Инфоурок Школьному психологу Рабочие программыПсихологиялық тренинг "Мамандық таңдау маңызды іс"

Психологиялық тренинг "Мамандық таңдау маңызды іс"

Скачать материал

Тренинг  тақырыбы:  «Мамандық  таңдау  маңызды  іс»

Сабақтың  мақсаты:

·        Оқушылардың мамандық таңдауытуралы ойларын кеңейту, нығайту.Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру.

·        Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай рухта тәрбиелеу

·        Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру. Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай алуын дамыту

Сабақтың  түрі:  Кездесу  сабақ

Сабақтың  әдісі:пікірлесу, сұхбаттасу

Сабақтың  көрнекілігі:Нақыл  сөздер

1.     «Білім -  бақтың  жібермейтін  қазығы,

Білімсіз  бақ - әлдекімнің  азығы»

2.     «Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін  тап та бар қалан...»   Абай Қ.

3.     «Қазақстан  өздерің  сияқты  жас  мемлекет, біздің  болашағымыз  да жастар...»  Н.Ә.Назарбаев

4.     Оқушылар орналасуының картасы.

5.     Мектеп түлегінің  моделі

6.     Бейне таспа

Сабақтың  барысы:

       І.   Ұйымдастыру  кезеңі.

            Сабақтың  тақырыбы мен мақсатын айтып, оқушылардың  зейінін сабаққа аудару.        

       Оқушылардыөз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтуға    шақырылған қонақтармен таныстырып, қонақтарды ортаға шақыру. 

       ІІ. «Болмасаң да  ұқсап  бақ ...»

            Шақырылған қонақтармен сұхбат (Сұхбатты  мұғалім жүргізеді)

Бүгінгі  әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады  деп ойлаймыз. Ендеше қонақтарымызға сөз кезегін берейік. Алғашқы сұрағымыз:

1.     Сіз өз мамандығыңызды  қашан  таңдадыңыз?

2.     Мамандық таңдауда неге сүйендіңіз?

3.     Мамандық  таңдауда  сізге  ықпал  болды ма? Кімдердің ықпалы көбірек болды?

4.     Өз балаңыздың мамандық таңдауына ықпалыңыз бар ма?

5.     Жақсы маман болу үшін сіздің ойыңызша не қажет?

6.     Таңдаған мамандығыңызды өзгерткен кезіңіз болды ма? Не себепті таңдауды өзгерттіңіз?

7.      Біздің оқушыларға мамандық таңдау туралы қандай ақыл-кеңес айтасыз?

8.   Адамның өз мамандығына қанағаттануы дегенді қалай түсінесіз?

  Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.

1.     Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?                        

2.     Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?                

3.     Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?             

4.     Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?                                       

ІІІ. «Сен  қай  мамандықты  таңдадың?»    Оқушылармен  сұхбат.

      Құрметті  жас  дос!

      Сен өз келешегіңді таңдау алдында  тұрсың!

      Осы жолды бастар алдындағы негізгі міндетің мамандық таңдау. Ендеше

1.     Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесің?Мамандық таңдау не үшін керек?

2.     Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін ең әуелі не керек?

3.     Мамандық таңдауды қалай қабылдайсың? Қорқынышты ма?

4.     Өзіңді мамандықтар әлемінде табу дегенді қалай түсінесің?

5.     Дұрыс таңдалмаған мамандық немесе мамандық таңдауда кездесетін қателіктердің келешекте қандай әсері болады  деп ойлайсың?

6.     Мамандық  таңдау  сеніңше  қалай  орындалады? А және В нұсқасы ұсынылады.

7.     Өз таңдаған  мамандығыңның  адамға  қояр талаптары мен оқу шарттары туралы білесің бе?

(жабық  сауалнама )

Нәтижесінде:

5 оқушысы, яғни 75%-ы   ”толық хабардармын”,

2 оқушысы, яғни 10%-ы    ”аз ғана хабардармын”,

3 оқушысы, яғни 15%-ы    “ хабарым жоқ”.

 

  ІV.  Оқушылардың  орналасу картасының  жобасын көрсету.

      Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет,сондықтан біздің болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер  сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп  өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек!Ендеше мамандықты дұрыс

таңдай алатын мектеп түлегінің моделі қандай болу керек деп  ойлайсыңдар?

      Мектеп түлегінің моделі :

·        ӨЗІНЕ  СЕНІМІН   АРТТЫРУ

·        ӨЗ ЖҰМЫСЫН  ҰЙЫМДАСТЫРА  БІЛУ

·        ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ  БОЛУ

·        ӨЗІН- ӨЗІ   ОҚЫТУҒА   БЕЙІМДІ

·        ҰЖЫМҒА  ӨЗ  ҮЛЕСІН  ҚОСУШЫ

·        ПІКІРТАЛАСТА  ӨЗ  ОЙЫН  БІЛІП  ӨЗ ОРЫНЫН  ҚОРҒАЙ  АЛАТЫН

·        ТӘЖРИБЕДЕН  ӨЗІНЕ  ПАЙДАЛЫСЫН  АЛА  АЛАТЫН

·        ПРОБЛЕМАСЫН  ШЕШЕ  АЛАТЫН

·        ӨЗ БЕТІМЕН ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАЙ  АЛАТЫН  ТҰЛҒА БОЛУ ШАРТ

    V. Оқушыларға  ескерту  ережелер:

       Өз  болашағың  өзіңнің  қолыңда! Ендеше  өз болашағыңды анықтауда мына        ережелер назарыңда болсын:

·        Мамандық  таңдауда оның сырт келбетіне назар аударып қана қоймай, мүмкіндігінше  қалаған мамандығың жөнінде көбірек білуге тырыс.

·        Өмірлік  жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істегеуді игергенің аса пайдалы.

    Мектептегі  оқу  пәндері-  нақты  мамандық  емес  екендігін  есіңде  сақта!

  Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген ойдан  аулақ  бол!

 Сен  үшін  өзіңнің  қолыңнан келетін істі  мамандық  етіп  таңдаған пайдалы  екенін есіңде  ұста!

  “Жақсы адам”- бұл мамандық емес.Егер саған бір адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деген қортынды жасауға болмайды.

 Заман  ағымына қарай кейбір  мамандықтар ескіріп, оның  орнын  басқа мамандықтар басып   жатыр.Сондықтан қосалқы таңдаған мамандығың болуы шарт

Мүмкіндігіңше өзіңнің таңдаған мамандығыңның өз денсаулығыңа сай келетін- келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның дұрыс!

    Өзіңмен алдын –ала психологиялық зерттеу жүргізбей –ақ , нық қадам жасап таңдай  беруге болатын бірде бір мамандықтың жоқ Өзіңмен алдын –ала психологиялық зерттеу жүргізбей –ақ , нық қадам жасап таңдай  беруге болатын бірде бір мамандықтың жоқ  екендігін есіңде  сақта!

          VІ. Сабақты  қорытындылау. Қонақтардың  пікірлерімен  және мұғалімнің қортынды  сөзімен:«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев  айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, бұл кездесу  оқушылардың болашақта  өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне  сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріне өз таңдауларын жасауға үлкен септігі тиеді деп ойлаймыз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Психологиялық тренинг "Мамандық таңдау маңызды іс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 202 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.11.2015 8481
    • DOCX 40.5 кбайт
    • 47 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекжанова Назира Пазылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекжанова Назира Пазылбековна
    Бекжанова Назира Пазылбековна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28686
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Психологическая консультация и реабилитация в спорте

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы медицинской психологии в деятельности педагога-психолога

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 186 человек

Курс повышения квалификации

Основы детской патопсихологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека