Инфоурок Классному руководителю ПрезентацииРазработка и презентация классного часа на тему"Таза болса деніміз,Сұлу болып өсеміз"

Разработка и презентация классного часа на тему"Таза болса деніміз,Сұлу болып өсеміз"

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Сабақтың тақырыбы.docx

Сабақтың тақырыбы: Таза болса деніміз,

                                            Сұлу болып өсеміз!

 Мақсаты: Балалардың жеке бас гегиенасы,тазалық,денсаулық туралы ұғымдарын кеңейту. Оларды жинақылыққа,ұқыптылыққа үйрету.Тазалықтың пайдасын суреттер арқылы көрсетіп,ой-өрісін дамыту.
Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, сөйлесу, іздендіру.

Сабақ көрнекілігі :  интерактивті тақта

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар,қане орынымыздан тұрып, келген апайлармен амандасайық. Жарайсыңдар енді шаттық шеңберіне тұрайық

Шаттық шеңбері.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннен жылу алайық.
Жүрекке жылу салайық.
Жиналған жылы шуақты,
Бір-бірімізге сыйлайық.

Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

Топқа бөлу;

Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы». Олай болса, құрметті оқушылар бүгінгі біздің  тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Таза болса деніміз, Сұлу болып өсеміз!». Бүгінгі тәрбие сағатымызда  сіздер жеке бас гегиенасы,тазалық,                     денсаулық туралы көптеген анықтамалар алып, сұрақтарға жауап іздеп, өз ойларыңызды бөлісесіздер

Денсаулық сөзінің мағынасын ашқызу. 
Д- ДҰРЫС ДЕМ АЛУ. 
Е-ЕРІНБЕУ 
Н- НИЕТТЕНУ.
 
С-СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУ.
 
А-АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРУ.
 
У-УАҚЫТТЫ ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ.
 
Л-ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУ.
 
Ы- ЫНТА-ЫҚЫЛАС АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ.
 
Қ- ҚОЗҒАЛЫС АҒЗАНЫ ШЫНЫҚТЫРАДЫ

Топтарға тапсырма:

Сөзден сөз шығару «Тазалық,денсаулық»сөзіндегі әріптерді пайдалана отырып сөздер құрастыру

Ойын «Жақсы-жаман»
-Балалар,мен тақпақтар оқимын.Егер жақсы бала туралы болса,қолдарыңды шапалақтайсыңдар.Егер жаман бала жөнінде болса көздеріңді жұмасыңдар.
    1.Шашымды тарадым.
       Айнаға қарадым.
        Ерте тұрдым ұйқымнан.
        Мен бақшаға барамын.
    2.Анау бала,бетін қара.
        Жуынбапты масқара.!
        Тырнағы өскен,шашы көптен
         Алынбапты масқара!
    3.  Мен кішкентай баламын.
         Айтқан тілді аламын.
         Көмектесем анама,
         Үйді жинап қоямын.
    4.  Тұрысбектің түрін-ай.
          Көйлегінің кірін-ай.
          Жейдесі мен шалбары.
          Бірі балшық,бірі лай.

“Жағдаятты талдау”
1 жағдаят
: Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол « Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

-Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

2-жағжаят:

Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

- Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?

3 жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

Сергіту сәті  "Дені саудың - жаны сау" қимыл-қозғалыс ойындары
1.
Қасқырдан қорқып, қашып келе жатқан қоянның қимылын көрсетіңіз. 1 мин
2. Балға тойып алған аюдың аралардан қашуын көрсетіңіз. 1 мин
3. Иесі тамақ әкеле жатқан күшіктің қимылын көрсетіңіңз
. 1 мин

Тапсырмалар орындау

 "Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ"
Басты байлық – денсаулық.
Бабам айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
Дені саудың- жаны сау.
Денсаулық сенің байлығың.
Мықты болсаң досым ау
Жуымас саған қайғы мұң
  деп топтарға шығармашылық тапсырмалар беру.

 

1-топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.

2-топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.

3-топ:
…………………………………………жанымыз,
………………………………………….әніміз,
……………………………………………….
……………………………………………сәніміз.

 

Сендер сөйлемді аяқтауларың керек. Сонымен, 
Тісті ................... (күніне екі рет жуу керек) 
Үнемі ............... жуу керек. (үнемі беті-қолды, құлақ пен мойынды, таңертең ұйқыдан тұрған соң, әжетханаға кіріп шыққан соң жуу керек) 
Жуылмаған ......... жемеу керек (жеміс-жидек, көкөністі) 
Тамақтанып отырғанда
.....................( сөйлеспеу) керек. 
Бір мезгілде ..
................................................... (ұйықтап, ұйқыдан тұрып, тамақтанып, сабаққа дайындалып, серуендеу керек) 

Төмендегі сөздерді қандай сөздермен тіркестіруге болатындығын көрсет. түнгі                                          пайдалы

ұйықтау                                     ұйқы

жақсы                                        денсаулық

уақытымен                                зиян

дұрыс тамақтану                       серуендеу  

 Берілген сөздерді кестеге толтыр.

