Инфоурок Информатика Конспекты"Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары"

"Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары"

Скачать материал

Пәні: Информатика

Күні:

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар.

Мультимедиялық презеньациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары.

Сабақтың мақсаты:

білімділік:

·        программа интерфейсінің негізгі элементтері; Power Point қолданбалы программасын баптау және оны іске қосу, слайд түсінігі мен оның мәні туралы түсінікті, программаны практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

·        презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;

·        слайдтың макетін өзгерту, слайдтың фонын құру, эффектілерді өзгерту, безендірудің қаріптік және түсті схемасы, презентацияны сақтау алгоритмі және шаблондарды қолдану;

·        слайдтың макетін таңдау және шаблондарды қолдану арқылы жаңа слайд қоса білу;

дамытушылық:

·      оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

·      танымдық қызығушылықтары мен пәнге деген сүйіспеншіліктерін пәндік аймақтағы программалық өнімдерді қолдану арқылы дамыт.

тәрбиелік:

·      презентация құру үшін аталған программаны меңгерту және оны қолданудың қажеттілігіне көз жеткізу;

·      жаңа білімді алуға, қызығушылыққа және байқампаздыққа тәрбиелеу;

·      ақыл-ой, қиял, жад, эстетикалық талғамға тәрбиелеу;

·      оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.           

Программалық-дидактиклық жабдықталуы: дербес компьютер, Microsoft Word 2010  мәтіндік процессор, презентация үлгілері.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Сабақтың өзектілігі:

Ақпаратты, сөз сөйлеу, баяндама немесе қандай да бір нысан мен танысуды көрнекі түрде көрсетудің бір түрі презентация болып табылады.

Мұғалімнің сұрақтары:

1.      Жарнама не үшін керек?

2.      Жарнама құрудың қандай түрлері сендерге белгілі?

3.      Жарнамаға қандай талаптар қойылады?

Презентация мен жарнама түсінігі бір-біріне ұқсас. Олардың екеуі де белгілі бір талаптарға жауап береді. Жарнама мен презентацияның талаптарын анықтау.

1.      Презентация сөзін қалай түсінесің?

2.      Презентация қандай болу керек?

3.      Презентацияны не үшін құрады?

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Microsoft Power Point 2010 интерфейсін оқыту. Microsoft Word 2010 мәтіндік процессор терезесінің негізгі элементтерін қайталаудан бастау.

Microsoft Power Point презентациясының әр слайды көрсетілім кезінде әсер ететін қасиеттеріне ие:

·      Слайдтың саны;

·      Слайдтың орналасуы (слайдта тақырыпшалардың мәтіннің және нысанның орналасуы);

·      Безендіру шаблоны (слайд дизайны);

·      Слайдтан слайдқа көшу эффектісі.

Слайд жасау технологиясын қарастыру:

Ø Макетін таңдап, жаңа слайд құру;

Ø Слайдтың фонын құру;

Ø Қаріпті өзгерту;

Ø Эффектісін өзгерту;

Ø Жаңа слайдты қосу;

Ø Слайдтың бірізділігін өзгерту;

Ø Презентацияны сақтау.

Microsoft Power Point-та Құру (Создать) терезесінде жаңа презентацияны бірнеше тәсілдермен құруға болады:

1.    Шаблондар негізінде:

·      бос (жаңа презентацияны құру үшін) және соңғы қолданған шаблонмен;

·      орнатылған шаблондар;

·      орнатылған тақырыптар;

·      менің шаблондарым;

·      қолда бар құжатпен.

2.    Microsoft Online негізінде:

·      дайын презентациялар;

·      безендіру мен слайдтар шаблоны;

·      диаграммалар, күнтізбелер және т.б.

Microsoft Power Point презентациясын құру процесі жалпы безендіру ретінде, жаңа слайдты ішіндегісімен қосу, слайдтың орналасуы, слайдты безендіруге қажетті өзгерту, түсті схеманы өзгерту, түрлі безендіру шаблондарын қолдану және слайдты көрсету кезіндегі анимация эффектісін және сондай эффектілерді құру сияқты әрекеттерден тұрады. Microsoft Power Point-тың стандартты шаблондарынан басқа өздігінен құрылған шаблондарды қолдануға болады.

       Оқулықтан слайдтың безендірілу критерийлерін оқушылармен бірге талқылау:

·        Жалпы дизайні – презентацияны дұрыс безендіру, эстетика талаптарына жауап береді, дизайні презентация мазмұнына сай келеді.  

·        Стилі – презентациядан алшақтап кетпеу керек.

·        Түсі – бір слайдта 3 түстен артық түс болмау керек (фонға бір түс, тақырыбына бір түс, мәтініне бір түс):

-         фоны мен мәтініне қарама-қарсы түстерді қолданыңдар;

-         алдыңғы және соңғы гиперсілтеме түсінің ерекшеліктері болуы керек. Анимациялық эффектілер – назарды слайдтағы ақпараттан басқаға аудармау үшін керек.

·        Қаріптер:

-         тақырыптар үшін – 24-тен аз емес;

-         ақпарат үшін – 18-ден аз емес.

·        Фоны – графикалық элементпен сәйкес келу керек.

IV Жаңа білімді қорытындылау.

Компьютердегі тәжірибелік жұмысты орындау.

Өздерің осы және келесі бірнеше сабақ бойы жұмыс істейтін тұсаукесер құру үшін тақырып таңдап алыңдар. Осы тақырып бойынша тұсаукесер құрыңдар.

V Үй тапсырмасы.

Тақырыпты оқып келу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 172 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.04.2016 940
    • DOCX 49.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдабаева Жансая Шаяхметқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Молдабаева Жансая Шаяхметқызы
    Молдабаева Жансая Шаяхметқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 12882
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 190 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 973 человека

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 611 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 965 человек

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек