Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Другое КонспектыРазработка на тему "М.Мақатаев - біздің мақтанышымыз"

Разработка на тему "М.Мақатаев - біздің мақтанышымыз"

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

МАХМУД ҚАШҒАРИ АТЫНДАҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ МЕКТЕП –ЛИЦЕЙІ

hello_html_m2b9b14ac.jpg

Тақырыбы:

«М.Мақатаев-біздің мақтанышымыз»





Мұғалім:С.Радженова


hello_html_m1bcc8a1.jpg

«Мұқағали Мақатаев – біздің мақтанышымы!» атты әдеби – сазды кеш

Мақсаты:қазақ жырының қара бурасы атанған М. Мақатаевтың өмірі мен шығар- машылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, жатқа оқыту.

Білімділік:оқушыларды қазақ ақыны, біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстыра отырып, ақын Мұқағалиды шексіз сүюге, жас буынды поэзия нәрімен сусындату, ақынның өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Дамытушылық: оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеуге тілін дамыту, өлең оқуға, логикалық ойлау қабілетін, сана-сезімін дамыту.

Тәрбиелік:Отанды,туған жерді суюге, ақын жырларынан үлгі алуға, оқушыларды поэзияны сүйе отырып, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, мультипроектор, бүктеме, қабырға газеті, кітап көр-

месі, слайд.

1- жүргізуші:Келді бүгін ажал сұмның кезегі,

Өрт боп жанды өлең – жырдың өзегі.

Ақпай қалды ағып жатқан бұрқырап,

Жетісудың тағы да бір өзені.

2- жүргізуші:Армысыздар,қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Ғасырлартоғысында «Ғасыр ақыны» боп танылған қазақтың ақыны, Алатаудың Хантәңірі шыңынан түлеп ұшқан мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл

85 жыл.

1- жүргізуші: бүгін артына өшпес мұра қалдырған сөнбес жұлдыз, болмысы кесек, табиғаты бөлек, қасиетті қар саз топырағынан нәр алған ақиық ақынның тойы

2- жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ерекше ақынымыз. Қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Мұқағали - біздің мақтанышымыз!» атты әдеби сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз!

1- жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып,өлең - жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, ерекше тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз біл-сек, біріміз білмейміз. Олай болса қыран тағдырлы ақын Мұқағали өмір жолына барлау жасайық.

1- оқушы:Шабыты келгенде жанартаудай атқылаған ақын жаны поэзиямен егіз жаратылғандай... Жабырқаған жанға қуат берер асқақ та нәзік жырдың иесі Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9- ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданының Қарасаз аулында дүниеге келді.

2- оқушы:Сахна төрінде бесік тербетіп жас ана отырады. Сахна сыртынан Мұқағалидың «Жас ана» өлеңі оқылады. hello_html_6c846fc5.jpg



3 - оқушы:Ақынның шын есімі –Мұқамедқали, кейін оны еркелетіп Мұқағали атап кеткен. Ол әжесі Тиын, әкесі Сүлеймен, анасы Нағиманның отбасындағы тұңғыш бала еді. Өзінен кейін үш інісі мен қарындасы болды. Алайда үлкен інісі мен қарындасы жастайынан шетінеп кетті. Мұқағали он жасқа келгенде әкесі соғысқа аттанып, балалық шағы сұрапыл соғыспен тұспа – тұс келді. Мұқағалидың алғашқы өлеңдері де соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған еді. Үш ай бойы хабарсыз кеткен әкесін ойлап жабырқап жүрген бала Мұқағали бір күні сабақтан келісімен дәптерін-дегі өлеңін әжесі мен анасына оқып береді.

4 - оқушы: «Әке» Өлеңі

5 - оқушы:Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жаңа біткен жалбызы еді.

Мінеки, көп ай болды, хабары жоқ,

Біз- дағы әкемізге зармыз енді, --деп келетін мұңды өлең бала көкірегін жарып шыққан алғашқы өлеңдерінің бірі еді. Ел басына күн туған зобалаң шақта соғысқа аттанған Сүлеймен 29 жасында Калининград майданында ерлікпен қаза тапты. Әкеге деген мәңгілік мұңды сағыныш есейген шақта да ақын жүрегінен жыр болып төгілетін.

2-жүргізуші: Иә, соғыстан қайтпай қалған боздақтарға, азаматын майданға шығарып салып, олардың орнын жоқтатпаған, соғыс ауыртпалығын қайыспай көтерген қарттар мен аяулы аналарға, әпкелерге арналған көптеген өлең - жырларыақын шығармалары- ның мұңды парақтары іспеттес. «Әке аманаты», «Күзетші», «Беташар» сынды өлең-дерді оқығанда ешкім де бей - жай қалмасы анық.

6 - оқушы өлең: «Әке аманаты»

1- жүргізуші: Өлең –менің бар танысым,

Жақсы сөзім –жаны игі халқым үшін.

Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып,

Біреулерден жүргем жоқ арту үшін.

Ойлы жас!

Өлең –менің сырласымдай,

Сырлассам да құмарым жүр басылмай.

Айтып өткен ақында арман бар ма,

Жүрегінің түбіне кір жасырмай.

Сахналық көрініс: Мұқағали:

Мұқағали: Бұл жыл да өтті. Жырмен басталған жыл жырмен аяқталды. Күйбеңмен, азаппен өткен өлі күндерді қойшы. Жырсыз өткен күндер –мен үшін өлі күндер. Тәңірдің бұл алданышты қиғанына да құлдық. Поэзия болмаса қайтер едім?!

7 - оқушы: Поэзия

8 - оқушы: Ақын 1962 жылы отбасымен Алматыға көшіп келеді. Үйі болмай, ақын Тайыр Жароковтың үйінде тұрады. Осы жылдары ақынның 6-сыныпта оқитын тұңғы- шы, қызы Майгүл мектепке барар жолда жол апатынан қайтыс болады. Мезгілсіз сол- ған гүлі ақын жүрегін қатты жаралады. Бірде студенттермен кездесуде «Ағай, өлең оқыңызшы» деген өтінішке Мұқаң: « Адамның ең үлкен бақыты – бала ғой.Басқаның

-- бәрі пендешілік. Бала – гүл емес пе? – деп дауысы дірілдеп шығады.

Өмірмен ерте қоштасқан ботақаным Майгүлге арнаған өлеңім бар еді. Май айы да келе жатыр. Ол да май айында туған. Папасын сағынып жатқан шығар балапаным»

деп « Қызым менің, гүлім менің, аяулым» деп басталатын атақты өлеңін оқыған екен.

Өлеңдер: «Май гүлі»

«Майгүлге»

9 - оқушы : Ақынды тәрбиелеген –әжесі Тиын. Келіндері оны «Мысқал әже»деп атаған екен. «Мені сөзге, жырға үйір еткен, елді, халықты сүюге үйреткен –әжем. Мен ұлы әжеме қарыздармын» деген екен ақын. Әжесі Мұқағали үйленгеннен соң екі жылдан кейін қайтыс болды. Ақын 1975 жылы әжесіне арнаған «Сөнбейді, әже, шырағың» атты өлеңін жазды. Ал анасы Нағиман апа жасы тоқсанға келіп, 1993 жылы Алматыда қайтыс болды. Ақын анасына арнап «Шеше, сен бақыттысың», «Ескіәнді, шеше, қозғама», «Анашым» т.б. өлеңдерін жазды.

өлеңдер: « Сөнбейді, әже, шырағың»

«Анама»

2-жүргізуші:Табиғат жайлы, көктем жайлыкөңілдің әрқилыәуен ыңғайын аңғартар,ойлы мұңды, қасіретті жырлар Мұқағалида баршылық.

1-жүргізуші: Иә, сырлы сезімді суреттеудің сұлтаны Мұқағали өлеңдерінен өмірге, ата- анаға, бауырға,табиғатқа деген махаббатты көре аламыз.

Өлеңдер: «Аякөз ару», «Ғашықпын», « Не сыйлайды, не береді келер күн?»

«Сені аңсаймын»

2- жүргізуші: Поэзияның Хантәңірі Мұқағалидың өмір атты ұлы майданда торыққан сәті де, қуанған кезі де, адасқан тұсы да болды. Соның бәрі өрттей ыстық өлең болып өрілгенін, жыр болып төгілгенін білеміз.

10 - оқушы: 4- «В» сынып Шакирова Севинч

1- жүргізуші: Ақын өліммен күресіп, ажалмен алысқан сәттерінің өзінде «сылдыраған» сөз бен «құлдыраған» мұңның қорығында тұншықпайды.Жанымен беріле сырласып, баға жетпес туындылары дүниеге келді.

Көрініс: Ортаға Мұқағали мен дәрігер шығады. hello_html_3eb03c99.jpg

Оқушы: «Ей, өмір», «Соқ жүрек, солқылда ми, таси қаным...»

«Емханада» өлеңдері оқылады.

4- «А» Давлат Рустамханов

Өлең: «Өмір сүрейік алмасып»

«Барлығы да сендердікі»

2- жүргізуші: Мұқағали мінсіз – поэзияның нағыз жасаушысы. Тәңірдің өзі жасағандай Мұқағалижырлары – поэзияның сұлуы әрі тереңі, шексіз мұхиты, соққан желі, қара дауылы, семірсең мейірің қанбайтын мөлдір бұлақ, тіліңді үйіретін

шәрбат, жан рахаты.

1- жүргізуші: Поэзия әлемінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, із қалдырғанМұқағали – күллі қазақ халқының мақтанышы. Сондықтан да «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңдіешкім» деп адамның ішкі жан дүниесінің нәзік сезімдерін, оның күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелей білген ақын өлеңдері –мәңгілік қазына.

« Сырым да осы,

Жырым да осы

Алдыңда.

Байқашы бір

Бықсыдым ба, жандым ба?

Мақаңдар жоқ,

Мақаңдардың сарқыты

Мұқағали Мақатаев, бар мұнда!» - деп ендігі кезекте

Мұқаң туралы ірі тұлғалардың айтқан сөздеріне құлақ түрейік

Би «Қара жорға» hello_html_2280a333.jpg

2- жүргізуші: Мұқағали –ұлтын, елін, туған жерін бар жанымен сүйе білген ақын. Ол асқан шабытпен, шеберлікпен еліне, халқына арнап «Үш бақытым», «Отаным», «Елім барда, «Қайран Қарасазым», Туған жер сағындырды» т. б. өлеңдерін жазды.

Өлеңдер: «Бәрін де қойшы», «Елім барда», «Айхай далам», «Өкінбеймін»

1- жүргізуші: Мұқағали – өз тағдырын өзі таңдаған ақын. Соның арқасында ол ұрпақты – ұрпаққа, дәуірді дәуірге , ғасырды ғасырларға жалғар, қазақ өлеңінің әлем алдындағы мерейін үстем етер таңғажайып ұлы жырлыр жаратты Ол өз кезеңінің өрті мен дертін, өз заманының күнгейі мен көлеңкесін жырлауда нағыз ұлт ақындары ғанашығар ұлы биікке көтерілді.

Жүргізуші: «Мұқағалидың тыңдамалысын шығарамыз деу –қате, өйткені онда таң -

далмалыға жатпайтын жай өлең жоқ» деген екен бір сыншы. Бұдан артық теңеу жоқ!Ал ендігі кезекті Мұқағали ағамыздың өз дауысымен айтқан өлеңдеріне кезек берсек.


2- жүргізуші: « Жалғастырдың жалғасы» саналар жас ұрпақ Мұқағали әлемінің шуағына оранып, жауынына бүгінгі кеште шомылған болатын. Ақиық ақынымызды қанша жырласақ та қасиетті жырларының мәніне жете алмаймыз.

Жүргізуші: Мен тартпаған қазақтың дастарқаны

Маған ылғи түсімде асқартады.

Мойын созып көктегі лашын мені

Мен көрмеген, мен көрмеген қазақтың асқар тауы.

Өлеңдер: « Отан», «Достық»

Ән: 4-«В» сынып оқушысы Сардор Мадиханов орындауында «Қазақ жері» hello_html_m767059a9.jpg

1- жүргізуші: Жырыңнан табатындай халық бағын,

Өнердің шырқауында қалықтадың.

Шықса Ілияс Ақсудан Құлагер боп,

Қарасаздан қыран боп қалықтадың.

Аққу –жыр қиялыңда қалықтаған,

Жыр бесігін тербеуден жалықпаған.

Арызыңды болашаққа жазып кеткен

Атар таң аманат қып алып қалған.

2- жүргізуші:

Көрініп тұр көңілге келіспесі,

Арылмаған тірлігің аза, мұңнан.

Дүниенің пенде емес, періштесі

Жайлап қайтты өмірділ8ң базарынан.

Жылап қайттың өмірден, жылатқан кім?

Жасын едің жалт еткен жанда бөтен.

Бақилыққа бардың да тұрақтандың,

Поэзияң іздеген сонда ма екен?!


1- жүргізуші: Өзіңменен сырласып отырамын,

Құдіретті жырыңмен, өлең – өнер.

Сені жапқан қара жер топырағын

Аршып- аршып тастағым келе берер.

2- жүргізуші: Көңіл қалды сен өмірден кеткен сәттен,

Мен сол күнді қасіретке санар ем.

Сен күтпедің, ағажан, әттең, әттең,

Ат мінгізіп, жібек шапан жабар ем.

1- жүргізуші: Кешті қорытындылау үшін оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Асенова Жаннат апайға сөз кезегін береміз. hello_html_734525ef.jpg

2- жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Қош, сау болыңыздар!


Қорытынды;Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәліметке ие болды.Өлеңдерін мәнерлеп жат алды,рөлге кіріп көрініс қойды,ән шырқады.Ақын мұрасы,маржан поэзиясы мәңгілік,болашақ ұрпақтың еншісі,қастерлеп қадірлейтін қазынасы. hello_html_m53e683cf.jpg

























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 495 466 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2016 1556
    • DOCX 2.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Радженова Санабар Шахобитдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Пожаловаться на материал
  • Автор материала

    • На сайте: 5 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3925
    • Всего материалов: 3