Арақ ішу, темекі тарту, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, дұрыс киіну, есірткі пайдалану, уақытымен ұйықтау. 

 Пайдалы нәрселер

 Зиянды нәрселер

 

 

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.Халықта «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар, бұл  бекер айтылмаған. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Әр баланың жеке басының тазалығына мұқият болуы-оның болашақ өмірінің алтын діңгегі. Үнемі таза жүру біздің міндетіміз.Таза жүріп, таза ауамен жиі дем алсақ деніміз сау болады.

Хормен: Жадыраған Күндейміз!

Жайнап өскен Гүлдейміз!

Тұнық таза Ауамыз!

Жадыраған Сумыз біз!

Ауадай тұнық, судай жадырап өсіңдер деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

1Жуынып болғанда 
Жүреді қолдарда (орамал)
2 Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе (айна)
3 Қалтамда жатыр тісі бар
Тістемей –ақ істер ісі бар (тарақ)
4 Қант та емес,ұн да емес.
Ұқсастық бар ептеген.
Тістің бәрін аппақ қып,
Тигізеді септігін. (тіс пастасы)
5 Арқалығы сүйектен,
Жапсырылған қылы бар.
Тістен көрсе кірлерді,
Тұра алмайтын жыны бар. (тіс щеткасы)
6 Жылпылдап қолда тұрмайды,
Ақ көбік боп зырлайды.
Кір қоқысқа жаны қас,
Түк қалдырмай қырнайды. (сабын)
7 Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі де жоқ. (су) 


 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка и презентация классного часа на тему"Таза болса деніміз,Сұлу болып өсеміз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Таза болса деніміз, Сұлу болып өсеміз!.pptx

Скачать материал "Разработка и презентация классного часа на тему"Таза болса деніміз,Сұлу болып өсеміз""

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Таза болса деніміз,Сұлу болып өсеміз!

    1 слайд

    Таза болса деніміз,
    Сұлу болып өсеміз!

  • «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықт...

    2 слайд

    «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы».
    С.А.Назарбаева

  • 3 слайд

  • 1. Денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қол...

    4 слайд

    1. Денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.

    2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.

    3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар.
    («Мың бір хадистен»)

  • Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған ек...

    5 слайд

    Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш - жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.
    Лұқпан хакімнің қалдырған жеті өсиеті бар.
    Біріншісі - ерте тұру.
    Екіншісі - орта тазалығын сақтау.
    Үшіншісі - дене шынықтыру.
    Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.
    Бесіншісі - үнемі сергек жүру.
    Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.
    Жетіншісі - көп ұйықтап жалқау болмау

  • 6 слайд

  • 7 слайд

  • Адам денсаулығына жақын достар

    8 слайд

    Адам денсаулығына жақын достар

  • 9 слайд

  • Ойын «Жақсы,жаман»Шашымды тарадым.       Айнаға қарадым.        Ерте тұрдым...

    10 слайд

    Ойын «Жақсы,жаман»
    Шашымды тарадым.
           Айнаға қарадым.
            Ерте тұрдым ұйқымнан.
            Мен бақшаға барамын.
            
     Мен кішкентай баламын.
             Айтқан тілді аламын.
             Көмектесем анама,
             Үйді жинап қоямын.
        .
        Анау бала,бетін қара.
        Жуынбапты масқара.!
       Тырнағы өскен,шашы көптен
             Алынбапты масқара!
        
        Тұрысбектің түрін-ай.
              Көйлегінің кірін-ай.
              Жейдесі мен шалбары.
              Бірі балшық,бірі лай.

  • Жағдаятты талдау 1 жағдаят: Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық»...

    11 слайд

    Жағдаятты талдау
     1 жағдаят: Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол « Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
    -Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
    .
        .
      2-жағдаят:
    Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.
    - Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?

        
        
    3 жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

  • "Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ"            1-топ:…………………баламыз,……………………...

    12 слайд

    "Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ"
     
      
        
        
    1-топ:
    …………………баламыз,
    …………………….аламыз.
    ……………………………………………………….санамыз
    2-топ:
    ……………………………………күлеміз,
    …………………………………….жүреміз,
    …………………………………………….
    ……………………………………сүреміз
    3-топ:
    …………………………………жанымыз,
    …………………………………….әніміз,
    …………………………………………….………………………………………сәніміз.

  •            Жадыраған Күндейміз!


Жайнап өскен Гүлдейміз!

Тұнық таза Ауам...

    13 слайд


     
      
        
        
    Жадыраған Күндейміз!


    Жайнап өскен Гүлдейміз!

    Тұнық таза Ауамыз!

    Жадыраған Сумыз біз!

  •            Назарларыңызға рахмет!

    14 слайд

     
      
        
        
    Назарларыңызға рахмет!

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 936 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2018 2880
    • RAR 2.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем ЕРАЛИЕВА САЛТАНАТ БЕКТУРСЫНОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20852
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 124 человека

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе