Инфоурок Литература Другие методич. материалыРазработка по казахскому языку на тему "Абайдың қара сөздері" (10класс)

Разработка по казахскому языку на тему "Абайдың қара сөздері" (10класс)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:   Абайдың   жиырма тоғызыншы қара сөзі

Сабақтың мақсаты:

1.  Білімділік: Абай Құнанбайұлының  қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

2.  Дамытушылық: мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту; оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.

3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: өнеге   сабақ

Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыс, сын тұрғысынан ойлап, талдау жасау,  өз пікірін қорғау,  іздену 

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,  кестелері,   дидактикалық материалдар 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

1 Абайдың өскен ортасы қандай болған?

2. Ақынды  «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?

3. Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?

4. Абайдың қоғам өмірінің  шындығын, өмір құбылыстарын сөзбен мүсіндеген өлеңдері қандай?

5. Абайдың орыстың ұлы ақындарымен рухани байланысы қандай еді?

6. Абайдың Крыловтан аудармалары

    ІІІ. Жаңа сабақ:

          1. Кіріспе.

         «Қол жазуды ермек ет, жатпа бекер,

            Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер.

           Өзі қысқа, өзі асау тентек өмір,

          Арттағыға бір белгі қойса нетер?!» - деп ақын атамыз өзі айтқандай, бүгінгі сабақта біз Абай атамыздың даналық сөздері – қара сөздерімен танысамыз.

     Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, философиялық шолулар, сыншылдық, ойшылдық және көбінесе адамгершілік мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Абайдың 45 қара сөзі бар. Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б көптеген тілдеріне аударылды. 

Сакиева Аружан.  Абайдың 7-қара сөзі  (Мағынасын ашу)

Айдана Искалиева.  Абайдың 31қара сөзі (Жатқа айту)

     Негізінен сұрақ-жауап не өзімен-өзі кеңесу болып келеді. Абай қара сөздерінде адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, ғылымды игеру, адамгершілік, имандылық секілді бірталай көкейкесті әлеуметтік мәселелерді кеңінен толғайды. Бүгін біз осы тақырыпты ары қарай жалғастырып, ұлы Абайдың келесі  29 қара сөздеріне тоқталмақпыз.

       2. Үнтаспадан тыңдату. Жиырма тоғызыншы қара сөзі.

    Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.

 Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі.

 «Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. «Ата-анадан мал тәтті,  алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға

дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.

3. Мәтінмен жұмыс.

1)             Түсіндіру

2)             Сұрақ-жауап

4. Дәптермен жұмыс.

1)              Мақал-мәтелдерді теріп жазу

2)             Топпен жұмыс. Шығармашылық жұмыс: Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып, салыстыру жұмыстарын жүргізіңдер.

І топ

Мақал-мәтелдер

Абайдың сыны

Өз пікірің

  «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ»

Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

 

 

ІІ топ

Мақал-мәтелдер   

Абайдың сыны

Өз пікірің

   «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»

Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?

 

ІІІ топ

Мақал-мәтелдер   

Абайдың сыны

Өз пікірің

 «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»

Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.

 

ІҮ топ

Мақал-мәтелдер   

Абайдың сыны

Өз пікірің

 «Атың шықпаса, жер өрте.

Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?

 

 

5. Сатылай кешенді талдау.  

1.           Тақырыбы: Абайдың  « Жиырма тоғызыншы» қара сөзі

2.            Мақсаты:

3.            Жанр түрі: Лирика (философиялық)

4.            Әдеби- теориялық ұғымдар

а)  мақал-мәтелдер «Қалауын тапса, қар жанар»,

 «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»

б) түсіндірме сөздік: михнат

    5.  Тәрбиелік түйіні: Кез – келген  нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.

Абайдың өз сөзімен айтсақ:

     Терең ойдың түбінде теңізі бар,

     Тесіле көп қараса, көңіл ұғар      (Дәптерге жазғызу)

ІҮ. Сабақты бекіту: Абайдың  қарасөздерінен қандай ерекшеліктерді байқадың?
Тұжырым жасау.
- Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең;
- Оқушыға ой саларлық,  ғибрат беруді көздей құрылған;
- Қарасөздерінің көпшілігінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады;
- Кейбір қарасөздері өзімен - өзі кеңесу, ой - пікір білдіру үлгісінде құрылады.
Ү. Сабақты қорыту

ҮІ. Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына , сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

ҮІІ. Үйге тапсырма:  Абайдың 29 - қара сөзін жаттап,  жан - жақты талдау;
Өз пікірлерін жазбаша орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка по казахскому языку на тему "Абайдың қара сөздері" (10класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 910 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Продолжение сказки «Снежная королева», или новые приключения Герды и Кая. Работа ученицы 5-Б класса школы ФГБУ «РСРЦ для детей – сирот» Слепцовой Любови.
  • Учебник: «Литература (в 2 частях)», Коровина В.Я., Журавлёв В.П., Коровин В.И.
  • Тема: X. К. Андерсен. «Снежная королева». Перевод А. Ганзен
  • 22.01.2018
  • 1191
  • 1
«Литература (в 2 частях)», Коровина В.Я., Журавлёв В.П., Коровин В.И.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2018 631
    • DOCX 26.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джумагалиева Жанар Крыкбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джумагалиева Жанар Крыкбаевна
    Джумагалиева Жанар Крыкбаевна
    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15674
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 51 человек

Курс повышения квалификации

Проектирование и реализация деятельности методиста организации дополнительного образования в соответствии с требованиями профессионального стандарта

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 748 человек

Курс повышения квалификации

Специфика художественно-изобразительной деятельности в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 333 человека

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе