Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Құрметпен, махаббатпен..." қариялар күніне арналған шара

"Құрметпен, махаббатпен..." қариялар күніне арналған шара

Скачать материал

 

 

 

 

                                                   

 

 

 

«Құрметпен, махаббатпен...»

 

 

 

 

 

 

 

 

Мухитова Жанар Казбековна

Бөкей Ордасы ауылы, Хан ордасы ауылы

Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Тәлімгер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Құрметпен, махаббатпен...»

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу.Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алым өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:

1.     Интерактивті тақтадан слайд – шоу, буклеттер.

2.     Қанатты сөздер: «Қарта бардың-қазынасы бар», «Ата-анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің», «Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр азайып қариялар», «Ата ғибратты болса, бала қайратты болады».

 

Армысыздар құрметті де қадірлі қариялар, ұстаздар, оқушылар!

                         Ақиқатты айқындап жариялар,
                           Бара жатыр азайып қариялар.
                           Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
                           Бара жатыр сарқылып дариялар...

 Бүгін Мұқағали жырына арқау болған ақылы дария қарияларымыздың халықаралық мерекесі.Осыдан 26 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызындаБас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейінАмерикада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Біздің  қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазақстанның өсіп-өркенденуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарияларымыздың  арқасы деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» оқушылар ұйымдарының қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Құрметпен, махаббатпен...» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер! (Слайд көрсетіледі)

Ауыл шежіресі- өткен тарихымыздың сан алуан қырынан елес беріп, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге боларлық. Ауылымыздың мақтан тұтар аталары мен әжелері мақтанышымыз-сіздерсіздер! Енді сөз кезегін бүгінгі кешіміздің қонақтары қарияларымызға береміз. (Қарияларымыз сөз сөйлеп жастарға ақыл кеңестерін айтады)

         Ата – әжелер біздің мектебіміздің оқушыларының көкейінде жүрген сауалдары бар еді, соларға жауап берсеңіздер.

1-оқушы: Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазіргі таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?

2-оқушы:Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды. Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыздар?

3-оқушы:Қазақстанның болашағы-жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл кеңестеріңіз?

4-оқушы:Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыздар?

5-оқушы:Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай деп айтар едіңіздер?

6-оқушы:Қарт,ақсақал,ата сөздерінің айырмашылығы неде?

(Қарияларымыз оқушылардың сауалдарына жауап береді)
Кешімізді жалғастыру үшін «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының оқушыларына жолдаймын.

1- жүргізуші:  Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

                   Ақыл кенін арқалаған аталар.

                   Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

                   Біз алаңсыз балғын шақты балалар

2- жүргізуші:  Армысыз ауылымның асылдары,

                   Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

                   Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

                   Сіздер үшін мереке шашулары.

1- жүргізуші:  Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар, кешіміздің қадірменді қонақтары!

 Сіздерді Қазан айының алғашқы мерекесі Қарттар күнімен        

Бірге:   құттықтаймыз!
2- жүргізуші:  Дүниеге келер бір рет

                   Құрыштан құйған құдірет

                   Балалар, ол кім?

         Әрине қарттарымыз. Олай болса бүгінгі кешімізді Мұхамбетқалиев Оралханның             орындауындағы «Қариялар – азайып бара жатыр» әнімен ашамыз.

1- жүргізуші Алдарыңызда қазақ биімен  «Сымбат» би тобы

2- жүргізуші: Аспанымдай мәңгі жаса,құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Аналарға  деген құрметпен ән: «Ана» орындайтын  Хайырболатова Камила. 

1- жүргізуші: Қарттарым жүректерің неткен дархан,
                        Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
                       Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
                       Оқитын келешекте бір-бір дастан
                       Таң атып күн де шыққан өздеріңнен
                       Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен
                      Тербедің көктем бағын самал болып
                      Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен

2-жүргізуші: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.

Айсұлу:      Армысыздар ата-әжелер қариялар

Елімнің шежіресі дариялар

Бүгін біздер құттықтаймыз сіздерді

Құтты болсын мерекеңіз қариялар

Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз

Қуанышпен ұзақ өмір сүріңіз

Жас ұрпақтың қателігін кешіріп

                       Арамызда ұзақ өмір жүріңіз        

Әлем:            Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар

                      Әр күлгенің бізге бақыт саналар

                      Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

                      Елің жұртың ұл мен қызың бағалар

                      Апа биік күн көзімен пара-пар

                      Тұла бойға қуат болып таралар

                      Өміріме шуақ шашып әрқашан

                      Көп жасаңдар апалар мен аталар

Нұржан:       Әр адамға өмір сыйлар аналар

                      Күлкісімен бақыт қылар аталар

                      Парыздарын өтеу керек балалар

                      Сіздерге қарап әрқашан да үлгі алар.

Ақбота:        Бабам да сенсің, даламда сенсің,

                      Шашымнан сирап бабам да сенсің

                      Тұғырым боп тұрған да өзің

                      Әрқашанда сенемін саған.

Ақнұр:         Қарттар күні құтты болсын,

                     Болсын құт пен береке

                     Сіздер үшін жасалдығой бұл мереке

                     Асыл қарттар қазынамыз

                      Әрбір ақ шаш әжіміңіз

                      Қадірлейді ұрпағыңыз

Алуа:            Кең құшағы саялы қаратаудай

                     Алақаны аялы алатаудай

                     Әңгімесін тыңдасаң қарттарыңның

                     Көңілің бір жәй тауып қалатындай

                     Ақсақалдар сарқылмас дариялар

                     Әрбір сөзің көңілге бақ ұялар

                     Сіздерді қадірлейміз құрметтейміз

                     Аяулы ардагерлер, қариялар

(Оқушылар қарияларымызға гүл сыйлайды)

1-жүргізуші: Ардагерлер ардақты асыл жандар
Шәкіртімен мерейі тасығандар
Білімнің сәулесі мол нұр көшінде
Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар
Күй:  «Келіншек»    Орындайтын: Есмұханов Нүркен.

Ән: «Асыл әже»     Орындайтын: Ғаділбекова Салтанат.
1- жүргізуші: Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
2- жүргізуші: Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған  атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.

1-    Жүргізуші:  Еңбек десе жан салып,

Маңдай терін төгетін.

Жатар кезде ән салып,

Ертегі айтып беретін.

Ата, әже ардақты,

Құтты болсын тойларың!

Салиқалы, салмақты

Жүзге ассын ойларың 

Насекенов Бекзаттың орындауында  «Ата әже» әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші: Шын бақыт, осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің.

Қайтадан қайырылып өмірге келмейсің,

Барыңды, нәріңді тіршілікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң сөнбейсің.

 2-жүргізуші:  Қымбатты да, қадірлі қариялар!

Ақылы асқан дариялар!

1-жүргізуші:    Қазіргі уақытта немере мен шөберенің қызығын қызықтап отырған асыл жандар. Алдағы өмірлеріңізге мықты денсаулық, әжелік, аталық асыл бақыт тілейміз. Немерелеріңіздің қызығын қызықтап осындай сұлу да, сындырлы қалыптарыңыздан танбаңыздар дей келіп өздеріңізге әдейі арнап дайындалған мерекелік тартуымызды осымен аяқтаймыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Құрметпен, махаббатпен..." қариялар күніне арналған шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 393 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2017 1328
    • DOCX 29 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухитова Жанар КАзбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухитова Жанар КАзбековна
    Мухитова Жанар КАзбековна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4985
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой