Инфоурок Литература Научные работыПрофессор М.М. Тілеужанов мұрасы

Профессор М.М. Тілеужанов мұрасы

Скачать материал

Рухани жаңғыру және Мәтжан Тілеужанов мұрасы

 

Елбасымыздың: «рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі плюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Менің халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деген тілгені білім ордамызда есімі алтын әріппен жазылған ф.ғ.д., профессор, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы М.Тілеужанов рухани жаңғыруды шәкірттерімен жинап бастап, бүгінгі жасқа мұра етіп қалдырды. Мәтжан Максимұлының әдебиеттану саласына қосқан еңбектерінің мәні зор. Жылдар бойы ауыз әдебиеті, қазақ әдебиетіндегі сатира мен юмор жанрларында зерттеу жүргізіп, 250-ден астам ғылыми проблемалық мақала жазып, шешілмей жүрген шиеленістердің шешімін тапқан. Ғалымның ғылыми қызметтерін халық арасынан жинақтаған шығармалардан тұратын «Дала арулары», «Дала мұңы», «Дала даусы», «Сырым Датұлы тұралы» еңбектері дәлелдейді.

Мәтжан Максимұлы көзі тірісінде өз қайратымен жарыққа шығарып кеткен: «Астарлы әзіл», «Ел әдебиеті», «Халық тағылымы» атты монографиялық, ғылыми публицистикалық еңбектері, сонымен қоса қазақ әдебиетін оқыту мәселелеріне арнаған қилы тақырыптағы «ХХ ғ. Қазақ әдебиетіндегі сатиралық шығармалардың көркемдік иірімдер», «Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі юморды оқыту жөніндегі методикалық ұсыныс», «Махамбет Өтемісов творчествосы туралы қосымша материалдар», «Сатира мен юморды мектепте оқытудың кейбір мәселелері», биыл туғанына 275 жыл толған «Сырым Датұлы және оның шешендік сөздері», «Қазақтың халықтық педагогикасының кейбір мәселелері», «Термелер» деп аталатын еңбектері ғалымның қажырлы еңбегінің жемісі.

Мәтжан Максимұлы қазақ философиясы, психологиясы, жаратылыстану мен экономикасының ерекшеліктерін ашып, ұлтымыздың саналы өсіп жетілуі кезеңдерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, объективті тарихи уақыт пен кеңістіктегі ұлттық үлесімізді мойындатумен бірге, осы салаларды күйттеп жүрген зерттеуші ғалымдарға тосыннан ой тастап, тіпті пікір таластыра алатын білікті ғалым болды. Мәселен, ғалым жоқтауды орындау кезінде халық психикасы айрықша көрінісін «бұл арада дос пен қас жоқ, ақ пен қара қосылып кетеді, зұлымдық омырылып адалдықтың алдында бас июге мәжбүр, ел арасындағы кикілжін мінездер арасы жақындасады, жымдасып, ар жағы достыққа айналады» – деп көрсетеді.

Мәтжан Тілеужанов халық ауыз үлгілерін жинастырып қана қоймай, оларға анықтама беріп, сырын, мәнін аша түсті.  «Қазақ тілінің түсіндірме» сөздігінде «жоқтауға – дауыс қылу деп те айтылады, қазақ халқының әдеп-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше айтылады» [1, 435 б.] деп анықтама берсе, ғалым «Дала мұңы» еңбегінде  жоқтау жанры – шындыққа дәл сәйкестігімен айқындалады, бағаланады, оның табиғаты да, талғамымызға жауап берерлік (эстетикалық) қасиеті де осында деп көрсетеді. Жоқтаулардың табиғаты сол жоқтаулар орындалып жатқанда ғана белгілі болатыны айқын, ал ел ардақтылары туралы біреудің біреуге шығарып бергені дәл жанр табиғатына сай келе бермейді. Оны теория айқындай жатар, жоқтау – жұртшылықтың нәзік сезімін арқау ету, сенімін күшейту  дейді [2, 5 б.]. Жоқтау табиғаты жайлы сөз болғанда жидашының  мына бір мысалын айтпай кетуге болмайды. Жоғары дәрежелі білімі бар, «Дала мұңы» жинағына енген №1 жоқтаудың шын иесі Шалқар ауданында тұратын Іңкәр деген азаматша. Ол азаматша Үсенов Оңдасынның туған жеңгесі, ағасы опат болғанда табанда орындаған, оған қабырғасы қайыспаған жан болмаған. Іңкәрдің егіле жоқтауы ешкімді де бейқам тастамай, бәрін де еңіреткен. Ғалым осы жоқтауды соңынан 10-15 жыл өткесін жаздырып алған, жоқтаудың соңғы жазылуы – жоқтау табиғатынан айрылып, немесе, оның мән-мағынасы бұрынғыдан едәуір кеміт қалған. Жоқтау айтушы да тап сол кездегі өкінішті сезінгендей айта алмады, бұл – бір.  Екінші, өзімен қатарлас бір интеллигенттің әңгімесін келтіріп: «Менің Челябіден жоғары мектептегі бітірген балам қайтыс болғанда, үш күн есімнен танып жатыппын. Үшінші күні жеңгем келіп жоқтау айтқаннан кейін ғана есім кіріп, баланы жөнелту жағдайына кірісіпті, – мені сол жоқтау зары емдеді, жынданып кетуден сақтады, міне жоқтаудың емдік, сезімге орасан әсер етерлік күші осы», – деп ойлаймын дегені барды. Міне, жоқтау табиғаты – емдік, жақындастыру, татулық т.б.

Сонымен қатар, қоштасу өлеңдерінде жинастырып, «жоқтау жанрынан бөлек мағынада айтылса да, қоштасулар соңын жалғасы сияқты, екеуің жақындастыратын мотив – қайғылы жағдай, қоштасуда сөз болатын мәселелер: өлер алдында елімен, жақын туыстарымен, бала-шағасымен  бақылдасуы, жастық шағымен қоштасуы т.б.»  [2, 7 б.] деп жазады. Автор фольклор жанрларын саралай келе қоштасулардың мән-мақсаты ұзатылған қыздың елі-жұрты, құрбы-құрдастарымен қоштасуы, немесе, теңіне бара алмай, малға сатылуы, ата-анасына зары жылау мен сыңсуға айналады.  Сонда жылау мен сыңсу мәні, мағынасы жағынан жоқтау, қоштасу өлеңдерімен қабыса  шығады, олардың негізгі мотив – қайғы, зар екендігін көрсетеді.

Мәтжан ағай тек жырларға ғана көңіл бөлмей. Батыс аймаққа рухты, тарихта ең ұзақ көтерілісімен есте қалған Сырым батыр туралы аңыздарды жинастырып,  «Сырым батыр туралы тарихтағы қалыптасқан пікірлер – рухани байлығымызға әсерін тигізбей қоймағандығын, «Реакцияшыл қозғалыс» – деп тарихшылар қақсап қоймағасын, Сырымның еңбегі едәуірге дейін еленбей келді, шешендік сөздеріне мән берілмеді. Әрбір адамның халық алдында жасаған жақсылығы болады, кейінгі ұрпақтар ондай азаматтардың тарихи рольдерін олардың жасаған істеріне қарап, айтқан сөздеріне қарап анықтап отырған. Ал, артына дым қалдырмаған адам халық жадынан тез шығады, тарих оны іле-шала ұмытады. Ұзақ уақыт Сырымды халқымыздың есінен шығармау себебі – оның дана сөздері жадында берік орнауында.  «Бала-шағамызға Аманкелді, Исатай, Махамбет, Бауыржан деп есім беріп жатқанда, Сырым есімі шығантоғайда бір кездесіп қалып жүрді. Тіпті керемет, ділмәр ақымыз Қ. Мырзалиев те қазақтың шоқ жұлдыздары туралы ағыл-тегіл өлең жазса да, Сырым сияқты аса талантты жерлесі туралы жұмған аузын ашпады»[3, 6 б.] – деп өкініш білдіреді. Шынымен де, бүгінгі таңда Сырым батыр туралы аңыздардан басқа мұра қалмаған. Сырымның сыры кетпеген сырлы сөздері қазақ совет әдебиетімен ұштасты, дәстүр жалғасты, ақиқат пен шындық бүкіл тұла бойымен көрінді. Сырым туралы халық пікірі міне, осындай.

Ғалым Абайдың ғибраты және рух өнегесі жайында да сөзқозғады. Абай күйзелісінің, Абай азабының өзі – ғибрат, өнеге, үлгі. «Қазақ тағылымы» кітабында ғалым Абай жайын тереңнен түсіндірген. Сонымен қатар, «ақын жазушыларымыз – көне замандағы жыршыжырауларымыз сияқты, халқымыздың әр кезеңдердегі ақылойы, қорғанышы, қолдаушысы, жан серігі, халық тағдыры, талант иелері, талапты, ынталы халық пікірін жөнге салып, соны заман талабына сай жариялап отырушылар, жариялағанда әбден үйлесімді түрде, халық көкейіне сай ой еңбегінің тарланбоздары. Олардың туындыары әр түрлі салада баяндалып, өз халқының турмыссалтын, кәсіптіршілігін, өнері мен сан алуан әдепғұрыптарын егжей тегжейлі суреттеп, алдан күткен арман тілектерін барынша баяндайды. Өткен тарихын еске түсіріп, оның бай тәжірибесінен кейінгі үлгі өнеге алатындай етіп суреттейді.» деп ақын жазушылардың өнегесіне тоқталып кеткен.

Тағы бір зерттеген өзекті мәселелерінің бірі – қазақ халқының ұрпақ туралы ойлары. Халық санақтарына көз жіберсек, қазақ халқы бірде өсу, бірде төмендеу жағдайында қалып келеді, жалпы алғанда осы өсу жоғарлауынан гөрі төмендеуі көбірек байқалады. Барлық болашағын ұрпағына арнап, сол арқылы әулет, үрім бұтақ жалғастырып отырған қазақ халық ауыз әдебиетінде:

«Алты баласы бардың арманы бар ма?

Бес баласы бардың теңдік алмай қалғаны бар ма?

Төрт баласы бардың сөзінің жалғаны бар ма?

Үш баласы бардың әлім, берім аласы бар ма?

Кеудесінде өкпе, бауыр жалы бар,

Екі баласы бардың шақ қана қалі бар.

Бір баласы бардың шығар шықпас қана жаны бар.

Баласы жоқтың қандай сәні бар?!» (М.Тілеужанов жинағынан). Сы ұлағатты сөзде қаншама ой бар, қаншама арман, қаншама философия бар. Баласы көп болған сайын, әулет басы шыншыл, әділетті болады, жалған сөйлеп, жалтармайды, балалардың тәлім тәрбиесін ойлаған әке ұрпағы алдында өтірік ұрлық жасамай, тәубесін, ақтығын, пәктігін ойлайды екен. Ал баласы жоқтың қандай сәні бар деп, бала ұрпақ, ел сәні, азамат көркі, адам мәні дейді. Байқар болсақ, ғалым тек қана ырым нанымнан бөлек, қоғамдық мәселелерді де көтере білген. Бір қызығы М.Т. жинақтарында бүгінгі күннің проблемаларын анық көреміз.

Өз ойымызды ғалымның мына сөздерімен түйіндегіміз келеді: «Ауыз әдебиетіміз тек тіл үйрену үшін ғана керек пе екен, оны ой еңбегінің жемісі деп қарайтын кезең туды. Ауыз әдебиеті халқымыздың орасан зор рухани байлығының қайнар көзі, халық ойы, ақылы, даналығы. Ауыз әдебиетіміз – біздің оқып үйренген мектебіміз! Әрі қарай да солай болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.      Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2014. – 782 б.

2.     М.Тілеужанов. «Дала мұңы». «Рауан» баспасы, 1990 – 98 б.

3.     М. Тілеужанов «Сырым батыр туралы», Орал, 1990

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Профессор М.М. Тілеужанов мұрасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 360 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Конспект урока литературы в 11 классе по теме «М.И.Цветаева. Этапы жизни и творчества. Своеобразие поэтического стиля.»
  • Учебник: «Литература. Учебник в 2 частях», Под ред. Журавлева В.П.
  • Тема: Русская литература начала XX века (Л. А. Смирнова)
Рейтинг: 5 из 5
  • 16.12.2017
  • 5518
  • 109
«Литература. Учебник в 2 частях», Под ред. Журавлева В.П.
Анализ текста на уроках литературы как способ подготовки к сдаче ЕГЭ по русскому языку и литературе ( на материале повести А.С.Пушкина «Станционный смотритель»
  • Учебник: «Литература. Учебник в 2 частях», Под ред. Журавлева В.П.
  • Тема: Анализ художественного текста (Н. М. Шанский)
  • 15.12.2017
  • 1065
  • 3
«Литература. Учебник в 2 частях», Под ред. Журавлева В.П.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.12.2017 1393
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амангелді Ермахан . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Амангелді Ермахан
    Амангелді Ермахан
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84882
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы писательского мастерства: жанр, сюжет, средства художественной выразительности

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Производство сыра: технологии производства сырного продукта

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые инструменты и безопасность в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Транспорт в экономике: роль, взаимодействие и потенциал

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 587 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 243 человека