Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация по казахскому языку на тему "Казахские национальные игры"

Презентация по казахскому языку на тему "Казахские национальные игры"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация по казахскому языку на тему "Казахские национальные игры""

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Қазақтың ұлттық ойындары

    1 слайд

    Қазақтың ұлттық ойындары

  • Алдымен кез-келген орамалды түйiп-туйiп доп тәpiздec етiп алындар. Бip бал...

    2 слайд

    Алдымен кез-келген орамалды түйiп-туйiп доп тәpiздec етiп алындар. Бip бала ортада тұрады, қалғандарың оны қоршап тұрасындар. Сыртта тұрған бiреуiңнiң қолында түйiлген орамал болады. Берiлген белгiден кейiн ортада тұрған бала осы орамалды сендердiң қолдарыңнан алып қоюға әректенедi. Ал, сендер бip-бipiңe лақтырып, қашып, ортадағы балаға түйiлген орамалды бермеуге тырысуларың керек. Орамалды берiп қойған бала ортадада жүрген баламен орнан алмастырады.
    Түйiлген орамал

  • Оқтау тартыс     Бұл ойынды ойнау үшiн де ортаға екi бала шығады. Алдымен же...

    3 слайд

    Оқтау тартыс

    Бұл ойынды ойнау үшiн де ортаға екi бала шығады. Алдымен жерге сызық сызындар және сол сызықтың екi жағына тұрындар. Ендi
    оқтаудың екi ұшынан ұстап тартындар. Қайсысың сызықтан өтсең, жеңiлесiң. Ал, күшiң басым болып тартып алғаның жеңiске жетесiң.

  • Хан алшы     Ойынға 5-10 балаға дейiн қатыса бередi. Асық көп болу керек. Кө...

    4 слайд

    Хан алшы

    Ойынға 5-10 балаға дейiн қатыса бередi. Асық көп болу керек. Көп асықтың ишiнен үлкенiрек бipeyiн қызыл түске бояңдар. Осы асық «хан» болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап алыңдар. Осы бала асықтың бәрi ұысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жiбередi. Сендер «ханның» қалай түскенiң байқап отырындар. Егер «хан» бүк, шiк, тәйкi, түссе, ойын бастаушы ба­ла «ханның» түсуiне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегi арқылы сұқ, саусағымен итереыршытып бipiнe-бipiн дәлдей отырып тигiзедi. Тигiзген асықтарды өзiне алады.

  • Осы арада «ханды» тек ең соңғы өзi сияқты жатқан асықпен атып алуға болаты...

    5 слайд

    Осы арада «ханды» тек ең соңғы өзi сияқты жатқан асықпен атып алуға болатынын үмытпағандарың жөн. Ойын бастаушы басқа асықтарға қолымен не асықпен тиiп кетсе, ойынды келесi бала жүргiзедi. Ал, егер «хан» алшысынан тұрса, «ханды» әрқайсысың өз қолдарыңа түcipуге әрекеттенiңдер. «Хан» кiмнiң қолына түссе, сол бала жеңiске жетедi. Ойынды да сол жеңген бала бастайды.

  • Омпы       Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды «Омпы» дейдi. Омпы ой...

    6 слайд

    Омпы

    Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды «Омпы» дейдi. Омпы ойынына 2-10 балаға дейiн қатыса берулерiңе болады. Ара қашықтығы 10-20 адым (қалауларың бойынша) жерге екi көмбе сызыңдар. Әрқайсысың көмбенiң тең ортасына белгiленген сызық бойындағы көнге екi асықтан тiгiндер. Ортасына бip асықты омпысынан тұрғызыңдар. Көмбедегi сызық бойына кезекке тұрып, қолдарыңдағы сақаларыңмен көнге тiлiнген асықтарды атып түсiрулерiң керек. Атып алған асықтарың өздерiңде қалады. Егер омпыға тигiзсендер, көндегi барлық асықтарды аласындар. Неғұрлым көп асық ұтып алғандарың жеңiске жетесiңдер.

  • Ойынға екi бала қатысады. Бipeyiң сақанды иiрiп, екiншiң сол сақаны атыңдар...

    7 слайд

    Ойынға екi бала қатысады. Бipeyiң сақанды иiрiп, екiншiң сол сақаны атыңдар. Егер сақаға тигiзсендер, аткан бала сол жерден сақасы жатқан жерге дейiн екiншi баланы көтерiп апарады. Бiрiңнiң сақанды бiрiн, атып, екеуi алдыға қарай жылжи берiңдер. Ойынды қанша ойнасаңдар да өз ерiктерiнде.
    Атбақыл (Көтерiспек)

  • Ортаға екi бала шығыңдар. Бiр-бiрлерiне арқаларынды тipeп тұрып қолдарынды...

    8 слайд

    Ортаға екi бала шығыңдар. Бiр-бiрлерiне арқаларынды тipeп тұрып қолдарынды шынтақтастырыңдар. Жүргiзушiнiң белгiсiнен кейiн жерден қайсысың бұрын екiншiндi көтерiп алсыдар, ұткаң болып есептелесiндер.

    Көтермек
    Жеңiске жеткендерiң ортада қалып, келесi боламен сайысқа түсесiндер. Соңғы жеңiпаз анықталғанда, ойын осылай жалғасы бередi.

  • Тақия тастамақ
   Ойынға бiрнеше бала қатысады. Балалар, шеңбер жасап отырынд...

    9 слайд

    Тақия тастамақ

    Ойынға бiрнеше бала қатысады. Балалар, шеңбер жасап отырындар. Жүргiзушi шеңбердiң сыртын айнала жүгiрiп журiп, бiреулерiңнiң артыңа бiлдiртпей тақияны тастап кетедi. Егер сезiп қойсандар, жүргiзушiнi қуып жетулерiң керек.
    Ал, жүргiзушы құған баланың орнына келiп тұра қалуға тырысады. Жүргiзушiге жете алмаған бала айыбын төлейдi, өнер көрсетедi.

  • Айгөлек
Балалар, тендей екi топқа бөлiнiңдер. Араларың 20-30 қадамдай аралықт...

    10 слайд

    Айгөлек
    Балалар, тендей екi топқа бөлiнiңдер. Араларың 20-30 қадамдай аралықта бiр-бiрлерiңе қарама-қарсы қарап, қол ұстасып тұрыңдар. Бipiншi топ:

  • Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзi дөңгелек.
Ақ, терек пен көк терек,
Шауып алды...

    11 слайд

    Айгөлек-ау, айгөлек,
    Айдың жүзi дөңгелек.
    Ақ, терек пен көк терек,
    Шауып алдым бәйтерек.
    Ақ терек, көк терек,
    Бiзден сiзге кiм керек? - деп хормен сұрайды.
    Екiншi топ:
    Айгөлек-ау, айгөлек,
    Айдың жузi дөңгелек.
    Ақ терек пен көк терек,
    Шауып алдым бәйтерек.
    Ақ терек, көк терек,
    Анау тұрған ... (6ip баланьң аты) керек!

  • - деп хормен жауап бередi. Аты аталған бала жүгiрген күйi барып, қарсы топты...

    12 слайд

    - деп хормен жауап бередi. Аты аталған бала жүгiрген күйi барып, қарсы топтың ұстасып тұрган қолдарын узып өтуi керек. Егер үзiп өтсе, сол балалардың бipiң өзiмен бipгe алып қайтады, үзе алмаса, өзi сол топта қалады. Ойынның соңында қай топтың балалары көп болса, осы топ жеңiмпаз болып есептелiнедi.

  • Ұлттық ойын. Қазақтың ауыл балалары ойнайды. Олар ұл-қыз аралас жасанды а...

    13 слайд

    Ұлттық ойын. Қазақтың ауыл балалары ойнайды. Олар ұл-қыз аралас жасанды аланда ойнайды. Екі топқа бөлініп, қарсы қарай тұрып ойнайды. Келісім бойьшша бір топтың басшысы: "Ақ серек, көк серек, мұнан сізге кім керек?" дейді. Оған қарсы топтан біреуі: "Ай көлек, ай көлек, айдың жүзі дөңгелек, деп қарсы жақтың бір адамын атайды. Ол қолын жайып тұрған қарсы жаққа келіп, өзін қуьш жете алмайды-ау деген әлжуаз біреуінің алақанына ұрады да қаша жөнеледі. Ол қуады. Қуғыншы жетсе, қашушыны өз тобына қосып алады. Куғыншы жете алмаса, тұтқыңдар үшін арнаулы сызылған шеңбер жерге барып отырады. Осылай ойын жалғасып, жеңімпаз топ айқыңдалады.
    Көк серек.

  • Қазақ ауылдарында ойналатын ұлттық ойын. Мал түлігіне негізделген ойын. О...

    14 слайд

    Қазақ ауылдарында ойналатын ұлттық ойын. Мал түлігіне негізделген ойын. Ойынға қатысушылар қатарласып, малдасын құрып отырысады. Бір ойыншы көк сиыр міндетін атқарады. Бұзауы оң жақ шетте отырады. Көк сиыр ойнаушылар алдына келіп: "Бұзауымды жоғалтып алдым, көргендерің бар ма? — деп сүрайды. Ойынға қатысушылар: "Қасқыр, ит-құс жеп кеткен, сүтіңді бермей сүзгенді шығардың аулақ жүр" — деседі. Көк сиыр қайтадан келіп әртүрлі нәрселер сұрай бастайды. Онда: "балам жоқ, киім тігер инем жоқ" деген сияқты тағысьш тағы дүниелерді сұрайды. Ойыншылар бұзауды айпайды. Алайда көк сиырға дүниелер береді. Сиыр кеткен соң, артынан бұзауы барады. Бұзауды сиыр "іздегенде табылмай қойғансың" деп қабылдамайды. Бұзау теріс қарап тұрады. Көк сиыр ойыншылардан алған заттарды иелеріне қайтарады. Бұзау ана заттың иесі ән салады, анау дүниенің иесі би билейді, күй шертеді деп "жазалайды".
    Көк сиыр.

  • Қазақтың көшпелі тіршілік тынысынан, ауылдық жүйеден туыңдаған ойын. Ауы...

    15 слайд

    Қазақтың көшпелі тіршілік тынысынан, ауылдық жүйеден туыңдаған ойын. Ауыл маңайындағы таза жасаң жерге ауыл балалары жиналып ойнайды. Ойынға оннан, отызға дейін ойыншылардың қатыса беруіне болады. Ойын, ойнаушыпар дөңгеленіп, шеңбер бойынша, немесе, қарама қарсы қарасып отырысады. Ойын жүргізуші біреу болады. Ол қосарланып, "қос болып" отырған екеуге келіп: "Көршіңмен татусың ба?" — деп сүрайды. Егер сұрақ қойылған қостың біреуі: — Көршіммен аразбын — десе онда, ойын жүргізуші, оның қасыңдағы көршісiн тұрғызып, соның орынына өзі отырады. Бұл "жаман көршіден" азат ету шарасы. Орнынан тұрған "жаман көрші", ойын жүргізушінің міндетін атқарып, келесі екі қосқа келіп, өлгі сұрақты қайталайды. Ал егер ойыншы, "көршіммен татумын" десе, көршісін жібергісі келмесе, онда сұрақ қоюшы оны "қыспақтайды". Ол, ән сап, би билеп өнер көрсетеді. Осындай "ақы төлеп", өнерімен көршісін алып қалады. Бұл "көрші қақысын" өтеп атқандағысы. Ал, өн айға алмай, көршісін алып қалатын өнері жоқ болса, өзі орнын ойын жүргізушіге береді. Осылай ол ойынды жалғап жүргізеді. Бұл ойынның негізгі мағынасы ауыл балаларын "көршіні құрметеу, сыйлау" дәстүріне тәрбиелеу болып табылады.
    Көрші ойыны

  • Қазақтың көп ұлттық ойындарының бірі "күзет" ойыны. Күзет ойнының да түрі...

    16 слайд

    Қазақтың көп ұлттық ойындарының бірі "күзет" ойыны. Күзет ойнының да түрі көп. Күзет ойнын ойнаушылар ортаға екі ойыншыны шығарады. Олардың кезін орамалмен орай байлайды. Екі ойыншы қарама қарсы тұрып, қолдарын созып ұстасып тұрысады. Оларды "қақпа күзетшілері", "есік күзетшілері" деп есептейді. Ойыншылар ойьшша, олар қамал, қорған, хан сарайы сияқты өте "қалаулы" жерлердің күзетшілері деп есептелінеді. Ойынның тәртібі бойынша ойынға қатысушылар бір-бірлеп ете ақырын, еппен "екі күзетшінің" қолдары астынан, олардың денелеріне денелерін тигізбей өтіп кетулері шарт. Күзетшілер оларды мұқият қадағалайды. Күзетшілер сыртынан айналып кетуге ойын тәртібі ұйғармайды. Олай етілсе, ойыншы ойыннан шығарылады. Күзетшлерден өтіп, кеткен ойыншылар "құтылады". Ал, ұсталып қалған ойыншы "тұтылып" айып жүктеп, өнер көрсетеді. Бұл ойын балаларды қырағылыққа, ептілікке тәрбиелейді. Бұл ойынды "күзетшілер", "күзетшілік", "қарауыл", "сақшы" тағы басқадайдеп атап ойнай береді. Күзет ойынына ұқсас "көпір" деп аталатын ойын да болады. Оның ереже шарты да "күзет" ойынымен бірдей. Қарсы қарап қолдарының ұштарын тиістіріп тұрған, көздері байлаулы екі ойыншыны "көпір" деп атайды. Одан балалар білдірмей өтулері керек. Күзет ойнындағыдай шарт қойылады. Ойын да солай жүргізіледі.
    Күзет-көпiр

  • Кім көп ұпай жинайды.  Қазақтың асық ойнының бір түрі. Ұпайға байланысты жаңа...

    17 слайд

    Кім көп ұпай жинайды.
    Қазақтың асық ойнының бір түрі. Ұпайға байланысты жаңарған түрі. Ойын басталар алдында ойыншылар, асықтарды иірген кезде өрбір "түскен асықты" жеке-жеке бағалап ұпай береді. Мысалы алшы түссе 150 ұпай немесе 15 ұпай, бүге мен шіге түссе әрбіреуіне 80 ұпайдан, немесе 8 ұпайдан, тәйкі түссе 100 немесе 10 ұпай, ал егер төрт асығы /көбінде төрт асық иіреді/, төрт түрлі яғни төрт түлік мал түссе /алшы-ат, төйкі-түйе, бүге-қой, шіге-ешкі/ оңда 200 яғни ең көп үпай /немесе 20 ұпай/ алады. Осылай жүздік жүйемен ойнаса алшы 150, тейкі 100, бүге 80, шіге 80, төртеуі бірдей түссе 200 ұпаймен, ал ондық болса 15, 10, 8,20 деген сияқты келісіп, ұпайларын қосып, біреуі көп ұпаймен ұтады. Одақпен ойнауға да болады. Бұл ойынның негізі бақ сынасу болмақ. Жеңуді асықтың түсуі шешеді.

  • Ұжымақ-Тозақ     Қазақтың дәстүрлі ойныньщ бірі, "ұжымақ-тозақ" ойыны. Бұл ой...

    18 слайд

    Ұжымақ-Тозақ
    Қазақтың дәстүрлі ойныньщ бірі, "ұжымақ-тозақ" ойыны. Бұл ойын діни қағида, уағызға негізделген ойын. Ойынға негізінен алты кісі қатысады. Оның біреуі "кемпір", келесісі ойын жүргізуші, қалған төртеуі ойынға қатысушылар болмақ. Ойын шарты бойынша ойын жүргізуші сырты бірдей екі тасты алады да, жерге қатарластырып қойып, "о дүниеге кетіп бара жатқан кемпірдің көзін, шүберекпен байлап" тастарға әкеп бірін таңдап ал" — дейді. Кемпір бір тасты алады. Ойын жүргізуші кемпірдің алған тасына қарай "ұжымақ пен тозақтың" қайсысының тасы екенін айқындайды. Соған сай "төрт" ойыншыға, кемпірдің "жан алғыш жазалаушысы" болдырып, кемпірді жазалауды бұйырады. Олар кемпірдің екі қол, екі аяғынан ұстап керіп, тербете әндетеді. Олар:
    —Алдың ор, артыңда ор,
    Ортасында қыл көпір.
    Оңыңда от, солында су,
    Өтсең кеттің, өтпесең қалдың — деп, ал ұжымақтасты алған болса,
    — Жақсылығың жанында,
    Адалдығын алдында,
    Бара жатқан жағында,
    Көрер қызық алдында - деп оны тұрғызады. Осылай кезектесіп, ойынға қатысушылар "кемпір" болып ойнайды. Бұл ойынның басқадай да түрлері бар.

  • Үй артында қол ағаш.    Қазақ балаларының үлтгық ойыны. Ойын ауыл жанында, ке...

    19 слайд

    Үй артында қол ағаш.
    Қазақ балаларының үлтгық ойыны. Ойын ауыл жанында, кең жазық жерде өгкізіледі. Ойынды ойын басқарушы жүргізеді. Ойынға қатысушылар өз ара қолдарынан ұстасып, "жанды шеңбер" жасайды. Ойыншыдан біреуін "қасқыр" деп атайды. Ол / қасқыр/:
    Үй артында қол ағаш
    Жел бау тарттым есік аш — деп айтады. Қасқырды ойыншылар "дөңгелек" ішіне кіргізбейді. Ол кіруге әрекеттеніп, ақыры бір ойыншының арқасынан белбеуімен "бопсалап" ұрып, белбеуін тастай қашады. Белбеуді ойыншы ала сала жалма жан, қасқырды қуады, қуып жетіл ұрса "қасқыр" қалпынша қалады, ал қасқыр дөңгеленіп тұрған ойыншыларды айнала жүгіріп, келіп белбеу тиген ойыншьшың орынына тұра қалса, "қуғыншы" қасқыр міңдегін атқарады. Ойыншы куғыншыға бірнеше рет жеткізбей құтылып кеткен ойыншылар жеңіске жетеді. Бұл ойынның да, өр жерлерде ер түрлі кездеседі. Алайда мағынасы, ойнау шарт, тәртібі негіздес келеді.

  • Үйімнің үстіңдегі кім?Казақтың дәстүрлі ойыны. Ойынға онға дейінгі ойыншы қат...

    20 слайд

    Үйімнің үстіңдегі кім?
    Казақтың дәстүрлі ойыны. Ойынға онға дейінгі ойыншы қатыса беруге болады. Ойыншылар жұдырықтарын бірінің жұдырығы үстіне кезектесіп қояды. Жұдырықтар қабаттасып өрлей түседі. Ең үстіңгі жұдырық астындағы қол иесі:
    Үйімнің үстіндегі кім?
    Мұсамын
    Неғып жүрсің?
    Ұшамын
    Тезірек үш.
    Қорқамым
    Кейінірек үш.
    Асығамым
    Сейріп түс.
    Жығыламын
    Астындағы не?
    Келі
    Ішіндегі не?
    Тары
    Жүзің неден сары?
    Жас шіркінің кәрі

  • Осы сөз айтылған соң ойыншылардың бөрі: — Атты жымпи, көжеңді іште тымпи...

    21 слайд

    Осы сөз айтылған соң ойыншылардың бөрі: — Атты жымпи, көжеңді іште тымпи! — деп қолдарын тез тартып ала қояды, да тым-тырыс бола қалады. Кім бұрын күлсе сол "айыпқа" қалады. Өнер көрсетеді. Немесе ұпай төлейді. Ұпай төлеудің тәртібі:
    Біреуі күлген ойнаушының алақанын жазып қолын ұстап отырып: - Кімнің үйіне қондың? — деп сүрайды. Ол ең "шағын басты" бір үйдің атын атайды. Мысалға "Әсет" . Ұпай алушы бала:
    —Әсет атам ет асатар,
    Ет асатса бес асатар,
    Есбай етті неше асатар,
    Бесбай етті неше асатар? — деп тез-тез бес рет айтып шық! — деп бұйырады. Ойынаушы жаңылтпашты жаңылмай айтса, құтылады, айта алмаса ұтылады. Мұндайда ұтылушыға "ет асатар" өдеті жүріледі. Ол үшін ойын бастаушы, жеңілген кісшің алақанын қаттырақ шымшиды. "Ет асату" шымшу. Үйдегі кісі саны бойынша "ет асап" алайын деп шымшып алады. Әлгі "Әсет" атайдың үйіндегі кісі саны бойынша "ет асатылады". Осылай ойын жүргізе береді. Ойын төзімділікке, қырағылыққа баулиды.

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.12.2015 2203
    • PPTX 7.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейтказина Бакытгул Сейтбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21218
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе