілік,өнерпаздық.
Сабақ мақсаты: Өнерлі бала сүйкімді ұғымының мәнін ашу.
Сабақ міндеті:
- оқушыларға өнер ұғымының тереңдігн түсіндіру;
- эстетикалық талғамдарын дамыту;
-сұлулықты,өнерді сүюге,өнерпаздыққа тәрбиелеу.
№ Сабақтың барысы Ресурстар, мәліметтер
1
2 Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Сәлеметсіздер ме,қадірменді қонақтар !
Қош келдіңіздер! Сәлеметсіздер ме,менің сүйікті оқушыларым!
Оқушыларды түгелдеу.5 жұмыс құралын түгендеу:күнделік,оқулық,жұмыс дәптері, қаламсап,қарындаш. 5Т ұстанымын еске түсіру.
Талап
Тәртіп
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Тыныштық сәті. (жағымды көңіл күйге келу)
Бүгінгі күніміз қайырлы,нәтижелі болсын.Қәне,бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайықшы.
Бетховеннің шығармасы тыңдалады.
-Балалар денелеріңді түзеу ұстап,бастарыңды жоғары
көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны еркін жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өнер мен бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы, таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Менің өмірім... Менің әлемім... Менің ойларым... Осылайша барлығымыз ойымызды жинақтайық. Рахмет. Үнтаспа,
оқулық,
дәптер,ақ парақтар,
күнделік,
жұмыс дәптері,
қаламсап, АТК,
стикерлер,
смайликтер
3 Үй тапсырмасын тексеру «Құмға салған сурет» мәтінін оқыдыңдар ма?
Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтар:
-Балалар,Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінді?
- Ә.Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?
-Өнерлі өрге жүзер дегенді қалай түсінесіңдер?
-Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?
Мектептегі өнерлі оқушыларды үлгі етіп айтып кету. Оқулықтағы
«Құмға
салған сурет»
мәтіні
4
5 Дәйексөз
Адамның сәні-өнер, білім, ақылы.
Жетес шешен
Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?
Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды. Дәйек сөздің мағанасын оқушылардың жауаптарын тыңдау арқылы түйіндеймін)
-Адам өнер,білім,ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім,ақыл арқылы табысқа,қуанышқа, бақытқа жетуге болады.Өнерлі, білімді ақылды адамның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады.
Дәйексөзді дәптерге жазып алыңдар.(жаттап келу тапсырылады)
-Өнерге,білімге байланысты тағы қандай ұлағатты сөздер немесе мақал-мәтелдер білесіңдер?
Бейнекөріністер көрсету
-Қандай адамды өнерлі дейді?
(Кішкентай ақын Жамбыл,шахматшы Жансая,әнші Ермек т,б, танымал өнерлі балалар туралы видео көрсету)
Жас ақын Жамбыл 2 жасында хат танып, 4 жасынан ұйқас құраған.Бүгінде 50-ге жуық туындылары бар. Бала Жамбылдың «Періште тілек»атты кітабы жарық көрді.
Жас өнерпаз әнші Ермек Балжігіт жеті жасында жеке концертін өткізген.
Жас шахматшы Жансая Әбдімәлік күміс жүлде иеленді. Жансая атындағы шахмат акодемиясы ашылды. дәйексөз жазылған
плакат,бейнекөріністер
6 Әңгімелеу
«Менің өмірім... Менің әлемім... Менің ойларым...» Осылардың барлығы бір арнаға тоғысқан өмір өрнектері іспеттес. Жүрктегіні сөзбен жеткізбесең де, жырмен жеткізгеннің өзі көңілге қуаныш ұялатады. Балалар,осы оқылған жолдар кімнің ойы деп ойлайсыңдар?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл ақын адамның ойы.
-Ал балалар ақын адам туралы неге сөз қозғадым, қалай ойлайсыңдар?
-Өйткені қазір оқитын мәтініміз «Ақын деген кім?» Қайым Қанат Қабділрашидұлы-Семей облысы, Ақсуат ауданының Құмкөл ауылында дүниеге келген.
Мәтінді оқу. Мәтінді зейін қойып тыңдайық.
Мәтін бойынша сұрақтар:
• Немересі әжесіне қандай сұрақ қойды?
• Әжесі оған қалай жауап берді?
• «Жүрегі үлкен» деген сөздің мағанасын әжесі қалай түсіндіреді?
• Әсия неліктен әжесіне мұндай сұрақ қойған еді?
• Әжесі Әсияға ақын-бабаларымыз туралы не айтты?
• Нағыз ақын деп қандай адамды айтамыз?
• Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?
• Өздерің қандай өнер түрін қалар едіңдер?
Түйін
Мәтіннің мазмұнында айтылғандай ақынның «жүрегі үлкен болады», өнер адамының қай-қайсысы болсада халқына жақын болады, елін сүйеді, адамдарды құрмет тұтады. Оқулықтағы «Ақын деген кім?»
мәтіні
7 Жаңа ақпарат
Өнерлі болу адам баласына тән. Талпыну, талаптану әркімді өнерлі етеді. Ол үшін талмай еңбектену, іздену қажет. Қоршаған әлемді шығармашылықпен көркемдеп бейнелеу көрнісі өнер деп аталады.
Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.
8 Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Ойын:
Мамандық таңдау
(Әр топтың ортасына мамандақ жазылған қағаздар тасталады.)
Әр топ қимыл іс-әрекет арқылы сол мамандықты дәріптеп шығады.
9 Үй тапсырмасы
І топ-би өнері туралы,ІІ топ- әншілер туралы, ІІІ топ -ақындар туралы,ІV топ- күйшілер туралы мәліметтер жинақтап, альбом жасап келуі керек.
Дәптердегі ребусты шешу.
10 Топпен ән айту
Айгөлек Сөзін жазған Н. Баймұхамедов
Әнін жазған Б.Байқадамов Айгөлек әні
11 Бағалау . Әр оқушының бүгінгі сабақтағы көңіл-күйін білдіретін смайликтермен бағалау
көңіл-күйін білдіретін смайликтер
12 Соңғы тыныштық сәті .
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні ойналады
- Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық

Алысқа қанат қағайық.
- Армандарың орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңдар! -деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Баршаңызға рахмет! Сау болыңыздар! «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні

hello_html_0.gif

«Өнер» туралы мақал-мәтелдер жинағы. 

Өнерлі өрде озар, 
Өнерсіз жігіт жер соғар.
 

Өнерлі өрге жүзер.
 

Ақыл көпке жеткізер,
 
Өнер көкке жеткізер.
 

Өнерліге өлім жоқ.
 

Өнерлінің қолы алтын,
 
Өлеңшінің сөз алтын.
 

Өнерлі бала сүйкімді.
 

Өнер білсең-өлмейсің.
 

Өнерлінің өзегі толмас.
 

Өнер-таусылмас азық.
 
Жұтамас байлық .
 

Бай болмасаң бай болма
 
Өнер, білімге сай бол,
 

Өнерлі қол бақытқа жол.
 

Ілім-іштегі нұр,
 
Өнер сыртқа салынған түр.
 

Өнер таусылмас азық,
 
Сарқылмас байлық.
 

Өнерді үйрен
 
Үйренде жирен.
 

Өнер қанат
 
Білім санат.
 

Өнер алды, қызыл тіл.
 

Шаштараз сақал түзетер,
 
Өнерпаз шаһар түзетер.
 

Қол өнері кілемде.
 
Сөз өнері өлеңде.
 

Өнер көзі халықта.
 

Өнер қуып ой түзе
 
Жұмыс қылып бой түзе.
 

Пайдаң біреудікі.
 
Өнер өз
 
Өнер адамның көркі,
 
Қалай жұмсаса да өз еркі.
 

Өнерлі адам ешкімге жалынбайды.
 


Ел іші өнер кеніші.
 

Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Презентации
Просмотров368
Номер материала ДВ-573830
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх