Инфоурок Информатика ПрезентацииПрезентация по информатику на тему "Ақпарат" /7класс/

Презентация по информатику на тему "Ақпарат" /7класс/

Скачать материал
Скачать материал "Презентация по информатику на тему "Ақпарат" /7класс/"

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Информатика деп
1) Ақпараттың  құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттеумен, 
2)...

    1 слайд

    Информатика деп
    1) Ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін зерттеумен,
    2) сонымен қатар ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату үрдістерімен және
    3) адамзат қызметінің әртүрлі салаларында ақпараттық техника мен технологияны қолдану мәселелерімен
    шұғылданатын пәнді атайды.
    Информатика пәні
    “Информатика” сөзі француз тілінде “informatique” осы тілдің “information” (информация) және “automatique” (автоматика) сөздерінен құрылған “информациялық автоматика” деген ұғымды береді.
    Бұл сөздің ағылшын тілінде кең тараған түрі “Computer science” “компьютерлік ғылым” деген ұғымды береді.
    Информатика – қолдану диапазоны өте кең болып табылатын комплексті ғылыми пән.
    Информатиканың басымды бағыттары
    а) есептеу жүйелерін және бағдарламалық (программалық) жабдықтамаларды жасау;
    б) ақпараттар теориясы – ақпаратты тарату, қабылдау, түрлендіру және сақтаумен байланысты үрдістерді зерттеуші ғылым;
    в) математикалық үлгілеу (моделирование), есептеу және қолданбалы математика әдістері және оларды ғылымның әртүрлі салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулерде қолдану;
    г) жасанды интеллект әдісі, адамның ой парасаттық қызметінде логикалық және аналитикалық ойлау әдістерін үлгілеу;
    д) жүйелік сараптау, әртүрлі күрделі үрдісді шешуді дайындауда және негіздеуде қолданылатын әдістемелерді үлгілеу;
    е) биоинформатика – биологиялық жүйелердегі ақпараттық үрдістерді зерттеу;
    ж) әлеуметтік информатика – қоғамды информатизациялау үрдістерін зерттеу;
    з) машиналық графика, анимация, мультимедия құралдар әдістері;
    и) телекоммуникациялық жүйелер мен жергілікті және глобальды компьютерлік желілер;
    к) өндірісте, ғылымды, білім беруде, медицинада, саудада, ауыл шаруашылығында және шаруашылық пен қоғамдық қызметтердің басқадай түрлерін қамтитын әртүрлі қолданбалар.
    Enter тиегін шерт

  • Информатика пәніИнформатика ақпаратпен жұмыс істеуге арналған үздіксіз және т...

    2 слайд

    Информатика пәні
    Информатика ақпаратпен жұмыс істеуге арналған үздіксіз және тығыз байланысты үш бөліктен тұрады:
    техникалық құралдар;
    бағдарламалық құралдар;
    алгоритмдік құралдар.
    Техникалық құралдар немесе компьютердің құрылғылары ағылшын тілінде “Hardware”, “қатты бұйымдар” деп аударылытын, деген сөзбен белгіленеді.
    Техникалық құралдарға :
    жүйелік блок – аналық тақша, процессор, жедел жады, тұрақты жады, қоректік блок, дыбыс картасы, видео карта, диск жүргізгіш, контроллерлер мен адаптерлер және тағы басқалар;
    пернетақта, монитор, тышқан, принтер, сканер және тағы басқа сыртқы қондырғылар.
    Бағдарламалық құралдарға :
    операциялық жүйелер, операциялық қабықшалар, қолданбалы бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық тілдер, әртүрлі көмекші бағдарламалар және тағы басқалар жатады.
    Бағдарламалық құралдарды, компьютерлерде қолданылатын барлық бағдарламалардың жиынтығы мен оларды құру және қолдану қызметтерін, белгілеу үшін “жұмсақ бұйымдар” деп аударылатын ағылшын тілінде “Software” сөзі қолданылады. “Hardware” және “Software” сөздері компьютердің өзі және бағдарламалық қамтамасыздандырудың теңдес екендігін, осылармен бірге бағдарламалық қамтамасыздандырудың түрлену, бейімделу және даму қабілеттілігі бар екендігін көрсетеді.
    Информатиканың алгоритм жасаумен және оларды құру әдістері мен тәсілдерін зерттеумен шұғылданатын бөлігі алгоритмдік құралдар делінеді де ағылшын тілінде “Brainware” “Интеллекттік бұйымдар” деп аударылатын сөзбен белгіленеді. Алгоритм компьютерлер үшін бағдарламалар құрудың негізі болып табылады.
    Enter тиегін шерт

  • АқпаратИнформатиканың қарастыратын объектісі ақпарат болып табылады.Қазіргі к...

    3 слайд

    Ақпарат
    Информатиканың қарастыратын объектісі ақпарат болып табылады.
    Қазіргі күнге дейін ақпараттың ғылыми анықтамасы берілген жоқ деп есептеуге болады.
    Адамзат қызметінің әртүрлі салаларына байланысты ақпарат әртүрлі мағына алады. Ақпарат деп түсінеді:
    көпшілік күнделікті өмірде біреуді қызықтырушы кезкелген деректерді немесе мәліметтерді,
    техникада белгілер немесе сигналдар түрінде берілетін мәліметтерді,
    кибернетикада белсенді әрекеттер жүргізу, басқару, яғни жүйені сақтау, жетілдіру және дамыту мақсатында, қолданылатын білімнің бөлігін.
    Ақпарат үшін берілген кейбір анықтамалар:
    Ақпарат ол энтропияны жоққа шығару (Бриллюэн);
    Ақпарат ол құрылымның күрделілігінің өлшемі (Моль);
    Ақпарат ол әртүрліліктің көрінісі (Урсул);
    Ақпарат ол шағылысу үрдісінің мазмұны (Тузов);
    Ақпарат ол таңдау ықтималдылығы (Яглом);
    Ақпарат ол біздің біліміміздегі анықталмағандықты аластату (Шеннон);
    Ақпарат ол біздің және біздің сезімдеріміздің оған лайықтануы нәтижесінде сыртқы ортадан алынған мазмұндамаларды белгілеу (Н. Винер);
    Ақпарат ол қоршаған орта туралы нақты, толық анық мәліметтер (Балапанов);
    Ақпарат ол мәлімет, қоршаған ортадағы объектер мен құбылыстар, олардың сипаттамалары, қасиеттері және жағдайлары туралы, сонымен бірге олар жөнінде біздің біліміміздегі анықталмағандық дәрежесін кемітуші (Макарова)
    Сонымен ақпарат деп бізді қоршаған орта және онда болып тұратын құбылыстар жөніндегі мәліметті айтады.
    Ақпараттық қасиеттері бойынша қарастырылатын заттар, үрдістер, материалды және материалды емес құбылыстар ақпараттық объектілер делінеді.
    Ақпаратпен жүргізуге болатын белгілі үрдістерді ақпараттық үрдістер деп атайды.
    Ақпаратты өңдеу ол белгілі алгоритмді орындау нәтижесінде бір ақпаратық объектіден екінші ақпараттық объектіні алу.
    Ақпараттық қорлар ол адамзаттың ойлары және оларды іске асыру жөнінде ұсыныстар жиынтығы.
    Ақпараттық технология адамзаттың ақпаратты өңдеуде қолданатын әдістері мен құралдарының жиынтығы. Мұндағы құралдар жиынтығына компьютерлер, есептеу техникасы мен байланыс техникасы, тұрмыстық электроника, теледидар және радио жатады.
    Ақпарат сөз, мәтін, сурет, сызба, фотография, жарық немесе дыбыс сигналдары, радиотолқын, электрлік және нерв импульстері, магниттік жазба, ым, иістік және дәмдік сезімдер, хромосома және басқа түрлерде болады
    Enter
    тиегін
    шерт

  • Ақпараттың объектіні қажетті дәлдікпен бейнелеуге қабілетті болуы керектігін...

    4 слайд

    Ақпараттың объектіні қажетті дәлдікпен бейнелеуге қабілетті болуы керектігін білдіретін қасиеті
    нақтылық (достоверность)
    Ақпарат нақты болмаса ол қате түсініледі немесе қате шешім қабылдауға әкеледі. Нақты ақпараттың белгілі бір уақыт өткен соң нақты болмай қалу мүмкіндігі бар
    Ақпараттың қасиеттері
    Ақпараттың қолдану кезіне дейін құндылық дәрежесін сақтау қабілеттілігін білдіретін қасиеті
    өзектілік (актуальность)
    Ақпаратта қолданушының дұрыс шешім қабылдауына жеткілікті ең аз мәліметтің болуы керектігін білдіретін қасиеті
    толықтылық (полнота)
    Ақпаратта мәліметтің аз немесе тым көп болуы шешім қабылдауға кедергі жасауы немесе қателесуге әкелуі мүмкін
    қол жетерлік
    тұрақтылық
    дер кезілік
    дәлдік
    түсініктілік
    құндылық
    Ақпараттың оны қолданушының қабылдау деңгейіне сәйкес келуі керектігін, яғни білім дейгейінің ескерілуі керектігін, білдіретін қасиеті
    Келіп жеткен ақпараттың объектінің нақты жағдайына жақын дәрежеде болуы керектігін білдіретін қасиеті
    Бастапқы деректердің өзгерісін қажетті ділдікті бұзбай сезіну қабілеттілігі
    Есепті шешуде маңыздылығын және болашақта қолдану мүмкіндігінің дәрежесін білдіретін қасиеті
    Ақпараттың қажетті уақыттан кеш түспеуі керектігін білдіретін қасиеті
    Ақпарат қажетті уақыттан ерте түссе оның түсінікті болмауы мүмкін, ал кеш түсуі дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді
    Ақпараттың қолданушының қарым-қатынас жасай алатын тілінде берілуі керектігін білдіретін қасиеті
    Ақпаратты қолданушы пайдалана алмайды, егер ақпарат
    ол түсінетін тілде берілмесе, мысалы қазақша ғана түсінушіге жапон тілінде берілсе;
    оның білім дәрежесінен жоғары болса, мысалы орта білімдіге жоғары білім түрінде берілсе;
    оған қажетті болмаса, тағысын тағы сондай.
    Осы себептерден ақпарат белгілібір қасиеттерге ие болуы керек.
    Ақпарат құнды және хабар әкеледі деп есептеледі, егер одан кездейсоқ сипаттағы, яғни кенеттен болуы мүмкін, уақиғаның орындалуы жөнінде білінетін болса.
    Ақпараттық шындылығы, жаңалықтылығы және пайдалылығы информатикада қарастырылмайды және оларды бағалау көрсеткіштері анықталмайды.
    Enter
    тиегін
    шерт

  • Ақпарат алуға болады :Enter 
тиегін 
шерт

    5 слайд

    Ақпарат алуға болады :
    Enter
    тиегін
    шерт

  • ұйқыдан тұра салысыментерезеден қарағандаәңгімелескендеТелевизор қарағандаГаз...

    6 слайд

    ұйқыдан тұра салысымен
    терезеден қарағанда
    әңгімелескенде
    Телевизор қарағанда
    Газет, журнал, кітап оқығанда
    Enter тиегін шерт

  • және  тағы  басқа  жағдайларда.Enter  тиегін шерт

    7 слайд

    және тағы басқа жағдайларда.
    Enter тиегін шерт

  • Ақпаратты нөл мен бір сандарының жиынтығы түрінде көрсету екілік кодтау де...

    8 слайд

    Ақпаратты нөл мен бір сандарының жиынтығы түрінде көрсету екілік кодтау деп аталады.
    Ақпаратты келісілген белгілердің реттелген жиынтығы түрінде көрсету ақпаратты кодтау деп аталады.
    Компьютерлерде ақпаратты кодтаудың осы түрі қолданылады.
    Екілік кодтауда әр белгіні (әріп, сан, тыныс және математикалық белгілер, бос орын, т.б.) нөл мен бірдің кезектескен 8 орынды жиынтығымен көрсетуге келісілген:
    00000000
    00000001
    00000011
    . . . . . . . .
    00001001
    . . . . . . . .
    10101001
    . . . . . . . .
    11111111

    Осындай жиынтық көмегімен 256 белгіні көрсетуге болады.
    Мысалы
    Әріп Код
    А латынша - 01000001
    а латынша - 01100001
    А орысша - 10000000
    а орысша - 10100000
    Мәліметтерді ЭЕМ-на енгізу
    Enter тиегін шерт

  • Ақпаратты өлшеу үшін үлкен бірліктер қолданылады:

1 килобайт (1 Кбайт)  = 10...

    9 слайд

    Ақпаратты өлшеу үшін үлкен бірліктер қолданылады:

    1 килобайт (1 Кбайт) = 1024 байт = 210 байт = 213 бит
    Ақпаратты өлшеу. Ақпараттың өлшем бірліктері.
    1 мегобайт (1 Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт = 223 бит
    1 гигабайт (1 Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт = 233 бит
    Аяқталуының тек қана екі бірдей мүмкіндігі бар уақиға жөніндегі мәліметтің сандық шамасы ақпараттың өлшем бірлігіне, 1 битке, тең болады.
    Ақпараттың өлшем бірлігі ретінде 1 битті алуды Клод Шеннон ұсынды. Бит, ағылшын тілінде bit – binary digit – екілік сан деген сөздің қысқартылған түрі.
    Символдарды кодтауда қолданылатын нөл мен бірдің әрқайсысындағы ақпарат шамасы 1 битке тең деп есептеледі.
    8 бит = 1 байт = 23 бит
    00000000= 8 бит = 1 байт
    00010001= 8 бит = 1 байт
    00011001= 8 бит = 1 байт
    01000000= 8 бит = 1 байт
    01001000= 8 бит = 1 байт
    1 терабайт (1 Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт = 243 бит
    1 петабайт (1 Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт = 253 бит
    Әрбір әріпке, санға, тыныс және математикалық белгіге, бос орынға және басқадай жеке символға 1 байт ақпарат шамасы сәйкес келеді
    Ақпарат
    Мен СММУі студентімін
    “Мен СММУі студентімін”
    “ Мен СММУі студентімін ”
    Ақпарат көлемі
    21 байт = 168 бит
    23 байт = 184 бит
    25 байт = 200 бит
    Ақпаратты өңдеу және тарату жылдамдығы бит/с-пен өлшенеді.
    Enter тиегін шерт

  • Ақпарат  магниттік дискте файл түрінде сақталады.
Файл – дисктегі ақпарат жаз...

    10 слайд

    Ақпарат магниттік дискте файл түрінде сақталады.
    Файл – дисктегі ақпарат жазылып есімделген аумақ.
    Файл көрсетіледі:
    есімімен,
    кеңейтуімен,
    ақпараттық (хабарлық) көлемімен,
    құрылған күнімен және уақытымен.
    Кеңейту файлдағы ақпарат түрін білдіреді.
    Кеңейту :
    .com - қолдануға дайын бағдарлама; .ехе - қолдануға дайын бағдарлама; .pas - Паскаль тілінде дайындалған бағдарлама; .с - Си тілінде дайындалған бағдарлама; .for - Фортран тілінде дайындалған бағдарлама; .bas - Бейсик тілінде дайындалған бағдарлама; .txt - Лексикон тәріздес мәтіндік редакторда дайындалған құжат; .doc - Microsoft Word мәтіндік редакторында дайындалған құжат; .xls - Microsoft Excel кестелік процессорында дайындалған құжат; .ppt - Microsoft PowerPointта дайындалған презентация; .jpg, .bmp – графикалық редакторларда дайындалған құжат; .mdb - Microsoft Accessте дайындалған деректер қоры.
    Ақпаратты электрондық есептеу машиналарында сақтау.
    Enter тиегін шерт

  • АВСCDEВСAСBAВAСDEСEСDСEDme.comautoexic.batAkus.txtАқпаратты электрондық есепт...

    11 слайд

    АВС
    CDE
    ВС
    A
    С
    BA
    В
    A
    С
    DE
    С
    E
    С
    D
    С
    ED
    me.com
    autoexic.bat
    Akus.txt
    Ақпаратты электрондық есептеу машиналарында сақтау.
    2- деңгейлік тізімше
    Түп тізімше – қүжат сақталатын диск
    1- деңгейлік тізімше
    Файлдар (құжаттар) белгілі бір тәртіппен тізімшелерде сақталады.
    Тізімше - файлдар есімдері жазылып сақталатын диск аумағы.
    Дисктің өзі түп тізімше деп аталады.
    Түп тізімшеде тек қана бірінші деңгейлік тізімшелер құрылады.
    Бірінші деңгейлік тізімшеде тек қана екінші деңгейлік тізімшелер құруға болады.
    Екінші деңгейлік тізімшеде үшінші деңгейлік тізімше құрылады, тағысын тағы сол сыяқты.
    Сонымен әр тізімшеде файлдар және келесі деңгейлі тізімшелер сақталады.
    Файлдарды осылай сақтау әдісі иерархиялық-бұтақты әдіс делінеді.
    Enter тиегін шерт

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 417 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2015 1347
    • PPTX 355.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимкулова Дамира Коктеубаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18833
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 193 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 977 человек

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 70 человек

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе